киім және аяқ киім күтімі,оларды сақтау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

киім және аяқ киім күтімі,оларды сақтау

Материал туралы қысқаша түсінік
педагогтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: технология

Мектеп: Е.Айшуақұлы

Күні: 17.05.19ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Кубаева Б.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Киім және аяқкиім күтімі., оларды сақтау

Сабаққа негізделген

оқу мақсаттары

6.2.5.5 Шектеулі қолдауда мезгілдік киім мен аяқ-киімдерді күту мен ұзаққа сақтау ережелерін білу және ұстану

Сабақ мақсаты



Барлық оқушылар:

Киімнің шығу тарихымен танысады.Мата түрлерін ажыратады.Киімді күту жолдарымен танысады.

Оқушылардың басым бөлігі

Тапсырмаларды белсене орындайды, кері байланыс беруде өз ойын ашық білдіреді.

Кейбір оқушылар

Киім түсі,мата түрлері адам адам денсаулығына біледі.

Жетістік критерийі

Киімнің атауларын біледі.Киімді күту жолдарымен танысады.

Киімдер туралы түсініктерін кеңейту,олардың атын, атап, қандай материалдан жасалғанын және не үшін керек екенін айтып тани білуге үйрету.

Киім мен аяқ-киімдерді күту және ұзаққа сақтау ережелерін анықтайды


Тілдік мақсат

Оқушылар: Ұсынылғантүстүрлеріжәнекомпозициялықшешімді, тоқыма, өнер, импровизацияланғанжәнетабиғиматериалдардыңтүрлерінталқылау

малақай, күрте, қолғап, етік, бәтеңке сөздеріне түсінік жүргізу.


Пән

аралық байланыс

  • Әдебиет,бейнелеу,сызу.

Құнды

лықтарды дарыту

  • қарым-қатынас дағдысын жетілдіру, киімді таза, әрі ұқыпты ұстауға тәрбиелеу

АКТ қолдану дағдылары

  • Оқушыларға сабақ барысында слайд көрсетіледі

Бастапқы білім

Киінің шығу тарихын біледі.

Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

(төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелер жазылған)


Басталуы

10 мин

1.Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу.

  2.Бар ынтасын сабаққа аудару.

 

ІІ. Ұй жұмысын «Серпілген сауалдар» әдісі арқылы сұрау

ІІІ.Үйтапсырмасынбекіту.

Киімнің шығу тарихы.

Мата түрлері


Ортасы

25 мин

Жаңа сабақты түсіндіру.

Киімдерді күту.(слайд)

Киім – адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар. Жақсы киінуге ұмтылатын кісіге жинақылық, тазалық қасиеттер тән болу керек.

Үтіктелмеген, дақ түскен, кей жерлері майланып кеткен киімдерді, жағасы мен жеңі кірлеп, қыртыстанған жейдені киюге болмайды. Түймелердің дұрыс және берік қадалуын, киімдегі тесілген, жыртылған жерлерді жамап, тігіп отыруды ұмытпау қажет. Синтетикалық киімді киюдің кажеті жоқ, әсіресе жазды күні. Өйткені адам денесінің терлеуіне байланысты тер киімге сіңбей тері үстінде болып бірнеше жұқпалы ауру тарататыны микробтардың ұясына айналуы мүмкін.
Маусым ауысқан кезде бұйымдарды жуып, тазалап, үтіктеп, күйеден сақтайтын препараттарды сеуіп, келесі маусымға дейін сақтап қояды.

Адам өзін жайлы, сенімді сезіну үшін киім ыңғайлы, әдемі болу керек. Қолдануына қарай киім түрлерінің бөлінуі:

  • Сырт киім

  • Жеңіл киім

  • Іш киім

  • Жағажай киімі

  • Бас киімі

Киімдер ассортиментіне қарай үшке бөлінеді
- Сырт киім,

  • Жеңіл киім,

  • Іш киім.

Іштен киетін киім денеге жабысып тұрады. Оған басты талап – таза болуы, ылғалды жақсы сіңіруі және еркін жіберуі керек. Күндіз киген іш киіммен түнде ұйықтауға болмайды. Іш киім әдемі, ыңғайлы, мықты болып, қимыл-қозғалысқа кедергі келтірмеуі керек.

Іш киім тігуге келесі мата түрлері қолданады:

  • Тығыздап тоқылған,

  • Біркелкі боялған,

  • Қандай мата болмасын (мақта-мата, зығыр, жібек), барлығы да ағартылуы керек.

Жеңіл киім – іш киімнің сыртынан киілетін барлық киімдер (блузкалар, юбкалар, көйлектер, халаттар, көкірекшелер, қамзолдар).

Сырт киім – жеңіл киімнің сыртынан киетін барлық киімдер (пальто, плащ, куртка, тондар).

Қандай да болмасын бұйымға бірқатар талаптар қойылады.

Олардың ішіндегі негізгілері:

Эстетикалық талаптар: киім әдемі болуы керек; қазіргі заманғы сән бағытына сәйкес болуы керек; адамның жеке дене құрылысы мен жас ерекшеліктерін ескеруі керек.

Гигиеналық талаптар: киім жайлы микроклимат жасауы керек; жеңіл, жұмсақ, мықты, қыртысталмауы керек; қозғалыс, дем алу, қан айналымы еркіндігін қамтамасыз етуі керек; жеңіл жуылуы, тазалануы, үтіктелуі керек.

Эксплуатациялық (пайдалану талаптары): киімнің түрлі атмосфералық әсерлерге, суға, жуу құралдарына, тазалауға және де оның матасының тігуге төзімділігі. Киімнің пайдалану ұзақтылығы оны кию шарттарына байланысты болады.

Киімнің адамға ұзақ қызмет етуі оны кию шарттарына және күтіп баптауына байланысты.

Аяқ киім табанды тоңазудан, судан, түрлі механикалық жағымсыз әсерден, кірден сақтайды. Оның пішіні, мөлшері аяқтың табанына сәйкес болғаны жөн. Тар аяқ киім табанның қан тамырларының қызметін нашарлатып қана қоймай, онда көптеген анатомиялық кемшіліктерді тудырады. Мысалы, саусақтардың қисық өсіп, жалпақ табанның пайда болуы, терінің жарақаттануы т.с.с. Тар аяқ киімнің қан тамырларының қызметін нашарлатуына байланысты аяқтың тершең болуы, тез тоңазуы іспетті функциялық өзгерістер де пайда болады. Гигиеналық түрғыдан қарағанда аяқ киім жеңіл, ықшам болып, ауаны жақсы өткізіп, аяқты дұрыс  желдетуге және қажетті жылулықты сақтауына қолайлы, қозғалысқа кедергі жасамайтындай болуы тиіс. Аяқ киімнің, әсіресе жылуды сақтау және су өткізбеу қасиеттері ауа райына сай болғаны жөн. Ондай аяқ киім жақсы өңделген елтіріден тігіледі. Күн салқын кезде аяқ киімнің ішінен жылуды жақсы сақтайтын, айталық киізден ұлтарақ салып, жүннен тоқылған жылы шүлық киеді. Мұндай өте жылы аяқкиімді үйде киюге болмайды. Қысқы аяқ киімнің мөлшері 1-1,5 размер үлкен болып, ал жазғы аяқ киім жеңіл, аяққа сай болу керек.

Пайдалы кеңес.Аяқ киімдегі жағымсыз иісті кетірудің 6 ережесі.(видео)

Киімдерді күту ережелері.

  1. Киімдерді таза ұстау керек.

  2. Әрдайым жуып отыру керек.

  3. Үтікпен үтіктеп отыру керек.

  4. Сөреге әдемілеп, бүктеп жинап қою керек

Киімді күтуге қатысты негізгі белгілер.(видео)


Кітаппен жұмыс.кітаптағы киімді күтуге қатысты затбелгіні қарап,оларды киімдерден тауып,ажырата білу.

Жеке жұмыс.

Дәптермен жұмыс(жеке оқушыға берілген киімнің затбелгісіне қарай отыотырып,сипаттама жазу)


Тәжірибе жұмысы.


1.Үтікпен жұмыс жасаудың қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

2.Жейдені үтіктеп көрсету.

3.Аяқ киімді тазалауды көрсету.


Сергіту.


Аяқталуы

10 мин

Бекіту.интербелсенді тақтадағы тапсырмаларды орындау.

Кері байланыс.Ауызша

1.Бүгінгі сабақтан қандай пайдалы мәлімет алдың,не білдің?

2.Әлі де қандай ақпарат алғың келеді,не білгің келеді?

3.Сен үшін қызықты болған тұсы ?



ҮІ.Сабақты бағалау. Бас бармақ әдісі арқылы бағалау.

Үйге тапсырма.

Кешкі киім үлгісінің сызбасын жасау.







Іш киім


Іш киімнің сыртынан киілетін киім

Сырт киім


Жалаңаш денеге киетін киімнің барлығы

Жеңіл киім


Жеңіл киімнің сыртынан киілетін киімдер









сәйкестендір



























































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
29.05.2019
6062
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі