Материалдар / Киббербуллинг.Қауіп қайдан,қадыгездік неден?
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Киббербуллинг.Қауіп қайдан,қадыгездік неден?

Материал туралы қысқаша түсінік
окыныз
Авторы:
18 Қаңтар 2024
165
27 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады











































Мазмұны

Кіріспе .

Зерттеу бөлімі

1.1. Қызылмия өсімдігінің қысқаша зерттеу тарихы .

1.2. Қызылмия өсімдігінің биологиялық сипаттамасы . 1.3. Географиялық,экологиялық таралуы . 1.4. Қызылмия өсімдігінің медицинада және халық шаруашылығында маңызы . 1.5. Мия өсімдігінің ресурстық жағдайы.

Қорытынды . Пайдаланған әдебиеттер тізімі.





















Аннотация

Аталған ғылыми жоба қызыл мия өсімдігінің адам денсаулығына емдік шипасы мол дәрілік шөп екені баршаға мәлім. Біздің дәуірімізге дейінгі 426-484 жылдары бұл дәрілік өсімдік жайлы ежелгі грек тарихшысы Геродоттың өзі қызыл мия тамырының мың сан дертке дауа екенін айтқан екен. Тіпті бұл шөптік өсімдікті “Сақтың, яғни скифтердің алтын тамыры” деп әспеттепті. Бұл зерттеу жұмысы қазіргі уақытта дамыған медицинада бұл көптеген дертке дауа екені дәлелденіп отыр .Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, т.б. түрінде қолданылады. Қызыл мия тамырының шәрбәті, препарат өсімдік текті. Қақырық түсіретін, қабынуға қарсы және спазмолитикалық әсері бар, ол құрамындағы глицирризин, глицирризин қышқылының калий және кальций тұздарының қоспасы, сондай-ақ флавонды гликозидтер (ликвиритин, ликвиритигенин және ликвиритозид) болуына негізделген. Қызыл мияның қақырық түсіретін қасиеті құрамындағы глицирризинге байланысты, ол трахея мен бронхтардағы кірпік тәрізді эпителилердің белсенділігін ынталандырады, сондай-ақ жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабықтарының сөлініс бөлу қызметін күшейтеді.











Зерттеудің мақсаты: Емдік қасиеті жағынан алғанда женьшенмен парапар, «скифтік тамыр» аталған қызылмия өсімдігінің емдік қасиеттерін және құрылысын,таралуын зерттеу,қорғалуына баса назар аудару

Зерттеу кезеңдері:

Кіріспе бөлімі: Жалпы дәрілік өсімдіктердің адам өміріндегі маңызына шолу жасалады

Негізі бөлімде

А)Қызылмия өсімдігіне жалпы сипаттама беріледі

Б) Қызылмия өсімдігінің халық медицинасында ем болатын аурулары туралы айтылады,құрамы сипатталады.

В) Қызылмия тамырының пайдаланылуы,емдеу тәсілдері қарастырылады

Г)Соңғы кездегі елімізде орын алып жатқан қызылмияны жаппай жинау деректеріне байланысты ақпарат көздеріне шолу жасалып,қорғау шараларының қажеттілігі айтылады

Зерттеу әдістері: талдау,сұрыптау,саралау,жинақтау,қорытындылау

Зерттеу нәтижелері:

1.Жұмыста қызылмия өсімдігінің емдік қасиеттері қарастырылды.

2.Қызылмия өсімдігінің аса бағалы шикізат екендігі ғылыми әдебиеттер негізінде түйінделді

3.Бұл ғылыми жұмыс барысында жұртшылық өз жерімізде өсетін шипалы шөптер жайлы білсін деген мақсатты көздедім.

Зерттеудің практикалық маңызы

Қызылмия өсімдігін дәрілік шикізат ретінде пайдаланатын және өңдейтін өнеркәсіп орындарының ашылуы,қызылмияның бізге белгісіз басқа да қасиеттерінің ашылуы үшін болашақта осы жұмыс жалғасын табады.



Кіріспе

Өсімдіктер әлемі табиғаттың адамзатқа берген ең қымбат асыл қазынасы.Әсіресе өсімдіктің молдығы жағынан Қазақстан алдыңғы қатарлы мемлекеттердің бірінен саналады.Мал бағумен ерте заманнан айналысқан қазақ халқы шөптердің,жалпы өсімдіктердің емдік,дәрілік қасиетін ертеден білген. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады.Қызыл мия өсімдігінің адам денсаулығына емдік шипасы мол дәрілік шөп екені баршаға мәлім. Біздің дәуірімізге дейінгі 426-484 жылдары бұл дәрілік өсімдік жайлы ежелгі грек тарихшысы Геродоттың өзі қызыл мия тамырының мың сан дертке дауа екенін айтқан екен. Тіпті бұл шөптік өсімдікті “Сақтың, яғни скифтердің алтын тамыры” деп әспеттепті. Ал қазіргі уақытта дамыған медицинада бұл көптеген дертке дауа екені дәлелденіп отыр [1]. Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, т.б. түрінде қолданылады. Антиоксиданттар (грекше  antі — қарсы және oxіs — қышқыл) — тотығуға қарсы және оны тежеу үшін қолданылатын заттар; ағзаның қартаюын бәсендететін қышқылдану процестерін баяулататын химиялық заттар[1,2]. Биологиялық препараттар , биопрепараттар — адамдар, жануарлар және өсімдіктердің түрлі ауруларын анықтауда, оларды емдеу және алдын ала сақтандыру мақсатында қолданылатын ерекше биологиялық қосылыстар[1,2].



Бронхтар (bronchus; грек, bronchos - көмей) —кеңірдектің  екі негізгі бронхтарға ажыраған (кеңірдекбифуркациясының) тұсынан бастап, ауатамыршаларға (бронхиолаларға) дейін кеңірдектен таралатын түтікше мүшелер[1,2]. Гастрит - асқазан кілегей қабығының жасушалық инфильтрациясымен, регенерациясының бұзылысымен жүретін және үнемі бездік эпителийдің атрофиясына, кілегей қабықтың ішектік метаплазиясына алып келіп, асқазанның секрециялық моторикалық инкрециялық функцияларының жетіспеушілігін туғызатын, асқазан кілегей қабығының созылмалы қабыну ауруы[1,2].

Бұл зерттеу жұмысында төмендегідей атаулар мен қысқартулар пайдаланылды: * СССР-Союз Советских Социалистических Республики; *АҚШ-Америка Құрама Штаты; * ТМД- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы.

    1. Қызылмия туысының қысқаша даму тарихы.

Мия туысының 20 шақты түрлері бар, олар Палеарктикада, Австралия мен Оңтүстік Америкада кеңінен таралған.Қазақстанда 5 түрі кеңінен таралған, олардың 3-түрі дәрілік мақсатта кеңінен қолданылады [3]. Glycyrrhiza glabra L. — бинарлы атауын Карл Линней XVIII ғасырдың ортасында берді,содан бері өсімдіктің атауы бүкіл әемдегі ғылыми әдебиеттерде танымал атауға ие болды. «Латынша ескі атау» Liquiritzia officinalis Moench қазіргі таңдағы ғылыми басылымдарда, кітаптарда кездеспейді, кейбір батыс Еуропа елдерініңкөне ғылыми әдебиеттерінде кездеседі. Шығыс елдерінде қызылмия тамыры жайлы аңыздар сақталған.Өсімдікті емдік мақсатта пайдалануына шамамен 5 мың жылдай уақыт болған.Қытай медицинасында қызылмия тамыры «гань-цао» өте танымал дәрілік шөптер мен ұнтақтар ретінде пайдаланған [4]. Кейбір әдеби кітаптарға сүйенсек қызылмияның кеңінен таралған мекені Қытай территориясында және ол дәстүрлі қытай медицинасында дәрілік шөптің рецептері жоғары бағаланады.Қытай территориясымен қатар қызылмия Индия,Бирме,Корея,Вьетнам,Таяу шығыс елдерінде,Кавказда (Дағыстанда мия тамырынан жасалған ұнтақ жараның бітіп кетуі,азылуы үшін кеңінен қолданған).Ерте Грекияда рим дәрігері,фармоколог, Диоскорид өсімдікке ботаникалық атау (glukos-тәтті, riza-тамыр) деген атау берді.Диоскорд Александр Македонский тұсында армияда әскери дәрігер болып жұмыс істеді, ол солдаттарға шөлді басу үшін қызыл мия тамырын шайнауды ұмынды.Сонымен қатар өсімдік тамырының асқазан, бауыр,бүйрек,тыныс алу мүшелерңндегі маңызын жоғары бағалады.Өзінің құндылығы жағынан қызылмия Англияда көк шай құнымен тең болып оны импорттауға налог төледі,ал Франкфурт қаласында 1450 жылы дәріханаларда сатыла бастады.Қазір қолданыста жүрген қызылмиядан жасалған тәтті дәмі бар «Понтефракт» шоколады ең алғаш Понтефрактта өндірілген .Өсімдіктің тарихи атауына келер болсақ, ежелгі щығыс елдеріндегі халық медицинасында қызылмия тамыры «сус» деген атаумен, ал түрік елдерінде «ширинн-бонн»-тәтті кофе деген мағына береді.Александр Македонскийдің кезінде соустан варенье жасап оны «лакрица» деп атаған, соған байланысты жаңа туылған қыздарға Лакрица деп ат қойған [4,5]. Хунчир,чань-цао-қызылмия-«тәтті шөп» деген атау беріп,қытай діәрігерлері женьшень ретінде құнды бағалады. Ежелгігрек қалалары мен колонияларында б.э,д VI ғасырда Қара теңіздің солтүстік жағалауында тәтті «скифтік тамырды» Дон және Дунайды мекендеген көшпелі сақтардан сатып алды.Қызылмия тамыры Ресей елінеің фармокологиясвна 1778 жылы келді және қазіргі таңға дейін дәрілік шөпті қолданып келеді [6]. 1953 жылы И.А. Муравьев, СССР мия туысы жайлы зерттеулер жүргізіп материалдар жинақтады, (1953), ал одан кейін өсімдік ресурстары лабораториясында О.У. Лушпа, Э.Б. Худайбергенов, А.И. Исамбаев, Э.В. Кузьмин, Б.Н. Саурамбаев во д.б.ғ. В.П. Михайловтің бастауымен Қазақстандағы мия туысына көптеген экспидициялар жүргізілді.XII ғасырдан бері мия тамыры Қытайдан Еуропа елдеріне,Ресейге,мерикаға экспортталып келді. XIX ғасырдан бері Қазақстан мен Орта Азия елдерінде мия тамыры тонналап Германия, Франция елдеріне тонналап экспорттала басталды [7].

1.2.Қызылмия өсімдігінің биологиялық сипаттамасы

Жер  бетінде өсіп тұрған  өсімдіктердің   барлығы өсімдік  жамылғысы   немесе  флора  дейміз.Қазіргі  таңда жер бетінде   шамамен  0.5   млн. өсімдік  түрлері  бар.Қазақстанда 6000 өсімдік    түрі  кездеседі.Олар   бір  бірінен  пішіні, құрлысы, өмір  сүру  ұзақтығы, көбею   ерекшелігімен ажыратылады.Өсімдіктердің  жалпы  ұқсастығы олардың  түсінің  жасыл  болуында.Ол жасыл  түс  хлорофилл  ұлпасына байланысты.Өсімдіктердің ең үлкен маңызының  бірі барлық тіршілікке қажетті оттегін бөліп шығаруы.Мыңдаған  жылдардан бері адамдар  өсімдіктерді өздерінің  қажеттілігіне жаратып  келеді.

Қызылорда   облысы    Тұран    ойпатының   жазық  алқабында   орналасқан.Шығысында -  Қаратау,солтүстік - батысында   Қарақұм, ал   оңтүстік  - батысында  Қызылқұммен   шектеседі.

Облыс   аумағы 226,0 мың   шаршы   километр      немесе  республика   аумағының 8,3 % құрайды.

Облыс   көлемінде  756-819  аралығында     мәдени   және  жабайы  өсімдіктер түрлері   өседі.Қазақстан   Республикасының    өсімдік   түрлерін 5754     деп   есептегенде,   облыстың     өсімдік   түрлері   оның    15-16%  құрайды. Олардың  арасында     малазықтық     өсімдіктер  212  түрден, (30,7%) шипалы  (дәрілік)  өсімдіктер  54    түрден  (7,8%),   балдық  өсімдіктер    92  түрден (30,3)   тұрады.

Ерте заманнан бері   адамдар   аурудың  алдын  алу және  емдеу  үшін табиғаттың  байлығын  пайдаланып  келеді.Дәрілік  өсімдіктердің емдік  қасиетін  Ежелгі  Египетте,Үндістанда,Қытайда,Грекияда  т.б. елдердің  емшілері  білген. Айналамызда өсіп  тұрған  өсімдіктердің  негізгі бөліктерінің  емдік  қасиеті бар.Дәрілік  өсімдіктерді  дайындаған  кезде  арнайы  ережелерді   білу  қажет.

Мысалы.Қай кезде өсімдіктің  қай  бөлігін  жинау керек, себебі өсімдіктің әр  бөліктерінде  дәрілік қасиетіінің  мөлшері  бірдей бола бермейді.Өсімдіктің  дәрілік  қасиеті  мерзімге  байланысты.Біреуін  таң  ата, екіншісін  кешке, кейбірін   гүлдегенге  дейін,кейбірін  гүлдеп  тұрған  кезде   алу  керек.Сол  уақытта  олардың  емдік  қасиеті   мол   болады.Дайындау  негізінен құрғақ, жылы   күндері  түстен кейін  жүргізіледі.

Қызыл  мия     өсімдігінің   сипаты.Қызыл   мия   - көпжылдық   өсімдік.Биіктігі  80-120см,бұтанаң  диаметрі  -48см,тамыр    мойнының   диаметрі   2 см.Көлденең   бағытталған     тамырсабағы  20 см   тереңдікте, жоғары  қарай    шашыраңқы,ал  тігінен  төмен  қарай  жанама  тамырлар  шығады.Жер  астына   152  см   тереңдікке   дейін енеді.Жер   асты   суынан  көтерілген  ылғалдылықпен    қоректенеді.Сабағы  тік   бұтақталған.Жапырағы    қандауыр, сопақша   жұмыртқа   тәрізді.Күлтесі   күлгін  немесе  ашық күлгін.Көп  тұқымды,сопақша    тік,    ұзындығы  2-3,5    см  тегіс       бұршақ   қабы   болады.

Тұқымдары жұмыр,тіктөртбұрыш пішінді. Олардың жоғарғы жағы тегіс күңгірт, қоңыр немесе жасылдау сұр түсті.

Қызылмия бұршақ тұқымдасына жататын шөптесін  өсімдік.Қазақстанның   шөл,  шөлейтті, далалы   аймақтарында өседі. Қызылорда облысының барлық аймақтарында    кездеседі.  Тамыры   жуан.Сабағы тік  өседі,  жапырақтары   қарама  қарсы   орналасадыЖапырақ пішіні   тақ  қауырсынды.Жапырақтарында бөбешік  тамырлар   болады.Гүлдері  орташа  мөлшерлі  немесе  ұсақ.Ұсақ  гүлдері  шашақ  гүл  шоғырына 

жиналады.Қызыл мияның жеке гүлдері  орталықтан таралатын  сабаққа гүл  сағақтары  арқылы  кезектесіп орналасады.Сабақ ұшына жақындаған  сайын  сағақтары  қысқарып,ұшындағы  гүлдері  ең  соңында  ашылады.Тұқымы  арқылы  көбейеді.Маусым  шілдеде  гүлдеп,шілде  тамыз   айларында   жеміс  салады.Жемісі құрғақ  бұршаққап. Піскенде екі  жақтауының тігісінен  қақырап,тұқымдары  шашылады.    Бұл  өсімдік  жылына  бірнеше  жүздеген  ұрық  салады.Тұқымы топырақта    үш    жылға  дейін   тіршілігін     жоймайды.Дәрілік өсімдіктердің ішінде кеңінен таралған түр қызылмия (басқаша атауы мия тамыр) деген аталады. Қызылмия бұршақтұқымдасына  мия туысына жататын көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанның шөл, шөлейтті, далалы аймақтарында өсетін 5 түрі бар. Екінші түрдің атауы «орал» миясы, ол негізінен өсімдіктің өскен жеріне қарай аталады, ал үшінші түрі орыстың атақты ботанигы С.И.Коржинскийдің атауымен аталған. Қызылорда облысының  барлық аймақтарында кездеседі. Биіктігі 10 – 80 см-дей, тамыры жуан. Сабағы тік өседі, жапырақтар қандауыр тәрізді, қарама-қарсы орналасады.  Гүл шоғыры шашақ, масақ, шоқпарбас болып келеді. Тұқымы арқылы немесе вегетативті жолмен көбейеді. Маусым – шілдеде гүлдеп, шілде – тамыз айларында жеміс салады. Жемісі – қабықты бұршақ. Бұл өсімдік жылына бірнеше жүздеген ұрық салады. Тұқымы топырақта 2 – 3 жылға дейін тіршілігін жоймайды. Қызыл мия түрлерінің тамырында гликозид, сахароза, эфир майы, органик. қышқылдар, минерал тұздары бар. Сондықтан оларды медицинада, темекі және тамақ өнеркәсібінде қолданады.

