Материалдар / Кіші жастағы мектеп оқушыларының қабілетін дамыту үшін белсенді оқыту стратегияларын қолдану.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Кіші жастағы мектеп оқушыларының қабілетін дамыту үшін белсенді оқыту стратегияларын қолдану.

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қалам - өз ойыңды жеткізудің құралы»- деп Мигуэль Сервантес айқандай мен осы тақырып бойынша өз ойымды айтайын. Осы тақырыптағы басты мәселе – білім беру мазмұнындағы жаңартулар еңгізу және білім берудің сапалық деңгейін көтеру болып отыр. Бұл тақырып білім беру жүйесіндегі жаңалықтарды көрсетеді.Егер де осы жаңашылдыққа бет бұрсақ, біз өз өміріміздің алдағы уақытта жарқын болатынын көреміз деп сенімді айта аламын. Халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Міржақып Дулатұлы «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт-оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. Надан жұрттың күні-қараң, келешегі-тұман»-деп ғылым, білім, оқудың маңызын халыққа көрсеткен.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
1296
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектебінің 2-ші санатты бастауыш сынып мұғалімі Жумагулова Галия Багитовна

Кіші жастағы мектеп оқушыларының қабілетін дамыту үшін белсенді оқыту стратегияларын қолдану. «Қалам - өз ойыңды жеткізудің құралы»- деп Мигуэль Сервантес айқандай мен осы тақырып бойынша өз ойымды айтайын. Осы тақырыптағы басты мәселе – білім беру мазмұнындағы жаңартулар еңгізу және білім берудің сапалық деңгейін көтеру болып отыр.  Бұл тақырып білім беру жүйесіндегі жаңалықтарды көрсетеді.Егер де осы жаңашылдыққа бет бұрсақ, біз өз өміріміздің алдағы уақытта жарқын болатынын көреміз деп сенімді айта аламын. Халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Міржақып Дулатұлы «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт-оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. Надан жұрттың күні-қараң, келешегі-тұман»-деп ғылым, білім, оқудың маңызын халыққа көрсеткен.  Ендеше, егемен елдің ертеңіне үлес қосатын тәуелсіз мемлекеттің саналы ұрпағы саналатын шәкірттеріміздің ізгі сарайын біліммен сәулелендіріп, білімнің биігінен көру-ұстаз үшін үлкен бақыт. Себебі, бала бойында білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға - ұстаз. Адам жанын нұрландырар ұғымының ұлысы – ұстаз. Елбасымыз Н. Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңнен толғай, «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар-біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» дегені баршамызға мәлім. Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз – баға жетпес биік тұлға. Қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бір сарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз.  Бүгінгі таңда білім беру үдерісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жоғары мектептерде болып жатқан тың жаңартулар, ауқымды өзгерістер мен ғылыми зерттеулер білім беру қызметіне жаңаша серпінмен қарауды, әрі қол жеткен табыстарды бағалай отырып, болашақ мамандардың шығармашылық қабілетін дамытуды, оқытушы іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды көздейді.  