Материалдар / Кикілжін және өзін-өзі бағалау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кикілжін және өзін-өзі бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып оқушылары арасында психологиялық ахуал орната отырып, оқушылар арасында жақсы қарым-қатынасы орнату, кикілжің мәнін түсіндіру, оқушылар арасындағы конфликтіні болдырмау және оны шешуге көмектесу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
507
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Кикілжін және өзін-өзі бағалау»


Сабақтың мақсаты : 8-9 сынып оқушылары арасында психологиялық ахуал орната отырып, оқушылар арасында жақсы қарым-қатынасы орнату, кикілжің мәнін түсіндіру, оқушылар арасындағы конфликтіні болдырмау және оны шешуге көмектесу.

Құрал – жабдықтар: қол айна, маркер, ақ қағаз.

Сабақтың түрі: тренинг.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.

1.Тренингке қатысушыларды орналастыру.

2.Психологиялық жайлы ахуал орнату. (Әуен айналып тұрады).

ІІ.Психологиялық бой жазу.

1.Топпен амандасу.

1. Кикілжің деген не?

2.Кикілжің (жанжал) себептері қандай болуы мүмкін?

3.Кикілжіңнен соң қандай сезімде болдыңыз?

4.Жағымсыз сезім қандай қылық немесе әрекет етуге итермеледі?

5. Осы әрекет–қылықтар нәтижесі қандай болды?

6.Осы кикілжіңді тағы да қандай жолдармен шешуге болады деп ойлайсыз?

7.Қандай қиын кикілжің болмасын оны дұрыс шешім арқылы шешуге болады деген пікір дұрыс па?

8.Кикілжіңді шешудің қандай жолын қалар едіңіз?


Кикілжіңді шешу әдістері:

1.Кикілжіңнің шешілуін күтпей кетіп қалу.

2.Компромисс ( бір–біріне кешіріммен қарау).

3.Бірлесу ( бірлесіп жаңа шешімдер іздеу).

Кикілжің шешілмейді

1. жасырын іштей ызалану

2. депрессия

3. ренжіткен жанды керек етпеу, байқамаған кейіп таныту.

4. қарсыласының сыртынан мысқылдау, сөйлеу.

5. ренжіткен жанмен қарым – қатынасты тоқтату.

 2.Рөлдік ойын ойналады. Нұрсұлтан мен Асқарға мұғалім музыкалық аппаратураны мектеп дискотекасына дайындау керектігін тапсырады. Екеуіде сабақтан соң тапсырманы орындаймыз деп уәделесті. Асқар 20 минутқа кешігіп келді. Тағатсыздана күткен Нұрсұлтан айқаймен қарсы алды. Асқарда ұрысып, жұмыс аяқталмай қалды.

1. Балалар кикілжіңнен шықты ма? 

2. Кикілжіңнің шығу не себеп болды?

(Басында екеуі де мінез көрсетті, содан соң ортақ іс екенін ескере отырып, «ымыраға» келді. Екеуі келісе отырып , біріге күш салды.Тапсырманы орындады).

   Соңынан көріністегі кикілжің жағдайы топ талқысына салынады.        Әрбір оқушы  өздерінің  пікірлерін  ашық  айтады. Пікір толастаған  кезде кикілжің туралы түсінік берілді.

  







 № 1 сызба бойынша жұмыс жүргізу.

Кикілжіңнің шығу себебін, түрлерін оқушылармен бірлесе отырып анықтау.

Кикілжің


Шығу себебі

Түрлері

Кикілжіңді шешу жолы

3. «Мен – жақсы, мен - жаман» жаттығуын орындайды.

Мақсаты: өзін – өзіне баға беруді үйрете отырып, жағымсыз қасиеттерін   (мінезін) жою бағытындағы жұмыстардың жолын көрсету.

      Мен – жақсы                                     Мен – жаман  

  Әрбір оқушы бір бетті екіге бөліп, сол жағына жағымды мінездерін,  оң жағына жағымсыз мінездерін тізіп жазады. Жұмыс барысында оқушыға   кедергі келтіруге болмайды.

4. «Бір сөз» жаттығуы . Бір-бірімізге қарама-қарсы отырып, кез -келген сөзді бірінші жұп жәй, нәзік үнмен айтса, екінші жұп сол сөзді қатал, агрессиямен айтады.

5. Жаттығу «Ең әдемі күлкі». Қол айнаға қарап, әр оқушы әдемі күлкіні бейнелейді. Соңында өздерін қалай сезінгендіктерін сұрау.


ІV. Қорытынды бөлім:

1. Топтық рефлексия – жүргізілген жұмыс барысы туралы қысқаша пікір тыңдау.

2. «Жылы сөз» жаттығуы біріне – бірі жылы лебіздер жолдайды. Жайлы   әуен орындалады.

3. Қорытынды сөз.



  1. тапсырма.

Сабақтан алған білімді бекіту үшін сыныпты екі топқа бөліп, біреуі жағымды қарым-қатынас жасайтын, екіншісі жағымсыз қарым-қатынаста болатын адамдардың бейнесін жасайды. Бұл тапсырманы орындаған кезде:

  • суретін салуға,

  • адамдардың мінезін суреттеуге,

  • іс-әрекетін әңгімелеуге болады.

Осы жағдайлар негізінде қалыптасқан қарым-қатынас негізінде бір проблемалық ситуация ойластырады, бұл қарым-қатынастың қандай түріне жататындығын анықтайды.

Соңында жағымсыз қарым-қатынас неліктен пайда болды, оны болдырмауға болатын жолдар қандай екендігі туралы қорытынды шығарады.

Жағымды қарым-қатынастың орнауына қандай жағдайлар әсер еткендігі туралы қорытынды шығарады. Соңында сынып болып талдайды.

Қорытынды: - Адамдар арасында мынандай жағдайлар болғанда ғана қалыпты қарым-қатынас орнайды:

  • Сенімділік; - Сыйластық;

  • Түсінушілік; - Әдептілік;

  • Шыдамдылық; - Ымырашылдық, т.б.

  • Тілектестік;



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!