Материалдар / Кітап сарқылмас қазына
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кітап сарқылмас қазына

Материал туралы қысқаша түсінік
окушыларга
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2020
593
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК





Бекітемін:

Колледждің әдіскері

Нурашева Э.Н.

«Келісемін» _______

Сынып жетекшісі:
Дюсекина.Э.С




ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

ТАҚЫРЫБЫ: «Кітап – сарқылмас қазына!»

Shape1

Өтетін орны: № 4 ЖОББМ КММ

Дәрісхана № 38

Сынып: 1«В»

Мерзімі:

Тобы: 210

Машықкер: Солтанбекова Жанна

Баға: «__»___________



Семей, 2020 жыл


Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларға білімнің кітап арқылы  берілетінін ұғындыру. Кітаптың жасалу жолы туралы түсінік беру;

Тәрбие сағатының міндеттері:

Білімділік: : білімнің кітап арқылы берілетінін, адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасын түсіндіру;

Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілетін, тіл байлығын,  ой-өрісін дамыту;

3.Тәрбиелік: кітапты таза ұстауға, тазалыққа, мейірімділікке баулу тәрбиелеу;

Тәрбие сағатының түрі: танымдық

Тәрбие сағатының көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер, мақал- мәтелдер, жұмбақтар, ақпарақтар.

Қолданылатын әдістер: түсіндіру, көрнекілік, мақал мәтелді жалғастыру.

Тәрбие сағатының құрылымы:

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу

Психологиялық даярлық:

Негізгі бөлім

а) Кітап туралы мәлімет беру.

б) Мақалды жалғастыр...

в) Есте сақта!

г) Жұмбақтар шешу.

д) Тақпақ оқу (оқушылар)

ж) Сурет салу.

III. Қорытынды бөлім

а) Кері байланыс жасау.

б) Смайлик арқылы қорытындылау.



ЖҮРУ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, таныстыру.

Сәлеметсіңдер ме балалар? Қалдарыңыз қалай?

Мен, Солтанбекова Жанна Қумарқызы М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің 210 топ машықкерімін, бүгінгі тәрбие сағатын сіздерге мен жүргіземін.

Психологиялық даярлық.

Балалар барлығымыз орнымыздан тұрып , шеңбер құрып , бір - бірімізге қарап жылы лебіздерімізді білдірейік.

ІІ. Негізгі бөлім.

а) Кіріспе сөз.

Кітап та алма ағашы, 
Жемісін біздер теретін. 
Тәтті алмаға балашы, 
Кітабыңның әр бетін.

Кітап – араб сөзі, “жазба”, ал түрікше “дәптер”, “мерзімді баспасөз басылымы” деген сөз. 
Кітап өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құралы. Адам кітап басатын құралды ойлап  тапқанша көп уақыт өтті. Кітаптар мазмұны жағынан  әртүрлі болады. Олардың қағазы да, тысы да мұқабасы да, безендірулеріне де қарай әртүрлі болады.
Кітап жасауда көп адам енбектенеді. Кітап жасайтын машина  өзі кітап істей алмайды. Қағазды жасауды орманшылардың да еңбегі зор. Қағазды ағаштан жасайды. Жазушылар мен ақындар ертегі, өлең, әңгіме жазады. Суретшілер  түрлі суреттер салады. Мәтінді теріп жазатын адамдар, басып шығаратын адамдар, кітапты капсырмалайтын адамдар да еңбек етеді. Адамның еңбегі мол. Сол адамдарға рахмет айтайық балалар. Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты. Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылы шығарыла бастады.

б) мақалды жалғастыр... 1. Білім - таусылмайтын (байлық). 
2. Кітап - білім бұлағы, білім – өмір (шырағы). 
3. Кітап –
алтын (қазына). 
4. Оқу инемен құдық (қазғандай).
5. Ақыл- баста, білім -(кітапта). 6.Кітап — таусылмайтын (байлық).
7. Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ. в) есте сақта! 1. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек. Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма
2. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек
3. Кітапты қалай болса солай оқыма.
4. Кітапты жыртуға, сызуға болмайды.
5. Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.
6. Кітап бетіне сурет салма! Кітап беттерін жыртпа. г) Жұмбақтар шешу.

Жұмбақты дұрыс шешкен оқушыларға смайлик беремін. 1. Сандығым бар өзгеше,

Қолыма алып жүремін. (кітап)


Білімнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы. (мектеп)


Оқытады жазда,

Оқытады қыста,

Тілсіз дана ұстаз. (кітап)


Білімнің дәнін береді,

Балаға тәлім береді (ұстаз)


Ірулі тұр кең алаң,

Керегімді мен одан

Жазып алам көшіріп

Сүртем сосын өшіріп.

(Тақта)

Төрт қырлы, өзі аппақ ,

Тақтадағы ізі аппақ.

(Бор)

Сансыз ойлар бетінде,

Сайрап жатыр бар тілде.

Керекпін мен әр күнде,

Өшпейді бір әрпімде.

(Кітап)

Тілі жоқ өзінде,

Сөзі бар ізінде

Өшпейді бір әріпімде.

(Қаламсап)


д) тақпақ оқу.

1 - оқушы. Кітап сенің қазынаң,
Кітап сенің жан досың.
Біліміңді асырар,
Кітап сенің бақ құсы. 2 - оқушы. Күндіз-түні бұрқырап,
Шығып жатқан көп кітап.
Кейбіреуі олардың,
Бұл әлемде жоқ кітап.

3 - оқушы. Ұқыпты әрбір ісіне,
Қамқор болған кішіге.
Білімқұмар баланың
Кітап кірер түсіне.


4 - оқушы. Бақытты мына заманда,
Кітапқа құмар бар кісі.
Маған да керек, саған да
.

Қызықты «Кітап жаршысы». ж) кітаптың суретін салу.


III. Қорытынды

Кітабын сенің, құралың,

Жағар білім шырағын

Баса алмайсың ешқашан,

Онсыз алға бір қадам.

Кітабыңды құрметте,

Күтіп ұста кірлетпе

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмей бір бетке.

Рефлексия

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!