Материалдар / Кіші тобының перспективалық жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кіші тобының перспективалық жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес перспективалық жоспар кіші топ балаларыныа арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қазан 2024
169
1 рет жүктелген
3100 ₸
Бүгін алсаңыз
+155 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +155 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ҮЛГІЛІК

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША «ЕРКЕМАЙ» КІШІ ТОБЫНЫҢ

ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАРЫ

2023-2024 оқу жылы




















Топ: «Еркемай» кіші тобы

Балалардың жасы: 2- жастан

Жоспардың құрылу кезеңі (айды, жылды көрсету): Қыркүйек айы, 2022-2023 оқу жылы


Дағдылар

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Физикалық қасиеттерді дамыту

Дене шынықтыру (аптасына 3 рет)

Негізгі қимылдар:

Жүру. Қолдарын әртүрлі қалыпта ұстап, аяқтың ұшымен жүру.

Тепе-теңдік сақтау жаттығулары. Тура жолмен, сызықтармен шектелген (ені 20-25 сантиметр, ұзындығы 2-2,5 метр) жіптің бойымен жүру.

Жүгіру. Бір қалыпты, шашырап, берілген бағытта жүгіру.

Еңбектеу, өрмелеу. Шектеулі жазықтың бойымен еңбектеу.

Домалату, лақтыру. Екі қолмен бастапқы қалыпта 0,5-метр арақашықтықтағы нысанаға оғары) лақтыру;

Секіру. Бір орында тұрып қос аяқпен секіру.

Жалпы дамытушы жаттығулар:

Қолдың білектерін, иық белдеуінің бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Қолды алға, жоғары көтеру.

Арқаның бұлшық еттерін және омыртқаның иілгіштік қасиетін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Алға және екі жаққа еңкею.

Іштің және аяқтың бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Орнында жүру.

Қимылды ойындар:

Балаларды ересектермен бірге қимылдары жеңіл ойындар ойнауға ынталандыру.

Спорттық жаттығулар:

Велосипед тебу. Үш дөңгелекті велосипедке отыру.

Коммуникативтік дағдыларды дамыту

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Жеке дауысты және дауыссыз дыбыстарды, еліктеу сөздерін дұрыс қайталап айтуға үйрету.

Сөздік қорды қалыптастыру. Балалардың сөздік қорын:

ойыншық, киім, аяқкиім атауларын атау.

Тілдің грамматикалық құрылымы.

Балаларды зат есімнің көпше түрін қолдануға, сын есімді зат есіммен байланыстыру.

Байланыстырып сөйлеу.

Ересектердің сөзін түсінуге, шағын әңгімелерді көрнекі сүйемелдеусіз тыңдауға, қарапайым сұрақтарға (Кім? Не? Не істейді?) сұрақтарға жауап беруге үйрету.

Көркем әдебиет

Балалардың жастарына сәйкес көркем шығармалар оқу.

Оқып беруді ойыншықтарды, суреттерді басқа да көрнекі құралдарды көрсетумен сүйемелдеу.

Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту

Сенсорика






Заттарменқұралдардықолданудағдыларынқалыптастыру, ауызша нұсқау

мен үлгіге сүйене отырып, тапсырмаларды орындау.

Қимылдардың үйлесімділігін, қолдың ұсақ бұлшық еттерін, «көз бен қолдың» сенсомоторлық кеңістіктік үйлесімділігін дамыту.




Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту


Сурет салу


Балалардың бейнелеу әрекетіне деген қызығушылығын ояту, көркемдік қабылдауларын дамыту.

Бейнелерді парақ бетінде орналастыра отырып, түрлі-түсті дақтарды қарама-қарсы үйлестіру арқылы бере білу.


Мүсіндеу

Балалардың сазбалшық, ермексаз және оның қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру.

Жапсыру

Жапсыруға қызығушылықты ояту. Материалдардың (қағаз) қасиеттері туралы түсінік қалыптастыру және оларды қолданудың қарапайым әдістерін (ұсақтау, жырту), жапсыру жұмыстарын жасау тәсілдерін (желімсіз) үйрету.

Құрастыру

Балаларды ойын барысында үстел үсті және еден үсті құрылыс материалдарымен (текшелер, кірпіштер), жазықтықтағы құрылыстың орналасу нұсқаларымен таныстыру.

Музыка (аптасына 1 рет)

Музыка тыңдау.

Музыканы тыңдауға қызығушылықты қалыптастыру, музыканы тыңдау, дыбысталу ерекшеліктерін ажырата білу.

Ән айту.

Ән айтуға деген қызығушылықтарын ояту.

Музыкалық-ырғақтық қимылдар.

Музыканың сүйемелдеуімен топпен қол ұстасып жүру дағдыларын қалыптастыру.

Қарапайым би қимылдарын орындау: қолдың білектерін айналдыру.

Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру

Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі:

«Мен» бейнесі. Есімін атағанда жауап беру, өзін айнадан және фотосуреттерден тану.

