Материалдар / Кіріктірілген оқу іс-әрекеті."Геометриялық пішіндегі заттар" Мектепалды даярлық сыныбы ІІ топ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кіріктірілген оқу іс-әрекеті."Геометриялық пішіндегі заттар" Мектепалды даярлық сыныбы ІІ топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық сыныбына.Оқушының танымдық қабілетін дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Сәуір 2021
2539
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Кіріктірілген оқу іс-әрекет

Педагогтің аты-жөні


Тәрбиеші:Мусагалиева Гулшат Утемисовна

Мұғалім-дефектолог:Айтмухамбетова Сайран Абаевна

Күні

26.04.2021ж

Топ:МАДС 2 топ

Қатысушылар саны: 14

Қатысқандар саны:14

Тақырыбы

Геометриялық пішіндегі заттар

Білім беру салалары

Таным, қоршаған орта, тіл дамыту.

Бөлімі:

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.


Мақсаты:

Пішіндердің атауларын, дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш, денелердің атаулары, текше, шар, цилиндр бекіту.

Міндеттері:

Пішін мен денелердің ерекше қасиеттері туралы ұғым қалыптастыру. Көлемді пішіндер мен денелерді ажыратуға, осы пішіндерді қоршаған ортадан табуға үйрету. Зейінді, жады мен ауызша сөйлеу дағдысын дамыту. Басталған істі соңына дейін жеткізуге баулу.

Әдіс-тәсілдері:

Шаттық шеңбері, сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру.


Қажетті материалдар:

2жұмыс дәптері, кесетін пішіндер жинағы, геометриялық денелердің макеттері, демонстрациялық материал

Сөздік жұмыс

Дөңгелек, шаршы, цилиндр, үшбұрыш, тікбұрыш



Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.




Ұйымдастырушылық



оқытушылық



қызықтырушылық





























Негізгі кезең


Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, бір-бірімен амандасуды ұйымдастырады.

1,2,3

Бойға жинап күш

Жалқаулықты тастаймыз

Сабақты біз бастаймыз

Шақырамын сендерді

Достарым кел, бері

Толтырайық шаттыққа

Дөңгеленіп шеңберді.

Ал қанекей балалар

Дөңгеленіп тұрайық-


-Қане балалар өзімізге ұнаған пішіндерді алайық сол топқа барып отырайық.


Мұғалім-дефектолог:

-Балалар,қазір пішіндер әлеміне саяхатқа шығамыз.

-Тақтаға назар аударайықшы.

-Ой,балалар!Мұнда қараңдаршы!Дөңгелек, үшбұрыш, шаршы, тікбұрыш пішіндердің жартысы жоқ екен. Осы пішіндердің жартысын табу үшін сіздерге сұрақ қоямын?

-Сұраққа жауап берсеңдер,пішіндердің жартысын табамыз.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде ауа-райы қаңдай болады?

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

-Көктем мезгілінде қаңдай өзгерістер болады?


-Жарайсындар, балалар сұрақтардың бәріне жауап бердіңдер.Пішіндердің жартысы табылды.

-Қандай пішіндер құрастырылғанын атайықшы.






Дәптермен жұмыс №1

Геометриялық пішіндермен топтық жұмыс.

-Балалар, қолдарыңа текше мен шаршыларды алыңдар. Саусағынмен жүргізіңдер. Қаңдай айырмашылық барын байықайық.

-шеңбермен допты салыстырайық.

-Осы фигураларды салыстырыңдар.

-Цилиндрмен дөңгелекті салыстырыңдар.

-Цилиндр мен дөңгелектің қандай ортақ қасиеттері бар екенін кім түсіндіре алады?

Одан кейін практикалық жұмыс ұсыныңыз: цилиндрдің негізінде саусақпен, қарындашпен қағазда жүргізіңіз.

  • Қандай пішін пайда болды?

Мұғалім-дефектолог:


-Мақсат қою (проблемалық жағдаят). Жұптық жұмыс. Үстелдерде пішіндердің

-дөңгелек, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш жинақтары салынған конверттер жатыр. Тапсырманы түсіндіреді.

-Кез келген бала хатқалтадан пішінді шығарып, оны атайды, ал екінші бала қоршаған ортадағы осындай пішіндегі затты атайды.

Дәптердегі 2-тапсырма

-Тапсырманы дәптерде өздігінен орындауды ұсынады.

Педагогтің нұсқауларын тыңдап, практикалық жұмысты орындайды. Балалар практикалық жұмысты орындап, заттарды тексеріп, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын табады, сұрақтарға жауап береді. Тапсырманы сызып қосады.


Сергіту сәті.

Мен шаршымын бейнеролик қосылалды сол кезде балаларға

Мұғалім-дефектолог: (Жалпы және ұсақ қол моторикасына арналған жаттығулар жасатады)


Топтық жұмыс жапсыру.

Берілген геометриялық пішіндерге ұқсайтын заттардың бөліктерін тауып жапсыру.


Әрі қарай дәптердегі тапсырманы жалғастырайық.

3-тапсырманы өздігінен дәптерде орындауды ұсынады. (заттарды көрсетілген түстерге сәйкес боя)




Сергіту сәті

Берілген нұсқауды қайталау.


Рефлексия.

Оқу қызметі қорытындылайды, балаларды мадақтайды.

Педагог балалардан оңай орындаған және орындауға қиналған немесе қателескен жұмыс түрлері туралы сұрайды.

Балалар орындаған жұмыс түрлерін естеріне түсіреді. Нені оңай және сәтті орындағанын, қандай қателіктер жіберіп, неден қиналғанын талдайды







-Балалар қайталап жасайды.


-Барлық балалар шеңберге тұрып айтады.



-Балалар өздері таңдаған пішіндері бойынша топқа бөлінеді.







-Ия

-Көктем

-Жылы, жаңбыр жауады, күн күркірейді.

-Үш ай бар. Наурыз, сәуір, мамыр

-Күн жылынады. Жапырақтар көктейді.





-Балалар,дауыстап атайды.Дөңгелек,үшбұрыш,тіктөртбұр

ыш,шаршы.








Салыстырып айтады.

  • Шеңберге ұқсайтынын айтады.




-шеңбер, тікбұрыш.











-күнге, допқа, глобус, стакан, ойыншықтарға.



  • Балалар тапсырманы орындап. Заттарды сызып қосады.
















-балаларға өздігінен жұмыстанады.








-әр топ өз бетінше тапсырмаларды орындайды.


-балалар тапсырмаларын орындайды.




-қайталап жасайды.



-бір-бірін шапалақ арқылы бағалайды.







Күтілетін нәтижелер:

Біледі: Пішіндердің атауларын, дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш, денелердің атауын атауды: текше, шар, цилиндр.

Игереді: Пішіндер мен денелердің арасындағы айырмашылықтарды.

Меңгереді: Геометриялық пішіндер мен денелерді танып, қоршаған ортадан осындай пішіндегі заттарды табуды.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!