Материалдар / Кітап - асыл қазына
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кітап - асыл қазына

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын, ғылым мен білімінің пайдасы жөнінде түсіндіру. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оны күтіп ұстауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: кітап туралы слайдтар, видео, суреттер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Шілде 2022
1289
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:«Кітап - асыл қазына» атты танымдық ойын.

Күні:22.04.2022жыл

Уақыты:11 .00

Өтетін орны: Тұңғыш Президенттің тарихи мәдени орталығының көк залында

Мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын, ғылым мен білімінің пайдасы жөнінде түсіндіру. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оны күтіп ұстауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: кітап туралы слайдтар, видео, суреттер

Барысы:

Қабат-қабат қатталған, Асыл сөзбен апталған. Парағы бар сөйлейтін, Ол қазына өлмейтін. (Кітап)

Ой қозғау: - Мектепке балалар не үшін келеді?

- Оқу, білімді алу үшін оқушыға не керек? (Кітап) Мұғалім:

-Балалар, бүгін біз өзіміздің ең жақын досымыз кітап туралы сөз қозғамақпыз. Оқусыз, білімсіз дүниенің қыр –сырын ұғып, түсіну мүмкін емес.Сондықтанда ерте кезден бастап адамзат баласы білімге, ғылымға аса мән берген. Өз білгенін, көргенін кейінгі ұрпаққа мұра ретінде жазбаша қалдырып отырған.

Кітаптың шығу тарихымен таныс болайық. (Слайд)

Алғашқы кітаптар осыдан бірнеше жыл бұрын пайда болған.Ол біздің қолымыздағы кітаптапға еш ұқсамайды.Алғаш рет кітап жұмсақ балшықтан жасалған.Жұмсақ балшыққа үшкір нәрсемен жазу жазып,оны кептіріп,кейін күйдірген.Ол кәдімгі кірпіш тас сияқты болған.Бамбук өсімдігінен таяқшалар әзірлеп соған да жазған.Ежелгі Египетте кітапты тасқа қашап жазған.Кейін жануарлардың терісінен пергамент деп аталатын материал жасалып,кітап соған жазылған.Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз XIII ғасырда пайда болды. Кітаптың шығу тарихы мыңдаған жылдар мен ғасырларды артқа тастаған.

Кітап арабтың “жазу” деген сөзінен шыққан.Ол тарих шежіресі,оқу тәрбие құралы болып табылады.”

Экскурсия жетекшісі Айнұр С:

Кітаптың түрлерімен таныстыру:

- Ал, балалар қандай кітап түрлерін білесіңдер? Ертегі, ақын-жазушылардың кітаптары

оқулықтарымен танысу:

Балалар, сендерге бір сұрақ қойғым келіп тұр

Іші толған әріпке- Білімдегі жарық не? Болашаққа жол ашқан Ол сүйікті ең алғашқы - Әліппе , ал қазіргі - Сауат ашу кітабы

-Ал балалар алғаш қазақ тілінде кітап құрастырып, оқулық жазған көрнекті ақын, ғалым, ағартушы, Әліппенің атасы атанған , Қазақ хрестоматиясын ашқан кім білесіңдерме ? балалар. ( А Байтұрсынов) Слайд.

- Ең алғаш мектеп ашып оқулық жазған ,балаларды оқуға шақырған кім деп білесіңдер? (Ы. Алтынсарин)Слайд

Жалғастыр”. Ойынын ойнап көрейік. 1.Кітап - білім бұлағы, ... (білім - өмір шырағы). 3.Кітап – ... (алтын қазына). 4.Оқу инемен (құдық қазғандай).

7. - Білім біздің шамшырағымыз,( кітап біздің ұстазымыз.) 8. Оқусыз білім жоқ, (Білімсіз күнің жоқ)

9. Кітапсыз үй – (жансыз дене.)

10. Ақыл- баста, (Білім- кітапта).

Сүйікті кітаптарымызбен бірге « Кітаптар нені жақсы көреді?» ойын (иә, жоқ) ойнайық:

Кітап нені жақсы көреді?

-кітап қаптамасын

-лас қолмен ұстағанды

-тілмені

-қар мен жаңбырды

-ұқыпты ұстағанды

-мейірімділікті

- майлы қолды

-таза қолды

-жерде жатқанды

-сиямен бояп тастауды

-кітап беттерін жыртуды

-кітап сөресінде тұруды

-сүйікті оқырмандарды.



Экскурсия жетекшісі :

-Балалар міне кітаптың қандай пайдасы бар екенін, оның үлкен еңбекпен келетінін білдіңдер.

1 - оқушы: Саған білім жемісін, Оқулығың береді. Талай адам сол үшін, Маңдай терін төгеді. 2 - оқушы: Орманшының аялы, Алақаны өсірген. Сонау ағаш саялы, Қағаз үшін кесілген. 3 - оқушы: Ағаш кесіп қаншама адам, Ормандарда жүреді. Аға қанша шаршаған, Ағаш тиеп үнемі. 4 - оқушы: Машинист боп жасынан, Дүбірлетіп даланы, Сол ағашты тасыған, Білер ме екен көп адам. 5 - оқушы: Заводтарда күн - түні, Қағаз жасап бағалы. Қанша адам кім үшін, Маңдай тері тамады.

6 - оқушы: Оқулықты баршаға, Талай ғалым қолға алып. Жылдар бойы қаншама, Жазады ұзақ толғанып. 7 - оқушы: Әдемілеп берсем деп, Бояу жағып не түрлі. Суретшілер көркемдеп, Қанша уақыт отырды. 8 - оқушы: Әріп теру үшін де, Талай адам терледі. Баспахана ішінде, Айлап тыным көрмеді. 9 - оқушы: Оқулықты мектебің Берер саған теп - тегін. Білмейсің - ау еш бірақ, Қаншама еңбек кеткенін. 10 - оқушы: Оқулығың құралың, Жағар білім шырағын. Баса алмайсың ешқашан, Онсыз алға бір адым.

Видео ролик (Альберт видеожазбаны қосады)

Мұғалім:

-Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Кітап – біздің рухани жан азығымыз.

Слайд.

-Экраннан кімді көріп тұрсыңдар?

-Әрине, Абай аталарың.

-Абай атамызда «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп өсиет

Ендеше әрбір оқушы кітапты күтіп ұстауымыз қажет. Әр оқушы өз оқулын күтіп ұстауға жауапты екенін ұмытпайық. Ендігі кезек кітапханамызға экскурсияға шақырамын. Менімен бірге жүріңдер балалар

Кітапханашы Эльмира :( экскурсия кітап әлеміне саяхат) Құттықтау сөз директордың орынбасары Гульжан Социаловнаға беріледі.Мараппаттау рәсімі(фото түсірілім) Экскурсия зал бойынша фото түсірілім







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!