Материалдар / Киімді макеттеу. Шағын сәнмүсінге костюм құрастыру.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Киімді макеттеу. Шағын сәнмүсінге костюм құрастыру.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге сабаққа қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қаңтар 2021
374
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: Көркем еңбек

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

Дизайн және технология
/20 сағат/

Күні:

Сынып: 5 «
Мұғалімнің аты-жөні:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Киімді макеттеу. Шағын сәнмүсінге костюм құрастыру.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.5.1- Композицияның негізгі заңдылықтарын ескеріп, қарапайым нысандардың дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындау

5.2.3.1- Шағын сәнмүсінге киім үлгісін дайындау.

5.2.3.2-Түрлі материалдардан (тоқыма, табиғи және жасанды) қарапайым киім дайындау

5.2.6.1-Қауіпсіздік техникасын қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Шағын сәнмүсінге киім дайындай алады.

Көптеген оқушылар: Дизайн туралы ақпаратты және түрлі материалдан киім үлгісін жасай алады.

Кейбір оқушылар: Киімнің барлық өлшемдерін ала алады, ретімен орналастыра біледі және киімді пішу тарихын біледі.

Бағалау критерийлері

Оқушы мақсатқа жетті, егер:

-композицияның негізгі заңдылықтарын ескре отырып, шаблонға тапсырмаларды орындаса;

-түрлі материалдардан қарапайым бұйым дайындай білсе;

-термин сөздерді меңгерсе;

-материалдар мен құралдарды қауіпсіздік техникасын сақтап, қолданудың маңыздылылығын сезіне;

Тілдік мақсаттар

Пішім-Выкройка-Pattern
Өлшем-Мерка-Measurement

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-бірін құрметтеуге, ауызбіршілікке, патриоттыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Музыка, математика, тарих.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған материалдар , интерактивті тақта, А3 қағазы, кері байланыс , шаблондар т.б

Бастапқы білім

Тігін бұйымдарының классификациясы

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

4мин

Оқушылармен сәлемдесу.
Сабақтың оқу мақсатын хабарлау
Оқу мақсаты:
түрлі материалдардан киім дайындай білу.
Жаңа топ құру

Маталар мен қағаз қиындыларын таңдау арқылы топқа бөлу. (Оқушылар маталар мен қағаз қиындыларын таңдап, мата және қағаз болып екі топқа бөлінеді)








Оқушыларды топтарға бөлуге арналған малалар мен
қағаз қиындылары
.

Сабақтың ортасы 30мин

3мин








8мин

























































2мин




2мин




1мин









15мин






1мин


Видео көрсету (Ой қозғау)
Интерактивті тақтада әр жылдың киімдерінің дизайны туралы видео көрсетіледі.
Оқушылар видеоны көріп болған соң мынадай сұрақтар қойылады.
1. Видеодан не көрдік?
2.Әр жылда киімдердің дизайн үлгісі бірдей болған ба?
3.Неліктен дизайн үлгілері өзгеріп отырған.
Жаңа сабақ
Дизайн (ағылшын тілінен design
) – ниет, жоспар, мақсат, сызба, есепте ,құрылыс, нобай, сурет, ою, композиция, өнер шығармашылығы.
Киім дизайны – адамға ыңғайлы әрі сәнді киімді жобалап , тігу.
Киімнің тігілуі бірнеше кезеңнен тұрады. Киім дайындауға матаның, киімнің қасиеттерін зерттейтін, мата шығынын анықтайтын, эскиздер мен пішімдер әзірлейтін мамандар, киім тігетін фабрикалары, сән үйлері, зерттеу институттары мен зерханалар қатысады.
Киім дизайны модельдеу, құрастыру арқылы жасалады. Модельдеу ісін жетік меңгеру үшін конструкциялауды, киім тігу тәсілдерін жақсы білу қажет.Бұйымды конструкциялау үшін киім бөлшектерінің сызба құрылымын жасау, пішім, лекало дайындау қажет.
Өлшем алғанда қозғалыстарды ескермей , ауытқуларды болдырмау үшін алдын ала дайындалған кестеде көрсетілген реттілік қатаң сақталуы керек. Киім өлшемі көкірекше өлшемі бойынша анықталады.

