Материалдар / Кикілжің және оның алдын алу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кикілжің және оның алдын алу

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірие алмасу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
888
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Кикілжің және оның алдын алу» тренингі.

Мақсаты: Білімділік: Кикілжің және оның денсаулыққа әсері, кикілжіңді шешу жолдары, дұрыс шешім қабылдай білуге үйрету, кикілжіңнің пайда болу себептерін анықтау.

Тәрбиелік: Айналадағы ортамен үйлесімді қарым-қатынас жасауға дағдыландыру, өзара жағымды қарым-қатынасын арттыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушыларды түрлі жаттығулар жасау арқылы сапалы шешім қабылдай білуге үйрету.



Көрнекі құралдар: қол айна, магнитафон, жайлы әуен жазылған таспа, маркер, ақ қағаз.



Сабақ жоспары:

1.«Танысу рәсімі» ойыны. 2. « Мүсінші» жаттығуы. 3. «Сілкіп таста» жаттығуы 4. «Мен-жақсы, мен-жаман» 5.«Өкпені еріту» жаттығуы 6. « Тазару» жаттығуы. 7. «Сіз қандай тұлғасыз?» тесті. 8. «Ситуациялық сұрақтар». 9. «Ең әдемі күлкі» жаттығуы. 10. «Жылы сөз» жаттығуы.

11. Кикілжің, дау-дамайдағы мінез-құлықтың 12 ережесі

12.Қорытынды









Ұйымдастыру: Сәлемдесу,оқушыларды түгендеу.

Тренинг жүрісі:

Сәлеметсіздар ме! Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын. Бүгін сіздермен өткізгелі отырған тренингтің тақырыбы «Кикілжің және оның алдын алу» деп аталады. Адамның қарым-қатынасы оның көңіл-күйіне байланысты болады. Бұл тренинг бір-біріміздің арамыздағы түсіністік жолдастық, достық қарым-қатынастың қалыптасуына әсерін тигізеді деп ойлаймыз.

1.«Танысу рәсімі»

Орнымыздан тұрып, қолымызға шарық жіп алып, өзіміздің қалауымызша үзіп алып, саусағымызға орап, сол жіп біткенше аты-жөніміз, туған жеріміз, оқу орнымыз,отбасымыз жайында таныстыру.

2. «Мүсінші» жаттығуы. Қатысушылардың өзара психологиялық байланысын орнату. Екі жұптан бөлінген оқушылардың бірі мүсінші болған оқушы өзі қалаған нәрсесін бейнелейді. Жаттығу барысында жұп арасында сөздік қатынас болмауы керек. Бірін-бірі ыммен, қимылмен түсінеді. Жаттығу соңында орындалған жұмыс топпен талданады.

3. «Сілкіп таста» жаттығуы. Мақсаты: Жағымсыз негативті сезімдерден, ойлардан арылу. Нұсқау: «Жағымсыз, негативті ойлардан арылу үшін оңай тәсілмен таныстырғым келеді. Алақандарыңызды, қолдарыңызды, иықтарыңызды сілкіп қағыңыз. Қаққан кезде барлық жаман ойларды, сезімдерді сілкіп түсіріп жатырмын деп ойлаңыз. Содан кейін аяқтарыңызды сілкіңіз. Басыңызды, бетіңізді сілкіңіз. Барлық жағымсыз ойлардан,сезімдерден арылдым деп ойлаңыз». Анализ: Жаттығуды орындағаннан кейін өзіңізді қалай сезініп тұрсыз?

4. «Мен-жақсы, мен-жаман» жаттығуы. Мақсаты: Өз-өзіне баға беруді үйрете отырып, жағымсыз қасиеттерін жою бағытындағы жұмыстардың жолын көрсету.

Мен-жақсы Мен-жаман

Әрбір оқушы бір бетті екіге бөліп, сол жағына жағымды мінездерін, оң жағына жағымсыз мінездерін тізіп жазады. Жұмыс барысында оқушыға кедергі келтіруге болмайды. Қорытындыға сәйкес кеңестер беріледі.

5. «Өкпені еріту» жаттығуы. Тып-тыныш бір жерде, денеңізді бос ұстап отырыңыз. Өзіңізді қара көлеңкеде театрда отырмын деп есептеңіз. Алдыңыздағы шағын асхана (ең жек көретін, көргіңіз келмейтін) сіз кешіруге тиісті адамды қойыңыз. Мейлі ол сізді қазір ренжітсін, бұрын ренжітсін, қазір өмерде бар болсын, әлде өмірден өтіп кетті ме, оған мән бермеңіз. Көз алдыңызға елестеткенде оның жағдайы жақсы, жүзіне күліп үйірілген кейіпте болуы керек. Оны бақытты деп біліңіз. Бірнеше минут оның жүзін анық көз алдыңызға ұстап тұрыңыз, сонан соң барып ол бейнемен қоштасыңыз. Сіз кешірген адам асханадан кетісімен, өзіңізді асханаға қойыңыз. Өзіңізді де тек жақсы жағдайда елестетіңіз. Бақытты, күлкі үйірілген жүзбен тұрыңыз. Бұл әлемде жақсылық барлыңызға да тең жететінін ұғыңыз.