Мия туысының медицина саласында қолданылатын негізгі ботаникалық 2 түрі бар:

1)Орал миясы.

2) Коржинский миясы. Орал миясы негізінен Қазақстанның Шығыс және оңтүстік бөлігінде кездеседі. Батыс Сібірде, Тянь-Шанда, Алтай тауларында кездеседі. Коржинский миясы - Волга(Еділ) өзенінің маңайында, Орал,Тобыл,Есіл өзенінің бөктерінде,Сарысу алқаптарында өседі [8].













А—Орал миясы. Б- Коржинский миясы.

1.3. Географиялық,экологиялық таралуы

Қызылорда облысының барлық аймақтарында кездеседі.Қызылмия Қазақстанның Сырдария,Жайық,Іле,Шу өзендерінің алқаптарында өседі. Мия туысының 20-дан астам түрі Палеарктикада,кейбір түрлері Австралия мен Оңтүстік Америкада таралған. Орал миясы негізінен Қазақстанның батыс және шығыс Қазақстанда, Памир тау бөктерінде,Тянь-Шань,Алтай тауларында, Енисей өзенінің шалғынды қырларында кездеседі[9]. Коржинский миясы Волга(Еділ) өзенінің маңайында, Орал,Тобыл,Есіл өзенінің бөктерінде,Сарысу алқаптарында өседі. Жабайы түрлері Францияда, Италияда оңтүстік Шығыс Европада,Украйнада,Молдавияда,Солтүстік Африкада негізінен Ливияда,Батыс және Орталық Азияда кеңінен таралған[10]. Ресейдің оңтүстік аудандарында,Батыс Сібір және Солтүстік Кавказда кездеседі. Көп жағдайда қоңыржай климатты аудандарда өсіріледі.Мия негізінен далалы және жартылай шөлді өзендердегі алқаптарда ,теңіз маңызды араласқан құмды жерлерде,бұталы тоғайларда,ұлу қабыршағы араласқан құмды жерлерде,бұталы тоғайларда,жол маңдарында және суармалы өзендерде,қалың тоғайлар күйінде өседі. Көп жағдайда қоңыржай климатты аудандарда өсіріледі.Мия негізінен далалы және жартылай шөлді өзендердегі алқаптарда ,теңіз маңызды араласқан құмды жерлерде,бұталы тоғайларда,ұлу қабыршағы араласқан құмды жерлерде,бұталы тоғайларда,жол маңдарында және суармалы өзендерде,қалың тоғайлар күйінде өседі. Құмды және қаратеңіз балшақтарында кездеседі [11,12].

1.4. Өсімдіктен дайындалатын қоспаларды түрлі ауруларды емдеуде қолдану жолдары. Қызылмия-дәрілік маңызы зор шипалы өсімдік.Халық медицинасында пайдаланылып жүрген өлкемізде өсетін өсімдіктердің бірі-қызылмия. Қызылмия-Мия (Glycyrrhіza, Солодка, Лакричник) – бұршақ тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанның шөл, шөлейтті, далалы аймақтарында өсетін 5 түрі бар. Қызылорда облысының барлық аймақтарында кездеседі. Биіктігі 10 – 80 см-дей, тамыры жуан. Сабағы тік өседі, жапырақтар қандауыр тәрізді, қарама-қарсы орналасады. Гүлдері көк, күлгін түсті, селдір шашақ гүлшоғырына топтасқан. Тұқымы арқылы немесе вегетативті жолмен көбейеді. Маусым – шілдеде гүлдеп, шілде – тамыз айларында жеміс салады. Жемісі – қабықты бұршақ. Бұл өсімдік жылына бірнеше жүздеген ұрық салады. Тұқымы топырақта 2 – 3 жылға дейін тіршілігін жоймайды. Қызыл мия және миятамыр деген түрлерінің тамырында гликозид, сахароза, эфир майы, органик. қышқылдар, минерал тұздары бар. Сондықтан оларды медицинада, темекі және тамақ өнеркәсібінде қолданады. Жапырағы, сабағы мал азығы ретінде пайдаланылады.Таралу аймақтары:Жабайы түрлері Францияда, Италияда, Оңтүстік Шығыс Еуропада (Украина мен Молдавияда), Солтүстік Африкада (негізінен Ливияда), Батыс және Орталық Азияда өседі. Қазақстан территориясында далалы және шөлейтті аймақтарда,Жайық, Іле өзендерінің аңғары, Оңтүстік Қазақстан облысының далалы аймақтарында көп кездеседі. Республикамыздағы ең ірі өзендерінің бойындағы Орал, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облысында қызыл мияның қоры зерттелген. Жалпы, бұл өсімдік қоңыржай климатты аймақтардың барлығында кездеседі деуге болады.Жазық және шөлейтті аймақтардың өзен аңғарларында,теңіз жағасындағы құмды тастақ жерлерде,шалғындар мен бұталы аймақтарда,жол жағасы мен арықтардың,каналдардың жағасынан көптеп кездестіруге болады. Құмды,тұзды топырақта жақсы өседі,сондай ақ қара топырақта және батпақты жерлерде де жақсы өседі. Жинау және өңдеу әдістері: әдетте күз айларында жемісі піскен кезде жинап алып кептіреді. Емдік мақсатта тамырын көбірек пайдаланады. Гүлінен де дәрі жасауға болады.

Химиялық құрамы: Глицирризин қышқылының калий кальций тұздары болып табылатын глицирризин глюкозиды,глицириззин қышқылы глицирризин қышқылы (тритерпенді сапонин),флаваноидтар(27түрлі),ликвиритин,ликвиритозид, ликурозид,глицирет қышқылы,диоксистигмастерин,бетаситостерин, цирризин,аспарагин, сары пигмент,эфир майы, стероид, камедь,қарамай.Ғылыми топтастырылуы

Дүниесі: Өсімдіктер

(unranked) Қос жарнақтылар

Тұқымдасы: Бұршақ тұқымдасы

Тегі: Мия (Glycyrrhіza)

Түрі: Қызылмия

Зерттелуі: Орал қызылмия өсімдігінің биологиялық және экологиялық ерекшеліктері.Саурамбаев Батырғали Рүстембекұлы Хабаршы. ҚазмемҚызПИ 2010.Қызылмияны жан-жақты зерттеу жұмыстарын И.А. Муравьев,К.К. Закиров,В.И. Литвиненко сияқты ғалымдар жүргізді. 1964 жылы Бүкілодақтық Дәрілік Өсімдіктер институтында (ВИЛР) зерттеулер барысында қызылмияның кортизонның әсеріне ұқсайтын қабынуға қарсықасиеті бар екендігі дәлелденді. Мәскеу мемлекеттік тағам өндірісі институтында қызымияның ұсақталған тамырының және қызылмия экстрактысының нан,ұн, кондитер өнімдерінде(бисквитті жартылай фабрикаттар,крекер,халва) қолдану мүмкіндігі зерттелді. Бұл зерттеулер қызылмия тамырының ұнтағы мен экстрактісін ұнға қосқанда ұнның клейковина нәруызының сапасы арта түсетінін көрсетті. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында голландиялық дәрігер Ф.Э. Риверс асқазан жарасымен ауыратын науқастарының ауруынан тез арада айығып жатқандарын байқайды.Бұл құбылысты әрі қарай зерттеу барысында ол жергілікті фармацевттің науқастарға 40% қызылмия тамырының ұнтағы қосылған қоспаны бергенін біледі. Осыдан соң Риверс асқазан жарасына шалдыққ

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!