Материалдар / "Кішкентай бағбан" Ортаңғы топ Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі Сөйлеуді дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Кішкентай бағбан" Ортаңғы топ Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі Сөйлеуді дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәтіннің мән – мағынасын бұзбай әңгімелеуді үйрету, балаларды сын есім мен зат есіммен тіркесіп жасалған сөздердің айтылуына көңілдерін аудару. Тілдік қорын байыту, дамыту. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қазан 2021
1016
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбиеші: Мырзахметова Қарлығаш Аманбайқызы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Кішкентай бағбан» Мәдіхат Төрежанов

Мақсаты: Мәтіннің мән – мағынасын бұзбай әңгімелеуді үйрету, балаларды сын есім мен зат есіммен тіркесіп жасалған сөздердің айтылуына көңілдерін аудару. Тілдік қорын байыту, дамыту. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ұялы телефон, әңгіме желісін бейнелейтін суреттер,

Сөздік жұмыс:бағбан, қарқ болу, еліктеу.

Билингвалдық компонент:бағбан-садовник, жемістер – фрукты, кішкентай - маленький


Қызмет

кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі



Ұйымдастырушы – қозғаушы күш









Ұйымдастыру – ізденуші



























































































Түзетуші - ізденуші

Балалармен сәлемдесу:Өлең жолдарын қайталату.

Аспан түрді түндігін,

Жерге сәуле жайылды.

Неткен ашық күн бүгін,

Қайырлы таң,қайырлы күн болсын!

-Балалар, мен сендерге өлең оқып беремін, мұқият тыңдаңдар:

Күздің қазан айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр түседі.

-Өлеңде не туралы айтылған?

-Күз мезгілінің ерекшеліктерін айтайықшы ...




-Күз мезгілінің айларын білеміз бе?

Ұялы телефоннан жұмбақ тыңдату:

Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым

-Дұрыс, ал, қандай жемістер бар?


-Жарайсыңдар, балалар! Енді экрандағы суретке қарайық, бұл ненің суреті?

-Жемістер қайда өседі?

-Жемістерді өсіретін адамды кім дейміз?

-Дұрыс айтасыңдар, Бағбан - бау-бақша күтуші, баптаушы адам.Бағбан баудағы жеміс ағаштарын уақытында суарып, түбін қопсытып, арам шөптерден тазалап, көктем және күз мезгілінде артық бұтақтарын кесіп сиретіп,ағаштың  дүрыс өсіп қалыптасуына көңіл бөледі екен. 

олай болса мен сендерге Мәдіхат Төрежановтың «Кішкентай бағбан» деп аталатын әңгімесін оқып берейін.

Садықтың әкесі – бағбан. Садық оған ылғи көмектесіп жүреді. Қар кетіп, жер дегдісімен әкесі мен баласы бақта құмырсқаша қыбырлап, еңбек етті.Бір күні Қалел жүгіріп келіп:-Кеттік,Садық, ойынға, - деді.-Менің жұмысым көп, - деп жауап берді Садық оған.-Жұмыс деген немене тәйірі? Әкең бәрін істейді ғой. Ойнаған қызық емес пе? Қалел ойыншықтарының бірінен кейін бірін алып, көрсете бастады. Садық ойнағысы келіп кетсе де, өзін-өзі басып, жұмысын жалғастыра берді. Күз де келді. Бақта жеміс пен жидектің сан алуан түрі өсіп жетілді.Садықтың өзі де қарық болды, досын да барынша сыйлады. Қалел тойып алып:-Бәрін де түк те қалдырмай жеп қоямыз, - деді.-Қалады, - деп жауап берді Садық.-Әкем «Кім ойынға еліктей еңбек етсе, жер соны қарық қылады» деген – деді Садық досына қарап.

-Балалар, Садық қандай бала екен?

-Ол неге ойнауға бармады?

-Садықтың әкесі қандай өнегелі сөз айтыпты?

Ғажайып сәт: Бағбан атай келеді:

- Амансыңдар ма, балаларым?Мен сендердің Бағбан атайларың боламын. Сендердің мен туралы не білетіндеріңді байқайын деп келдім.

-Мен кіммін?

-Ата, төрге шығыңыз. Балалардың білімін байқағыңыз келсе, оқу қызметіне қатысыңыз.

-Балалар, Бағбан атай туралы қанай өлең білесіңдер?


-Орнымыздан тұрып, серіту сәтін жасап, шаршағанымызы басайық:

Алма баққа барамыз,

Алма теріп аламыз.

Теріп – теріп аламыз,

Себеттерге саламыз.

-Сергіп алдық па? Ендеше, мен сендермен «Телефон» деп аталатын қызықты ойын ойнайын.

Ойынның шарты: Шеңбер бойына тұрамыз, ойын бастаушы оң жағындағы баланың құлағына бір сөзді сыбырлап айтады, сол сөзді барлық бала бір – бірінің құлағына сыбырлап айтып шығаы. Ең соңғы бала қандай сөз естігенін айтады. Қай бала сөзді қате естіген болса, сол бала айыбының өтеуіне өлең немесе тақпақ айтып беруі керек.

Бағбан, жеміс, алма, өрік сөздерін ойын барысында қолданады.

Тіл ұстарту жаттығуы:

Бан – бан – бан, Менің атам Бағбан.

Шаң – шаң – шаң, Болмау керек ашушаң.

Бағбан атай: - балаларым, мен сендерді бау – бақшама қонаққа шақырамын. Келіп, жемістерімді жинасыңдар, тойғандарыңша жеңдер. Мен енді қайтайын. Атқаратын жұмыстарым көп. Сау болыңдар!

-Балалар, бізге қонаққа кім келді?

-Сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?

-Қандай әңгіме оқып бердім сендерге?

Бүгінгі оқу қызметіндегі бірнеше сөздердің орыс тіліндегі айтылуын үйренейік: бағбан-садовник, жемістер – фрукты, кішкентай - маленький

Жақсы жауап берген балаларды мақтау.



Өлең жолдарын қайталайды











-Күз мезгілі туралы

-Күн салқындайды, құстар жылы жаққа ұшып кетеді,

Жапырақтар сарғайып жерге түседі

-Қыркүйек, қазан, қараша




-Жеміс

-Алма, алмұрт, шие, шабдалы, өрік, анар, жүзім


-Жемістердің суреті

-Бауда өседі

-Бағбан атай











Мұқият тыңдайды




















Қойылған сұраққа жауап береді





-Сәлеметсіз бе?



-Бағбан атай



Елден алғыс алған мың, Мен бағбанмын, бағбанмын.
Дәмін көрші жүзімнің,
Дәмін көрші алмамның.

Қимылдар жасап орындайды





Ойынды 3-4 рет қайталап ойнайды















-Сау болыңыз, Бағбан ата!

-Бағбан ата



Сөздерді қайталайды

Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады:  Мәтінді түсінгендері бойынша әңгімелейді.

Түсінеді: Үлкендердің еңбегін құрметтеу керектігін;

ҚолданадыҚойылған сұраққа толық жауап береді.





































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!