Материалдар / Кітап- білім көзі 3 сынып 5 сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кітап- білім көзі 3 сынып 5 сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ мақсаты: Білім кітап арқылы берілетінін ұғындыру.Кітаптың адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.Кітапқа деген қызығушылығын арттыру.Оқулықты күтіп ұстауға үйрету. Міндеттері: 1.Оқушыларға кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде ақ бүкіл адамзат өмірімен танысатындықтарын.Кітап білімімізді молайтатындығын,кітаптан көп өнеге мен тәрбие алатындықтарын ұғындыру арқылы білімін жетілдіру. 2.Оқушыларды кітапты қастерлеп, сақтауға баулу арқылы сүйіспеншілік қасиетіне үйрету; 3.Оқушыларды қамқорлыққа,жауапкершілікке,сыйластыққа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қараша 2021
607
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: №59 мектеп-лицейі

Мерзiмі: № 5 сабақ

Тақырып: Кітап- білім көзі

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Cыйластық, жауапкершілік, қамқорлық

Мұғалiм: Жумабаева А.Р

Сынып: 3 Оқушы саны:

Сабақ мақсаты: Білім кітап арқылы берілетінін ұғындыру.Кітаптың адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.Кітапқа деген қызығушылығын арттыру.Оқулықты күтіп ұстауға үйрету.

Міндеттері:

1.Оқушыларға кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде ақ бүкіл адамзат өмірімен танысатындықтарын.Кітап білімімізді молайтатындығын,кітаптан көп өнеге мен тәрбие алатындықтарын ұғындыру арқылы білімін жетілдіру.

2.Оқушыларды кітапты қастерлеп, сақтауға баулу арқылы сүйіспеншілік қасиетіне үйрету;

3.Оқушыларды қамқорлыққа,жауапкершілікке,сыйластыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

үнтаспа, дәптер, оқулық


Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi. Жағымды көңіл күйге келу.

Тыныштық сәтi.. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....



2.Үй тапсырмасын тексеру.

Оқулықтың 23 бетіндегі Құрманбай Толыбаевтың «Жүз мәрте» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар қойылады.

  • Кітап адамға қалайша қызмет етеді?

  • Кітапты бірнеше рет қайтара оқудың пайдасы қанадай?

  • Оқығанын терең түсіну үшін адамға қандай қасиеттер керек?

  • Өзің кітапты қалай оқисың?

5 «Т» ережесін еске түсіру.

Тәртіп

Талап

Тыныштық

Тазалық

Татулық

Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.


3.Дәйексөз.

Кітап-білім бұлағы

Мақал



4.Әңгiмелеу (сұхбат)

Қайта-қайта

(Аңыз)


Әл-Фараби асқан табанды адам болыпты.Әсіресе, кітап оқуға деген құштарлығы мен ынталылығы шексіз екен.Егер ол бір кітапты бір оқығанда толық түсіне алмай қалса,қашан мән-мағынасын ұғынып болғанша қайыра-қайыра оқиды екен.

Бір күні бір жолдасы Әбу-Насырға:

  • Менің мына бір кітаптарым сіздің үйде тұра тұрсын, кейінірек алармын,- деп,кітаптарын қалдырып кетеді.

Фараби кітаптарды алып,сақтап қояды.

Қолы бір босаған кезде кітаптардың біреуін алып,көз жүгірте бастайды. Сөйтсе Әбу Насырға кітап ұнап қалады. Содан кейін кітапты қайта оқып шыққан екен, тағы да қанағаттанбапты. Төртінші рет қайта оқыпты. Ақыры болмаған соң,қашан толық ұғынып алғанша әлгі кітапты қолынан тастамапты.Оның есесін кітапта жазылғандарды өте айқын түсініпті.Соның нәтижесінде әл-Фараби ғылымға бой ұрып,асқан ғұлама болып шығыпты.



5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма. Кітап туралы нақыл сөздерді оқыңдар.Кітап оқу жөнінде ереже құрастырып жазыңдар.

2-тапсырма.Мәтінді оқыңдар.Өзіңнің кітап мазмұнын неше қайтара оқығанда түсінгеніңді бақылап көр.Қазіргі кезде оқып жүрген кітабыңның мазмұнын достарыңа баяндап бер.Кітаптан қандай үлгі алғаныңды айт.

6.Топпен ән айту.

Мен әдепті баламын

Сөзі:Әбдірахман Асылбек

Әні:Ибрагим Нүсіпбаев

Мені үлкендер әдепті деп мақтайды,

Мінезімнен теріс қылық таппайды.

Ал,егер сен жалқау болсаң тілазар,

Ондай әдет жақсылыққа жатпайды.

Қайырмасы:

Айтқан тілді аламын,

Айтқан жерге барамын,

Мен әдепті,

Мен әдепті баламын.


Тілін алып кішінің де кәрінің,

Айтқанынан шығып жүрмін бәрінің.

Ата-ананың айтқанынан шығуды,

Әдептілік белгісі деп таныдым.



7.Үй тапсырмасы.

Оқулықтың 26 бетіндегі Құрманбай Толыбаевтың «Қайнар » әңгімесін оқып,мазмұндау


8.Сабақтың қорытынды сәтi.

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!