"Киіну мәдениеті " Ашық сабақ 7 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Киіну мәдениеті " Ашық сабақ 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
олроробюбдпрлпрлполполпол
Материалдың қысқаша нұсқасы



ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пәні: Қазақ тілі Мектеп: «Ж.Қалдығараев атындағы орта мектеп»КММ


Жоспар бөлімі: Көшпенділер мәдениеті


Күні: 05.10.2020 Мұғалімнің аты-жөні: Есбосынова Жансая


Сынып: 7-сынып Қатысқандар: Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

1-сабақ

Көшпенділердің киіну мәдениеті. Мақал-мәтелдер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.Т⁄А3. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұғынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу.

7.Ж1. Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады: Аудиовизуалды материалды тыңдайды, мазмұнын түсінеді. Көшпенділердің киіну мәдениеті жайлы біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Көріп, тыңдаған материал бойынша сұрақтар қояды. Түсінгенін жауап беру арқылы білдіреді.

Кейбір оқушылар орындай алады: Тыңдалған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажыратады, күрделі жоспар құрады.

Бағалау критерийі

Мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Мәтінге жоспар құрады.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: Аудиовизуалды материалды тыңдайды, жоспар құра алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Айырқалпақ, саптама етік, жарғақ шалбар, құлақшын, елтірі бөрік т.б.

Диалог және жазылым үшін қажетті тіркестер: ұштасып жатыр, озық үлгі, пішіп алады т.б.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Ұлттық киімдер мәдениеттің қай түріне жатады?

Бөріктің қандай түрлері бар?

Тымаққа қатысты қандай ырымды білесіңдер?

Шапанды қазақтан өзге қай ұлт өкілдерінде кездестіреміз?

Құндылықтарға баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы

Оқушыларға ұлттық құндылығымыз – ұлттық киімдерді дәріптеу

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, тарих, технология

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Көшпенділердің жазуы″ тақырыбына шолу. ″Тізбектей сұрау″ әдісі арқылы қойылған сұраққа оқушының жауабы кез-келген жерден тоқтатылып, әрі қарай басқа оқушы жалғастырады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


Сабақтың басы

3 минут

1.Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырып өту.






3 минут

Тыңдалымалды тапсырма.

Суретке қарап, кіріспе сұрақтарға жауап береді (31-бет)

- Суреттегі киім үлгілері жайында не айтар едің?

- Көшпенділердің киім кию мәдениеті қандай?





Сурет,

кіріспе сұрақтар



2 минут

3-тапсырма. Төменде берілген сөйлемдердің қайсысы мақал-мәтелге,қайсысы ырымға қатысты сөздер екенін ажыратып бөлу жазу.


Мақал-мәтел

Ырымдар













2 минут

5-тапсырма. «Мақал-мәтелді жоғалттым » ойыны. Берілген мақал-мәтелдердің сыңарын табуың керек.

Жақсы адамға жау............................

Жеті жұрттың тілін біл..........................

Кісінің кісілігі киімінде емес...................



6-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Тақырыбын қойыңдар (33-бет).

Сақтар мен ғұндардың бастарына киген киізден жасалған шошақ бөрік, теріден немесе мауытыдан тігілген қаусырмалы бешпент, металл қаңылтырлар тағылған былғары белдік, тері шалбар және киіз етік сақ киімдерінің үнемі ат үстінде жүретін көшпелі өмір салтына ыңғайлы болғанын көрсетеді. Сақ көсемі өңіріне алтын жапсырмалар қадалған және елтірімен әдіптелген қызыл түсті жарғақ камзол киген. Ал жеңі түгел сұр былғарымен оюланып кестеленген. Шекпені өрнектермен әшекейленген, басына қоңыр киіз қалпақ киген. Әйел үстіне жүннен тоқылған шұбар түсті матадан ұзын етек көйлек киіп, омырау тұсына дөңгелек түстермен қиюластыра кестеленген жүн тоқымалы жамылғы жамылған. Баскиімі де өзгеше бөркімен және түтікшелі бұрым қабымен ерекшеленеді.

Ғұндар өз ата-бабалары сақтардың киім кию мәдениетін сақтап қалған. Шошақ баскиімдер, асқан шеберлікпен сәнделген сырткиімдер, сырылып тігілген жейделер, лақтың, құлынның терілерінен тігілген шалбарлар, былғары етіктер сапасы жоғары материалдардан тігілген.

Түркі қағанаты Иран, Византия мемлекеттерімен сауда-саттық байланыстарын жүргізді. Жетісу, Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар саудаға еркін араласа бастады. Сол кезде қағанат жеріндегі адамдар жібектен тігілген киім киген.

Орта ғасырда Қазақстан территориясында өмір сүрген түркі тайпаларының бас және сырткиім үлгілері Орхон-Енисей ескерткіштері мен тас мүсіндерде сақталып қалған.




7-тапсырма. Мәтіндегі киім атауларының дара немесе күрделі сөз екенін –ажыратып, кестеге салады.

Shape1









Сабақтың

соңы


Ой- толғаныс

5мин



Рефлексия. Мұғалім оқушылардан бүгінгі сабақ бойынша ой- пікірлерін біледі.


Ақпараттар шеруі


V

Мен бұл ақпаратты бұрыннан білгенмін

+

Мен үшін бұл жаңа ақпарат

?

Мен ақпаратты зерттегім келеді




Үй жұмысы: 7-тапсырма





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.10.2020
789
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі