Материалдар / "Көбейту және бөлудің қасиеттерін есептеулерде қолдану " 4 - сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Көбейту және бөлудің қасиеттерін есептеулерде қолдану " 4 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
4 - сыныптан математика пәні мұғалімдеріне көмегі тиер деген ойдамын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
785
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 16. 10. 2015

Сыныбы: 4

Пәні: Математика

Пән мұғалімі: Жолдасова Дина


Сабақтың тақырыбы: Көбейту және бөлудің қасиеттерін есептеулерде қолдану

Сабақтың мақсаты: Көбейтудің тиімді әдістерін қолдану арқылы меңгерту, есте сақтау жолдарын іздестіру, білім, біліктерін кеңейту, есептеу машығын жетілдіру.

Күтілетін нәтижесі: Көбейтудің тиімді әдістерін қолдана алады, өрнектерді жазып, оның мәнін таба алады, амалдарды тиімді тәсілмен есептей біледі.

Сабақтың формасы: ұжымдық, топтық, жұптық, жеке Қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Ойлан, бірік, бөліс», деңгейлік тапсырмалар, "Өз үйін тап", "Бес саусақ"

Құрал-жабдықтар, көрнекілік: кеспе материалдар, электронды оқулық, стикерлер, маркер, плакат

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушынның іс-әрекеті

Мақсаты

Кіріспе

(3-5 мин)

Білу, түсіну деңгей


Психологиялық дайындық.

Оқушылармен амандасу

Сынып оқушыларына

жағымды ахуал туғызу .

Оқушылар амандасып, көңіл – күйлерін білдіреді.

Оқушылардың сабаққа дайындығын білу.

Үй тапсырмасын тексеру.

"Досыңа телефон соқ" ойыны

7 - мысал

Оқушылар достарына телефон соғу арқылы өз шығарғанын тексереді.

Өзін және сынып-тасын тексеруге дағдыландыру.

Тұсау кесер

(5-10мин)

Мұғалім оқушыларды 5·4=4·5; (3·2)·4=6·4; (2+3)·2=2·2+3·2

мысалдары жазылған таратпалар арқылы топтарға бөледі.

Әр оқушы таратпаларды алу арқылы 3 - топқа бөлінеді.

1-топ. Ауыстырымдылық

2-топ. Терімділік

3-топ. Үлестірімділік

Оқушыларды топ-тарға бөле отырып, жаңа тақырыпқа бағыт жасау

Табыс критерийлері

1. Көбейту қасиеттерінің анықтамасын білемін

2. Математикалық диктантты жаза аламын.

3. Өрнектерді құрып, оның мәнін таба аламын.

4. Тиімді тәсілдермен есептей аламын.

Негізгі бөлім

(15-20)



Талдау, қолдану деңгей

Топтық тапсырма.

"Ойлан, бірік, бөліс"

1- топқа

1. КОАКМӨ осы әріптер арқылы ереже шығар.

2. Көбейтудің осы қасиетіне мысал келтір.

3. Тиімді тәсілмен есепте.

(30+7)·2 (17+33)·5

2 - топқа

1.ККОКАБ осы әріптер арқылы

ереже шығар.

2. Көбейтудің осы қасиетіне мысал келтір.

3. Тиімді тәсілмен есепте.

(300+70)·2 (24+36)·4

3 - топқа

1. ҚСКҮӘҚССКСШКМҚБ осы әріптер арқылы ереже шығар.

2. Көбейтудің осы қасиетіне мысал келтір.

3. Тиімді тәсілмен есепте.

(200+50)·3 (67+33)·4

1.Көбейткіштердің орындарын ауыстырғанымен көбейтіндінің мәні өзгермейді. Бұл - көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті.

3. (30+7)·2=30·2+7·2=60+14=74

(17+33)·5=50·5=250


1.Көршілес көбейткіштерді олардың көбейтіндісімен алмастыруға болады. Бұл - көбейтудің терімділік қасиеті.

3. (300+70)·2=300·2+70·2=740

(24+36)·4=60·4=240


1.Қосындыны санға көбейту үшін әр қосылғышты сол санға көбейтіп, сонда шыққан көбей-тінділердің мәндерін қосуға болады. Бұл - көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиеті.

(200+50)·3=200·3+50·3=750

(67+33)·4=100·4=400





Оқушылардың сөй-леу шеберлігін анықтау, ынтымақ-тастық қабілеттерін қалыптастыру. Ой қорытындыларын жасауға дағдылан-дыру.

Деңгейлік тапсырма.

1 - тапсырма

Математикалық диктант.

-8 ондық пен 5-тің көбейтіндісі. -9 жүзд. пен 3-тің көбейтіндісі.

-20 мен 80-нің қосындысын 2 есе арттыр.

2 - тапсырма.

"Ия және жоқ" ойыны.

-61 мен 1-дің көбейтіндісі 1-ге тең.

-санды нөлге бөлсең сол санның өзі шығады.

- 200-ді 200-ге бөлсең 1шығады.

-4000-ді 0-ге көбейтсек 0 шығады.

3 - тапсырма.

Өрнектерді жаз және оның мәнін тап.

-60,42 сандарын 6 есе кеміт.

-20,30 сандарын 5 есе арттыр.

4 - тапсырма

Тиімді тәсілмен есепте.

20·5·6·300

20·5·6·3000

20·5·6·30

5 - тапсырма

Шығармашылық тапсырма.

1,2,3,4,5 цифрларын және "+" мен "-", таңбаларын пайдаланып, мәні 54-ке тең болатын өрнек жаз.

Өзін - өзі бағалау.


80·5=400

900·3=2700

(20+80)·2=200




Жоқ


Жоқ


Иә


Иә



60:6=10 42:6=7

20·5=100 30·5=150




20·5·6·300 =180000

20·5·6·3000=1800000

20·5·6·30=18000



15+42-3=54









Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, ақпаратпен жұмыс жасай отырып, сыни ойлау қабілеттерін дамыту.



Сергіту сәті.


Лабиринт шешу.

Қоры-тынды

(5-10 мин)

Бағалау деңгей

Топтық тапсырма.

"Өз үйін тап"

Оқушыларға мысалдар беріліп, сол мысалдың көбейтудің қандай қасиетіне жататынын анықтап, сол ұяшыққа салады.

Оқушылар мысалдарды алып, оларды ажыратып өз ұяшықтарына салады.



Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендігін байқау.

Үйге тапсырма

8 - мысалды шығарып келу.




Кері байланыс.

«Бес саусақтық» әдіс. 
1) Мен бүгін нені білдім? 
2) Мен бүгін не істедім? 
3) Менің көңілім? 
4) Мен көме
ктестім. 
5) Мен өзімді қалай сезінемін


Оқушылар сабақтан алған әсерлерін ауызша айтады.

Оқушылардың реф-лексивті ойларын дамытады, тақы-рып бойынша тү-сінгені, түсінбеге-нін анықтау.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!