Киімді (түйреу тәсілімен) макеттеу – киімді лекало жасамай тігуге болатын тәсіл. Костюмді макеттеген кезде дизайнер макеттік матадан сәнмүсінде немесе адамның денесінде киім моделінің жобасын түйреуіштер арқылы қалыптайды.содан соң матаны сәнмүсіннен шешеді де, түйреуіштерін алып тастайды.матаны үстелге жайып, сызғыш пенлекалолардың көмегімен сызықтарын түзейді.
Ертеде киімді пішпей мата қиындысымен денені айналдыра ораған. Содан соң тікбұрышты мата қиындыларын байланыстыра тіккен. Кейінірек адам пішіні бойынша киім тіге бастаған.
Киімді алғаш
рет Шығыс елдері піше бастаған. Кейіннен бұл дәстүр Еуропаға тараған.Тігіншілер киімнің бөлшектерін бүйір жақтарына бау тағу арқылы біріктірген. Бұндай киім дене бітімінің әсемдігін көрсете алмады. «Киімді бөлшектерден құрастырып» тігуді Еуропалық шеберлер алмалы-салмалы сауытты ойлап тапқан адамдардан үйренген деген болжам бар. Осылай жең пайда болды. Ол біраз уақыт киімнің өзіндік элементі болды. Сол сияқты шалбардың балақтарын да қосып тікпеген, оны аяққа бөлек-бөлек киген.
Матаны мүсінге түйреп ұстау-конструктивті модельдеудің және киім модельдерін жасаудың қызықты тәсілдерінің бірі. Модель жасаудың негізгі кезеңдері (ой,эскиз, матаны таңдап, пішу, сурет немесе компьютерлік әзірлеме) маңыздылығы болғанмен , мүсінге кигізу одан әрі де модельердің ұшқыр қиялы мен шебер қолын қажет етеді.
Матаны денеге немесе түйрегішпен ұстату тәсілі модельдеуде матаның құрылымы мен суретін ескеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ өзіне тән ерекшеліктерін толықтай сезінуге болады.
Киімнің мүсінге қонымдылығын , қозғалған кезде немесе қимылсыз тұрған жағдайда адам денесінде қалай көрінетінін, ойға алынған модель таңдалған матаның үйлесімділігін байқауға мүмкіндік береді.
Сөздік жұмысы
Үш тұғырлық

Пішім-Выкройка-Pattern
Өлшем-Мерка-Measurement
Оқушылар үш тілдегі сөздіктерді айтады және дәптерлеріне жазып алады.
Содан соң манекенге киім тігер алдындағы өлшемдердің қалай алынатынын көрсетіп өтемін. Одан кейін матамен тез әрі оңай дайындалатын көйлек түрін манекенге кигізіп көрсетемін.

Жұптық жұмыс
Практикалық бөлімді бастамас бұрын екі топтың қыздарына мынадай жұптық тапсырма беремін. Әр жұптар өзара арқаның белге дейінгі және бел айналымын өлшейді.

Қауіпсіздік техникасы

1.Қайшыны жолдасыңа сабымен ұсын

2.Қайшының ұшын сабымен көтерме

3.Өтпейтін, тот басқан қайшымен жұмыс жасама

4.Инені, түйреуішті арнайы орында сақта

5.Тот басқан инемен жұмыс жасама

6.Инені,түйреуішті ауызға салма

7.Жұмыс истеген жеріңді жинап, тазалауды ұмытпа


Практикалық бөлім
Оқушыларға қыздың бейнесі салынған шағын сәнмүсіндер (шаблондар) таратылып беріледі.
Олар топқа бөлген кезде таңдаған материалдарына қарай қыздың бейнесіне өз қиялдарымен киім үлгісін жасайды.
Дискриптор
Оқушылар жұмысты орындаған кезде мына талаптарды ұстануы керек
-жұмыстың композициялық шешімін табуы
-түстерді үйлестіре білуі
-жақсы безендірілуі
-таза,ұқыпты орындалуы


Видео, интерактивті тақта







Интерактивті тақта




































.








Интерактивті тақтамен жұмыс




Дәптер




Манекен, мата, түйреуіш,




Өлшем метрлері




Интерактивті тақта








Сәнмүсіндер, мата, қағаз. Қайшы, желім, моншақтар т.б.

Сабақтың соңы

4мин




Бағалау
Мата тобы мен қағаз тобы жасаған жұмыстарын бір-бірімен ауыстырады. Шапалақтау әдісі арқылы топтық бағалау жүргізіледі.

Кері байланыс

Тақтаға қыздың екі жақ көрінісі бейнеленген плакат тұрады. Оқушыларды қолына өлшеу тәртібіне қатысты қима қағаздар беріледі. Олар қима қағаздағы сөздерді, яғни өлшем тәртібін ретімен жапсырмалайды.
Қима қағаздар:
- Жартылай мойын айналымы
- Жартылай кеуде айналымы

- Жартылай бел айналымы

- Жартылай мықын айналымы

- Арқаның белге дейінгі ұзындығы

- Бұйымның ұзындығы

- Иық ені

- Иық айналымы

- Жеңнің ұзындығы

- Бой ұзындығы
- Кеуде ені

- Алдыңғы бойдың белге дейінгі ұзындығы

- Арқаның ені

- Мықын сызығы дегеніміз не?

- Жка дегеніміз не?


Үй жұмысы
Оқушылар үйден қуыршаққа кез-келген материалмен киім дайындап әкеледі.


Мадақтау. Шапалақ әдісі.



Кері байланыс тапсырмалары. А3 қағазы.




770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!