Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Кіші калибрлі винтовкадан атыс жүргізу ережелері мен тәсілдері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
"АКАДЕМИК С.А. ДЖИЕНКУЛОВ АТЫНДАҒЫ БАЙҚОҢЫР КОЛЛЕДЖІ"
БІЛІМ МЕКЕМЕСІ
«КЕЛІСІЛДІ» Директордың оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасары ___________ Р.А. Турмаханова «_____»_____________2018ж. . |
«БЕКІТЕМІН» Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары ___________ Ш.А. Дауленбаева «___» ________2018 жыл
|
АШЫҚ САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: «Кіші калибрлі винтовкадан атыс жүргізу ережелері мен тәсілдері»
Өткізілетін күні: 12.04.2018 ж
Өткізілетен орны: атыс алаңы
Оқу тобы: Т-171
Курсы: 1
Пән мұғалімі: Құрманбеков С.С.
"Жалпы пәндер" бірлестігінің жетекшісі Темирханова С.Т.
Байқоңыр қаласы 2018 жыл
Сабақ өткізілетін күні: 12.04.2017
Сабақ өткізілетін орны: атыс алаңы
Сабақ тақырыбы: Кіші калибрлі винтовкадан атыс жүргізу ережелері мен тәсілдері.
Білімділік мақсаты: Студенттерге кіші калибрлі винтовкадан атыс жүргізу және атыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шараларын үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Студенттердің винтовкадан атыс жүргізу және көздеу ойлау қабілетін дамыта отырып, көргендерін еске сақтап, оны қайта жаңғыртуға үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: Отанды қорғауда әскери қызметшілердің жеке басының өз еліне, халқына қызмет етуіне моральдық жауынгерлік қасиеттерді студенттер бойына қалыптастыруға тәрбиелеу
Сабақ түрі: Үйретушілік
Сабақтың әдісі: Топтық, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: Пневматикалық винтовка, басқару жалаушалар.
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі (5мин)
1. Взводты саптық тұрысқа тұрғызу.
2. Бөлімше командирінің баяндауы.
3. Бөлімшемен сәлемдесу.
4. Бөлімшенің сырт бейнесін тексеру.
5. Бөлімшенің сап даярлығын қадағалау.
II Өткен сабақты сұрау
Қол гранаталары
Жарықшақтарының ұшуына байланысты гранаттар шабуылдық және қорғаныстық болып бөлінеді. Гранат итальян тілінен аударғанда «түйіршікті» деген мағына береді. Қарсыластың адам күші мен техникасын 1000 м дейінгі қашықтықта жоюға арналған оқ-дәрі. Қолдануына қарай қол гранаттары және гранататқыштармен атылатын гранаттар (гранататқыштармен ату, винтовкалық гранаттар) болып бөлінеді. Қолдану мақсатына қарай жаяу әскерге, танкіге қарсы қолданатын, өртегіш және арнайы (түтінді жарықтандырғыш сигналды және т.б.) түрлері бар. Гранататқыштық атыстар біріктірілген немесе бөлек оқталатын, калибрлік неме одан тыс,ұшуда айналуымен не қанатымен тұтандырылатын болып бөлінеді.
Гранаттармен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік ережелері:
1. Үйренуші болат дулыға кию керек;
2. Гранаттармен тұтандырғыштарды оқтау алдында тексеру керек, ақаулықтар байқалса командирге хабарлау керек;
3. Бірнеше гранаттар лақтыру кезінде алдыңғы гранат жарылған соң кемінде 5 секунд өткеннен кейін лақтыру керек;
4. Қол гранаттар лақтыру аумағын кемінде 300 м жерді қоршау керек;
5. Гранатты лақтыруға арналған бастапқы орында ақ жалау, атыс шебінде қызыл жалау болуы тиіс.
6. Қорғаныстағы және танкіге қарсы гранаттарды лақтыру офицердің жетекшілігімен бой тасалардан, оқпаналардан жүргізіледі.
7. Егер лақтырылмаған гранат болса онда оны командирдың тікелей бақылауымен және тек пәрмен бойынша оқсыздандыруға болады.
8. Жарылмаған гранаттар есебін жүргізіп, олардың орнын қызыл жалаумен белгілеу керек.
9. Гранатты лақтырумен айналыспаған жеке құрамды атыс шебінен қауіпсіз жерге немесе бой тасаларға апару керек (300 м).