6. «Тазару» жаттығуы. Терең дем алып, демді барынша қайта шығарыңыз. Денеңізді босатыңыз. Өзіңізге былай деңіз: Мен өмір сүруіме кедергі келтіретін барлық өкпе, реніштен тазарғым келеді. Мен барлық қысымнан осылайша босаймын. Барлық ескі реніш, өкпелерімнен құтылғым келеді. Мен жанға рахат жайбарақаттылықты сезінемін. Мен өз қалпымдамын. Өз өмірімнің ағынымен барамын. Бірақ өкпені ұмыттым,кештім.



7. «Сіз қандай тұлғасыз»тесті.

Осы тест арқылы сізге қандай қарым-қатынас тән екендігін анықтауға болады. Әр сұраққа бір жауапты таңдаңыз.





1.Қоғамдық көлікте көтереңкі дауыспен талас басталды. Сіздің тәртібіңіз? А) қатыспаймын; Б) қысқаша дұрыс деген жақтың сөзін сөйлеймін; в) «өзіме от тұтату» үшін белсеңдітүрде аралысамын;

2.Жиналыстарда басшылықты сынып, шығып сөз сөйлейсіз бе? А) жоқ; Б) нақты негіз болса ғана; В) басшылықты ғана емес, оны жақтайтындарды да ешқандай негізсіз сынаймын.

3. Достарыңызбен жиі бәстесесіз бе? А) өкпелігіш адам болмаса ғана; Б) тек принципті мәселе болса ғана; В) бәстесу- менің мұратым;

4. Егер біреу кезексіз өтіп жатса не істейсіз? А) ішімнен ашуланам, бірақ үндемеймін; Б) ескерту айтамын; В) кезектің алдына шығып тәртіпті бақылаймын;

5. Үйде түскі асқа тұзы аз тағам қойды. Сіздің іс-әрекетіңіз: А)түкке тұрмайтын нәрсе үшін шу көтермеймін; Б)үндемей тұз аламын; В)ескерту айтамын, мүмкін тамақ тамақ ішуден бас тартамын.

6. Егер көшеде, көлікте аяғыңызды басып кетсе... А) ренжіткен адамға ашуланып қараймын; Б) ескерту айтамын; В) ұялмастан, ұрсып тастаймын.

7. Туыстарыңыздың бірі сізге ұнамайтын нәрсе сатып алса: А) үндемеймін; Б) қысқаша айтамын; В) ұрыс шығарамын;

8. Лотереядан ұтылдыңыз. Бұған қалай қарайсыз? А) немқұрайды көрінуге тырысам, бірақ іштей енді қатыспауға сөз беремін; Б) өкінішімді жасырмаймын, бірақ өткенге әзілмен қарап, болашақта жеңіске жетуге уәде беремін. В) ұтылғаным ұзаққа көңіл күйімді бұзады.



Енді жинап алған балдарыңызды санаңыздар: А-4 балл, Б-2 балл, В-0 балл.



22-32 балл. Сіз бейбітшілсіз, дау, кикілжіңнен оңай құтыласыз, үйде, ұжымда жағымсыз жағдайлардан қашасыз. «Платон менің досым, бірақ шындық қымбат» деген сөз ешқашан сіздің серігіңіз болған жоқ. Мүмкін сондықтан кейде сізді бейімделгіш деп санайды. Батыл болыңыз, егер жағдай талап етсе ешнәрсеге қарамай ойыңызды айта беліңіз. 12-20 балл. Сіз кикілжіңді адам ретінде белгілісіз. Шын мәнінде шешім табылмағанда, басқа варианттар таусылғанда ғана кикілжіңге барасыз. Сіз пікіріңізді өз жағдайыңызға, достар арасындағы қарым-қатынасыңызға қалай әсер ететініне қарамастан, батыл түрде жақтайсыз. Сонымен қатар, шектен шықпайсыз, балағаттауға дейін бармайсыз. Осының бәрі сізге құрмет туғызады. 10 балға дейін. Таласу мен кикілжеңдесу- сізге ауадай қажет. Басқаларды сынауды жақсы көресіз, ал өзіңізге қатысты ескерту естісеңіз «тірідей жұтып қоюға» дайынсыз. Сіздің қасыңыздағыларға өте қиын (ұжым, үй ішіндегілер). Сіздің шыдамсыздығыңыз бен дөрекілігіңіз адамдарды алшақтатады. Сондықтан емес пе, сізде нағыз достарыңыз жоқ? Бір сөзбен айтқанда, сандырақ мінезіңізді жеңіуге тырысыңыз.



8. Ситуациялық сұрақтар. а) Сенің парталас көршің сенен дөрекі түрде сызғыш сұрады. Егер сен сыпайы болсаң, не істер едің? ә) Сен сабаққа кешігіп келдің. Сенің орныңа жолдасың отырып қойыпты не істер едің? б) Сіз автобуста тұрсыз. Кенеттен біреу сіздің аяғыңызды басып кетті? Сіз оған ашуланасыз ба?

