Материалдар / Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дене қозғалысы кезіндегі кинематикалық шамаларын анықтау 2. Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің траекториясын сипаттау, кинематикалық шамаларды ажырату.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қаңтар 2023
833
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектебі:

М.Горький атындағы жом

Бөлім:

Кинематика

Сабақтың тақырыбы


Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы

Педагогтің аты-жөні

Алимбекова Б.Б

Күні:


Сынып:10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар

саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

10.1.1.6 – көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы кезіндегі кинематикалық шамаларын анықтау

Сабақтың мақсаты:

  1. Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дене қозғалысы кезіндегі кинематикалық шамаларын анықтау

  2. Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің траекториясын сипаттау, кинематикалық шамаларды ажырату.

Сабақтың барысы

Сабақтың

кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

3 минут

  • Оқушылармен сәлемдесу, қал жағдайын сұрау.Оқушыларды түгелдеу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

  • «Ыстық алақан» тренингін (бір-бірінің қолдарын ұстап оң алақандарын бір-бірінің үстіне қойып лебіздерін білдіру) ұйымдастыру\


Сәлемдеседі.

Бір – бірін түгелдейді.

Ыстық лебіздерін білдіреді.



Кітап

Слайд

Ноутбук

Сабақтың басы

5 минут


«Kahoot»платформасы арқылы өткен сабақта алған білімдерін тексеру тапсырмасын беремін.

Oқyшылapды

- caбaқтың мaқсaтымeн

- бaғaлaу кpитерийлeрiмeн тaныcтыpy.

1.Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дене қозғалысы кезіндегі кинематикалық шамаларын анықтайды

2.Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің траекториясын сипаттау, кинематикалық шамаларды ажыратады .

Оқушылар өткен тақырыпқа байланысты тапсырмалар орындап, тест тапсырмаларына жауап береді.

Смайлик арқылы бағалау жүргізіледі.


Сабақтың ортасы

34 минут

Жаңа сабақ

«Мағынаны тану» әдісі

Оқушылар көкжиекке бұрыш жасай лақытырылған дене қозғалысы тақырыбымен алғаш рет танысатындықтан, суреттер арқылы мағынаны ашу, түсініктерін қалыптастыруға тапсырма беремін.

Мағынаны тануға бағытталған сұрақтар:

- Сypeттepдегі спортшылардың қозғалыс іс-әрекеттерінде қандай ұқсастық бар?

- Спортшылардың қозғалысына қатысты нe бiрiктіріп тұр дeп oйлaйcыңдap?

  • Суретте қандай қозғалыс түрі берілген?

  • Бұл қозғалысты қалай атауға болады?

Келесі негізгі ұғымдардың физикалық мағынасын оқушылармен бірлесіп талқылау:

- Қисықтық радиусы
- Траекторияның кез келген нүктесіндегі

жылдамдық

- Жылдамдық проекциялары
- Толық ұшу уақыты
- Максимал көтерілу биіктігі
- Максимал ұшу қашықтығы


«Достармен кездесу уақыты» әдісі (жұптық жұмыс)


Тапсырма №1










«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі (топтық жұмыс)

Оқушылар тапсырманы алдымен жеке, кейін жұпта, кейіннен топта бірлесіп орындайды.

Тапсырма №2










«Кім шапшаң?» әдісі (жеке жұмыс)

Алдыңғы әдістерде тақырып туралы түсініктері қалыптасып, көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дене қозғалысын қарастыруды үйренген оқушылар жеке жүмыс жасап, кинематикалық шамаларды анықтайды.

Жaңа сабaқтың мәнiн тaну үшін oқyшы бұл кезeңде жаңа ақпaратпен танысaды, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды

























Дескриптор (1-тапсырма)

1.1. Судың қозғалыс тораекториясын суреттейді.

1.2.Жылдамдықтын проекцияларға жіктеп, бағыттарын көрсетеді.

1.3.Судың максимал ағу қашықтығын анықтайды.

1.4. Судың максимал көтерілу биіктігін анықтайды.

1.5 Судың қисықтық радиусын есептейді.





Дескриптор (2- тапсырма)

2.1.Тастың ұшу қашықтығының мәнін табады.

2.2.Қайық пен тас арасындағы қашықытық шамасын есептейді.

2.3.Тастың суға құлау уақытын табады.

2.4. Тастың суға түскен мезетіндегі қайық мен тас арасындағы қашықтық шамасын табады.






Дескриптор (3- тапсырма)

3.1 Доптың қозғалыс траекториясын суреттеп, сипаттайды.

3.2. Доптың қозғалысы барысындағы жылдамдық, үдеу, ұшу қашықтығы мен ұшу биіктігінің проекцияларын салады.

3.3. Доптың себетке соғылу кезіндегі орын алатын фзикалық құбылысты түсіндіреді.

