Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Класс жетекші портфолиосы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Класс жетекші портфолиосы
Класс жетекші портфолиосын құрудың негізгі принциптері:
• жүйелілік;
• мәліметтердің нақтылығы мен ауқымдылығы;
• ақпараттың объективтілігі;
• көрнекілік.
Портфолионың негізгі мақсаты – класс жетекшінің кәсіби өсуінің мониторингінің, кәсіптік нәтижелерінің, жетістіктерінің, жүргізген жұмыстарының талдауын қамту;
Портфолио класс жетекшінің өз қызметіндегі тәрбиелеу, шығармашылық, өз білімін көтерудегі нәтижелерін жинақтауына көмек береді.
Портфолио:
•Класс жетекшінің біліктілік категориясын көтеруіне, бекітуіне және оқу жылының қорытындысы бойынша марапатталуының;
• Класс жетекші жұмысының нәтижесінің, кәсіби шеберлігінің өсуі туралы ақпараттың көзі болып табылады.
Класс жетекші портфолиосы файлдары бар арнайы папкада жасақталады. Портфолио құрамы Ақтөбе облыстық оқу-әдістемелік орталығының нұсқауының негізінде жасалды.
Портфолионы электронды түрде де жасауға болады. Электронды түрі құжаттардың сканерлеген қосымша электронды кестелер, педагог пен оқушы жұмысының электронды файлдары (жобалар,өткізген жұмыстардың материалдары және т.б.) түрде жасалады.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары өзінің функциональды міндеттеріне:
• класс жетекшіге портфолиомен жұмыс жасау технологияларымен (материал таңдау, оларды жүйелеу, жеке жетістіктерін көпшілік алдында айтуға дайындау) оқытуды;
• класс жетекшіге жан-жақты көмек көрсетуге; (дайындаған материалдарын және жұмысының жетістіктерін талдау, марапаттау);
•класс жетекші портфолиосындағы материалдардың мазмұндылығы туралы ұжымды ақпараттандыруға (класс жетекшінің кәсіби дамуының деңгейі туралы);тиісті
Портфолио әдісін енгізу класс жетекшінің жеке траекториялы кәсіби дамуының мониторингін танытуға, қызметінің нәтижесін толық көрсетуге, бағалы тәжірибесін таратуға, кәсіби шеберлігінің өсуіне және класс жетекші еңбегінің көтерілуіне көмек береді.
ҚҰЖАТТАР ПОРТФОЛИОСЫ:
1-папка:
Нормативтік-құқықтық құжаттар:
ҚР Білім туралы Заңы
Бала құқығы туралы Конвенция
ҚР Тіл туралы Заңы
ҚР Қоғамдық Ұйымдары туралы Заңы
Ақтөбе облысы бойынша 2013-2020 жылдарға арналған бағытты-бағдарлама
ҚР Кешенді тәрбие бағдарламасы
т.б. негізгі Заңдар
2-папка:
Тәрбие жоспары - Кешенді тәрбие бағдарламасы, Ақтөбе облысының 2013-2020 жылдарға арналған бағытты- бағдарламасы, мектептің тәрбие жоспары, кластың тәрбие жоспары, мектеп Жарғысы.
3-папка:
Кластың әлеуметтік құжаты, кластың мінездемесі, әр оқушыға мінездеме, класс белсенділері, сабақ кестесі, оқушылар ережесі.
____ «____» класының әлеуметтік құжаты.
20____ - 20____ оқу жылы
Оқушылар саны ___________
Қыз балалар саны __________
Ер балалар саны ____________
Жанұясының құрамы:
Көпбалалы жанұя (саны, тегі, аты) ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Толық емес отбасы (саны, тегі, аты) ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Азқамтылған отбасылар (саны,тегі,аты)_________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сәтсіз жанұялар (саны, тегі, аты)_______________________________________________________
______________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________
Қамқоршы қарауындағы балалар (саны, тегі, аты)_______________________________________ ______________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________
Ата - әжесімен бірге тұратындар (саны, тегі, аты) _________________________________________
___________________________________________________________________________________
Жанұядағы жалғыз балалар (саны) _____________________________________________________
Аға (іні) және апа (қарындас, сіңілі) (саны)_______________________________________________
Тұрмыс жағдайы:
коммуналдық пәтерлерде тұрушылар саны _____________________________________________________________________________________________________________________________________
бөлек пәтерде тұрушылар саны ( жер үй) _________________________________________________
тұрғын үйді жалға алушылар (саны, тегі, аты) көрсетілсін _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
қала сыртындағы үйде (бау-бақша) (саны, тегі, аты) көрсетілсін ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Ата – аналарының білім деңгейі: әке ана
Жоғары білімді
_________ __________
Орта арнаулы
_________ __________
Орта
_________ __________
Толық емес орта
_________ __________
әлеуметтік құрамы:
жұмысшылар
_______________ ________________
қызметкерлер
______________ ________________
кәсіпкерлер
_____________ _______________
инженерлер
_______________ ________________
жұмыссыздар _______________ ________________
Тәуекел топ , құқық бұзуға икемді оқушылар саны (тегі, аты) _____________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Қиын балалар (саны, тегі, аты)_________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Ішкі істер бөліміне тіркеуге алынғандар ( тегі, аты)__________________________________________
_____________________________________________________________________________________
Кластын ұлт құрамы.
№
ұлты
Саны
1
2
3
Оқушының денсаулық жағдайы:
Үйден оқытылатын оқушылар (тегі)____________________________________________________
Аурулығы туралы учеттағы оқушылар (тегі)___________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Көру қабілетінің бұзылуы _____________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Оқушының бос уақытының ұйымдастырылуы
Музыкалық мектепте оқиды ____________ хор __________________________________
Спорттық секцияда________________________ би өнері _______________________________
Театр студиясында ________________________ _______________________________________
Би студиясында ___________________________ _______________________________________
Көркемдік мектепте _______________________ _______________________________________
Басқа іс - әрекет түрлері ____________________ _______________________________________ ________________________________
Кл жетекші _______________________________
Класқа мінездеме
Оқушылар саны __________ ұлдар_____________________ қыздар ______________________
Оқушылардың танымдық және интеллектуалдық қабілеті________________________________
________________________________________________________________________________
Сабаққа қатысымы ________________________________________________________________
Кластан тыс сабақтарға қатысымы __________________________________________________
Кластың ресми емес лидерлері ______________________________________________________
_________________________________________________________________________________
Кластың ресми лидерлері __________________________________________________________
Мұғаліммен қарым – қатынасы _____________________________________________________
Кластың ұйымдастырушылық қабілеті _______________________________________________
_________________________________________________________________________________
Кластағы мерекелерге қатысушы ____________________________________________________
Қадағалауды қажет ететін оқушылар_________________________________________________
№
саны
Аты – жөні
1
Жетім балалар
2
Анасы жоқтар
3
Әкесі жоқтар
4
Ата-анасы ажырасқандар
5
Тәуекел топтағылар
6
Сәтсіз жанұялар
7
Мүгедек ата-аналар
8
Аз қамтылған жанұялар
9
Көп балалы жанұялар
Класс жетекшісі___________________________
4-папка
Мемлекеттік қосымша бағдарламалар, жоспарлары, материалдары.
өрттен сақтандыру ережесі
ЖҚТБ және оның алдын алу мәселелері
рухани жыныстық тәрбие
зиянды заттарды қолданудың алдын алу
құқықтық ақпараттандыру
өмір қауіпсіздік негіздері (1-9 кластар үшін)
5-папка
Класс оқушыларының мектепішілік және мектептен тыс үйірмелерге қатысымы, намаз оқитын оқушылар туралы мәліметтер - істелген жұмыстар, есепте тұрған оқушылармен жүргізілген жұмыстар – папкалары,пән мұғалімдерімен байланыс, мұғалімдердің сабағына қатысуы, оқушылардың сабаққа қатысымын бақылау дәптері,АІІБ –мен, басқа да мекемелермен бірлесіп жүргізген жұмыстары.
6-папка
Ата–аналармен жұмыс (жоспары, хаттамалары, жүргізілген жұмыстар материалдары),ата-аналармен келісім шарттар
7- папка
Психологпен бірлесіп оқушылармен, ата-аналармен жүргізілген жұмыстар (сауалнамалар,анкеталар,диагностикалық талдаулар, анықтамалар)
8- папка
Тәрбие бағдарламасының бағыттары бойыншакласпен өткізілген жұмыстарының материалдарының жинағы
Сынып жетекшілеріне арналған папканың мазмұны.
Сынып жетекшілерінде төмендегі папкалар мазмұнымен бірге барлық құжаттар міндетті түрде болуы керек деп ойлаймын!
1 папка
Сынып жетекшісіне арналған папканың мазмұны.
1. Сынып жетекшілерін бекіту туралы мектепішілік бұйрық.
2. Өткен оқу жылына арналып атқарылған жұмыстар есебі.
3. Жаңа оқу жылына арналған мақсаттар мен міндеттері.
4. Сыныпқа мінездеме
5. Сыныптың толық тізімі және ата-аналары туралы ақпаратпен қоса.
6. Оқушылар тізімі, олардың атқаратын міндеттерімен қоса
7. Сыныптың әлеуметтік картасы:
- тұрмысы төмен отбасылар тізімі;
- көпбалалы отбасылар тізімі;
- сәтсіз жанұялар тізімі;
- толық емес отбасылар тізімі;
- тәуекел тобына кіретін оқушылар тізімі;
- тізімінде тұрған оқушылар тізімі;
- Мектепішілік тіркеуде тұрған оқушылар тізімі;
- Дене шынықтыру сабағынан босатылған оқушылар тізімі
(егер бар болса)
- арнайы медициналық топта оқитын оқушылар тізімі егер бар
болса;
- (тубвиражный) тізімінде тұрған оқушылар тізімі. (егер бар болса)
- мүгедек балалар тізімі (егер бар болса)
- жетім және қамқоршысына тіркелген оқушылар тізімі (егер бар болса)
8. Жылдық жоспар.
9. Диагностикалық карта
- социаметрия (жылына 2 рет)
- тәрбиелік деңгейі (жылына 2 рет)
- тәртіп деңгейі
10. Сабақтан тыс уақыттағы оқушылардың (занятости)
- мектепішілік үйірмелерге қатысатын оқушылар тізімі;
- мектептен тыс үйірмелерге қатысатын оқушылар тізімі;
11. Қиын жасөспірімдерді бақылау күнделігі: педагогикалық карта.
12. Белсенді оқушылар картасы.
13. Ата-аналармен жұмыс: ата-аналар жиналысының тақырыбы; ата-аналар жиналысының хаттамасы.
14. Медициналық карта және алдын алу шаралары туралы жоспар (профилактика) және СӨС қалыптастыру жұмыстары.
15. Сынып сағаттарының және сыныптан тыс жұмыстардың разработкасы
2 папка
Қауіпсіздік техникасының ережесі.
3 папка
Жолда жүру ережесі.
Ережесі
Жоспары
Поуроч. Пландары
Разработкалары.
Сынып жетекшісінің негізгі құжаттамасы
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсаты және міндеттері
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған – балаға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгерту және қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйесін қалыптастыру. Соған орай оның негізгі мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.
1. Балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзіне-өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету. Бұл баланың одан әрі дара дамуының негізі болады. Себебі, тәжірибе көрсеткендей «қиын балада» өзі туралы жағымсыз көзқарас қалыптасқан. Соған орай дұрыс ұйымдастырылған сабақтан тыс тәрбие жұмысы оқу процесіндегі шектеуді жоюға мүмкіндік береді және баланың өзі жөнінде жағымды көзқарастың қалыптасуына, өзінің күш-қайратына сенімнің орнауына жағдай туғызады.
2. Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатысты жағымды көзқарасы бар жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескеру, көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда, онда толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы қалыптасқан.
3. Балада әртүрлі көркемөнер әркеттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті қалыптастыру. Оған қызығушылықты баланың дара ерекшеліктерін жіне қажетті біліктілік пен дағды дәрежесін ескеру негізінде қалыптастыру. Басқа сөзбен айтқанда, сабақтан тыс жұмыста бала өзіне пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс және оны өздік тұрғыдан ұйымдастыра алуы қажет.
4. Баланың дүниетанымының компоненттері: адамгершілік , эмоционалдық, ерік-жігерін қалыптастыру. Сабақтан тыс жұмыста бала адамгершілік түсінік арқылы қоғамдық мораль және мінез-құлық нормаларын меңгереді. Эмоциялық сала шығармашылық әрекетте эстетикалық көзқарас арқылы қалыптасады.
5. Баланың таным қызығушылығын дамыту. Мұндай міндетте сабақтан тыс жұмыс сабақта және сабақтан тыс әрекеттің сабақтастығын қамтамасыз етеді. Өйткені сабақтан тыс жұмыс сабақтағы тәрбиемен байланысты, мұндай көзқараста ол оқу процесінің нәтижесін арттыруға бағытталған. Баланың таным қызығушылығын дамыту, бір жағдайда, ол оқыту процесіне жұмыс істесе, екінші жағдайда, балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді.
Жоғарыда аталған міндеттер сабақтан тыс жұмыстардың негізгі бағыттарын анықтайды.Нақтылы іске, сыныпқа, мұғалім жағдайының ерекшелігіне байланысты олар нақтыланып, өзгертілуі мүмкін.
Тәрбие жұмысының формасы
Тәрбие оқу процесі секілді нақтылы қалыптасқан, мақсатты, жүйелі процесс. Егер де тәрбие жүйесінің формасы жайында әңгіме қозғасақ, қазіргі педагогика практикасында бірнеше ұғым қалыптасқан: «тәрбие жұмысының формасы», «тәрбие шаралары», «тәрбие ісі» т.б. Соған орай «Педагогикалық энциклопедия» сөздігінде «форм» ұғымына қатысты бірнеше түсініктеме берілген:
1. Заттың нұсқасы, сыртқы көрінісі, сыртқы кескіні;
2. Белгілі бір мазмұннның сырқы көрінісі;
3. Бір нәрсенің белгіленген үлгісі;
4. Бір нәрсеге белгілі бір көрініс беруге бейімделу.
Сірә, солардың әрқайсысының мағынасы «тәрбие жұмысының формасы» және «тәрбие процесін ұйымдастыру формасы» деген ұғымдарды бейнелейтін секілді. Соған орай оны педагогикалық тұрғыдан қарастырсақ, онда тәрбие жұмысының формасы деп – бұл тәрбие процессінің мазмұнында өмір сүретін және көрініс беретін ұйымдастыру тәсілі. Онда белгілі бір құндылық ретінде (құқықтық, азаматтық, саяси, эстетикалық,адамгершілік ) пәнге, құбылысқа, оқиғаға, адамдарға және олардағы әрекеттестіктің қарым-қатыныстары ашық жарияланады.
«Тәрбие жұмысының формасы» оқушылардың нақты тәрбие әрекетін ұйымдастыру нұсқасын, олардың үлкендермен өзара әрекеттестігін, нақтылы істің компазициялық құрылымын, оның мазмұнын, атрибуттарын,әдістемесін, дайындық және өткізу технологиясын, педагогикалық талдауын анықтайды.
«Тәрбие шарасы» топтық ұжымдық әрекет ретінде ұйымдастырылған тәрбие жұмысының жеке бір актісі ретінде қарастырылады.
«Тәрбие ісі» ұжымдық шығармашылық әрекеттің әдістемесінде шығармашылық әрекеттің субъектісі тұрғысынан қарастырылады- үлкендердің (мұғалімдер, ата-аналар,жай қатысушылар) және тәрбиенелушілердің айтуы бойынша
Қазіргі тәрбиені ізгілендіру, мектепті демократияландыру, тұлғалық- бағыттаушылық көзқарас жағдайында тәрбие процесінің тек мақсаттылығы, мәні және мазмұны ғана өзгермейді, сонымен бірге тәрбиенің ұйымдастыру формасына тікелей қатысты оның әдістемесі де өзгереді.
Тәрбие жұмысының формасында оның мазмұны жүзеге асады. Сондықтан сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мазмұны оқушылардың теориялық білімін кеңейте, молықтыра түсуге лайықталып, оқушылардың жеке қабілетін дамыта түсерліктей болғаны жөн.
Тәрбие жұмысының әртүрлі формасын дайындау және өткізу барысында оның белгілі бір үлгісі жасалуы шарт.Ол тәрбие процесін сауатты және тиімді ұйымдастыруд қамтамасыз етеді. Оның елементтері мынадай болып келеді.
Мақсаты мен міндеттерін анықтау. Мақсат- педагогтардың ұйымдастыруымен арнайы белгіленген істің нәтижесінің болжамы. Мысалы, «Қайырымдық акциясы», «Ғылыми апталық» т.с.
Мақсат- тәрбие жұмысының формасында нақтыланады, өйткені бір актімен тәрбиелік ықпалды қалыптастыруға болмайды.Яғни, тәрбиеші мақсатқа жетуде бірнеше міндеттерді белгілейді.Мысалы, «Адамға музыка не үшін керек?» тақырыбының мақсаты- оқушылардың музыкалық мәдениетін дамытуды көздесе, оның міндеттеріне:
1. Оқушылардың музыкалық талғамы және қызығушылығын айқындау(сауалнама,әңгіме жүргізу, шығарма жаздыру, үнтаспа тыңдату арқылы);
2. Музыка жайында көзқарастарын және түсініктерін қалыптастыру (кеш өткізу,кездесу ұйымдастыру, театрға саяхат жасау, байқау ұйымдастыру);
3. Алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізу: шараның мазмұнын, құралдарын анықтау, қонақтарды шақыру, тапсырмаларды бөлу, безендіру жұмыстары, тхабарландыру, жоспарын құру, оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау.
4. Тәрбие шарасын өткізу. Оның кезеңдері:
7. Шараның басталуы, психолгиялық көңіл күйді орнықтыру: әдеби –музыкалық, поэзиялық, драмалық безендіру, күй табақ немесе үнтаспа ойнату;
8. Ұйымдастыру кезеңі: ұйымдастырушының сөзі, шараны ашу, мақсатын, барысын баяндау;
9. Негізгі бөлім: шараның міндеттері,жоспарына сай мазмұнының баяндалуы, оқушылардың шығармашылық әректтері;
10. Қорытынды бөлім:шарны қорытындылау,оқушылардың алған әсерін талқылау, шешім қабылдау, марапаттау, тапсырма беру;
5. Педагогикалық талдау жұмысы : шараның өту нәтижесін және оқушылардың белсенділігін бағалау, алдағы уақытқа бағдар құру, қолданылған тәрбие құралдары, амал тәсілдерінің нәтижелілігіне талдау жүргізу.Бұл жоғарыда тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әртүрлі формаларын ұйымдастырдық. Осындай қызықты ұйымдастырылған тәрбие жұмыстарының әртүрлі формалары оқушылардың жауапкершілігін арттырады, эстетикалық талғамдарын күшейтеді, сергектік сезімін, өзінің туған жеріне, өскен еліне, Отанға деген сүйіспеншілігінің артуына өз ықпалын тигізеді.
Тәрбие сағатын талдау үлгісі
1.Тәрбие сағатын ұйымдастырушының аты-жөні.
2.Тәрбие сағаты қай сыныпта, қандай мектепте өтті.
3.Тәрбие сағатының тақырыбы, мақсаты қандай?
4.Тәрбие сағатының формасы және әдісі қандай? (кеш, конференция, пікірталас, әңгіме,жиын, жиналыс).
5. Тәрбие сағаттарының міндеттері өткізіліп отырған сынып ұжымының мүддесіне сай келе ме?
6.Тәрбие сағатының дайындық және өткізу кезеңдеріндегі оқушылар, сынып белсенділері және ұйымдастырушысының белсенділік деңгейі қандай болады?
7. Тәрбие сағатын өткізу барысында қолданылған әдістер, көрнекіліктер, тхникалық құралдар, музыкалық шығармалардың маңызы, оларды қолдануда тәрбие сағатын ұйымдастырушысының шеберлігі қандай дірежеде болды?
8. Тірбие сағатының мазмұны оның тақырыбы мен мақсатына сай келе ме?
9. Тәрбие сағатының жоспарында көрсетілген кезеңдердің жүйелік, бірізділік қағидасы сақталған ба?
10. Тәрбие сағатының өту барысында аудиториялық көңіл күй қандай болды?
11. Тәрбие сағаты сынып ұжымына қалай әсер етті? Себебі.
12. Тәрбие сағатын дайындау, өткізу барысында қандай кемшіліктер болды? Болса оларды болдырмау үшін қандай тілегіңіз немесе ұсынысыңыз бар?
13. Тәрбие сағатында қолданылған көрнекіліктердің тартымдылығы, оқушылар ұжымына ықпалы қандай дәрежеде болды?
14. Осы сынып ұжымымен келешекте өткізілетін тәрбиелік шаралардың мазмұны және бағыты қалай болуы керек деп ойлайсыз?
Тәрбие сағатын ұйымдастыру жолдары
· Пікірталас
Оқушылардың адамгершілік түсініктері және сенімдерін қалыптастыруда тәрбие сағатын пікір талас түрінде өткізудің маңызы ерекше. Пікірсайыс – бұл жағдайда, оқушыларда егер талқыланып отырған сұраққа қатысты кейбір білім көлемі болса, сонда ғана ол нәтижелі болады. Пікірсайыс – бұрын өткізілген тәрбие сағаттарының жалпы алғанда белгілі бір көлемде нәтижесін, өміршеңдігін көруге мүмкіндік туғызады.
Пікірталас - оқушыларда қоғам және адамдар өміріндегі оқиғалар мен күнделікті тыныс-тіршілік жайлы лоардың көзқарастары мен сенімдерін, жоғары адамгершілік қасиеттері мен жағымды мінез-құлық нормаларын қалыптастырудың оңтайлы құралдары. Пікірталас барысында оқушылар қоғамдағы құбылыстар мен оқиғаларды, олардың себептерін терең анықтау, жолдастарының және айналасындағы адамдардың әрекеттерін терең сезініп, ұғынуға үйренеді.
Пікірталастың әңгіме тәсіліне ерекшелігі, онда сынып жетекшісінің қоғамдағы ортаға байланысты адамгершілік мәселелерін айқын меңгеруі. Соңынан, ол оқушылардың адамгершілік сенімдерін қалыптастырудың бірден бір құралы бола алады. Өйткені пікірталас кезінде оқушылардың көзқарасы кеңейіп, тіпті жай тыңдаушылар қатарында емес, соңынан оларды сөйлей білуге, өз ойларын жеткізе білуге, дәлелдей білуге, өз жолдастарының ойына салмақтылықпен пайымдауға үйретеді.
Тәжірибелі сынып жетекшілері бүгінгі күннің көптеген өзекті мәселелерін оқушылар алдында көтере отырып, қаралып отырған сұрақ төңірегіндегі жағдайды лолардың анық аңғара, талдай білуіне, оның себебін анықтап, қортындылай білуге ықпал етеді. Пікірталастың мақсаты оқушыларды ұжым болып пікірталастыруға, алмасуға, өз ойларын нақтылы жеткізе білуге, ең негізгісі өз беттерінше ойлай білуге үйрету. Пікірталастыың табысты өтуінің негізгі шарты алдын ала дайындық жұмыстарының ұйымдастырылуына үлкен мән беріліп, оған жауапкершілікпен қарау. Сонымен жекелеген оқушыларға тапсырмалар беріледі. Олар онымен қажетті әдебиеттерді іріктеп алады да, оларды оқушыларға оқуға ұсынады және көрме ұйымдастырады. Көрнекті ақын –жазушылар, мемлекет және өнер қайраткерлерінің еңбектерінен тақырыпқа сай нақыл сөздерді жазып іледі. Пікірталас жүргізуші адамды тағайындауға да үлкен мән беру қажет.Ондай адам біреу немесе екеу боғаны жөн. Олар өздерін оқушылар алдында еркін ұстай білетін, таза және тілі жатық, әсерлі сөйлей алатын беделді баланы сайлағаны жөн.Пікірталас өткізу барысында баяндама жасалмайды. П.Т. мәдениетті түрде оған қатысушылардың бір-біріне көңілі қалмау керек.
· Әңгіме
Тәрбие сағатында ең көп қолданылатын тақырып- адамгершілік тәрбиесі. Соған орай этикалық әңгімені ұйымдастыру: жолдастық және достық, әділеттілік және әділетсіздік , қарапайымдылық және озбырлық , жомарттылық және қатыгезділік, біреуге шын жүректен жақсылық жасау қасиеттеріне қатысты мәселелер қарастырылды. Осы мәселелерге қатысты өткізілген әңгімеде оқушыларға жалпы адамдық мораль ұстанымдарын жақсы ұғынуға, өмір тәжірибесін дұрыс та, нәтижелі қорытуға көмектеседі.Мұғалімнің әңгімесі оқушылардың жауаптары, пікірлермен ұштасып отырады. Мұндай әңгімені ұйымдастыруда, ең алдымен адамгершілік ұстанымдардың мазмұнын анықтап, түсіндіруден бастаған жөн.Әңгіме жүргізу негізінен бастауыш сынып оқушыларын қамтиды.