10. Гранаттар мен тұтандырғыштар беру пунктін бастапқы орнынан кемінде 25 м қашықтыққа жабдықтау керек.
Гранатты лақтыру алдында оны сөмкеден алып, түтіктен тығынын бұрап шығарып, оның орнына тұтандырғышты соңына дейін бұрап салу керек.
Гранатты лақтыру үшін оның ағытқыш иінтірегін саусақтармен гранат корпусына қыса ұстап тұрып қолға ілу керек.
Иінтіректі жібермей сақтандырғыш мұрындықты жұлып алып, гранатты нысанаға лақтырамыз. Мұрындықты жұлып алғаннан соң, тұтандырғыш бөлшек орны өзгермейді, соққыш қайырма жағдайда соққыш механизм түтігі жалғастырудан босатылып, бірақ оған саусақтармен қыса ұсталынып, ағытқыш иінтірекпен ұсталып тұрады. Гранатты лақтыру кезінде ағытқыш иінтірек гранаттан бөлініп, соққышты босатады. Соққыш ұрыстық серіппе әсерінен капсюль-оталғышқа соққы беріп, оны тұтатады. От жалыны капсюль-оталғыштан баяулатқышты тұтандырады, одан өтіп капсюль – детанаторға беріледі.
Капсюль – детанатор жарылып, гранаттың зарядын жарады. Гранат корпусы жарылады да, корпус және тұтандырғыш жарықшақтары жан – жаққа шашырайды.
Гранаттарды лақтыру келесі тәсілдермен жүргізіледі:
Жаттығу сабақтарында ұрыстық гранаттарды лақтыру кезінде болат дулыға киіледі.
Гранатты жарақтау: «Гранаттарды дайындау!» пәрмені бойынша , ал ұрыста өздігінен де жүргізіледі.
Жарақтау үшін гранатты сол қолмен сөмкеден шығарып, оң қолмен металл қалпақшасын алады немесе тығынды корпус түтігінен бұрап шығарады. Содан кейін сол қолмен гранатты ұстап тұрып оны оң қолмен сөмкенің ұясынан шығарып тұтандырғышы алынады. Тұтандырғышты орталық түтікке қойып шегіне дейін бұрап енгізеді. Гранат лақтыруға дайын. Жарықшақты қол гранаталарын лақтыру түрлі жағдайларда жүргізіледі: түрегеліп тұрып,тізерлеп тұрып, жатқан қалпында , сондай-ақ (ЖҰМ)жаяу әскердің ұрыс машинасынан, танкіден, БТР және жаяу әскер ретік қозғалыста тек шабуыл гранаттары, гранатты лақтыру кезінде оның ұшу жолында ағаш бұтақтары, қалың өскелең шөп, сым темір және т/б кедергілер болмайтындай жер таңдалады.
Гранатты лақтыру «Гранатпен –ат!» пәрмені бойынша жүргізіледі. Жарықшақты қол гранатын лақтыру үшін :
1.тығынды бұрап алу
2. тұтандырғышты алу,
3. тұтандырғышты бұрап тығу.
Жарықшақты қол гранаталарын лақтыру алдындағы іс -әрекет:
1. ағытқыш интеркті граната корпусына басу,
2. сақтандырғыш мұрындық ұштарын ию,
3. сақтандырғыш мұрындықты жұлып алу .
III Жаңа материалдарды меңгерту
Кіші калибрлі винтовкадан атыс жүргізу ережелері мен тәсілдері.
Кіші калибрлі винтовкадан атыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
Атыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік олардың нақты ұйымдастырылуымен, атыс алаңында немесе ТИР-де белгіленген тәртіп пен ережелерді білу және қатаң сақтау арқылы, барлық атысқа қатысушылардың жоғары тәртіптілігімен қамтамасыз етіледі.
Атыс алаңында немесе ТИР-де атыс жүргізушілермен қатар айналадағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сәтсіз жағдайларды болдырмау мақсатында:
-
атысты ақаулы қарудан жүргізуге және ақ жалау көтерілгенде атыс жүргізуге;
-
атыс басшысының пәрменінсіз қаруды алуға және оқтауға;
-
тіпті оқталмаған автоматтың өзін айналадағы адамдарға, сондай-ақ нысанаға, тылға, осы бағытта адамдар бар болатын болса, бағыттауға немесе көздеуге;
-
оқтаулы қаруды атыс шебінен шығаруға;
-
атыс басшысының пәрменінсіз оқтаулы қаруды басқа адамдарға беруге немесе оны қай жерде болсын қалдыруға;
-
«Ат!» пәрменінен «Тоқтат!» пәрменіне дейін бөгде адамдарға атыс шебінде болуға тиым салынады.
Атқыш қаруды оқталғанына немесе оқталмағанына қарамай, бұрышын 60град асырмай жоғары қарата ату бағытында ұстап тұруға міндетті.
Кіші калибрлі винтовкадан атудың тәсілдері. Кіші калибрлі винтовкадан дәлдеп атуға үйрену үшін ату тәсілдерін орындауға жаттығу қажет. Винтовкадан ату тәсілдері атысқа оңтайлану, көздеу, шүріппені басудан тұрады.
Атуға оңтайлану. Атуға дұрыс оңтайлану винтовканың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Атуға ең ыңғайлы жағдай – жатып ату, өйткені ол атқыш пен винтовканың ең жақсы тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Жатып атуға ыңғайлануға оқтау мен винтовканы орнықтыру жатады.
Жатып атыс жүргізу үшін жағдай. Винтовканы ауыз жағын алға қаратып, оң қолда ұстап тұрып, атқыш оң аяғымен алға және сәл оңға толық адым жасайды. Алға қарай еңкейіп, сол тізесіне тұрады. Сосын, сол қолмен жерге тіреліп, сол аяқтың жамбасы мен сол қолдың білегіне ығысады. Сол бүйіріне жатып, аяқтарының ұштарын сыртқа қаратып аздап алшайтады. Бұл кезде дене корпусы атыс жазығына қатысты 25-30градус болатындай етіп жатады. Винтовка құндағымен сол қолдың алақанына салынады.
Кіші калибрлі винтовканың оқталуы оң қолымен жүргізіледі. Бекітпені ашып және артқа қарай жылжытып, оқсауытты бас және сұқ саусақтарымен алып, оқтыққа оқты енгізу керек; бас бармақпен патрондағы оқсауыттың шеті ұңғыға тигенінше итеріліп, бекітпе жабылады.
Кіші калибрлі винтовканы орнықтыру үшін сол қолдың шынтағы винтовканың астына келтіріледі, ал білегі винтовканың құндағы саусақтарда емес, сол қолдың алақанына жататындай етіп алға жіберіледі. Оң қолмен дүм алынады да, иыққа тіреледі. Сосын оң қолмен дүм мойны орап алынып, сұқ саусақтың бірінші буыны ағытқыш ілмекті басады да, шынтақ жерге тіреледі. Басы сәл алға еңкейтіліп, оң жақ беті дүмнің жоғарғы бөлігіне тигізіледі. Атқыш винтовканы орнықтыруды аяқтап, көздеуге кіріседі, сосын бірнеше секундқа екі көзін жұмады да, оң не сол көзін ашып қаруды нысанамен салыстырғанда, қай бағытқа бағытталғанын қарайды.
Егер қарауыл көздеу нүктесінен солға (оңға) қарай орналасқан болса, онда бүкіл денені сол (оң) жақ шынтақты қозғамай, солға (оңға) қарай бұрады. Егер винтовка төмен қарай бағытталған болса, онда алға қарай жылжиды.
Тексеру кезінде қарауыл көздеу нүктесінің дәл астында қалатын жағдай дұрыс болып есептеледі.
Жатып ату жағдайында тіреу қолдануға болады. Тіреуден ату кезінде сол қол саусақтары тіреуге қойылады да, оның үстіне винтовка сағағымен қойылады. Тіреуге қатысты алғанда дене тұрқының дұрыс жағдайда атқыш оны өзіне ыңғайлы және дұрыс қалыпқа келгенше, аз ғана алға не артқа жылжытады.
Көздеу дегеніміз – қарудың ұңғы арнасына нысананы жоюға қажетті бағыт беру деген сөз. Ол көздеуіш пен қарауыл арқылы жүргізіледі.
Ашық көздеуіштен ату кезінде сол жақ көзді қысып, ал оң көзбен көздеуіштің ойығы арқылы қарауылға қарап, қаруыл ойықтың ортасында, ал оның төбесі көздеу тақташасы қырының жоғарғы шеттерімен бірдей болатындай етіп бұру керек.
Қарауылдың мұндай жағдайы «тегіс қарауыл» деп аталады.
Қара шеңберлі («алмамен») нысанаға атыс жүргізу кезінде көздеуді атқыш көздеу кезінде «алма» (нысана) жартысын және қарауыл ұшын айқын көретіндей кішігірім жарық сәулесімен жүргізу керек. Үйренуші атқыштардың көздеу кезіндегі орын алатын қателіктері мыналар: ұсақ қарауыл кезінде – ойылмалар төменде болады, ірі қарауылда – көздеу нүктесінен жоғары болады.
Тыныс алу. Атыс дәлдігіне атқыштың тыныс алуы маңызды әсер етеді. Егер шүріппені басу кезінде дем шығарылса, онда қару көлденең және тік бағытта тербеледі, өйткені дем шығару кезінде төмен түсіріледі, ұңғы жоғары қарата көтеріледі, ал дем алғанда, керісінше болады. Бұл жағдайларды болдырмау үшін, көздеу және шүріппені басу кезінде дем шығармау керек. Шүріппені басар алдында тыныс алу, сосын жартылай дем шығару және 7-10сек. Дем шығармай тұру керек. Бұл уақыт дұрыс көздеу мен шүріппені басу үшін жеткілікті.
Шүріппені ағыту үшін автоматты сол қолмен құндағынан немесе оқжатардан тік ұстап, ал оң қолмен тапаншалық тұтқасынан ұстап, иыққа қысып, демді ішке тартып, атыс болғанша ағытқыш ілмекті жайлап басу керек. Шүріппені ағытқанда тегіс қарауылдың көздеу нүктесі тұсында сәл тербелгеніне мән беруге болмайды. Тегіс қарауылдың көздеу нүктесімен ең жақсы үйлесуі сәтінде ағытқыш ілмекті ақырына дейін басуға тырысқаннан ағытқыш ілмек, әдетте, жұлқи басылады да, атыс дәл болмайды. Егер көздеу және ағытқыш ілмекті басу кезінде бұдан әрі дем алмай шыдауға болмайтыны сезілсе, қайта дем алып, дем шығарғанда қайта тоқтап, көзді дәлдеп барып ағытқыш ілмекті басу керек.
Атыс дәлдігінің тұрақтылығы дұрыс көздеу мен шүріппені басудан тұрады.
Жақсы көздеп тұрып ағытқыш ілмекті кілт басып қалса, онда оқ үлкен ауытқумен ұшады, өйткені саусақтың кілт қозғалысы көздеуді бұзады. Сондықтан демді ішке тартып, ағытқыш ілмекті еппен және тегіс басып, сонымен бірге ойықтағы қарауыл мен көздеу нүктесінің дұрыс орналасқанына бақылау жасау керек.
Сұқ саусақты ілмекке оң қолмен қойып, ал саусақ қысымының күші ұңғы арнасы осінің бойына тегіс бағытталуы керек. Ілмек саусақты дұрыс қоймаса, қысым бұрыш астына бағытталады, бұл винтовканың орнын ауыстырып жіберіп, көздеудің бұзылуына әкеп соғады.
IV Қорытындылау
Бүгін біз сабақта кіші калибрліквинтовкадан жатып атыс жүргізу тәсілін үйрендік, кіші калибрлік винтовка түрлерімен танысып винтовка туралы кеңінен түсінік алдық.
V Бағалау
VI Үйге тапсырма
Кіші калибрлік винтовкадан жатып атыс жүргізу тәсілдері, винтовкалар туралы түсінік және ату ережелері.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Алғашқы әскери дайындық оқулығы 10 сынып Гуманитарлық бағытта Алматы «Мектеп» 2006 жыл Қ.Р. Аманжолов А.Б. Тасболатов
-
Алғашқы әскери дайындық оқулығы 10 сынып Алматы «Мектеп» 2014 жыл Қ.Р. Аманжолов А.Б. Тасболатов
-
Алғашқы әскери дайындық 11сынып. 2003жыл.
-
Общевоинские уставы ВС РК, 1993 г.
-
Ашық сабақ факультативті сабақтар №1(39) №5-6(43-44) 2015жыл.