Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Кім үздік болады?" 11 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сыныптан тыс сабақ жоспары
Пәні: биология |
Күні 14.02.18. |
Пән мұғалімі: Қалдарбекова А.Қ. |
Сыныбы: 9 «А,Ә»10 «А», 11«А» |
Сабақтың тақырыбы |
Кім үздік болады? |
||
Мақсаты |
Жаңа технология элементтерін пайдаланып оқушылардың биология пәні бойынша алған білімдерін қолдана білуге, өз ойларын дұрыс жеткізуге, көшбасшылыққа ұмтылдыру. |
||
Күтілетін нәтижесі |
Биология пәнінен алған білімдерін қолдану арқылы тапсырмаларды орындайды, өз ойын еркін айтуға, нақты жеткізуге дағдыланады, көшбасшылыққа ұмтылады. |
||
Ресурстар |
Интерактивті тақта, компьютер, бейнежазба, тест сұрақтары, деңгейлік және логикалық тапсырмалар, |
||
Қолданылған модульдер |
Оқыту және оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, Оқытуда АКТ-ны пайдалану, Оқытуды басқару және көшбасшылық |
||
Сабақтың өтілу уақыты |
30 минут |
||
Сабақтың барысы: |
Сабақ кезеңдері |
Мұғалімнің іс - әрекеті |
Оқушының іс - әрекеті |
Ұйымдас тыру кезеңі 5 мин
«Ойлы болсаң, озып көр» тест тапсырмалары (5 мин) |
Оқушылармен амандасу. Психологиялық ахуал тудыру. «Сәлемдесу түрлері» Армысыздар сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! «Кім үздік» атты 10 - 11– сынып оқушылары арасында биология пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келіпсіздер! Түседі бүгін білім жарысына, Жеңсеңдер қол соғамыз табысыңа. Талапкердің талабы таудай екен, Аямас тиіп кетсең намысына, - деп бүгінгі сайысқа белсене, құлшына араласатын сайыскерлерімізбен таныс болыңыздар. Сайысты бастамас бұрын, ойыншыларымызға әділ бағасын беретін әділ – қазылар алқасын таныстырып өтейін. (Әділ-қазылар алқасын таныстырып өту)
І.«Ойлы болсаң, озып көр» II. «Мықты болсаң, тауып көр» IІІ. «Биологиялық пошта» ІV. Шешуші кезең – «Капитандар сайысы. Кім тапқыр?» І – кезең. Бұл кезеңде алдын ала дайындалған тест сұрақтары қойылады. Қатысушылар тақтада берілген тест сұрақтарына жауап береді, дайын жауаптар арқылы бір-бірінің тапсырмасын өзара тексереді. 1.Картоптың гүлшоғыры А) Шатыргүл В) шашақгүл С) шоқпарбас Д) қауашақ Е) күрделі масақ 2. Микробиология ғылымында күкіртті бактерияны зерттеген А)Д.Самойлович В)Ю.Либих С) Л.С.Ценковский Д)С.Н.Виноградский Е) Д.К.Заболотный 3. Гипофиздің артқы бөлігінің гормоны А) меланниннің түзілуін күшейтеді В) меланин гормонын бөледі С) окситацин гормонын бөледі Д) вазопрессин гормонын бөледі Е)сүт безінен сүттің бөлінуін қамтамасыз етеді F)жүйке мен жүрек жұмысын қоздырады G) қандағы фосфор мен кальций деңгейін реттейді H)иммунитетті күшейтеді 4. Құрылымы мен қызметіне қарай нейрондар бөлінеді А) аксон В) дендрит С) сезгіш Д) сұр зат Е) байланыстырғыш F) жұлын G) ақ зат H) қозғалтқыш 5. Лондондағы Король қоғамына бактерияның пішінін, мөлшерін, қозғалысын сипаттап хат жіберген ғалым А) Р.Гук В) Г.Мендель С) Ж.Ламарк Д) Дарвин Е) Л.Пастер F) А.Левенгук G) Ф.Реди H) М.Тереховский Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Бірінші кезеңнің нәтижесі бойынша ұпай саны аз оқушы ойыннан шығады. Егер ұпай сандары тең түскен оқушылар болса, қосымша сұрақ беріледі. Мысалы: 1. Теңіз орамжапырағы тағамдық өсімдіктер болып табылатын крестгүлділер тұқымдастарының туысына жата ма? |