Заттық әлем.

Заттарды және олармен әрекеттерді атау, оларды суреттерден тану.

Табиғат әлемі.

Балалардың табиғат пен табиғат құбылыстарына қызығушылықтарын қалыптастыру.


Жоспардың құрылу кезеңі : Қазан айы, 2022-2023 оқу жылы


Дағдылар

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Физикалық қасиеттерді дамыту

Дене шынықтыру (аптасына 3 рет)

Негізгі қимылдар:

Жүру. бір-бірінің қолдарынан ұстап жүру.

Тепе-теңдік сақтау жаттығулары. Гимнастикалық скамейканың үстімен жүру.

Жүгіру. Бір қалыпта аяқтың ұшымен жүгіру.

Еңбектеу, өрмелеу. Көлбеу тақтайдың бойымен еңбектеу.

Домалату, лақтыру. Екі қолмен бастапқы қалыпта 0,5-1,5 метр арақашықтықтағы нысанаға (төмен) лақтыру;

Секіру. Алға қарай ұмтыла қос аяқпен затқа дейін (10-15 сантиметр) секіру.

Жалпы дамытушы жаттығулар:

Қолдың білектерін, иық белдеуінің бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Қолды екі жаққа көтеру.

Арқаның бұлшық еттерін және омыртқаның иілгіштік қасиетін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Жанында тұрған (отырған) адамға қолындағы заттарды беріп, оңға-солға бұрылу.

Іштің және аяқтың бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Бастапқы қалыпта тұрып, сол (оң) аяқтың тізесін (заттан ұстап) бүгу.

Қимылды ойындар:

Балаларды ересектермен бірге қимылдары жеңіл, мазмұны қарапайым қимылды ойындар ойнауға ынталандыру.

Коммуникативтік дағдыларды дамыту

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Еліктеу сөздерін, сөздерді және қарапайым сөз тіркестерін (2-4 сөз) дұрыс қайталап айтуға үйрету.

Сөздік қорды қалыптастыру. Балалардың сөздік қорын:

Ыдыс, жиһаз атауларын атау.

Тілдің грамматикалық құрылымы.

Балаларды зат есімнің көпше түрін қолдануға, сын есімді зат есіммен,етістіктің өткен шағымен байланыстыру.

Байланыстырып сөйлеу.

Неғұрым күрделі (Не әкелді? Кімге әкелді?) сұрақтарға жауап беруге, өз ойын айтуға үйрету.

Көркем әдебиет

Балалардың жастарына сәйкес көркем шығармалар оқу.

Балаларды педагогтің көмегімен өлеңді толық қайталауға ынталандыру.

Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту

Сенсорика





Өлшемдері әртүрлі геометриялық фигураларды түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды топтастыру.


Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту


Сурет салу

Белгілі бір ережелерді орындау.дұрыс отыру, қағазды умаждау,қаламды тарсылдатпау, жұмысты ұқыпты аяқтау.

Дөңгелек сызықтарды бейнелеу.


Мүсіндеу

Сазбалшықты, ермексазды дұрыс қолдануды жетілдіру.


Жапсыру

Қағазды қолданудың қарапайым әдістерін (бүктеу), жапсыру жұмыстарын жасау тәсілдерін (желімсіз) үйрету.

Құрастыру

Қарапайым құрылысты үлгі бойынша, ересектің көмегімен құрастыру.


Музыка (аптасына 1 рет)

Музыка тыңдау.

Музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдау.

Ән айту.

Жекелеген сөздер мен буындарды айту.

Музыкалық-ырғақтық қимылдар.

Музыканың сүйемелдеуімен шеңбер бойынша қол ұстасып жүру және жүгіру дағдыларын қалыптастыру.

Қарапайым би қимылдарын орындау:

Шапалақтау және аяқты тарсылдату.

Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру

Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі:

Өзінің есімін және жасын атау.

Заттық әлем.

Заттық-бағдарлық әрекеттерді (қарау, тигізу) белгілі бір объектіге арналған нақты әрекеттерді орындауға баулу.

Табиғат әлемі.

Қоршаған ортадағы өсімдіктермен таныстыру.


Жоспардың құрылу кезеңі: Қараша айы, 2022-2023 оқу жылы


Дағдылар

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Физикалық қасиеттерді дамыту

Дене шынықтыру (аптасына 3 рет)

Негізгі қимылдар:

Жүру. Берілген бағытта шеңбер бойымен жүру.

Тепе-теңдік сақтау жаттығулары. заттарға шығу имнастикалық скамейкаға): тұру, түсу.

Жүгіру. Белгі бойынша тоқтап, бірінің соңынан бірі (20 метр дейін) шағын топқа бөлініп жүгіру.

Еңбектеу, өрмелеу. Доғаның астынан еңбектеу.

Домалату, лақтыру. Екі қолмен, әртүрлі тәсілдермен әртүрлі бастапқы қалыпта 0,5-1,5 метр арақашықтықтағы нысанаға (төмен, жоғары) лақтыру;

Секіру. 10-15 сантиметр биіктіктен секіруге,

Жалпы дамытушы жаттығулар:

Қолдың білектерін, иық белдеуінің бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Қолды кеуде тұсында айқастыру.

Арқаның бұлшық еттерін және омыртқаның иілгіштік қасиетін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Еденде отырып, аяқтарды кезекпен бүгу және жазу.

Іштің және аяқтың бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Таяныштан ұстап отыру, аяқтың ұшымен тұрып тартылу.

Қимылды ойындар:

Балалардың ойынға қызығушылығын дамытуға ықпал ете отырып, негізгі қимылдарды (жүру, жүгіру) жетілдіру.

Коммуникативтік дағдыларды дамыту

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Сөйлеу қарқынын, дауыстың жоғарылығы мен күшін ескеріп, анық айтылуына назар аудару.

Сөздік қорды қалыптастыру. Балалардың сөздік қорын:

Көгөніс пен жеміс атауларын атау.

Тілдің грамматикалық құрылымы.

Сөз тіркестерін құра ын есім + зат есім) білуге

Байланыстырып сөйлеу.

Күрделі сұрақтарға (Неге әкелді? Қашан әкелді?) жауап беріп, өз ойын айтуға үйрету.

Көркем әдебиет

Балалардың жастарына сәйкес көркем шығармалар оқу.

Балаларды ертегілерді тыңдауға үйрету.

Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту

Сенсорика






Өлшемдері әртүрлі геометриялық фигураларды, пішіні, түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды топтастыру.

Түрлі көлемдегі геометриялық фигураларды негізгі түсі, бойынша салыстыру және іріктеуді жетілдіру.

Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту


Сурет салу

Дөңгелек және толқын тәрізді сызықтарды бейнелеу.


Мүсіндеу

Мүсіндеудің қарапайым тәсілдерін есектерді үлкен бөліктерден бөліп алуды үйрету. Қолды дымқыл шүберекпен сүрту, дайын болған бұйымды тұғырға орналастыру, жұмыстан кейін материалдарды жинауға үйрету.

Жапсыру

Балаларды бейнелерді фланелеграфта (сызықтарда, шаршыда), қағаз бетіне қойып, құрастыруға үйрету.


Құрастыру

Қарапайым құрылысты үлгі бойынша, ересектің көмегімен, өз бетінше құрастыру.

Музыка (аптасына 1 рет)

Музыка тыңдау.

Әннің мағынасын түсіну, қоңыраулардың жоғары және төмен дыбысталуын ажырата білу.

Ән айту.

Педагогтің дауыс ырғағына, сөздердің созылыңқы дыбысталуына еліктей отырып, ересекпен қосылып ән айту.

Музыкалық-ырғақтық қимылдар.

Музыканың сүйемелдеуімен топпен және шеңбер бойынша қол ұстасып жүру және жүгіру дағдыларын қалыптастыру.

Қарапайым би қимылдарын орындау:

Денені оңға, солға бұру, басты оңға, солға ию, қолдарды сермеу.

Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру

Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі:

Үйін және пәтерін тану, отбасы мүшелерінің аттарын атау.

Заттық әлем.

Заттық-бағдарлық әрекеттерді (бұрау, ашу) белгілі бір объектіге арналған нақты әрекеттерді орындауға баулу.

Табиғат әлемі.

Сыртқы белгілері бойынша көгөністер (қызанақ, қияр, картоп) ажырату.



Жоспардың құрылу кезеңі: Желтоқсан айы, 2022-2023 оқу жылы


Дағдылар

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Физикалық қасиеттерді дамыту

Дене шынықтыру (аптасына 3 рет)

Негізгі қимылдар:

Жүру. Шағын топпен қарқынды өзгерте отырып жүру.

Тепе-теңдік сақтау жаттығулары. заттарға шығу имнастикалық скамейкаға): қолдарын жоғары көтеру.

Жүгіру. Әртүрлі қарқынмен заттардың рарсымен жүгіру.

Еңбектеу, өрмелеу. Гимнастикалық скамейканың астынан еңбектеу.

Домалату, лақтыру. Отырып доптарды домалату.

Секіру. Еденде жатқан секіргіштен аттап секіруге үйрету.

Жалпы дамытушы жаттығулар:

Қолдың білектерін, иық белдеуінің бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Қолды кеуде тұсында айқастыру және екі жаққа жазу.

Арқаның бұлшық еттерін және омыртқаның иілгіштік қасиетін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Шалқасынан жатқан қалыпта аяқтарын көтеру.

Іштің және аяқтың бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Аяқтың өкшесін алға қою.

Қимылды ойындар:

Балалардың ойынға қызығушылығын дамытуға ықпал ете отырып, негізгі қимылдарды (лақтыру) жетілдіру.