Әңгіменің негізгі бағыттары мыналар:
· Өз Отанына адал берілгендігі;
· Өзі өмір сүріп отырған қоғамның идеологиясына шынайы сенімділігі;
· Шыншылдығы;
· Қайырымдылығы, қарапайымдылығы, адалдығы;
· Саналы тәртіп пен мінез құлық, мәдениетіне жауапкершілігі;
· Жолдастық, достық қарым-қатынастыққа адалдығы;
· Немқұрайдылыққа және жамандыққа төзбеушілігі;
· Еңбекке, еңбек адамдарына және халық мүлкіне ізгілікті қарым-қатынасы;
Мұғалім әңгіме өткізу оқушыларға оқығандарынан әлденені оқып беруге, немесе еске түсіруге, адамдар арасындағы қарым-қатынастарға қатысты өздеріне белгілі бір оқиғаны өзіне алып, оған баға беруге ұсыныс жасайды. Егер әңгімелесу емін-еркін жағдайда өтсе және оқушылар өздерінің пікірлерін қысылмай-қымтырылмай айтатын болса, онда бұл пікірлердің қарама-қарсы болуы табиғи нәрсе.Қате пікір талқыға салынатын болсын, оқушыны қателігі үшін жазғыруға болмайды, оны да, басқа оқушыларды да дұрыс қорытындыға келуіне бағыттау керек.Бірақ мұғалім дайын қорытынды ұсынуға тиісті емес. Әңгіме өткізілгеннен кейін оқушыларға оның қаншалықты әсер еткендігі, олардың күнделікті өмірде: оқуда жолдастарымен қары-қатынастағы оның нәтижесінің сапасын бақылап, талдау жасап, соған қатысты келешекте тағ да басқадай нендей шаралар ұйымдастырылуы қажеттігіне көңіл бөлу керек.
· Конкурстар
Мектепте өткізілетін конкурстар (бәйгелер) оқушылардың ой-өрісін, тапқырлығын, шеберлігін, қабілетін жетілдіру, шыңдай түсу мақсатын көздейді. Сондай-ақ оқушылардың конкурсқа қатысуы олардың жақсы мінез-құлықтарының қалыптасуына, басталған істі тыңғылықты аяқтап шығуына, ұжымдық іске жауапкершілікпен қарауға септігін тигізеді. Конкурсты шығармашылық сипатта ұйымдастырып өткізуге, әсіресе оны қызықты, әсерлі, тартымды, әзіл-оспақ араластыра жүргізуге көңіл бөлген жөн. Конкурстың түрлері әралуан: конкурс-викторина, конкурс- инсценировка, мәнерлеп оқу, фото-сурет.Конкурсты өткізбес бұрын, конкурстың түрі анықталып, оған қатынасушыларға қойылатын шарттар белгіленеді және соған сай кімдердің қатынасуы тиіс екендігі жайында алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі. Соған сәйкес хабарландыру ілініп, әділ қазылар тағайындалады. Конкурсқа қатысамыз деген командалар, ұйымдастыру тобына алдын ала тапсырыс береді. Сөйтіп жарысқа түсуші командалар сайысқа түседі. Мұның өзі командалар арасында өз намыстарын қорғау үшін шығармашылықпен, ізденіспен дайындық жұмыстарын жүргізуге және команда мүшелерінің өзара түсіністікпен жұмыс істеуіне ықпал етеді.
Конкурсты өткізу барысында, жүргізуші оның өту шартымен, әділ қазылар алқасы мүшелерімен таныстыру жұмыстарын хабарлаудан бастайды. Содан кейін конкурсқа тапсырыс берген командаларды ортаға шақырып, оларды таныстырады. Конкурстың бағыты, формасына қатысты сұрақтар немесе тапсырмаларды командалардың орындауы, оның негізгі міндеті болып есептеледі.Конкурстың өту барысында әділ қазылар алқасы оның белгілі бір кезеңінде жоспарға сай сараптау, бағалау жұмыстарын жүргізеді. Соңында оның нәтижесі қорытыланып, марапаттау рәсімі атқарылады.
Оқушылардың сынып жиналысы
Сынып жетекшісінің оқушылармен атқаратын тәрбие жұмысының негізгі бір формасы, түрі –сынып жиналысы. Онда оқушылар демократия, ашық қарым-қатынас, ынтымақтастық, дербестік және жауапкершілік қағидасын меңгереді.
Сынып жиналысы – оқушылар ұжымында өзін-өзі басқарудың жоғары органы болып есептеледі. Оның негізгі міндеті – ұжым өмірін ұйымдастыру барысында оған қатысты негізгі мәселелерді талқылау. Соған орай, оның негізгі қызметі- ұйымдастырушылық және ынталандырушылық. Оның жұмысының нәтижелі болуы – ұжымды оң өзгеріске бағыттайтын нақтылы шешім қабылдау.
Сынып жиналысы ұжым мүшелеріне тапсырма береді, белсенділерді тағайындайды, мектеп оқушылар ұжымының өзін-өзі басқару ұйымына өкілдік сайлайды, сыныптағы оқу, мәдени, спорт, тазалық секторлардың жұмыс жоспарын талқылап, оның барысы жайында есептерін тыңдайды.
Сынып жиналысы - тек бір мәселе жөнінде тақырыптық немесе бірнеше мәселені талқылау жайында сыныптың оқу-тәрбие жоспарын бекіту , сайлау ұйымдастыру, есеп беру жұмыстарын немесе жаңа мағлұматтарды тыңдау, атқарылған жұмыстардың нәтижесін талқылау.
Мақсатқа сәйкес кейбір сұрақтарды, мысалы сынып бөлмесін жөндеу жұмыстары, емтиханға әзірлік, мектепті бітіру кеші, жорыққа шығу, ұжымның болашақта алдында тұрған істерін шешу т.с.с. жұмыстарды ата-аналар және оқушылар немесе мұғалімдердің жиналысында бірігіп шешуді қарастырады.
Сынып жиналысының тақырыптары ұжымда туындаған мәселелерге сәйкес жоспарланады. Маңыздысы, жоспарлау барысында оны талқылауда сынып белсенділері немесе сынып жетекшісінің басшылығымен оқушылардың өздері белсенділік танытқан жағдайда ғана нәтижелі болмақ.Сынып жиналысы айына бір мәрте өткізіледі.Сынып жиналысы – бұл оқушылар ұжымының өзіндік жұмыстарының формасы. Онда оқушылар мен ұстаздардың құқықтары мен теңдіктері сақталып, әрекеттері бірлікте болады. Соған сәйкес сынып жетекшісі, бір жағдайда, оған әкімшілік пен оқу мекемесінің өкілі ретінде қатысса, екінші жағдайда, сынып ұжымының тең құқылы мүшесі ретінде қатыса алады.Сынып жетекшісі оқушылармен қатар белгілі бір мәселеге дауыс бере отырып, оның орындалуына тікелей басшылық ете алады.
Сынып жиналысын педагогикалық тұрғыдан нәтижелі ұйымдастыру, егер де мұғалім оның болашағын алдын ала бірнеше жылға дұрыс ойластырған жағдайда ғана болмақ.
Мұғалім портфолиосын құрудың негізгі принциптері:
• жүйелілік;
• мәліметтердің нақтылығы мен ауқымдылығы;
• ақпараттың объективтілігі;
• көрнекілік.
Портфолионың негізгі мақсаты – мұғалімнің кәсіби өсуінің мониторингінің, кәсіптік нәтижелерінің, жетістіктерінің талдауын қамту;
Портфолио мұғалімнің өз қызметіндегі әр түрлі – оқыту, тәрбиелеу, шығармашылық, өз білімін көтерудегі нәтижелерін жинақтауына көмек береді.
Портфолио:
• Мұғалімнің біліктілік категориясын көтеруіне, бекітуіне және оқу жылының қорытындысы бойынша марапатталуының;
• Педагогтың кәсіби шеберлігінің өсуі туралы ақпараттың көзі болып табылады.
Мұғалім портфолиосы файлдары бар арнайы папкада жасақталады. Портфолиоға салынған әр материалда күннің жады, яғни (уақыт) көрсетіліп отыруы тиіс. Портфолио құрамы әдістемелік бірлестік жетекшісінің немесе мұғалімнің өзінің алдына қойған міндеттері негізінде жасалады.
Портфолионы электронды түрде де жасауға болады. Электронды түрі құжаттардың сканерлеген қосымша электронды кестелер, педагог пен оқушы жұмысының электронды файлдары (жобалар, сабақ түрлері және т.б.) түрде жасалынады.
Портфолио педагогтың сол білім мекемесінде жұмыс атқарған уақытындағы директордың орынбасарларының қатысуымен және өз күшімен жасақталады. Мұғалім өз портфолиосын ұжым алдында таныстыруына болады, бұл бір жағынан кәсіптік қызметінің қорытындысымен бөлісу болса, әрі жас мамандар үшін үлгі бола алады.
Портфолионы педагогтың жеке құжаттарының көрінісі ретінде де қабылдауға болады. Педагог басқа білім мекемесіне жұмыс ауыстырған жағдайда жинақтаған портфолиосы қосымша материал немесе нұсқаулық (нұсқау хат) ретінде қолданыла береді.
Директордың оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары өзінің функциональды міндеттеріне:
• педагогтарды портфолиомен жұмыс жасау технологияларымен (материал таңдау, оларды жүйелеу, жеке жетістіктерін көпшілік алдында айтуға дайындау) оқытуды;
• педагогқа жан-жақты көмек көрсетуге; (дайындаған материалдарын және жұмысының жетістіктерін талдау, марапаттау);
• мұғалім портфолиосындағы материалдардың мазмұндылығы туралы ұжымды ақпараттандыруға (мұғалімнің кәсіби дамуының деңгейі туралы);тиісті
Портфолио әдісін енгізу әр мұғалімнің жеке траекториялы кәсіби дамуының мониторингін танытуға, қызметінің нәтижесін толық көрсетуге, бағалы тәжірибесін таратуға, кәсіби шеберлігінің өсуіне және педагог еңбегінің көтерілуіне көмек береді.
Педагогты аттестаттау портфолиосын құру бойынша жаднама:
«ҚҰЖАТТАР» ПОРТФОЛИОСЫ:
Құрылымы:
1 бөлім. Педагог туралы жалпы мәлімет.
2 бөлім. Педагогтың кәсіби жетістігінің нәтижесі.
1 бөлім. Педагог туралы жалпы мәлімет.
Сыртқы беті:
- фото (5х6),
- резюме
-жеке төлқұжатының көшірмесі нотариуспен куәланған
- диплом көшірмесі нотариуспен куәланған
- соңғы жұмыс істейтін орнынан анықтама
- еңбек кітапшасы нотариуспен куәаланған
- аттестаттау парағы (Ереженің 8 - қосымшасына сәйкес формасы бойынша)
-бұрын алған санатының бұйрығының көшірмесі;
- бұрын берілген біліктілік санаты туралы куәлігінің көшірмесі;
- мамандығы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткендігі туралы құжаттарының көшірмесі соңғы 5 жылдағы
- қосымша пән бойынша курстан өткен құжаттарының көшірмесі соңғы 5 жылдағы
- өтініші (Ереженің 1-қосымшасына сәйкес түрі бойынша)
Барлық құжаттардың көшірмесі білім мекемесі басшысының қолы, мөрімен расталады.