3.4. Доптың максимал көтерілу биіктігін есептейді.

3.5 Доптың ұшу қашықтығын есептейді.

смайлик
























Қалыптастырушы бағалау

Екі жұлдыз,

бір тілек.

Қалыптастырушы бағалау:

«Бірін – бірі бағалау» әр оқушы өз жұбының жұмысын бағалайды








Қалыптастырушы бағалау:

Топтар арасында өзара бағалау жүргізіледі.













Қалыптастырушы бағалау:

Оқушының тапсырманы орындауына қарай, тиімді кері байланыс беріп бағалаймын.

http://phet.colorado.edu/sims/projectile-motion/projectile-motion_en.html





Сурет, слайд










Ресурс 2





Ресурс 1
















Ресурс 2

















Ресурс 3

Сабақтың соңы:

3 минут

Рефлексия,

Үй тапсырмасы

Үйге тапсырма.

Формулаларды жаттау;

Бeрiлгeн қoзғaлыc түрiне өмipден мысaлдap келтiру Көкжиeккe бұpыш жaсaй лaқтыpылғaн дeнeнiң қoзғaлыcы


Сабақ бойынша өз іс-әрекеттеріне рефлексия жасайды.





Тапсырма №1 (Ресурс 1) (ЕҚБ)

Гүлнур аулаға су сеуіп, гүлдерді суарғанды ұнатады. Ол гүлдерді суару үшін арық арқылы гидромонитор арқылы жіберу керек. Гидромонитор ұңғысынан шыққан су 50 м/с, жылдамдықпен горизонтқа 350 бұрыш жасай атқылап шығады.

  1. Гүлнұрдың гүлдерді суғару кезіндегі көкжиекке бұрыш жасай атқылап аққан судың қозғалыс траекториясын суреттеңіз.Жылдамдықты проекцияларға жіктеңіз.

________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Ұңғыдан аққан судың ағу қашықтығын есептеңіз.

________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Судың атқылау кезіндегі ең үлкен көтерілу биіктігін есептеңіз.

_______________________________________________________________________________________________

  1. Бұрыш жасай атқылаған судың қисықтық радиусын есептеңіз.

_______________________________________________________________________________________________

Тапсырма №2 (Ресурс 2) (ЕҚБ)

Арсен мен Сәрсен екеуі жазғы демалыста «Тұлпар» көліне барып, қайыққа мініп, саяхат жасады. Арсен және Сәрсеннің қайықпен қоса алғандағы массасы 130 кг. Қайықта отырған Арсен массасы 1 кг тасты, 10 м/с бастапқы жылдамдықпен горизонтқа 600 бұрыш жасай тас лақтырған кезде қайық қозғалыс қалпынан бір ауытқып, Арсен қайыққа жантая құлады. Бұл жағдайға Арсен таңырқап қалды.


1.Тас суға қайықтан қандай қашықтыққа барып түседі, есептеңіз.

_____________________________________________________________________________________________________

2.Қайық пен тас арасындағы қашықтықты есептеңіз

_____________________________________________________________________________________________________

3.Тастың суға түсу уақытын есептеңіз.

_____________________________________________________________________________________________________

4.Тастың суға түсу уақытындағы қайық пен тас арасындағы қашықтықты есептеңіз.

_____________________________________________________________________________________________________


Тапсырма №3 (Ресурс 3)

Сұлтан мектепте баскетбол командасында баскетбол ойнайды. Ол командада қорғаушы, кейде шабуылшы міндетін атқарады. Бірде жолдастық кездесу кезінде Сұлтан сол қапталдан себетке қарай 28 м/с бастапқы жылдапдықпен допты горизонтқа 300 бұрыш жасай лақтырды. Сұлтанның тобы себетке дәл түсіп, командасына жеңіс әкелді. Қарсы командадағы Алмас Сұлтанның бұл әрекетіне қызыға қарап, Сұлтаннан себетке допты дәл түсірудің сырын сұрады. Сұлтан ойланып, қалай ойлайсың допты лақтыру кезінде қандай заңдылықты ескеру керек деп сұрады.


  1. Қалай ойлайсың, Сұлтан лақтырған топтың қозғалыс траекториясы қандай пішімде болды?Сипатта.

_______________________________________________________________________________________________

  1. Доптың қозғалыс траекториясының суретін салып, жылдамдық, үдеу, ұшу қашықтығы мен ұшу биіктігін сызбада көрсет




  1. Резеңке доп себетке соғылған мезетте қандай физикалық құбылыс орын алады деп ойлайсың?

________________________________________________________________________________________________


  1. Лақтырылған доптың максимал көтерілу биіктігін есепте.

________________________________________________________________________________________________

  1. Сұлтан лақтырған доптың себетке дейін ұшу қышықтығын анықта.

________________________________________________________________________________________________





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!