Оқушылар сабаққа дайындалады. Әр оқушы өзін таныстырып өтеді. Әділ – қазылар алқасымен, сайыс кезеңдерімен танысады. Тест сұрақтарына жауап береді, бір-бірінің тапсырмасын өзара тексереді. Дұрыс жауаптары: 1 – В (1 ұпай) 2 – Д (1 ұпай) 3 – С, Д (2 ұпай) 4 – С, Е, Н (2 ұпай) 5 – F (2 ұпай) Барлығы 8 ұпай Қосымша сұрақ жауабы: Теңіз орамжапырағы – ламинария деп аталатын балдыр, ол төменгі сатыдағы өсімдіктер патшалығына, қоңыр балдырлар бөліміне жатады. |
«Мықты болсаң, тауып көр» деңгейлік тапсырмалар (8 мин) |
ІІ – кезең. «Мықты болсаң, тауып көр» ұяшықтарды таңдау, деңгейлік тапсырмалар. Бұл кезеңде де ұпай саны аз тағы оқушы ойыннан шығады. Ботаника 10, 20, 30 10 –орманда өскен самырсынның төменгі сабақтары жойылады. Ал шыршада өмір бойы сақталады. Себебін түсіндір. 20 –Орамжапырақтың сыртқы жапырақтарын өсіп тұрған кезде жұлып тастауға болмайды. Неліктен? 30 – Эвкалипт неге «ұяты жоқ ағаш» деп аталады? Зоология 10, 20, 30 10 – «Мен, әлі қолы шықпаған, балалары бар, сегіз ананың басын кесіп тастадым. Содан кейін біреуін төрт рет кесіп тастадым ....». А.Трамбле қандай жануар туралы айтқан? 20 – «Фугу жегің келсе, ең алдымен мұраңды біреуге жазып кет» деген жапондықтардың мақалы бар. Осылай неге айтылады? 30 – Краб таяқшалары -гастрономиялық деликатестер. Оларды неден дайындайды? Анатомия 10, 20, 30 10 – Шылым шегетін адамның қанын сорған сүлік өліп қалады. Неге? 20 – Мен «емші элементпін». Жарақат болған жерді жазып, залаласыздандырамын. Мен ақыл – ойдың дұрыс дамуына, жадының керемет қалыптасуына жәрдем беремін. 30 – Атақты американдық экономист А.Смит осы зат туралы былай деген екен: «Бұл заттың қажеттілігі соншалықты, онсыз өмір сүру мүмкін емес және ол өте арзан, ал өмірге соншалықты пайда келтірмейтін алмаз өте қымбат бағаланады» Бұл қандай зат? |
Ұяшықтарды таңдап, жауап береді. Ботаника 10 – самырсын жарық сүйгіш, ал шырша көлеңкеге төзімді. 20 – себебі, сыртқы жапырақтарында фотосинтез, газ алмасу және судың булануы жүреді. 30 – Эвкалипт жапырақтары күнге қабырғасымен көлденең орналасып, қызып кетпейді, ал лептесіктері тәулік бойы ашық тұратындықтан және жапырақтары көлеңке түсірмейтіндіктен ағаштың айналасы құрғақ болады, шөптесін өсімдіктер өспейді. Сүрегі қабыққа қарағанда жылдам өсіп, қабықты жарып жіьереді де, жалаңаштанып қалады. Зоология 10 – гидра 20 –. Фугудың құрамында жүйке сал дертіне ұшырата тын у - тетродотоксин бар. Оның ағзаға түсуі оқиғала рының 60 пайызы өліммен аяқталады. Балықтың ішкі мүшелері мен терісі аса улы. 30 – Краб таяқшасында теңіз шаянының (краб) еті жоқ. Ол - ақ балық етінің ұнтақталып майдаланған фаршынан жасалады (суруми). Анатомия 10 – шылым шегетін адамның қанында никотин болады. 20 – І элементі 30 – су |
Сергіту сәті 2 мин |
Көз жітілігін дамытуға арналған жаттығулар |
Мұғаліммен бірге жаттығулар жасайды |
«Биологиялық почта» генетикалық есеп 5 мин |
ІІІ – кезең. The man with blue eyes, has parents with black eyes. Нe married to woman with black eyes. What generation we will have from this family, if means of black eyes will be dominant.