Спорттық ойындар:

Шанмен сырғанау. Шанаға отырып, төбешіктен сырғанау.

Коммуникативтік дағдыларды дамыту

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Сөйлеу кезінде тыныс алу, есту қабілетінің дамуына ықпал ету.

Сөздік қорды қалыптастыру. Балалардың сөздік қорын:

Үй жануарлары мен олардың төлдерін атау.

Тілдің грамматикалық құрылымы.

Сын есімдерді зат есімнің көпше түрімен сәйкестендіру.

Байланыстырып сөйлеу.

Педагогтің өтініші бойынша суреттен заттарды тауып, сұрақ қою «Бұл кім (не).

Көркем әдебиет

Оқып беруді үстел үсті театрының кейіпкерлерін және басқа да көрнекі құралдарды көрсетумен сүйемелдеу, сонымен қатар көрнекіліксіз көркем шығарманы тыңдау.

Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту

Сенсорика




Өлшемдері әртүрлі геометриялық фигураларды, өлшемі, пішіні, түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды топтастыру.


Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту


Сурет салу

Дәстүрлі емес әдістермен суреттер салу.

Ересектермен бірлескен әрекеттерге қызығушылықты ояту.


Мүсіндеу

Кесектерді біртұтас етіп біріктіру, (сазбалшықты өздігінен илеу) үйрету. қолды дымқыл шүберекпен сүрту, дайын болған бұйымды тұғырға орналастыру, жұмыстан кейін материалдарды жинауға үйрету.


Жапсыру

Кескінді конструктивті тәсілмен жасауға (жекелеген бөліктерден), ересектермен бірге түстерді таңдауға үйрету.


Құрастыру

Кеңістік қатынастарды түсіну, құрылыс масштабына сәйкес сюжеттік ойыншықтармен ойнауға мүмкіндік беру.

Музыка (аптасына 1 рет)

Музыка тыңдау.

Баяу және көтеріңкі дыбысты, музыкалық шығармалардың сипатын (баяу және көңілді әндер) ажырата білу.

Ән айту.

Әнді жеке және топпен айту.

Музыкалық-ырғақтық қимылдар.

Жүрелеп отыру, аяқтрын қозғау, айналу.

Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру

Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі:

Баланың жеке тұлғасының қалыптасуына ықпал ету.

Заттық әлем.

Заттық-бағдарлық әрекеттерді белгілі бір объектіге арналған нақты әрекеттерді (допты домалату, қуыршақты жатқызу) орындауға баулу.

Табиғат әлемі.

Сыртқы белгілері бойынша жемістерді (алма, алмұрт) ажырату.



Жоспардың құрылу кезеңі (айды, жылды көрсету): Қаңтар айы, 2022-2023 оқу жылы


Дағдылар

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Физикалық қасиеттерді дамыту

Дене шынықтыру (аптасына 3 рет)

Негізгі қимылдар:

Жүру. Бүкіл топпен қарқынды өзгерте отырып жүру.

Тепе-теңдік сақтау жаттығулары. заттарға шығу (Жұмсақ модульге): тұру, түсу.

Жүгіру. Әртүрлі қарқынмен заттардың арсымен бірінің соңынан бірі бүкіл топпен жүгіру.

Еңбектеу, өрмелеу.Арқанның астынан нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен) еңбектеу.

Домалату, лақтыру. Отырып және тұрып доптарды домалату.

Секіру. Еденде жатқан лентадан аттап секіруге үйрету.

Жалпы дамытушы жаттығулар:

Қолдың білектерін, иық белдеуінің бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Қолды артқа қою; оларды бүгіп жазу.

Арқаның бұлшық еттерін және омыртқаның иілгіштік қасиетін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Шалқасынан жатқан қалыпта аяқтарын көтеру және түсіру.

Іштің және аяқтың бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Аяқтың бақайларын қимылдату (отырып)

Қимылды ойындар:

Балалардың ойынға қызығушылығын дамытуға ықпал ете отырып, негізгі қимылдарды (домалату) жетілдіру.

Спорттық ойындар:

Шанмен сырғанау. Шананы жібінен сүйретуге.

Мұзды жолдармен сырғанау: балаларды қолынан жетелеп сырғанату.

Коммуникативтік дағдыларды дамыту

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Артикуляциялық және дауыс аппаратының, сөйлеу кезінде тыныс алу.

Сөздік қорды қалыптастыру. Балалардың сөздік қорын:

Заттардың түсін, пішінін білдіретін сын есімдермен байыту.

Тілдің грамматикалық құрылымы.

Сөз тіркестерін құра білуге зат есім +етістіксөздердің дұрыс айтылуы.

Байланыстырып сөйлеу.

Педаготің өтініші бойынша суреттен тауып, сұрақ қою «Бұл кім (не)?», «Не істеді?».

Көркем әдебиет

Таныс өлеңдерді оқыған кезде балаларға сөздерді, сөз тіркестерін қосылып айтуңа мүмкіндік беру.

Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту

Сенсорика




Түрлі көлемдегі геометриялық фигураларды негізгі түсі, неғұрлым ұқсас қасиеттері бойынша салыстыру және іріктеуді жетілдіру.



Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту


Сурет салу

Қағазға, құмға саусақпен сурет салу, ересектер салған суретті толықтыру.


Мүсіндеу

Қарапайым және күрделі пішінді заттарды мүсіндеудің техникалық дағдыларын қалыптастыру:

Кесені, мүсіндеуде пішіннің жоғары бөлігін саусақпен басып, тереңдету, кесектерді біріктіру. қолды дымқыл шүберекпен сүрту, дайын болған бұйымды тұғырға орналастыру, жұмыстан кейін материалдарды жинауға үйрету.


Жапсыру

Кескінді конструктивті тәсілмен жасауға (жекелеген бөліктерден), ересектермен бірге түстерді таңдауға (қарама-қарсы түстер) үйрету.


Құрастыру

Табиғи материалдарды (құм, су, тас) қолдануға мүмкіндік беру.


Музыка (аптасына 1 рет)

Музыка тыңдау.

Фортепианоның дыбысталуын ажырата білу.

Ән айту.

Әуенді интонациямен және ырғақты дұрыс жеткізу.

Музыкалық-ырғақтық қимылдар.

Әртүрлі кейіпкерлердің қимылдарын ойындарда көрсету (қанатын жайып ұшқан құстар), ойындар мен әндерді сахналау.

Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру

Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі:

Оның мүдделеріне, қажеттіліктеріне, қалауына, мүмкіндігіне құрметпен қарау.

Заттық әлем.

Заттық-бағдарлық әрекеттерді белгілі бір объектіге арналған нақты әрекеттерді (машинаны итеру, допты домалату) орындауға баулу.

Табиғат әлемі.

Табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы алғашқы түсініктерді қалыптастыру: қар, жаңбыр, жел.



Жоспардың құрылу кезеңі : Ақпан айы, 2022-2023 оқу жылы


Дағдылар

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Физикалық қасиеттерді дамыту

Дене шынықтыру (аптасына 3 рет)

Негізгі қимылдар:

Жүру. Шағын топпен қарқынды өзгерте отырып, белгі бойынша тоқтап жүру.

Тепе-теңдік сақтау жаттығулары. заттарға шығу (Жұмсақ модульге): қолдарын жоғары көтеру.

Жүгіру. Бағытты өзгертіп 30-40 секунд бойына тоқтамай жүгіру.

Еңбектеу, өрмелеу.Арқанның астынан нысанаға дейін төрттағандап (тіземен тіреп) еңбектеу.

Домалату, лақтыру. Отырып және тұрып түрлі заттардың астынан 0,5-метр арақашықтықта доптарды домалату.

Секіру: (Қатар қойылған 2 арқаннан) аттап секіруге үйрету.

Жалпы дамытушы жаттығулар:

Қолдың білектерін, иық белдеуінің бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Қолды артқа қою; қолды шапалақтау.

Арқаның бұлшық еттерін және омыртқаның иілгіштік қасиетін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Тізерлеп тұрып өкшеге отыру.

Іштің және аяқтың бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Таяныштан ұстап отыру, аяқтың ұшымен тұрып тартылу.

Қимылды ойындар:

Қимылдарды үйлесімді орындауға, кейбір кейіпкерлердің қарапайым әрекеттерін жеткізе білуге үйрету (қоян сияқты секіру).

Спорттық ойындар:

Шанмен сырғанау. Ойыншықтарды шанамен сырғанатуға үйрету.

Мұзды жолдармен сырғанау: балаларды қолынан жетелеп сырғанату.

Коммуникативтік дағдыларды дамыту

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Дыбыстардың, сөздер мен сөз тіркестерінің анық айтылуына назар аудару.

Сөздік қорды қалыптастыру. Балалардың сөздік қорын:

Қарама –қарсы мәндес әрекеттерді (ашу –жабу, кию-шешу,алу-салу)

Тілдің грамматикалық құрылымы.

Зат есімдердің көпше түрде дұрыс қолданылуын ескеру.

Байланыстырып сөйлеу.

Кітаптардағы суреттерді қарау, ондағы таныс заттарды атау.

Көркем әдебиет

Балалардың назарын кітапты қарап отырған балаға аудару.

Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту

Сенсорика





Берілген заттардың 3-4 сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып, түсі, көлемі, өлшемі бойынша әртекті заттарды салыстыру.



Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту


Сурет салу

Қаламды үш саусақпен, қатты қыспай ұстау.


Мүсіндеу

Қарапайым және күрделі пішінді заттарды мүсіндеудің техникалық дағдыларын қалыптастыру:

Табақты мүсіндеуде пішіннің жоғары бөлігін саусақпен басып, тереңдету, кесектерді біріктіру. қолды дымқыл шүберекпен сүрту, дайын болған бұйымды тұғырға орналастыру, жұмыстан кейін материалдарды жинауға үйрету.

