Материалдар / Киім стилі мен сән үлгісі 5-сынып қазақ тілі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Киім стилі мен сән үлгісі 5-сынып қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілінен 5-сыныпқа арналған "Киім стилі мен сән үлгісі" қысқа мерзімді сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2020
769
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

вСабақ : №

Мектеп:

Күні:

Мұғалім:

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Киім стилі мен сән үлгісі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

5.Т/А4.Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.


Сабақ мақсаты:

Оқушылардың барлығы

Тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтауға тырысады.

Жетекші сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың көпшілігі

Тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтайды.

Жетекші сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың кейбірі

Тірек сөздер және жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды.

Өздері жетекші сұрақтар дайындайды.

Құндылықтарды игерту:

-Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беру

-Жауапкершілік

- Өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау


Пәнаралық байланыс:

Технология пәні

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы қолданылады, материал ғаламтордан алынған .

Тілдік мақсаттар:

Пән лексикасы және терминология:стиль, сән

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

деген ойдамын, ойымызды жинақтайтын болсақ, біріншіден, екіншіден, сондықтан, өйткені

Осыған дейін меңгерілген білім

«Мәдениет және қарым-қатынас» бөлімі

Киім. Сән.Талғам. бірінші сабақ


Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

10мин

Қызығушылықты ояту және ширату

«Сиқырлы дөңгелектер»

Топқа бөлінеді

«топтық жұмыс» Салып болған киімінің суретін қасындағы жұбына таныстырады.

Қандай киім?

Ол киімді қайда, қашан киюге болады? Сол жайында әңгімелеп береді.

Оқушылар оқу мақсатымен танысады да, бағалау критерийлерін болжайды. Содан кейін нақты бағалау критерийлерімен танысады.





Сабақ ортасы



8мин























5мин




8мин








5мин















Тапсырма:Мәтінді оқып, нақты ақпаратты табыңдар. Екі бөлімге бөліп, әрқайсысына тақырып қойыңдар.

Киім және сән

Қазіргі кезде кез келген адамның өз қалауынша сәнді киінуіне мүмкіндігі бар.

Ең алғашқы киімдерді адамдар шөптен, жан-жануарлардың терілерінен жасаған. Алғашқыда адамдар киімді суықтан, ыстықтан, жараланудан, сырып кетуден сақтап қалу үшін киді.

Киім – адам денесінің жамылғысы. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Киім тігуге мал, аң терілері, өсімдік, ағаш, балық, құс өнімдері, жасанды материалдар пайдаланылады.

Киім түрлеріне қарай бас киім, аяқ киім, сырт киім, ұлттық киімдер т.т. болып бөлінеді. Ұлттық киімдер арқылы адамның ұлтын да білуге болады.

Сән – киім кию мәдениеті, ол талғамға байланысты. Сән қоғамға, заманға қарай өзгеріп отырады.

Дизайнер – сәннің бағытын, кімге арналғанын, қандай матадан тігілетінін, көркемдік әшекей түрін ескере отырып шығаратын адам. Дизайнерлік киімдер жоғары сапасымен, биік талғамымен ерекшеленеді.

Сәнгер – көпшіліктің алдына шығып, жаңа киім үлгілерімен таныстыратын адам.

2-тапсырма

1. Алғашқы киімдер қандай қажеттілікті өтеді?

2. Сән неге өзгеріп отырады деп ойлайсыңдар?

3. Мәтінде сән әлеміне қатысы бар мамандық атаулары бар ма?

3-тапсырма

1-деңгей. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің қайсысы дара, қайсысы күрделі сөз екендігін топтап жазыңдар.

2-деңгей. Мәтіндегі күрделі сөздерді тауып, оның қай түрі екенін ажыратыңдар.

3-деңгей. «Менің сәнді досым» деген тақырыпта эссе жазыңдар. Оны сипаттап, неге сәнді деп есептейтіндеріңді дәлелдеңдер.

4-тапсырма

Киімдерді топқа бөліп, кластерге түсіріңдер.

Бағалау критерийлері:

Бағалау критерилері

Оқу жетістіктерінің деңгейі


1

2

3

Мәтін мазмұнын түсініп,негізгі ойды анықтауы

Тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтауға тырысады.


Тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтайды.


Тірек сөздер және жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды

Сұрақтарға жауап беруі

Жетекші сұрақтарға жауап береді.


Жетекші сұрақтарға толық жауап береді.


Жетекші сұрақтарға жауап береді,өздері дайындайды









































Сәйкестендіру кестесі



















Сабақтың соңы

4мин


Рефлексия. «Баспалдақ» әдісі. Оқушылар тақырып бойынша қандай деңгейде тұрғандығына қатысты баспалдақ бойына белгі соғады. Белгінің қасына есімдерін жазады.

Cабақта маған тапсырманы орындауға не көмектесті?

Cабақта маған тапсырманы орындауға не кедергі болды?

Маған қиындықтарды жеңу үшін не істеу қажет?


Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)










Ойлану




Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?


Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?



Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!