Материалдар / «Кім білгір?»

«Кім білгір?»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың логикалың ойлау қабілетін, зеректік, шешендік қабілеттерін қалыптастыру. Алған білімдерін тереңдетіп, , өздігінен іздене білуге үйрету. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2021
692
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 11.03.2021 ж.

Барлығы: 10 қатысушы

Тақырыбы: «Кім білгір?»

Мақсаты:

Білімділік:

Оқушылардың логикалың ойлау қабілетін, зеректік, шешендік қабілеттерін қалыптастыру. Алған білімдерін тереңдетіп, , өздігінен іздене білуге үйрету. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.

Тәрбиелік:

  1. Мемлекетіміздің тұңғыш президенті - Қасым-Жомпрт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінент қымбат» бағдарламасының заңды жалғасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы еліміздің рухани өмірінде үлкен серпіліс туғызатын кезекті маңызды дүние екендігі туралы білімдерін кеңейтіп, саналы тұлға тәрбиелеу.

  2. Тарихи мәдениетке, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу, тарихқа деген ой қызығушылықтарын арттыру.

  3. Оқушылар елінің ұлы тұлғаларын біліп, оларды құрметтеп, мақтан тұтып, олардың ізін жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: зияткерлік ойын

Көрнекіліктер: проектор, Power Point – та жасалған слайд,үлестірмелі сыйлықтар, А3 форматтағы қағаздар.

Барысы:

Қайырлы күн, құрметті мектебіміздің қонақтары, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер! Мемлекетіміздің бірінші президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында Қазақстан тарихын, Ұлы даланың орнын анықтауға мүмкіндік беретін, біздің жерімізде пайда болған мәдени жетістіктер, қазақ ұлтының этногенезі, ұлттық тарихтың көкжиегінің бағалануы мен зерттелуінің уақыты келгенін атап айтты. Олай болса, бүгінгі «Кім білгір?» атты зияткерлік ойынымызды осы аталған мақаламен ұштастыра отырып, «Ұлы даланың ұлы есімдері» , сонымен қатар ұлттық тәрбиеміздің бір бөлшегі бәрімізге таныс мақал – мәтелдерімізге және салт дәстүрлерімізге жайында болашақта үміт артып отырған оқушыларымыздың білімдерін сынайтын боламыз. Бүгінгі зияткерлік ойынға қатысушы оқушылармыз жоғары дәрежедегі жақсы ойын көрсетеді деген үміттеміз. Олай болса, ойынымызды бастаймыз! Ойынға 6 адамнан тұратын 2топ қатысытын болады. Ендеше кезек оқушыларда. (Әр топ өз атымен және ұранымен таныстырады).

«Білімділер» тобы –_________________________________________________

«Тапқырлар» тобы –________________________________________________


Сонымен қатар әділқазылар алқасымен де таныс болсақ. ..?

1 – әділқазы мүшесі:_________________________________________________

2 – әділқазы мүшесі: ________________________________________________

3 – әділқазы мүшесі:_________________________________________________

Сонымен «Білім – білікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы» - деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйене отырып, сайысымызды бастайық. Ойын ережелері сақталу керек.

Зияткерлік ойынымыз 3 түрлі ойыннан тұрады:


1 - ойын: Тәрбие көзі халықта. «Мақал - мәтел»

2 - ойын: Ұлы даланың ұлы есімдері. «Танисың ба?»

3 – ойын: «Салт – дәстүрім таусылмайтын байлығым!»


1 – ойын: Тәрбие көзі халықта. «Мақал - мәтел»

Мақал – мәтелді білмейтін оқушы жоқ деп айтуға болады, өйткені мақал – мәтелдерді сендер мектепке келген күннен бастап үйрене бастадыңдар. Мақал – мәтелді көп біліп, көп қолданатын адамдардың білімі де , ақылы да арта түседі.


Ойын ережесі: Ойынның бірінші кезеңі мақал – мәтелдерге байланысты болады. Берілген суреттерге қарап мақал – мәтел құрастыру. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі. Тетікті бірінші болып басып үлгерген топ жауап береді.


Жасырылған мақал жауаптары:


1.Өзге елде сұлтан болғанша,

Өз еліңде сұлтан бол.

2.Білім инемен құдық қазғандай.

3. Елуінде ер жаңа,

Елуінде ел жаңа.

4.Сабыр түбі сары алтын.

5.Достық егіз,

Дұшпан сегіз.

6. Күлме досқа,

Келер басқа.

7.Отан үшін отқа түс- күймейсің.

8. Ағасы бардың жағасы бар,

Інісі бардың тынысы бар.

9.Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

10. Кітап – алтын қазына.

11. Бұлақ көрсең көзін аш.

12. Ер қанаты- ат.

13. Алтын көрсе періште жолдан таяр.





2 – ойын: «Ұлы даланың ұлы есімдері». «Танисың ба?»

Көпшіліктің санасында тарихи үрдістер, негізінен, тұлғаландыру сипатына ие болатыны белгілі. Көптеген халықтар өз елінің ерекше елшісі сынды ұлы бабаларының есімдерін мақтан тұтады. Қазақ халқы үшін де Ұлы дала көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелгені бәрімізге анық. Біздің де ұлы бабаларымыз қазақ халқының тарихында өшпес мәңгі із қалдырды. Мұнымен айтпағым, келесі ойынымыз Ұлы тұлғаларымыз және олардан кейінгі ізін жалғастырып, еліміздің атын күллі әлемге паш етіп, білім мен өнер, спорт әлемінде өз үлестерін қосқан , елім, жерім деп өз өмірін қиып, елін қорғаған батырларымыз, білім саласын қалыптастырған тұлғаларымыз жөнінде оқушыларымыздың білімін сынайтын боламыз.


Ойын ережесі: Бір ойыншы ортаға шығып, теріс қарап тұруы керек. Ал қалған екі ойыншы экранға қарап, суреттегі тұлға жайлы мағұлмат айтады. Егер бірінші ойыншы тұлғаны дәл тапса 2 ұпай беріледі. Бірақ 1 минутта 10 тұлғаның кім екенін тауып үлгеруі тиіс.

  1. сурет: Абай Құнанбаев

  2. сурет: Мұқағали Мақатаев

  3. сурет: Қорқыт

  4. сурет: Генадий Головкин

  5. сурет: Шоқан Уәлиханов

  6. сурет: Мағжан Жұмабаев

7– сурет: Әлия Молдагулова

8 -сурет: Тоқтар Әубәкіров

9-сурет: Бауыржан Момышұлы

10-сурет: Жамбыл Жабаев

3 – ойын:

Бауырласқан тәніміз
Бұзылмаған антымыз.
Кең даламның ежелгі
Қазақ дейтін халқымыз,
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүрмен салтымыз.


1.Тұсау кесер

2.Тоқым қағу

3.Көрімдік

4. Шашу

5.Базарлық

6. Сыбаға

Рефлексия: оқушылар бүгінгі сайысымыздан не әсер алдыңыздар, не ой түйдіңіздер?

Марапаттау рәсімі


Үлгі бізге аталардың ерлігі

Ұлағатты, өнегелі еңбегі.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі.

«Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жаңа компоненттері ата- бабаларымыздың көне ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүмкіндік береді. Төл тарихын білетін, бағалайтын жжәне мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенеміз. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оқ көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы.

Қорытынды: Үш кезеңді зияткерлік ойынның нәтижесі бойынша үздік топтың ұпай сандары есептеліп, жеңімпаз топ анықталады. Жеңімпаздар марапаттау қағаздарымен және тәтті сыйлықтарға ие болады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