9. «Ең әдемі күлкі» жаттығуы. Қол айнаға қарап, әр оқушы әдемі күлкіні бейнелейді. Соңында өздерін қалай сезінгендіктерін сұрау.



10. «Жылы сөз» жаттығуы. Біріне-бірі жылы лебіздер жолдайды. Жайлы әуен орындалады.



11. Кикілжің, дау-дамайдағы мінез-құлықтың 12 ережесі:



  1. Егер серігің соншалық ашу-ызаға берілсе, оның ішкі сезім

күштерін төмендетуге көмектесу керек. Өйтпейінше, онымен келісу өте қиын немесе мүмкін емес. Оның ашулы сәтінде өзіңді сабырлы, сенімді ұста. Бірақ өзіңді жоғары қойма. Егер адам ашуға қатты берілсе, ойы теріс пікірлер мен сезімдерге толады. Сондықтан, қалайда оның өз-өзіне келуі үшін әрекет етуі керек.

2. Серігіңнен өзінің тілек, талабын сабырмен түсіндіруін

талап ет. Осы жағдайға байланысты тек қана нақты дәлелдер мен мысалдарды ғана негізге алуын түсіндір. Адамдарға тән қасиет дәлел мен сезімді шатыстырады. Сондықтан, серігіңнен «айтып тұрғаның нақты дәлел ме, әлде пікірің бе?»-деп сұрап ал.

  1. Серігіңнен сенімді түрде басқа бір кеңестер сұра, бірақ бұл

кеңестер оған маңызды болуы тиіс. Оған әр-түрлі әзіл-қалжыңдар айт. Ең бастысы, сенің өтініштерің, еске түсірулерің, қалжыңдарың оның ашуын қайтаратындай болу керек.

  1. Серігіңе қарсы баға берудің орнына өз сезімдеріңді айт.

«Сен мені алдап тұрсың-ау?» дегеннің орнына «Мен өзімді алдағандай сезініп тұрмын»-деуіміз қажет.

  1. Қиындық туғызған мәселе мен өзің қалаған соңғы

шешімді мақұлдауын сұра. Шешілмеген мәселенің қалайда шешімін табу керек. Серігіңмен бірге қандай мәселені шешу керегін анықта, одан соң біріге күш салыңдар. Өзіңді сезімге, ашуға билетпе.

  1. Серігіңе шешімін таппаған мәселелер жөнінде ойын және

Одан шығудың жолдарын айтқызып көр. Бұл жағдайда кінәлі адамды іздеп, болмаса түсіндіріп әуре болмай, одан шығудың жолын ізде. Бір ғана нұсқамен тоқтап қалма. Ең соңында көңіліңдегі бірнеше пікірдің біреуіне тоқта. Алайда, серігіңмен келісуді есіңнен шығарма. Өйткені жетістікке, жеңіске бірге жетулерің керек.

7 Қандай жағдай болмасын серігіңе өз пікірін сақтауға

мүмкіндік бер. Өзіңді еш уақытта өз қолыңнан шығарма, ашуға ашумен жауап беруге мүлде болмайды. Оның ар-намысына тиме. Тіпті сенімен амалсыздан келіскен жағдайдың өзінде сені еш уақытта кешірмейді. Сондықтан оның өзіне емес, іс-әрекетіне ғана жауап бер.
8.Оның талап-тілектері мен айтқандарының мағынасын дұрыс қабылда. «Сіз осыны айтқыңыз келді ме? Мен сізді дұрыс түсіндім бе?» -деп жиі-жиі сұраңыз. Бұл әдіс дұрыс түсінбей қалудан сақтандырады және оны ықыласпен тыңдап отырғаныңызды көрсетеді.

9. Өзіңді тең ұста. Өзіңді сенімді, сабырлы ұста. Ол серігіңді ашу-ызаға берілуден сақтап, екеуіңді де абыройсыз жағдайға қалдырмайды.

10. Кінәлі болсаң кешірім сұрауға ұялма. Біріншіден ашудың алдын аласың. Екіншіден, саған көзқарасы өзгереді. Өзіне сенімді, өзін жетілдірген адам ғана кешірім сұрай алады.

11. Қарама-қайшы ойлар шешімін тапқан соң, ол адаммен қарым-қатынасыңды сақтауға тырыс.

12. Серігіңе сыйластық сезіміңді көрсете отырып, түсініспеушіліктен болған арадағы жағдайға қиналатыныңды айт. Егер арадағы қарым-қатынасты дұрыс сақтасаң, оның сенімен алдағы уақытта да біріге жұмыс істейтіні даусыз.



Қорытынды: « Егер сен күлсең, бар әлем сенімен бірге күледі,ал егер сен жыласаң сен жалғыз жылайсың» деген нақыл сөз өте орынды айтылған. Күлкі денсаулықты жақсартып, адамның көңіл-күйін көтереді. Өзгелерге де қуаныш сыйлайды. Күлкі сізге бақыт сезімін әкеледі. Күлкі жандарыңызға серік болсын!.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!