|
Answer: the children will be black eyes. The children 50% |
«Капитандар сайысы. Кім тапқыр?» 5 мин |
ІV – кезең. Зоология ғылымы зерттейді: Жануарларды 2. Жасушада фотосинтез процесіне қатысады: Хлоропластар 3. Қосмекенділердің өкпесінің пішіні: Сопақша 4. Саңырауқұлақтардың ағаш тамырымен селбесуі: Микориза 5. Өрік өсімдігінің тұқымдасы: Раушангүлділер 6. Дизентерия ауруын тарататын: Шыбын, тарақан 7. Жапыраққа күн сәулесі түскенде, хлоропластар ауадан сіңіреді: Көмірқышқыл газы 8.Тұқымы бір жарнақты өсімдік:Астық тұқымдасы 9. Гидраның энтодермасындағы жасушалардың рөлі: Асқорыту, сөл шығару 10. Құстың тісінің қызметін атқаратын мүше: Етті қарын 11. Адам мен жануарлар жасушасында болмайтын қабықша: Жасунықты 12. Сопақша ми мен ортаңғы миды байланыстырып тұратын бөлігі: Ми көпірі 13. Адамның қол сүйектері: Тоқпан жілік, кәрі жілік, саусақ 14. Қаннің ұюына қатысады: Тромбоциттер 15. Көмекейдің жалғасы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше: Кеңірдек 16. Бұл дәрумен жетіспесе адам бери-бери ауруына ұшырайды: В1 17. Эктодерма дегеніміз: Сыртқы ұрық жапырақшасы 18. Тіршілік жаратылымының ең жоғары деңгейі: Биосфералық 19. Биотикалық факторлаға жататын: Жыртқыштардың жемтігін аулап жеуі 20. Денесінде бақалшағы бар біржасушалы қарапайым жәндік: Арцелла 21. Денесінде ұлпалары болмайтын және мүшелерге бөлінбейтін өсімді бөлік: Таллом 22. Г.Мендельдің үшінші заңы: Тәуелсіз тұқым қуалау 23. Гистондар кездеседі: Жануарлар мен өсімдіктердің ядросында 24. «Тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі ұқсас қатарлар» заңын ашқан: Н.Вавилов 25. Тірі табиғатты жүйелеуде аса зор еңбек сіңіріп, жүйелеу атасы аталуы: К.Линней 26. Лейкопластардың қызметі: Қор затын жинауға қатысу 27. Екі жұп мұртшасы бар (ұзын және қысқа) жәндік: Шаян |
Бейнежазбаны бақылап көреді, сұраққа жауап береді. |
«Cен білесің бе?» 3 мин |
Сен білесің бе? «Балықтар» туралы бейнежазба көрсету. Балықтар айлар бойы жаңбырды құрғақ топырақтың астында күтіп жатады. Кейбір адамдар бұл сарыбатпақтан үй салады. Жаңбырлы маусым басталғанда балықтар үйдің қабырғасынан шығып кетіп қалатын көрінеді. |
Бейнежазбаны бақылайды |
Қорытынды: 3 мин |
Кері байланыс. «Бес саусақ» Сайыстың қорытындысын шығару. Заман қанша қиын - қыстау болса да, Игі істер болып жатыр қаншама. Үздік биолог танылған, Жүлдегерді танытпасақ бола ма? Жеңімпаздарды мадақтау, марапаттау. Сонымен бүгінгі «Кім үздік болады?» атты танымдық сайысымыз өз мәресіне жетті. Алда әлі де биік - биік асулардан көріне беріңіздер, - деп тілек білдіреміз. |
Сабақтан алған әсерлері туралы стикерлерге жазып суретке іледі. Жеңімпаз оқушылар мадақталады. |
Тест
1.Картоптың гүлшоғыры
А) Шатыргүл В) шашақгүл С) шоқпарбас
Д) қауашақ Е) күрделі масақ
2. Микробиология ғылымында күкіртті бактерияны зерттеген
А)Д.Самойлович В)Ю.Либих С) Л.С.Ценковский
Д)С.Н.Виноградский Е) Д.К.Заболотный
3. Гипофиздің артқы бөлігінің гормоны
А) меланниннің түзілуін күшейтеді
В) меланин гормонын бөледі
С) окситацин гормонын бөледі
Д) вазопрессин гормонын бөледі
Е)сүт безінен сүттің бөлінуін қамтамасыз етеді F)жүйке мен жүрек жұмысын қоздырады
G) қандағы фосфор мен кальций деңгейін реттейді H)иммунитетті күшейтеді
4. Құрылымы мен қызметіне қарай нейрондар бөлінеді
А) аксон В) дендрит С) сезгіш Д) сұр зат
Е) байланыстырғыш F) жұлын
G) ақ зат H) қозғалтқыш
5. Лондондағы Король қоғамына бактерияның пішінін, мөлшерін, қозғалысын сипаттап хат жіберген ғалым
А) Р.Гук В) Г.Мендель С) Ж.Ламарк
Д) Дарвин Е) Л.Пастер F) А.Левенгук
G) Ф.Реди H) М.Тереховский
№51 орта мектеп
Сыныптан тыс сабақ
Тақырыбы:
Кім үздік болады?
Пәні: биология
Сыныптары: 9-10-11
Пән мұғалімі: Қалдарбекова А.Қ.
Қордай, 2018ж.