Тақырыбы: Кітап – білім бұлағы
Мақсаты:Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықтарды күтіп ұстауға үйрету.Көрнекілігі: Кітап жайлы жазылған плакаттар, суреттер.Мұғалім: Халқымыз өнер мен білімді қадірлеген. Бүгінгі таңда барлық адамзаттың алдында тұрған басты мақсат-білімді ұрпақ тәрбиелеу.Ата –бабамыз кітапты ерекше ақылшы ұстаз санаған. Кітап-білім бұлағы, Білім өмір шырағы деген қанатты сөздер қалдырған. Кітап адам баласына сырлас дос болады. Кітаптар күніне байланысты кітапхана белсенділерінің Кітап –білім бұлағы атты сайысымызды бастаймыз.
Өмір мәні-өнер менен білімде.
Айтайықшы кітабыңды жыр ете.
Әр ақылың-рухани қазынаң.
Құнды байлық баға жетпес бұл өте.
Адамның досы-кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған дүние мүлік.
Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі деп 2 топты ортаға шақырамыз.
1 топ Кітапсүйерлер
2 топ Кітапқұмарлар
Слайд: Кітап туралы не білеміз?
І бөлім: І топ Білім көзі – кітапта.
Кітаптарға байланысты Кітапсүйерлер тобына мақалды жалғастыру
1.Ақыл-тозбайтын тон
./ Білім-таусылмайтын кен/
2.Оқу-білім бұлағы,
.Білім-өмір шырағы
3.Оқу-білім азығы
Білім ырыс қазығы
4.Оқығанның бәрі жарық
Оқымағанның беті шарық
5. Қына тасқа бітеді
Білім басқа бітеді.
ІІ топ Кітапқұмарларға сұрак. Мақалды жалғастыру
1. Көп сөз- көмір, Аз сөз алтын.
2. Тіл қаруы –сөз, Сөз қаруы ой.
3.Ақын ұлттың жүрегі, ..................... Шешен көптің тірегі Батыр көптің білегі
4. Шебердің қолы ортақ, .Шешеннің тілі ортақ
5. Көлдің көркі құрақ, Таудың көркі бұлақ
“ Пергамент” кітабы.( слайд) ІІ. Бөлім: Кітапсүйерлер тобына жұмбактарды шешу 1.Қабат-қабат каптама, Ақылың болса аттама. \кітап\
2.Жаны жоқ болса да, Ақылы адам ісін істейді \кітап\
3.Аяғы жоқ жүреді, Аузы жоқ сөйлейді \қалам\
4.Судан алады , Суға салса өледі \тұз\
5.Бес жанды бір жансызға мінгескен,
Айналып ақ тақырда кездескен \бес саусақ пен қалам\
Кітапсүйерлер тобына жұмбактарды шешу /ІІ топ/
1.Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар /қой/
2. Таптым-таптым тап жорға,
Табаны жалпақ боз жорға /түйе/
3. Жол үстінде қу қазық,
Мергеншіге жол азық /қоян/
4. От басында құмған,
Екі көзін жұмған /мысық/
5.Қара арғымақ мінгенім,
Қыр айнала жүргенім,
Сегіз найза сенгенім ,
Он екі қылыш ілгенім /Бүркіт/
Кітап басу цехы. ( слайд)ІІІ. Бөлім: викториналық сұрақтар /1 топқ/
1. Жеті жоқты ата? / Жылқыда өт жоқ, Құста сүт жоқ, Таста тамыр жоқ,
Тасбақада талақ жоқ, Аспанда тіреу жоқ, Жерде өлшеу жоқ, Аллада бауыр жоқ./
2. Қазыбек би: Не қымбат? Алтын ұяң- Отан қымбат, Құт берекең-атаң қымбат. Аймалайтын анаң қымбат, Мейірімді апаң қымбат. Кіндік кескен жерің қымбат, Ұят пенен ар қымбат.
3. Жеті қазынаны ата? Жеті қазына – Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-ой, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық .
4.Үш биді ата? (Төле би, Әйтеке би, Қазбек би)
5. Қазақтың қандай ұлттық ойынын білесіңдер? (Тоғызқұмалақ, бәйге, аударыспак, қыз қуу, теңге алу, т.б )
/ ІІ топ/
1.Қазақ даласында алғаш мектеп ашқан, қазақтың ұлы ағартушысы кім? (Ыбырай Алтынсарин)
2.Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін ата? (Елтаіба, Ту, Әнұран)
3.Жыл атауынан құр қалған жануар не? (Түйе)
4. 1912 жылы Қазақ әліппесін жасаған, алғаш оқу құралын жазған кім? (Ахмет Байтұрсынов)
5. Кел балалар оқылық өлеңі кім жазған? (Ы.Алтынсарин)
Түптеу цехы. ( слайд)
Білім алар көп адам,
Жақсы нәрсе жоқ одан.
Қызыға кеп оқимын,
Кітап көрсем жаңадан. деп қонақтарымызға сөз береміз.
Әділқазыларға сөз.
Жеңімпаздарды мараппаттау
Осымен кітапхана белсенділерінің сайысы аяқталды.
Сау саламат болыңыздар!