Қазіргі ғаламдану заманында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, индустрияның қарыштап өсуі, әлемдік деңгейге көтерілуге бет бұруы кезеңіндегі ұлттық мәдени- тарихи, рухани құндылықтарымызды бойына сіңірген азаматтарға қоғам сұранысының өсуі білім жетістіктерін өркениетті білім деңгейіне көтеру қажеттігін алға тартады. Қазақстан Республикасының Қазақстан халқының ілгері дамуын, қамтамасыз ететін сала-білім саласы болып отыр. Сол оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырушылықпен жүргізуде-мұғалім басты тұлға болып көрсетіледі. Егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке апарар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Осындай талапқа сай қызмет істеу үшін алдымен мұғалім өзінің теориялық және әдістемелік білімін ұдайы толықтырып, үздіксіз ізденуі, өз мамандығын барыншы жетілдіру және қызмет саласындағы жаңалықтар мен озық тәжірибесін үнемі пайдалануы тиіс. Үздіксіз іздену-бүгінде мұғалімдерге қойылып отырған басты талаптардың бірі. Мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі-ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік игеру. Білім берудің ұлттық модуліне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, практикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог, іскер мұғалім қажет. Бұрынғы оқушы тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса, мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру керек. Ол үшін мұғалімнің сабақты жан - жақты дайындауы қажет, сабақ үстінде қандай болмасын оқушы тарапынан әртүрлі сұрақтар туындау мүмкін сол жерде мұғалім қажетті бағдар беріп жіберуіне тура келеді. Сонымен, қазіргі заман талабына сай мұғалім «білім бұлағы» емес, «білім бұлағына» жеткізуші, яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс. Осы кезде мұғалімнің талапқа сай оқушының білім алу белсенділігін жоғарылату мақсатында жаңа технологиялар меңгеруі қажеттілігі туындап отыр. Жоғары технологиялар заманында адамға жан - жақтан түрлі ақпарат келіп түседі, сондықтан казіргі заман адамы ақпараттармен жұмыс жасай біліп, қажетін алып қолдана алу бейімділігін қажет етеді.  Бастауыш білім беру саласындағы реформа төңкеріс сипатында емес, керісінше, заңнамалық тұрғыда дұрыс құрылған және эволюциялық үрдіс. Жалпы алғанда, кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқытудың мазмұнын жаңарту біздің елді жыл сайын Дүниежүзілік экономикалық форуммен өткізілетін дүниежүзі елдерінің бәсекеге қабілеттіліктерін анықтаудың жаһандық рейтингінде «бастауыш білім сапасы» көрсеткішін табысты көрсетуге мүмкіндік беретін болады. Жаңа концептуалды құжатты әзірлеушілер тарапынан ұсынылып отырған «оқушы тұлғасын дамыту сапасын арттыруға бағытталған білім» қағидасын жүзеге асыру дәстүрлі мектептің басты қадамына айналмақ, соның негізінде оқушылар білім алуға бағдарланады, білім беру жүйесінің түлектері өмірде өз орындарын тауып, өз елінің ілгерілеуіне теңдесі жоқ үлес қосатын болады. Сабағымды бастамас бұрын, оқушыларымның психологиялық жағынан көңіл күйлерін қалыптастыру және олардың арасында достық қарым- қатынас орнату мақсатында түрлі көңіл көтеретін тренингтер қолдандым. Тренинг барысында көңілді әуені ойналып тұрды. «Құрдастар тобындағы өзара қарым- қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті.Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім- оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс -қимылға қарағанда мейлінше «симметриялы» болып табылатын өзара іс- қимылға таратылады, осылайша, негізділген дәлелдерді әзірлеуде және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болды» деген Мерсердің ойын негізге ала отырып, оқушылардың ұйымшылдық қарым -қатынастарын жақсарту мақсатында топтарға бөлдім.Оқушыларды топқа әр түсті фишкалар арқылы бөлдім. Фишка түстес көрсеткіші бар партаға барып отырады. Мұнда басты назар аударатын нәрсе – оқушылардың ауызша, жазбаша тілдерінің өзара ұштастырыла отырып және соған сәйкес жұмыстың ауызша, жазбаша түрде көрініс табуларын талап ету. Соның негізінде ғана біздіңше, тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз. Оқушыларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда оқу –тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Қазіргі таңда оқытудың елуден астам технологиясы бар екенін ғалымдарымыз айтып, осылардың кейбіреуі біздің білім беру жүйемізге еніп, тәжірибемізден орын алуда. Қазіргі ұстаздар қауымының алдында тұрған үлкен мақсат-өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Қандай технологияны пайдаланған кезде де оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшағаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңіл-күйінің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі. Оқушылардың шығармашылығын, танымдық белсенділігін арттыруда шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашылық ой-өрісін арттыруда алатын маңызы ерекше. Мұғалім бұрын жаңалықтың жаршысы, білім нәрін өзі айтып қана жеткізуші, ал оқушы тыңдаушы, дайын білімді тыңдап қайталаушы болды. Қазір бәрі өзгерді. Оқушы – өздігінен ізденетін, шығармашылық әрекеттер жасайтын жеке тұлға.Мұғалім – нақты бағыт сілтеп, оқушы еңбегін ұйымдастырушы, бақылаушы. Қай технологияны қолдансақ та естен шығармайтын нәрсе – оқушының өзіне деген құштарлығын, қызығушылығын жоғалтып алмау. В.Сухомлинский «Бала бойындағы білімге деген құштарлық, талап, ынта отын сөндіріп алмаңдар... Партадағы жұмыссыздық – аса қатерлі қауіп» деген екен. Мен өзімнің сабақтарымда дамыта оқыту теориясын басшылыққа аламын. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей құрамдас бөліктерден тұратын болады:1. Оқу мақсаттарының нақты қойылуы.2. Оны шешудің жолын бірге қарастыру.3.Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу. Дәстүрлі оқыту жаттауға, мұғалімнің айтқанын бұлжытпай қайталап беруге дағдыландырса, дамыта оқыту шығармашылық ізденістерін, өз ойларын айта алу, дербес жұмыс істеу дағдыларын дамытады.1. Кез келген бала адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақтаған тәжірибесін меңгертуге бағытталған оқу әрекеті арқылы дамиды. Білім, білік, дағдыны қабылдайды.2. Кез келген оқушы шығармашылық әркеттер орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытады .Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы:ол баланың өзін-өзі қалыптасуына өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдер іздейді.Проблеманы өзінше жаңаша шешуге талпынады. Оқушылардың белсенділіктерін арттырып, қызығушылығын тудыру үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға боладыОлар мынадай:1.Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру2.Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу.3. Мәтін мазмұнын өңдеу4.Әңгіменің ұқсастығын салыстыру.5.Ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру.6. Өлең шумақтарын құрастыру.Сондықтан да ,бастауышта оқыту мазмұнын жаңарту жұмысын жаңа тұрғыда ұйымдастыру жолдары, шарттары мен қолданылатын жұмыс түрлерін төмендегідей етіп, жинақтап көрсетуге болады деп есептеймін:1. Берілетін білім мазмұны мен оқушының жас ерекшелігінің сәйкестігі.2. Берілетін білім мазмұнының қызықты болуы.3. Оқу әрекеті мотивінің ,міндет, мақсатының айқындығы.4. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен мәдени құзырлығының жоғары болуы5. Оқушылардың мінез-құлық қабілетінің ескерілуі.6. Оқушылардың шығармашылық және өз бетінше жұмысының тиімді ұйымдастырылуы.7. Оқытудың көрнекілікке,бақылау әрекетіне негізделе жүргізілуі.8. Дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі.9. Проблемдік ситуация тудыра оқыту тиімділігі.10. Ерік-жігері, жауапкершілік борыштық сезімін тәрбиелеу.11.Сабақ құрылымының әр түрлілік сипатта болуы.
Қонақ күту салтымызОқып- білім жатырмызКелген қонақ сіздергеСәлем бердік жалпымыз.Ойын: «Соқыр теке» -Ал бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы Ойын ережесі деген не? Ц дыбысы мен әрпі.Ондағы біздің 1-ше оқу мақсатымыз. 1.Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

2.Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз ) ажырату және дұрыс дыбыстау. 3.Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.



Мәтінмен жұмыс.Цирк Цирк алаңқайында Сайқымазақ балалармен ойын ойнады. Ол балаларға ойын ережесін түсіндірді. Мағжан іздеуші болды. Ол жасырынған балаларды көп іздеді. Бірақ ешкімді де ұстай алмады. Ыза болған ол көзіне байлаған орамалды жұлып алды. Ойын ережесін бұзғандықтан, Мағжан қайтадан іздеуші болды.1-топ. Мәтінді оқу2 –топ. Мәтінің мазмұнын ашу3 –топ. Сұрақтарға жауап беру4 –топ. Топтастыру (кластер) осы мәтіндегі ойын ережесіне керекті сөздерді тауып жабыстыру.Әр топ бір-бірін бағалау.(шапалақ әдісі)(М)«Келісемін, келіспеймін» «+», « - »Сұрағы:
  • Мағжан жасырынған балаларды тез тауып, ұстап алды.
  • Цирк алаңқайында Сайқымазақ балалармен ойын ойнады.
  • Мағжан ойын ережесін бұзбай жақсы ойнады.
  • Мәтіннің аты Мағжан деп аталады.


  • Есіңе сақта!Ойынның аты болады. Ол ережеге құрылады. Ойын соңында жеңімпаз анықталады.

  • Ал балалар сонымен біздің 1- ше оқу мақсатымыз қандай болды?
  • 2.Оқу мақсатымыз.
  • Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз) ажырату және дұрыс дыбыстау.
  • Қандай мәтінмен таныстық?
  • Цирк .
  • Цирк – сөзін бірнешерет қайталату
  • Цирк -сөзін ен алғаш құрап тұрған қандай әріп, қандай дыбыс?
  • Ц – дыбысы ол орыс тілінен енгізілген
  • Ол тек сөздің басында, ортасында жазылады және орыс тіліндегі сөздерде ғана кездеседі.
  • Қане барлығымыз айтып көрейікше ц-ц-ц-ц
  • Дыбыстын қай түріне жатқызамыз?(дауыссыз) неліктен? Өйткені дауыссыз дыбыстар кедергіге ұшырап шығады. Ал дауысты дыбыстар кедергіге ұшырамай еркін шығады.

  • Ал балалар сонымен 2 –ше оқу мақсатымыз біздің қандай болды?


  • Қане балалар осы жерде тағы бір ережені еске түсірейікше
  • ЕрежеӘріпті көреміз, жазамыз Дыбысты айтамыз, естейміз.



    Ал енді балалар осындағы біздің3. Оқу мақсатымыз
  • Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.


  • Әріпті дыбыспен сәйкестендір!


  • цеЦ сы шыЦе – бірнешерет қайталату.Дәптермен жұмыс.дыбысының жазылуы
    Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?Несімен ұнады?Не үйрендік?Қандай тапсырмалар орындадық?«Еркін микрофон»



