Материалдар / Көбейтінді түрінде берілген тригонометриялық функцияларды қосынды немесе айырым түріне келтіру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Көбейтінді түрінде берілген тригонометриялық функцияларды қосынды немесе айырым түріне келтіру

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқытушыларға көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2018
346
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:

Пәні: Математика

Курс: І

Тобы: МБ - 11

Сабақтың тақырыбы

Көбейтінді түрінде берілген тригонометриялық функцияларды қосынды немесе айырым түріне келтіру.

Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Көбейтінді түрінде берілген тригонометриялық функцияларды қосынды немесе айырым түріне келтіру формулаларын қорытып, есеп шығаруда қолдана білу.

Күтілетін нәтиже

Көбейтінді түрінде берілген тригонометриялық функцияларды қосынды немесе айырым түріне келтіру формуларын қорыта алады.

Есеп шығару барысында формулаларды қолдана біледі.

Дереккөздер

Оқулық: «Алгебра және анализ бастамалары» 10 сынып. Авторлары: А.Е.Әбілқасымова, К.Д.Шойынбекова, М.И.Есенова, З.А.Жұмағұлова

Қосымша дереккөздер: Ғаламтор желілері.

Модульдер

  1. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер.

  2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

  3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

  4. Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану.

Әдіс-тәсілдер

«Достық шеңбері», «Мозайка»,

«Миға шабуыл»,

«Кім жүйрік?»,

«Мексика тесті»,

«Сиқырлы сандықша», топпен жұмыс,

«Бағдаршам»

Құндылықтарды дарыту

Студенттер сыни тұрғыдан ойлайды,өз бетінше ізденеді, өз-өздерін ретке келтіре отырып бағалайды, білімдерін дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттырады.

Пәнаралық байланыс

Педагогика, психология

Сабақ барысы:

Сабақ барысы

Уақыты


Оқытушының

іс-әрекеті

Студенттің

іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Сәлемдесу. Студенттердің назарын сабаққа аудару.

Сабақтың мақсат –міндеттерімен, сабақ барысында орындалатын тапсырмалар мен бағалау критерийлерін таныстыру.

Сәлемдеседі. Назарларын сабаққа аударады. Сабақтың мақсат-міндеттерімен, сабақ барысында орындалатын тапсырмалар мен бағалау критерийлерімен танысады.

Оқулық: «Алгебра және анализ бастамалары» 10 сынып. Авторлары: А.Е.Әбілқасымова, К.Д.Шойынбекова, М.И.Есенова, З.А.Жұмағұлова


«Миға шабуыл»

5 минут

Оқытушы өткен тақырып бойынша студенттердің білімдерін бақылау, тексеру мақсатында

сұрақ қояды,  дұрыс жауаптар фишкалармен бағаланады.

Студенттер шапшаң сұрақтарға жауап береді, дұрыс жауаптары үшін фишкалармен бағаланады.

Слайдтар,

«Алгебра және анализ бастамалары» 10 сынып. Авторлары: А.Е.Әбілқасымова, К.Д.Шойынбекова, М.И.Есенова, З.А.Жұмағұлова

«Джигсо әдісі»

10 минут

Өткен тақырыпты толық меңгеріп жаңа тақырыпқа қадам.

«Синус» тобы.

Аргументтері әртүрлі синус және косинус функцияларының көбейтіндісінің формуласын, «Косинус» тобы Аргументтері әртүрлі косинус функцияларының көбейтіндісінің формуласын,

«Котангенс» тобы

Аргументтері әртүрлі синустардың функцияларының көбейтіндісінің формуласын қорытып шығару тапсырмасын береді. Дұрыс жауаптар фишкалармен бағаланады.

Студенттердің мұндағы мақсаты берілген тапсырмаларды дұрыс түсіне отырып мағанасын ашу, түсіні білу.

Топпен жұмыс жасау. Сын тұрғысынан ойланады. Постер қорғайды. Дұрыс жауаптары үшін фишкалармен бағаланады.

Слайдтар,

«Алгебра және анализ бастамалары» 10 сынып. Авторлары: А.Е.Әбілқасымова, К.Д.Шойынбекова, М.И.Есенова, З.А.Жұмағұлова

Сергіту сәті:

«Мексика тесті»

3 минут

Ал, студенттер, кішкене бойымызды сергітіп логикалық сұрақтараға тездетіп жауап берейік.

Студенттер тест сұрақтарына жауап береді.

Слайдтар, тест сұрақтары

«Кiм жүйрiк»

15 минут

Жаңа сабақты түсініп мағанасын ашу, ой қозғау мақсатында «Синус» тобына

оқулықтан №58(а), №59 (ә), №60 (в);

«Косинус» тобына оқулықтан №58(ә), №59 (б), №60 (б);

«Котангенс» тобына оқулықтан №58(б), №59 (в), №60 (а) жаттығуларын береді. Дұрыс жауаптар фишкалармен бағаланады.

  1. Студенттердің мұндағы мақсаты есептерге формулаларды дұрыс пайдалып, есепті дұрыс шығару, дұрыс жауаптары үшін фишкалармен бағаланады.

«Алгебра және анализ бастамалары» 10 сынып. Авторлары: А.Е.Әбілқасымова, К.Д.Шойынбекова, М.И.Есенова, З.А.Жұмағұлова

«Сиқырлы сандықша»

5 минут

Оқытушы студенттердің тақырыпты қаншалықты меңгергендігін тексеру үшін сұрақтар қояды. Дұрыс жауаптар фишкалармен бағаланады.

  1. Студенттер сұрақтарға жылдам, әрі дұрыс жауап беру. Дұрыс жауаптары үшін фишкалармен бағаланады.

Интербелсенді тақта,

«Алгебра және анализ бастамалары» 10 сынып. Авторлары: А.Е.Әбілқасымова, К.Д.Шойынбекова, М.И.Есенова, З.А.Жұмағұлова

«Бағдаршам» әдісі

Кері байланыс



2 минут

«Бағдаршам» әдісі және ББ (білдім, білгім келеді) әдісі бойынша студенттерден кері байланыс алу.



Студенттер «Бағдаршам» әдісі бойынша үш түрлі түсті пайдалана отырып қызыл, жасыл және сары түсті стикерлерді

(жасыл - түсінбеймін, сары – орташа – қызыл барлығы түсінікті) таңдап алып ББ (білдім, білгім келеді) жазып кері байланыс қалдырады.

«Бағдаршам», ББ кестесі,стикерлер

Бағалау

3 минут

Критерийлер бойынша топтық және өзін-өзі бағалау. Сонымен қатар жиынтық бағалау.


Ұсынылған критерий бойынша топ басшылары топ мүшелерін фишкалар арқылы бағалайды.

Топ тізімі мен әр түрлі фишкалар

Үйге берілетін тапсырма

  1. Көбейтінді түрінде берілген тригонометриялық функцияларды қосынды немесе айырым түріне келтіру тақырыбын қайталау.

  2. Оқулықтан №58(в), №59 (а), №60 (б) жаттығуларды орындау.

«Алгебра және анализ бастамалары» 10 сынып. Авторлары: А.Е.Әбілқасымова, К.Д.Шойынбекова, М.И.Есенова, З.А.Жұмағұлова.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!