"Кітап - рухани қазына"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Кітап - рухани қазына"

Материал туралы қысқаша түсінік
Кітап – адамның жан дүниесін байытып, адами асыл қасиеттерді қалыптастыратын рухани құндылық. Оның адамзатқа келтірер пайдасы мол. Баланың дұрыс дамуына игі ықпал ететін құнды қазынамыз – ертегі, жыр, дастандардан бастау алады. Бастауыш сынып оқушыларын кітап оқуға қызықтыруда ертегі, жыр, жұмбақ, жаңылтпаштардың орны бөлек.
Материалдың қысқаша нұсқасы



"Кітап - рухани қазына"

Достар, "Артық білім кітапта, Ерінбе оқып көруге", - деп ұлы ақынымыз Абай жырлағандай ерінбей білім алуға асығайық. Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық.

Кітап – адамның жан дүниесін байытып, адами асыл қасиеттерді қалыптастыратын рухани құндылық. Оның адамзатқа келтірер пайдасы мол. Баланың дұрыс дамуына игі ықпал ететін құнды қазынамыз – ертегі, жыр, дастандардан бастау алады. Бастауыш сынып оқушыларын кітап оқуға қызықтыруда ертегі, жыр, жұмбақ, жаңылтпаштардың орны бөлек.

Оқушыларды кітап оқуға баулуда қызығушылықтарын арттыру – басты мақсат. Сондықтан да балаларға өзінің жас ерекшелігіне сай қызықты кітаптарды таңдап алып оқуына көмектескен жөн. Оған ата-ана да, ұстаз да мүдделі болуы тиіс. Оқушылардың кітап оқуға құмарлықтарын арттыруда мұғалім алдын ала жоспар құрып, әр баланың жас ерекшелігіне, нені ұнататындығына байланысты көркем әдебиеттерді, балалар журналдарын таңдап ұсынғаны абзал. Сынып жоғарылаған сайын кітаптың мазмұны да күрделене түседі.

Кітапты дауыстап оқыту арқылы оқушының мәнерлеп оқу дағдысын да  қалыптастыруға болады. Мәнерлеп оқуда екпінді дұрыс қоя білу, оқу мәнерін меңгеру, тыныс белгілерін сақтап, дұрыс кідіріс жасап оқу ескеріледі.

Бастауыш сыныпта оқушылар мұғалімнің нұсқауымен кітап оқудың тәртібімен танысады. Оқыған кітабының мазмұнын айтып беруге дағдыланады.  Бірте-бірте кітап таңдап, оқи білу дағдысын меңгереді.

Өз таңдаулары бойынша кітап оқыту, бірге кітап оқып талқылау, топтық жұмыс жүргізу, балалардың әрқайсысына шығарманың өзіне ұнаған тұстарын оқыту арқылы да балалардың қызығушылықтарын оятуға болады.

Баланы кітап оқуға қызықтыра түсуде оқылған ертегілер мазмұнына сай түрлі-түсті бояумен суреттер салдырып немесе дайын суреттерді пайдаланудың да берері мол. Ол баланың оқығандарын түсінуіне, есте сақтауына көмектеседі. Оқушылардың тоқсан бойы оқыған кітаптары бойынша байқау ұйымдастырып, көрме өткізіп, ынталандырып отырудың да маңызы зор.

Оқушыларға оқыған кітаптары бойынша кесте толтыртып, оның  тақырыбы, авторы, шығарма кейіпкерлері, қысқаша мазмұнын жаздыртып отырған жөн. Бұл баланың ой қорытуына, оқыған шығармасын ұзақ есте сақтауына ықпал етіп, бұдан да көп кітап оқуға ынталандырары хақ.

Кітапты жиі оқу нәтижесінде бала шапшаң оқуға дағдыланады.Оқығанды көз алдына елестете алу, қиялдау қабілеті дамиды. Ақыл, ой еңбегі қалыптасады. Білім көкжиегі кеңейеді. Сөздік қоры молаяды. Ең бастысы, баланың жан-жақты дамуына, рухани кемелденуіне жол ашылады.

М.Жүсіп атындағы ЖОББМ-ің

2 «Б» сынып мұғалімі Мирманова Жанар Жумагельдиновна.

Оқушысы Есжан Айару Гафурқызы.

Павлодар қ.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.12.2023
333
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі