Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Кітап – рухани қазына
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тексерілді: Кудайбергенов Д.Н
Қысқа мерзімді жоспар
Тақырыбы: Кітап – рухани қазына |
№60 жалпы білім беретін орта мектеп |
|||
Мұғалімнің аты-жөні: Қожан С.Ж |
||||
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
Сабаққа негізделген оқу мақсаттары,сабақ нәтижесі: |
Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, оқулықты күтіп ұстауға үйрету. Сабақтың көрнекілігі: Оқу-білім туралы айтылған сөздер жазылған плакаттар. Балалар ақын-жазушыларының суреттері. |
|||
Бағалау критерийі |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
|||
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
|||
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
|||
Тілдік құзыреттілік |
Сөйлеу арқылы тілдік қасиеттерді арттыру |
|||
Пәнаралық байланыс |
Әдебиет,тарих,музыка,сурет. |
|||
Сабақтың жоспары |
||||
Жоспарланған уақыт |
Сабақ барысы |
Бағалау түрлері |
||
Басталуы 5 минут |
Кітап та алма ағашы, Жемісін біздер теретін. Тәтті алмаға балашы Кітабыңның әр бетін, — деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде-ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз.
Кітап – араб сөзі. Ол қазақша «жазу»,
«жазба» деген мағынаны білдіреді. Кітап – көп ақылдың құйылған
көлі, ол ортақ мүлік, халық қазынасы, сарқылмас білім бұлағы. Ата
бабаларымыз «Күш білімде, білім кітапта», «Кітап – ғажап дос» деп
бекер айтпаған. Кітап – шебер ұстаз, тілсіз
мұғалім. |
|
Жаңа білім 10 минут |
Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі-өнеге мен тәрбие аламыз. Оқыған-тоқағаның көп болса, жеңбетін жау, алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз «Батыр бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек. Кітап туралы оқушылардың ойларын тыңдау 1-оқушы: Кітап заманымыздың өмірі. Ол кәріге де, жасқа да қажет. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Кітап адамның дүниетанымын кеңейтіп, рухани дүниелерді оятып, ертегі, әңгімелерімен сыр шертіскен кітап біздің ең жақын ақылшымыз. Мұғалім: Балалар, ортамызға кітапты шақырайық. Кітап: Балалар, мен білім көзі – кітаппын. Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңіреді. Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағаштардан қағаз шығарады. Содан соң авторлар жазады, суретші ағайлар сурет салады. Баспахана суреттер мен жазуларды жазып шығарады. Мұғалім: Кітап, ендеше сен бүгін бізде қонақта болып балалардың өнерін тамашалап қайт. Адамның досы кітап, өмір кілті, Тең келмес оған жиған мүлкі. Ақылшы, жанға серік, жол бастаушы, Асыл ой қазынасы, өмір көркі. Тұрады басын құрап әріп неден, Басталған білім басы әліппеден. Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит Оқысаң кітап сырын ашып терең. Қазақстан азаматтары білімді, мәдениетті және өнерлі болу керек. Ол үшін терең білім, ғылыми жаңалықтар, өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітаппен тынымсыз еңбек етеді. Алғашқы кітаптар осыдан бірнеше жыл бұрын пайда болған. Ол біздің қолымыздағы кітаптарға ұқсамайды. Алғаш рет кітап жұмсақ балшықтан жасалған. Жұмсақ балшыққа үшкір нәрсемен жазу жазып, оны кептіріп, кейін күйдірген. Ол кәдімгі кірпіш тас сияқты болған. Бамбук өсімдігінен таяқшалар әзірлеп соған да жазған. Ежелгі Египетте кітапты тасқа қашап жазған. Кейін жануарлардың терісінен пергамент деп аталатын материал жасалып, кітап соған жазылған. Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз XIII ғасырда пайда болды. Кітаптың шығу тарихы мыңдаған жылдар мен ғасырларды артқа тастаған. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы
ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едік» деген екен Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап талғап оқи
білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата
білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын
айқындайтын алғы шарттардың бірі. Күтіп ұста кірлетпе. Кішілерге табыс ет, Дақ түсірмей бір бетке. |
|
Ортасы 10 минут |
Көрініс: «Кітаптар
мұңы» |
|
Аяқталуы Сабақты бекіту 10 минут |
Мұғалім: Есті адам
баласы кітапқа қолының қалай жеткенін біледі ғой, ал мынадай істі
тек әдепсіз, сотқар балалар ғана жасауы мүмкін. Дұрыс па, балалар?
Осы мұңын шаққан кітаптардың алдында біз Адырбай мен Сотқарбай
сияқты оқушылар болмаймыз деп уәде береміз бе? |
|
Кері байланыс 3 минут |
Кітапты ұстау ережесі. 1.Кітап адам өмірінің таусылмас қазынасы,ғылым мен білімнің көзі, өнер мен тәрбие құралы. 2.Кітапты күнделікті үзбей оқуды дағдыға айналдыр. Ол үшін күніне кітап оқуға 3-4 сағат бөлуді жоспарла. 3.Кітапты қалай болса солай оқымай, оларды белгілі мақсат пен жоспар бойынша оқуға дағдылан. 4.Барлық кітапты үнемі бірдей тәсілмен,бірыңғай жолмен оқуға болмайды. 5.Кітапты төсекте жатып,ас ішіп отырып оқыма,кітапты үлкен ой еңбегімен оқу керек. 6.Кітапты оқығанда ойға сақтауға,керектерін жатқа айта білуге,керекті сөздерді жазып алып,өмірде пайдалануға әдеттен.
|
|
Қосымша ақпарат
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?Бүгін оқушылар не білді?Сыныптағы ахуал қандай болды?Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
«Менің көңіл-күйім баспалдағы» Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.
|
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
|