    РефлексияТүсіндім Түсінбедім
    Оқу процесінде оқушының белсенділігі екі түрлі сипатта болады.1.Сыртқы белсенділік,. 2.Ішкі белсенділікСыртқы көріністері. Олар мыналар белсенді қимыл қозғалыстары, практикалық әрекеттері мұғалімге зейін қойып қарауы, мимикасы. Оқушының ішкі белсенділігіне- оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Белсенділік жеке тен,маңызды бір қасиет болып саналады. Оқушы белсенділігі бір қалыпты болмайды. Оқушының жас ерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды. Белсенді оқу құрылымы оқудың уәжінен, мақсаты мен шартынан және нәтижесiнен құрылады. Белсенді оқыту мен оқу үрдісінің қажеттiлiгiнен және оқушының білімге қызығуынан туындайды. Ал белсенді оқуға ұмтылу үшін ықылас, уәж қажет. Уәж белсенді оқу үрдісін дұрыс меңгеруге бағыттайтын күш. Оқушы мақсаты – алда орындалатын іс-қимыл әрекеттің нақты көрінісін көрген соң нәтижеге жету. Мұғалімнің мақсаты – тақырып бойынша сұрақтар бере отырып оларды қызықтыратын ақпарат алуға жетелей білу арқылы нәтижеге жетуге ықпал жасау. Оқушылардың танымдық белседілігін дамытуға, оқыту барысында еркін шығармалар жазудың пайдасы зор. Осыған орай ”әдепғұрып”, “мақалмәтелдер”, “жұмбақтар”, ”ертегілер”, “рәміздер”, “ырымтайымдар”, “жөн- жоралғылар” сияқты тақырыптарға шығарма жаздыру керек. Бұл оқушылардың өз бетіндік жұмыстарының ең бір маңызды түрі. Тілдік дағдыларды қалыптастыруда, яғни айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылымға үйрету барысында алдымен көрсету және модельдеу өте тиімді. Сөздерді дұрыс айту, ақпаратты дұрыс қабылдау үшін қалай айту жөнінде мұғалім үлгісін көрсеткен жағдайда оқушы орындай алады. Сонымен қатар дүниетану, жаратылыстану сабақтарында оқушы қарапайым түсініктерді нақты ұғыну үшін өзінің тәжірибесі арқылы үйренуі өте маңызды. Яғни зерделеу жəне зерттеу арқылы мəселе көтеру, зерттеу бағытын болжамдаумен сұрау оқушыны ынталандырады. Бұл оқушылардың тәжірибе жасауы арқылы түсінігінің қалыптасуына жол ашады. Оқушының жаңа білім алумен қатар бұрынғы білімі тереңдейді. Белсенді оқу стратегияларын қолдануда оқушының түсiну, тереңдiк деңгейi оның алдына қойған мақсатына байланысты. Яғни, мәтiн негiзiнен не туралы екендiгiн, оның негiзгi мағынасын егжей-тегжейiне жете түсiну. Белсенді оқу әрекетiнiң  тиімділігі мақсаты мен уәжінде, яғни қиындық-кедергілерді жеңе отырып, белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзу. Ал белсенді оқу үрдісіндегі нәтиже дегенiмiз ақпаратты нақты әрi терең түсiну және мазмұнын айта бiлу. Белсенді оқудың тиімділігі оқушы өзінің ой-пікірін еш бүкпесіз айтуға, сонымен қатар басқа адамның  айтқан  пікіріне құрметпен қарауды үйренеді. Бірлесіп  оқу технологиясы оқушыларды тың идеяларды ұсынумен қатар олардың жаңа мүмкіндіктерді қолдануға бағыттап отырады. Белсенді оқудың тиімділігі білім алу үрдісінде оқушының жеке көзқарасы мен басқалардың пікірімен санаса білу мәдениеті қалыптасады. Оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу барысындағы негізгі мақсаты – қиын тапсырмаларды орындауда, топтық жұмыстарда, ортақ тіл табысу кезінде, өзін-өзі басқара білуде қажет болатын дағдыларды қалыптастыру. Тыңдалым – айтылым дағдысын қалыптастыруда белсенді оқудың тиімділігі адамның ойлау қабілетін дамытады. Өйткені, оқушы айтылғанды тыңдап, қабылдап және оны түсінуге үйренбейінше, басқа дағдыларды жеткілікті деңгейде меңгере алмайды. Әдіс-тәсілдердің бәрін жүзеге асыру мүмкін емес. Ол үшін шығармашылық тұрғыдағы ізденіс, шыдамдылық, жүйелі жұмыс жасалуы керек.Қазіргі қоғам алдындағы қойылып отырған міндеттердің ең өзектісі-бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін оқыту мазмұнын жаңарту болып отырғанының куәсі болып отырмыз.. Жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп құру - педагог- ғалымдар мен тәжірибелі мұғалімдердің бірлескен жұмысының нәтижесінде қол жеткізуге болатын ізденіс қорытындысы дегім келеді . Бастауыш сынып оқушыларына лайықты мазмұн мен оны оқытудың әдісін саралау, бала жанына жақын қарым-қатынас арқылы оларды дамыту мәселесін ғылыми жолға қою оңай мәселе емес екендігіне ,оқу-тәрбие үрдісінің небір қиын проблемаларына тап болып,оны шешу жолындағы басқару әрекеттерін дұрыс ұйымдастыра білгенде ғана жұмысымыз нәтижелі болмақ. Бағалау дегеніміз- оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл,оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор.Бағалау,көбінесе, баға қоюдың синтездік түрі/ 1-ден 5-ке дейінгі ранг/ арқылы жүзеге асады.Сондай ақ, мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады.Жоғары оқу орындарында бағалау рейтингтік әдіс арқылы жүргізіледі1960-жылдардан бастап формативтік /қалыптастырушы/ және суммативті /жиынтық/ бағалау терминдарінің арасындағы айырмашылық енгізіле бастады.Нақты айтар болсақ,жіктеу үшін өткізілетін оқуды бағалау және оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болатын оқыту үшін бағалау арасында пайдаланылады.Оқытуды, әдістерді жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған оқыту үшін бағалау /ОүБ/дербес тұжырымдама ретінде 1999-жылдан кейін қолданысқа енді.Бағалау оқытудың алға жылжуын белгілейді және өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық/оқуды бағалау/ болып саналадыОқушыны қандай мақсатта, не үшін, қалай бағалаймыз?Бағалау кезінде мынадай мақсаттар болуы мүмкін: оқытудың қиындықтарын анықтау,жетістікке жеткендегі кері байланыс,уәж,болжау,стандарттарды бақылау, бағдарламаның мазмұны мен стилін бақылау.Бұл келтірілген барлық бағалаудың түрлерінде бақылау, интерпретациялау, қорытындылауды қамтиды.»Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі білім беру, оқыту үдерісіндегі әдіс- тәсілдердің барлық түрлерімен байланыста болады.Мұны меңгеру үшін қалған модульдердің мазмұнын игеру қажет, болжау,сұрыптау,бақылау,жоспарлау әдістерін меңгеру қажет.Оқушылардың алға қарай даму мақсатында жұмыс нәтижелерін, өз -өздерін бағалай білуі керек.Оқуды бағалаудың мақсаты оқушылардың оқып білгенін жинақтау.Бірақ, маңызды мәні бар тест жүйесі арқылы оқушылардың білімін бағалау оқыту үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкінМұғалімнің оқушыларды бағалауы ол оның білімін топтау,белгілі бір шаблонмен салыстыру.Мұғалім іс- әрекеттеріне қарай, шеберлігіне қарай оқушыларды бағалауда бірнеше әдістерді қолдана алады:жеке, жұптық,топтық,жиынтық,қателер талдауын, салыстырмалы түрде, өздерін- өздері,кері байланыс.Оқушының мұғалімге деген сенімі артады,көзқарасы өзгереді.оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бағдарламаның басқа модульдерімен тығыз байланысқан.Бұл модульді пайдаланғанда барлық жаңа тәсілдердің мазмұнын дұрыс игеру керек, орынды пайдалану керек.Осы негізде өз тәжірибемнен осы бағалау түрлерінен көрініс. Қорыта келгенде жаңа білім беретін мектеп ұстаздарының алдындағы ең биік меже - әр пәннің өз мазмұнынан туындайтын сан алуан әмбебап тәсілдерді рет-ретімен жүйелеп шәкіртінің санасына ұмытылмастай етіп сіңдіру. Сонымен қатар жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану мұғалімге оқу процесінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны есепке ала отырып дамытуға толық жағдай жасауға мүмкіндік береді. Елімізде түбегейлі өзгерістер орын алып отырғанда келешек ұрпағымызды білімді етіп тәрбиелеу – қасиетті парызым деп білемін. Осындай істі абырой мен атқаруға үлесімді қосу мақсатында мамандығым ретінде бастауыш мамандығын таңдадым. Сондықтан да ана тіліміз бен туған әдебиетіміздің мерейі үшін қызмет етіп, жаңа технологияларға сай әдістерді қолданып, оқушыларды білім нәрімен сусындатып,тілімізді өзіне лайықты шыңына жеткізуге үлесімді қоссам деймін. Бұл туған Отан, халық алдындағы, мемлекет алдындағы азаматтық, әрі перзенттік парызым деп білемін. Ел боламын десен, бесігіңді түзе,-дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек қой.  Сол жан-жақты білімді, ұлтшыл, шығармашыл жастарды тәрбиелеу мұғалімдердің яғни біздің қолымызда. Сол себепті білім саласына еңгізіліп отырған жаңалықтардан қалт қалмай, ілгері жылжуымыз қажет, ол тың еңбекті, терең білімді қажет етеді. Сондықтан мен бұл заманауи талапқа сай жүйелі жұмысқа өзімнің де күш-жігерімді аямай салуға міндеттімін және атсалысуға дайынмын деп айта аламын. Оқушыларым қазіргі таңда топпен, жұппен жұмыс атқара біледі. Өз ойларын ашық ,нақты және сыни тұрғыдан ойлай біледі. Оқушыларымның сабаққа деген қызығушылықтары артып, сыныптың білім сапасы көтерілді.Егер де жаңа технология элементтерің сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді деп ойлаймын. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына сөзімен аяқтағым келеді: «Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағд
    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!