Жапсыру

Фланелеграфта геометриялық фигураларды орналастыру.


Құрастыру

Тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атау, қорапқа құрылыс бөлшектерін ұқыптылықпен жинау.


Музыка (аптасына 1 рет)

Музыка тыңдау.

Балаларды кейбір музыкалық аспаптардың (барабан, бубен, сылдырмақ), дыбыстарымен таныстыру

Ән айту.

Ересектің дауыс интонациясы мен аспапқа бейімдеу.

Музыкалық-ырғақтық қимылдар.

Қимылдарды музыкалық аспаптармен (бубен, сылдырмақпен) орындау дағдысын дамыту.

Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру

Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі:

Ересектердің басқа балалар сияқты жақсы көретініне сенім қалыптастыру.

Заттық әлем.

Екі қолмен бір уақытта заттармен әрекет ету.

Табиғат әлемі.

Жануарлар әлемі туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру. Үй жануарлары және олардың төлдерімен (қозы, лақ, бота) оларды ажырату және атау, сипаттамалық ерекшеліктерін ажырата білу.



Жоспардың құрылу кезеңі: Наурыз айы, 2022-2023 оқу жылы


Дағдылар

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Физикалық қасиеттерді дамыту

Дене шынықтыру (аптасына 3 рет)

Негізгі қимылдар:

Жүру. Бүкіл топпен қарқынды өзгерте отырып, белгі бойынша тоқтап жүру.

Тепе-теңдік сақтау жаттығулары. Заттардан (биіктігі 10-15 сантиметр): құрсаудан құрсауға аттап өту.

Жүгіру. Бағытты өзгертіп шашырап 30-40 секунд бойына тоқтамай жүгіру.

Еңбектеу, өрмелеу. Биіктігі 10 сантиметр, ауданы 50 х 50 сантиметр модульге өрмелеу.

Домалату, лақтыру. Отырып және тұрып түрлі заттардың астынан 1,5-метр арақашықтықта доптарды домалату.

Секіру: (Қатар қойылған 2 арқаннан) аттап секіруге үйрету.

Жалпы дамытушы жаттығулар:

Қолдың білектерін, иық белдеуінің бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Қолды артқа қою; қолдарды алға-артқа сермеу.

Арқаның бұлшық еттерін және омыртқаның иілгіштік қасиетін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Тізерлеп тұрып өкшеге отыру және тұру.

Іштің және аяқтың бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Орнында жүру. 1.Бастапқы қалыпта тұрып, сол (оң) аяқтың тізесін (заттан ұстап) бүгу.

Қимылды ойындар:

Қимылдарды үйлесімді орындауға, кейбір кейіпкерлердің қарапайым әрекеттерін жеткізе білуге үйрету (аю сияқты қорбаңдап жүру).

Коммуникативтік дағдыларды дамыту

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Дауыс аппаратын дамыту.

Сөздік қорды қалыптастыру. Балалардың сөздік қорын:

Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлеріне баулу, балаларды бесікпен таныстыру.

Тілдің грамматикалық құрылымы.

Сын есімдерді зат есімінің көпше түрімен сәйкестендіру.

Байланыстырып сөйлеу.

Қарапайым сюжеттік суреттердің мазмұнын айтып беру.

Көркем әдебиет

Балаларды бесік жырларын, халық әндерін тыңдауға үйрету.


Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту

Сенсорика



Заттардың санын ажырату (біреу-көп), әртүрлі көлемдегі заттарды атау.


Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту


Сурет салу

Суреттің қарапайым элменттері ретінде тік сызықтарды қағаз бетінде жеңіл жүргізу.

Мүсіндеу

Тостағанды мүсіндеуде пішіннің жоғары бөлігін саусақпен басып, тереңдету, кесектерді біріктіру. қолды дымқыл шүберекпен сүрту, дайын болған бұйымды тұғырға орналастыру, жұмыстан кейін материалдарды жинауға үйрету.


Жапсыру

Фланелеграфта қазақтың ұлттық ою-өрнектерін орналастыру.


Құрастыру

Құрдастарымен бірге құрастыруға баулу, олармен ойнау.

Музыка (аптасына 1 рет)

Музыка тыңдау.

Балаларды кейбір музыкалық аспаптардың оның ішінде қазақ халқының ұлттық аспаптарының (асатаяк, сырнай) дыбыстарымен таныстыру.

Ән айту.

Әннің қайталанатын сөздерін, музыкалық сөз тіркестерінің соңын бірге айтуға ынталандыру.

Музыкалық-ырғақтық қимылдар.

Қимылдарды музыкалық аспаптармен (маракаспен) орындау дағдысын дамыту.


Әеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру

Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі:

Өзінің есімін және жасын атау, үйін және пәтерін тану, отбасы мүшелерінің аттарын атауды қайталау.

Заттық әлем.

Заттық-бағдарлық әрекеттерді белгілі бір объектіге арналған нақты әрекеттерді (пирамиданы жинау және бөлшектеу) орындауға баулу.

Табиғат әлемі.

Аңдармен (аю, қасқыр, қоян) оларды ажырату және атау, сипаттамалық ерекшеліктерін ажырата білу.



Жоспардың құрылу кезеңі: Сәуір айы, 2022-2023 оқу жылы


Дағдылар

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Физикалық қасиеттерді дамыту

Дене шынықтыру (аптасына 3 рет)

Негізгі қимылдар:

Жүру. Шағын топпен ирелектелген лентаның бойымен жүру.

Тепе-теңдік сақтау жаттығулары. Тақтайдың үстімен 20 сантиметр арақашықтықта орналасқан кедергілерден (ленталардан)аттап жүру

Жүгіру. Жүруден жүгіруге керісінше ауысу.

Еңбектеу, өрмелеу. Биіктігі 10 сантиметр, ауданы 50 х 50 сантиметр модульге өрмелеу.

Домалату, лақтыру. Доптарды бір –біріне домалату.

Секіру: Бір орында тұрып қос аяқпен секіруге, алға қарай ұмтыла қос аяқпен затқа дейін (10-15 сантиметр) секіруге үйрету.

Жалпы дамытушы жаттығулар:

Қолдың білектерін, иық белдеуінің бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Қолды артқа қою; саусақтарды бүгу және ашу.

Арқаның бұлшық еттерін және омыртқаның иілгіштік қасиетін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Жанында тұрған (отырған) адамға қолындағы заттарды беріп, оңға-солға бұрылу.

Іштің және аяқтың бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Орнында жүру.Бастапқы қалыпта тұрып, сол (оң) аяқтың тізесін (заттан ұстап) бүгу.

Қимылды ойындар:

Балаларды ересектермен бірге қимылдары жеңіл, мазмұны қарапайым қимылды ойындар ойнауға ынталандыру.

Спорттық жаттығулар:

Велосипед тебу. Велосипедтен ересектердің көмегімен және көмегінсіз түсу.

Коммуникативтік дағдыларды дамыту

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Дауыс аппаратын дамыту, артикуляциялық гимнастика жасау.

Сөздік қорды қалыптастыру. Балалардың сөздік қорын:

Заттардың көлемін, дәмін білдіретін сын есімдермен байыту.

Тілдің грамматикалық құрылымы.

сөз тіркестерін құра білуге ын есім + зат есім, зат есім + етістік), сөздердің дұрыс айтылуы.

Байланыстырып сөйлеу.

Кейіпкелердің әрекеттерін (қимылдарын ) қайталап ойнату.

Көркем әдебиет

Балалармен бірге балалар әдебиетінің шығармаларына арналған иллюстрацияларды қарау.

Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту

Сенсорика




Берілген заттардың 3-4 сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып, түсі, көлемі, өлшемі бойынша әртекті заттарды салыстыру.

Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту


Сурет салу

Суреттің қарапайым элементтері ретінде тұйықталған дөңгелек сызықтарды қағаз бетінде жеңіл жүргізу.

Мүсіндеу

Қуыршаққа арналған әшекейлерді (білезік, жүзік) мүсіндеу, заттардың ұқсастықтарын табу. қолды дымқыл шүберекпен сүрту, дайын болған бұйымды тұғырға орналастыру, жұмыстан кейін материалдарды жинауға үйрету.

Жапсыру

Фланелеграфта доптарды, шарларды орналастыру.


Құрастыру

Балаларды ойын барысында үстел үсті және еден үсті құрылыс материалдарымен (үш қырлы призма, пластина, цилиндр), жазықтықтағы құрылыстың орналасу нұсқаларымен таныстыру.


Музыка (аптасына 1 рет)

Музыка тыңдау.

Музыкалық иллюстрациямен сүйемелденетін әңгімелерге қызықтыру.

Ән айту.

Жекелеген сөздер мен буындарды айту, педагогтің дауыс ырғағына,

сөздердің созылыңқы дыбысталуына еліктей отырып, ересекпен қосылып ән айту.

Музыкалық-ырғақтық қимылдар.

Сюжетті музыкалық ойындарда музыканың сипатына сәйкес кейіпкерлердің қимылдарын көрсету.

Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру

Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі:

Ересектердің басқа балалар сияқты жақсы көретініне сенім қалыптастыру.

Заттық әлем.

Заттық-бағдарлық әрекеттерді белгілі бір объектіге арналған нақты әрекеттерді (бір текшені екіншісіне қою) орындауға баулу

Табиғат әлемі.

Құстармен таныстыру үй құстарын (тауық, қаз, үйрек)оларды ажырату және атау, сипаттамалық ерекшеліктерін ажырата білу


Жоспардың құрылу кезеңі (айды, жылды көрсету): Мамыр айы, 2022-2023 оқу жылы


Дағдылар

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Физикалық қасиеттерді дамыту

Дене шынықтыру (аптасына 3 рет)

Негізгі қимылдар:

Жүру. Шағын топпен ирелектелген лентаның бойымен жүру.

Тепе-теңдік сақтау жаттығулары. Тақтайдың үстімен 20 сантиметр арақашықтықта орналасқан кедергілерден (текшелерден) аттап жүру. Орнында баяу айналу.

Жүгіру. Жүруден жүгіруге керісінше ауысу.

Еңбектеу, өрмелеу. Шектеулі жазықтың, көлбеу тақтайдың бойымен доғаның астымен еңбектеу.

Домалату, лақтыру. .Екі қолмен, әртүрлі тәсілдермен әртүрлі бастапқы қалыпта 0,5-1,5 метр арақашықтықтағы нысанаға (төмен, жоғары) лақтыру.

Секіру: Еденде жатқан секіргіштен, лентадан аттап секіруге үйрету.

Жалпы дамытушы жаттығулар:

Қолдың білектерін, иық белдеуінің бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Қолды артқа қою; саусақтарды бүгу және ашу.

Арқаның бұлшық еттерін және омыртқаның иілгіштік қасиетін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Жанында тұрған (отырған) адамға қолындағы заттарды беріп, оңға-солға бұрылу.

Іштің және аяқтың бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Орнында жүру.Бастапқы қалыпта тұрып, сол (оң) аяқтың тізесін (заттан ұстап) бүгу.

Қимылды ойындар:

Балаларды ересектермен бірге қимылдары жеңіл, мазмұны қарапайым қимылды ойындар ойнауға ынталандыру.

Спорттық жаттығулар:

Велосипед тебу. Ересектердің көмегімен және өз бетінше рөлді басқаруға үйрету.

Коммуникативтік дағдыларды дамыту

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Сөйлеу қарқынын, дауыстың жоғарылығы мен күшін ескеріп, дыбыстардың, сөздер мен сөз тіркестерінің анық айтылуына назар аудара отырып, дауыс аппаратын дамыту.

Сөздік қорды қалыптастыру. Балалардың сөздік қорын:

Меңгерілген сөздерді ауызша сөйлеуде өз бетінше қолдануға ықпал ету. Тілдің грамматикалық құрылымы.

Сөздердің дұрыс айтылуын,зат есімдердің көпше түрде дұрыс қолданылуынескеру.

Байланыстырып сөйлеу.

Қарапайым сюжеттік суреттердің мазмұнын айтып беру. күрделі (Не әкелді? Кімге әкелді? Неге әкелді? Қашан әкелді?) сұрақтарға жауап беру.

Көркем әдебиет

Суреттердің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруді дамыту.


Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту

Сенсорика


Заттарды түсі, көлемі, пішіні бойынша өз бетінше зерттеу және салыстыруға мүмкіндік беру.




Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту


Сурет салу

Дәстүрлі емес әдістермен суреттер салу.

Ересектермен бірлескен әрекеттерге қызығушылықты ояту.

Мүсіндеу

Қуыршаққа арналған әшекейлерді (қол сағат) мүсіндеу, заттардың ұқсастықтарын табу. қолды дымқыл шүберекпен сүрту, дайын болған бұйымды тұғырға орналастыру, жұмыстан кейін материалдарды жинауға үйрету.

Жапсыру

Фланелеграфта доптарды, шарларды, гүлдерді орналастыру.

Құрастыру

Қарапайым құрастыру дағдыларын бекіту: үстіне, жанына қою.

Музыка (аптасына 1 рет)

Музыка тыңдау.

Кейіпкерді иллюстрациялар, әңгімелер бойынша тану және музыканы есте сақтау.

Ән айту.

Ересектің дауыс интонациясы мен аспапқа бейімделе отырып, әннің қайталанатын сөздерін, музыкалық сөз тіркестерінің соңын бірге айтуға ынталандыру.

Музыкалық-ырғақтық қимылдар.

Сюжетті музыкалық ойындарда музыканың сипатына сәйкес кейіпкерлердің қимылдарын көрсету арқылы ойынның бір эпизодынан келесіге өту және қимылдарды бере білу.

Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру

Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі:

Баланың жеке тұлғасының қалыптасуына ықпал ету, оның мүдделеріне, қажеттіліктеріне, қалауына, мүмкіндігіне құрметпен қарау.

Заттық әлем.

Баланың бақылауы мен түсінуіне қол жетімді өмірлік жағдайлардың үзінділерін көрсететін көрнекі заттық-ойын әрекеттерін қолдану.

Табиғат әлемі.

Аулаға ұшып келетін құстармен таныстыру (торғай, көгершін, қарға), оларды ажырату және атау, сипаттамалық ерекшеліктерін ажырата білу


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!