2 бөлім. Педагогтың кәсіби жетістіктерінің нәтижесі және оқушыларының білім жетістіктері:
Педагогтың кәсіби өсуі мен кәсіби қызметінің қорытындысы бойынша бекітілген, сертификатталған құжаттары (соңғы 5 жыл ішінде):
- үкімет наградалары куәлігінің көшірмесі;
- дипломдар мен грамоталардың көшірмесі;
- алғыс хаттарының көшірмесі;
- сертификаттары мен куәліктерінің көшірмесі;
Оқушыларының жетістіктері (соңғы 5 жыл ішінде)
- дипломдар мен грамоталардың көшірмесі;
- алғыс хаттарының көшірмесі;
- cертификаттары мен куәліктерінің көшірмесі;
-ғылыми жұмыстарының ,мақалаларының т.б. көшірмелері
«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» ПОРТФОЛИОСЫ
Құрылымы:
1 бөлім. Педагогикалық іс-тәжірибесі туралы құжаттары.
2 бөлім. Педагогтың ғылыми-әдістемелік қызметі.
3 бөлім. Кәсіби қызметінің нәтижесін сараптық бағалау.
«Педагогтың шығармашылық» портфолиосының мазмұны
1 бөлім. Педагогикалық іс-тәжірибесі туралы құжаттары:
- өз пәні бойынша мұғалімнің оқу-әдістемелік құралы ( авторлық бағдарлама, дидактикалық материалдар жинағы, әдістемелік нұсқаулық, жұмыс дәптері т.б.)ауданда, облыста таратылған
- пән бойынша баспазөзге шыққан мақалалары, сабақ үлгілері
2 бөлім. Педагогтың ғылыми-әдістемелік қызметі:
- Педагогикалық оқуларға, дөңгелек үстелдерге, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семинарларға, шығармашылық конкурстарға қатысқандығын дәлелдейтін материалдары, баяндамалары
- бұқаралық ақпарат құралдарында, ағымдағы баспасөздерде жарияланған ғылыми-әдістемелік материалдары;
- тәжірибелік қызметтерге қатысқандығы туралы бұйрықтың көшірмесі;
- оқу-әдістемелік кешендердің, оқу бағдарламасының сараптама жұмыстарына қатысқандығы анықтамалар;
3 бөлім. Кәсіби қызметінің нәтижесін сараптық бағалау:
- Педагогикалық қызметін және оның нәтижелерінің түрлерін, қолданған педагогикалық технологияларын, бағалау құралдарын талдау;
Кері байланыс жұмысының материалдары
- білім беру ұйымы әкімшілігі растаған оқушылардың соңғы үш жыл ішіндегі оқу жетістіктерінің талдауы:
- сынып журналы негізінде жасалынған пәнінің орташа талдау көрсеткіші;
- соңғы 5 жыл көлемінде пән бойынша жоғары оқу орнына (ЖОО) түскен оқушылардың пайызы, грант бойынша ; оқытатын пәні бойынша сабақтан тыс қызметіндегі нәтижелерінің мониторингі. (5жыл көлемінде)
- Халықаралық, республикалық, қалалық, аудандық, олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, конференциялардың, фестивальдардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің пайыздық көрсеткіші.
Портфолио бөлімдері:
1. Басылымдар (таблица түрінде)
№,мақала атауы, басылым атауы, күні, № жылы
2. Педагогтың ғылыми-әдістемелік қызметі (таблица түрінде)
№ жұмыс атауы, оқу-әдістемелік құралдарының түрлері ( авторлық бағдарлама, дидактикалық материалдардың жинағы, әдістемелік нұсқаулық, жұмыс дәптері т.б.
3. Педагогикалық іс-тәжірибелерді жинақтау, тарату ( шебер - сыныптар, семинарлар, байқаулар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, көрмелер)(таблица түрінде)
№ шаралар -аудандық,облыстық, республикалық, халықаралық
4. Сыныптан тыс қызметінің пән бойынша қорытындысы (марапаттары, грамоталары, дипломдары, куәліктері) (таблица түрінде) № пән -шаралар -нәтиже -дәлелдейтін құжаттар күні
5. Оқушылардың оқу жетістігінің динамикасы (соңғы 3 жыл) (таблица түрінде
6. Кері байланыс нәтижелері (сауалнамалар, пікірлер)
Мұғалім портфолиосы – мұғалімнің барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның кәсіби қызметінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы
Мұғалім портфолиосы – мұғалімнің жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері.
Мұғалім портфолиосының артықшылықтары:
- Әр түрлі жұмыс бағыттарын қамтитындығы;
- Жүйелеу және толықтырулар енгізу мүмкіндігі;
- Жекелеген және жүйелі өзгерістер енгізу жағдайы;
- Өзара ақпарат және тәжірибе алмасу мүмкіндігі.
- Портфолио жасақтаудың шығармашылық сипаты.
- Өзі және өзгелер үшін тиімділігі мен пайдалылығы.
- Жасақтаудағы дербестік пен белсенділіктің жоғарылығы