Материалдар / Кіріктірілген сабақ. Еліміздің Мемлекеттік Рәміздері.3сынып.Әдебиеттік оқу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кіріктірілген сабақ. Еліміздің Мемлекеттік Рәміздері.3сынып.Әдебиеттік оқу

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш және бейнелеу өнері мұғалімімен кіріктірілген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қырқүйек 2018
1051
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«С.Бекбосынов атындағы орта мектебі»КММ

Сабақтың тақырыбы:



Еліміздің мемлекеттік рәміздері.

Пәні:



Әдебиеттік оқу.

Бейнелеу өнері.

Сыныбы:3

Оқытушы: Әмірханова Атлас

Медеуқызы.















Мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін тереңдету. Туды, Елтаңбаны, Гимнды қастерлеуге міндеттеу.

Міндеттері:

1. Білімділік: Тудағы, Елтаңбадағы белгілердің әрқайсының мазмұн-мағынасы бар екенін әңгімелеу.

2.Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: Ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалана отырып,оқушылардың іскерлігін, ойын, қиялын, бейнелеу өнеріне деген ынта –жігерін арттыру.

Түрі: Әдебиеттік оқу пәнімен кіріктірілген сабақ.

Көрнекілігі: Интерактивті тақтадағы слайдтар, топтық тапсырмалар, бейнетаспалар, ғаламтор материалдары www.akorda.kz, кестелер.

Сабақтың әдісі: Кубизм, слайдпен жұмыс, тірек-сызба, ой толғаныс.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңберін құру. Ізгі тілектерін білдіру.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Ою-өрнектің құрастырылуы және түрлері. Балалар, жалпы өрнек атауларын мағынасына қарай қандай топтарға жіктеуге болады?

Балалардың жауаптары:

  • Ай, күн, жұлдыздарға, көк әлеміне байланысты;

  • Малдың, аңның, мүйізіне, ізіне байланысты;

  • Құрт-құмырсқаға байланысты;

  • Құстарға байланысты,

  • Жер-су, өсімдік, ағаш бейнелеріне байланысты;

  • Қару-құралдарға байланысты;

  • Геометриялық денелерге байланысты.

Әр топтың құрастырған ою-өрнегімен, түрлерін салыстыру.

III. Жаңа тақырып бойынша жұмыс істеу.

Жаңа сабақтың тақырыбы: Еліміздің мемлекеттік рәміздері.

Сабақты сұрақ қою арқылы түсіндіру. /Бейнетаспа. Кіріспе/

Кубизм әдісі. /Слайд №7/

1. Еліміздің рәміздеріне не жатады?

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туының белгілерін атап бер?

3. Тудың түсі көгілдір болу себебін айт.

4. Елтаңба калай жасалған? Ол туралы не білеміз?

5. Әнұранның маңызын, мәнің әнгімелеп бер.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ортасында күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнеленген, тудың сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған.Тік жолақ көктеп өтеді. Күн, шұғыла, қыран құс және өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзыныдығының қатынасы 1:2. Енді балалар сендерге осы рәміздеріміздегі белгілердің әрқайсысының қандай мазмұн мағынасы бар екенін ана тілі пәнімен кіріктіре отырып АмирхановаАтлас Медеуқызы түсіндіріп береді.

Ана тілі пән мұғалімі: Әмірханова Атлас Медеуқызы.

Балалар, біз еліміздің рәміздеріне Ту, Елтаңба, Әнұран жататынын жақсы білеміз. Олай болса, сабағымызды әнұранмен бастайық. (Бәрі орнынан түрегеліп, әнұранды орындайды). / Әуен. Әнұран/

Еліміздің рәміздері елдігімізді жырлайды. Бәрің тақтадағы слайдқа назар аударыңдар. Суретте не бейнеленген? Суреттен не көріп турсындар, топтастырайық. /Слайд №8.9/

Ал, мына сурет туралы қандай ой түйуге болады? Топтастырайық.

Қазақстан даласы көктемде жасыл болса, жаз бен күзде сарғайып сары түске енеді. Туымыздың түсінін көгілдір болуы – көгілдір түс- судың түсі. Су жоқ жерде өмір жоқ.

- Сондай-ақ бұл – көгілдір аспанның түсі. – Аспан дегеніміз кәдімгі киіз үйдің шаңырағы сияқты. Осы шаңырақтың астында әлденеше миллион адам тату-тәтті тұрып жатыр. Көк аспан – бұл тіршілік иесіне ортақ шаңырақ. Енді туымыздағы күнге қараңдаршы күн оған бекер бейнеленбеген. Күн – тіршіліктің қуат көзі. Ол жердегі барлық нәрсеге өмір сыйлап тұр.

- Күннің шапағы дәнге ұқсайды. Дән – байлық. Нан болса, ән де болады. Ал тудың сабына тақау жиегіндегі оюға қарандаршы: кәдімгі ұлттық ою - «қошқар мүйіз». Көрдіңдер ме? Бұған қарап, бұл Қазақстан туы екенін бірден тани қоясың.

Суретте тағы не бейнеленген?

Қыран құс.

- Тудағы құстың суреті нені білдіреді?

- Біріншіден, ол – дала қыраны, дүниедегі ең ірі құстардың бірі. Екіншіден, бүркіт – өте күшті, жүректі және төзімді құс. Үшіншіден, ол балапандарын әрдайым қорғап жүреді. Төртіншіден, ол басқа құстардың бәрінен биік ұшады. Көзі қиядағыны шалатын қыран құс. Сендер еліміздің болашақ жеткіншектері осы қыран құстай жүректі, күшті, еркін болып өссін деген тілектен туған.

Елтаңба. Енді мына суретке назар аударындар. Суретте не бейнеленген? /Слайд №10,11/

- Қазақстанның Елтаңбасында жылқы бейнеленген. Себебі жылқының адам баласына сіңіретін еңбегі өте зор. Қазақ халқының жақын көмекшісі әрі досы жылқы болып есептеледі. «Жүйрік ат – ер қанаты» - деп, халқымыз жылқы малын айрықша құрметтейді. Елтаңбаға қанатты тұлпарды бейнелеу – сол құрметтің белгісі.

Қазақтар - «Үйіңнің шаңырағы биік, керегесі кең, іргесі берік болсын»!- деп тілек тілеп, солай бата береді. Осы тыныштықты ансаған тілек Елтаңбаға негіз етіп алынған.

Әр адамның өз бағытын танытатын жұлдызы болады. Сондай бағыттаушы жұлдыз мемлекетте де болу керек. Елтаңбаның жобасын жасаған авторлар Ж. Мәлібеков пен Ш.Уәлиханов ағаларың солай деп ұйғарыпты.

Гимн. /Слайд №12/

- Еліміздің әрбір азаматы Ту мен Елтаңбадан басқа Гимнды да міндетті түрде білуге тиіс.

Мемлекеттік Гимн бостандықты, бейбіт өмірді, татулық пен достықты, бірлікті дәріптейді.

Былайша айтқанда Тәуелсіздік деген қасиетті ұғым – мәдени нышандар тілімен де сөйлей алады. Еліміздің рәміздері, біздің табиғи болмысымыз бен тіршілігімізбен тығыз байланыстан туған. Елбасымыз рәміздер туралы былай дейді. /Бейнетаспа. Н.Ә Назарбаев сөзі/

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен оның бейнесі Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақтаулы тұрған ту үлгісімен жасалынған.

Осы Туымыз, Елтаңбамыз, Гимнымыз туралы бейне таспа арқылы тереңірек танысайық. /Бейнетаспа. Ту, Елтаңба, Елтаңба авторы, Әнұран/

Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі: Оралғазыұлы Сырым.

- Енді балалар, біз осы рәміздеріміздің әр белгісі есімізде қалу үшін мынандай тапсырмалар орындайық. Ол үшін үш топқа бөлінейік.

IV. Шығармашылық тапсырма.

1-топ. Интерактивті тақта арқылы Тудың белгілерін орнына қойып көрсет. /Слайд №,14/

2-топ. «Қошқармүйіз» ою-өрнегінін қандай тарихи-дәстүрі бар екенін әңгімелеу. Қағаздан «Қошқармүйіз» оюын қиып көрсету. /Слайд №15/

3-топ. «Егеменді еліміз» тақырыбына сурет салу. /Слайд №16//Слайд №17/

V. Қорытынды. Ой толғаныс. Интерактивті тақта арқылы жұмыс. /Слайд №18/







Тапсырма: Тудағы, елтаңбадағы берілген бейнелерді төмендегі кестеге қысқаша сипаттап жаз. /Слайд №18 /

Кесте №1

Тудың белгілері

Елтаңбаның белгілері

Гимн

Ою-

өрнек

Қыран

құс

Күн

Қанатты

ат

Шаңырақ

Күн

жұлдыз

Басқа да белгілері

Сөзін

жазған

Әнін

жазған










Балалардың білімдерін бағалау.

VI. Үй тапсырмасы. «Менің Қазақстаным» тақырыбына сурет салу.






.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!