400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кіріспе «Зайырлылық және дінтану негіздері » мәні

Материал туралы қысқаша түсінік
 Зайырлылық және дінтану пәні туралы мәліметтерді оқушыларға түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

№1 /1 9сынып Зайырлылық және дінтану негіздері

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе

«Зайырлылық және дінтану негіздері » мәні

Сабақтың мақсаты:

  • Зайырлылық және дінтану пәні туралы мәліметтерді оқушыларға түсіндіру;

Міндеті:

  • Дінтану пәні туралы толық мәлімет беру;

  • Оқушыны ізденушілікке,шығармашылыққа баули отырып, ойлауын, есте сақтау, танымдық қасиетін арттыру;

  • Еңбексүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу;


Сабақтың түрі:аралас

Әдісі: СТО

Көрнекілігі: АКТ

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою


ІІІ. Қызығушылығын ояту:

1 тапсырма- сұрақ-жауап «Дін дегеніміз не?»; «Зайырлылықпен діннің ұқсастығы»

2 тапсырма- «Зайырлы мемлекеттің діні» эссе жазу

ІҮ. Мағынасын ашу

Зайырлылық – әр адамның дүниетанымдық еркіндігін құптай отырып, қоғамның рухани саласындағы ой-сананың көптүрлілігін мойындау. Ал зайырлы мемлекет осы көптүрліліктер арасындағы қарым-қатынастың құқықтық негіздерін қамтамасыз етеді.

Зайырлылық қазіргі әлемдегі көптеген елдердің құқықтық мемлекет ретінде қалыптасып, әрекет етуінің басты қағидаттарының бірі болып саналады.

Саяси-құқықтық тұрғыдан зайырлылық мемлекеттік басқару мен әлеуметтік қатынастарды реттеудің діни құқық нормаларынан ажыратылғанын білдіреді. Мемлекеттің зайырлы сипаты оның діннен ажыратылғанымен ғана емес, сонымен қатар атеистік дүниетанымның және басқа да бір дүниетанымның басымдылығын мойындамайтынымен де сипатталады.

Зайырлы мемлекет азаматтық қоғамның құрамдас элементі ретіндегі діни бірлестіктердің қызметін де реттеп отырады. Мемлекеттің зайырлы сипаты азаматтық қоғам субъектілерінің заңдар мен құқықтық нормаларды қатаң сақтауын және өз қызметтерін осы құқықтық, заңнамалық шеңберде жүзеге асыруын талап етеді. Мемлекет пен қоғам үшін діни алауыздық пен тағатсыздықтың өршуі қаншалықты қауіпті болса, заңдардың, адам құқықтары мен бостандықтарының аяққа басылуы да соншалықты қауіп туғызады. Бірінші жағдай діни фанатизмді туындатса, екінші жағдайда құқықтық нигилизм өріс алады. Зайырлылық сұхбатқа, өзара ынтымақтастық пен түсіністікке негізделе отырып, ал зайырлы мемлекеттілік заңдылық пен құқыққа негізделе отырып, аталған қауіптерден арылуға мүмкіндіктер ашады. Осы негізде зайырлылық – мемлекеттілік пен ұлттық қауіпсіздіктің берік тұғыры болып табылады.

Ү. Ой толғау:

Жұппен жұмыс: 1. Заманауи мағынадағы зайырлылық қағидасы Еуропада пайда болған. Тарихнама тұрғысынан алғанда зайырлылықтың отаны Франция болып саналады. Дегенмен діннің мемлекеттен бөлінуі Ежелгі Антикада байқалған.

(пікірлерін ортаға салу :)

Рефлексия

Қорытынды.

ҮІ. Үйге тапсырма:

1-параграфты оқу,







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
20 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
2024
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі