Материалдар / «Кім, не істейді?» дидактикалық ойыны»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Кім, не істейді?» дидактикалық ойыны»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Кім, не істейді?» дидактикалық ойыны» Мақсаты: Балалар мамандықтар иелері жөнінде мәліметтер алады, ойындар барысында мамандыққа қажет құралдардың қолдану амалдарымен танысады; мамандықтарға сипаттама беруде қимылдарды айтуға үйренеді. Балалардың байланыстыра сөйлеу мүмкіндіктерін жетіліп, сөйлеу барысында етістіктерді пайдалану біліктері жаттығады; ойлау, есту, есте сақтау қабілеттерін дамиды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Тамыз 2022
1410
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: «Сөйлеуді дамыту»

Тақырыбы: «Кім, не істейді?» дидактикалық ойыны»

Мақсаты: Балалар мамандықтар иелері жөнінде мәліметтер алады, ойындар барысында мамандыққа қажет құралдардың қолдану амалдарымен танысады; мамандықтарға сипаттама беруде қимылдарды айтуға үйренеді. Балалардың байланыстыра сөйлеу мүмкіндіктерін жетіліп, сөйлеу барысында етістіктерді пайдалану біліктері жаттығады; ойлау, есту, есте сақтау қабілеттерін дамиды.

Сөздік жұмыс: Балаларға мамандық иелерінің қимылдарын айтқызып, сөйлеу қабілеттерін жетілдіру; белсенді сөздік қорға мамандықтар иелері атауларын енгізу.

Әдіс- тәсілдер: Ғажайып сәт, затты зерттеу, сұрақ-жауап, сергіту сәті, пантомима, көркем сөз, сөздік жаттығу, мақтау, оқу қызметін пысықтау, рефлексия, бейнеролик көрсету.

Ресурстар: Мамандық иелеріне қажетті заттар бар қорапша. Мамандық иелеріне қажет құралдар (суреттер): кастрөл, ожау, пышақ, ыдыстар, көгөністер, қайшы, тарақ, фен, сусабын, фонендоскоп, шприц, қызуөлшегіш, шөлмектер, дәрумен. Мамандық иелерінің жеке суреттері: аспаз, шаштараз, дәрігер. Ырғақты темпі орташа әуенжазбасы.

Оқу қызметінің барысы: Балаларды шаттық шеңберіне жинау.

-Балалар, бүгін ерекше күн, ендеше, бір- бірімізбен амандасып, жылы тілектерімізді арнайық.

Барлығы бірге: Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Барлық жанды құрметтеп

Бас иеміз біз.

Ғажайып сәт:Көңілді, баяу әуенжазбасы қосылады. Балалардың назарын беті жабулы затқа аудару.

-Балалар, мынау не нәрсе екен, беті жабулы, қызық, мұндай зат бізде жоқ еді ғой. Қане, ашып көрейік.Қорапшаны көрсету.

Негізгі бөлім.    Заттарды зерттеу.

Қорапшаның ішіндегі заттарды бір- бірлеп алып, оның не екенін, не үшін қолданатынын әңгімелеп беру.

Балалар, мынау не? (аспазғақажетқұралдардыалыпшығу). Иесін табу үшін мағанкөмекшілерқажет. Асылым, берішығып, таныпкөрейікші. - Мынау не? (Қораптаншығару). Атапкөр.(кастрөл, ожау, пышақ) Ол аспазға керек. Тақтаға суретін ілу.

Осылайша дәрігер, шаштараз, құрылысшы, мұғалім, сатушы, тігінші мамандықтарына қажетті заттарды қораптан шығарып, атау, не үшін керек екенін айту.

П.ж ойын: «Кім, не істейді?»

Шарты: Балаларға мамандық иесіне тән қимылды көрсету, балалар ол қандай мамандық иесі , не істейтінін тауып айтады.

Мысалы: Педагог шаш қиғандай қимыл жасайды, балалар: «шаштараз- шаш қияды» деп айтады. Осылай бірнеше мамандық иелерін көрсетіп айту.

Сергіту сәті.

Балаларға мамандық иесінің қимылын өздері көрсетулерін ұсыну. Әуенді аудиожазба қосылады, педагог бір мамандықты айтады, балалар қимылын көрсетеді.

Үстел басында дамыту жаттығулары.

  1. «Қандай мамандық?» Балалар сурет қиындыларынан пазл құрастырады.

  2. «Кімге, қай зат керек?» Қыстырғышпен ойын.

  3. «Құтыларды дәрумендермен толтырайық» Аппликация. Құтылардың қақпақтарының түсіне сәйкес дөңгелектерді жапсыру.

Қорытынды.

Мақтау, оқу қызметін пысықтау. - Балалар, бүгін сендер қандай шапшаң, шығармашыл болдыңдар! Сендер не істедіңдер? - Мамандықтар иелері туралы ойындар ойнадық.. Жарайсыңдар. - Сендер өскенде, ата-аналарың сияқты үлкен мамандық иесі боласыңдар.

Ал, мына мамандық иесін бәрің де танисыңдар, бірге айтып,орындайық.

«Жүргізуші» бейнеролигін тамашалап, қимылымен орындау.

Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: Мамандық иелерін тауып, атайды;

Түсінеді: Мамандықтардың маңызы мен қажеттілігін түсінеді;

Қолданады: Етістік сөздерді байланыстырып сөйлеуде қолданады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!