Материалдар / «Көкөністердің ағзаға тигізер пайдасы» 5 б сыныбы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Көкөністердің ағзаға тигізер пайдасы» 5 б сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
Денсаулық адам баласының азбас қазынасы, өмірінің тірегі екенін ұғындыру. Көкөністердің адам денсаулығына тигізер пайдасы туралы білімдерін кеңейту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Тамыз 2022
453
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:

10.02.2022 жыл

Сыныбы :

5 «Б»

Өткізген:

Шәбден Жұмәділ Қайсарұлы

Тақырыбы:

«Көкөністердің ағзаға тигізер пайдасы»

Мақсаты


Денсаулық адам баласының азбас қазынасы, өмірінің тірегі екенін ұғындыру. Көкөністердің адам денсаулығына тигізер пайдасы туралы білімдерін кеңейту.

Міндеті

Салауатты өмір салты қағидаларын ұстана отырып, өз денсаулықтарына көңіл бөлуге шақыру. Тапсырмалар арқылы оқушылардың танымдық қабілетін, ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту, денсаулық туралы түсініктерін кеңейту.

Сілтеме

Салауатты өмір салты-бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет.

Денсаулық сақтау шаралары:

Қимыл белсенділігі: бұл салауатты өмір салтын қалыптыстырудың негізгі шарты болып табылады. Ол өмірлік маңызды мүшелердің және мүшелер жүйесінің қызметін жақсартады. Сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмның өсу мен дамуына белсенді ықпал етеді, организмның жұмысқа қабілеттілігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады.

Организмді шынықтыру: әр түрлі аурулардың алдын алу үшін организмді үнемі шынықтыру қажет. Шынығудың арқасында организм қоршаған ортадағы температураның күрт өзгеруіне бейімделеді және организмнің жұқпаларға қарсылығын жоғарлатады. Шынықтыру емшараларын таңдау кезінде адамның жасы, денсаулығы, шынығуға бейімделу дәрежесі жәте т.б жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.

Дұрыс толыққанды тамақтану: денсаулықты сақтауда уақытымен және дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Жүріп бара жатып, кітап оқып отырып, теледидар алдында тамақтануға болмайды. Майлы, тұзды, тәтті тағамдарды шектеген жөн. Тамақты аса көп жеуге, ұйықтар алдында тамақтануға болмайды. Тағам әртүрлі сапалы экологиялық таза болуы тиіс. Төрт мезгіл тамақтануды сақтай отырып, белгілі бір сағаттан аз қабылдаған дұрыс.









Сабақ кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Оқушылардың

іс – әрекеті

І.Ұйымдастыру

Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Шаттық шеңберіне тұрғызады.

Топқа біріктіру

І.Денсаулық (Денсаулық – ел байлығы)

ІІ.Спорт (Шынықсаң – шымыр боласың)

ІІІ.Дәрумендер (Ас – адамның арқауы)

Оқушылар шаттық шеңберіне тұрады



ІІ.Қызығушылығын ояту

Сұрақ бізден - жауап сізден

Адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыңдар?

Денсаулық пен тамақтану арасында қандай байланыс бар?

Дәрумендерді қайдан аламыз, қандай түрлері болады?

Адамның салауатты өмір сүруіне не кедергі болуы мүмкін?

Гимнастикалық жаттығулардың қандай пайдасы бар?

Берілген сұрақтарға жауап береді.

III.Мағынаны тану

І. Ойлы болсаң, озып көр

Көкөністер мен жемістер адам денсаулығына қажетті дәрумендердің қоры. Дәрумендер-тағаммен белгілі мөлшерде түсетін қалыпты зат алмасуға, өмір сүруге керек органикалық зат.

Адам ағзасына керекті дәрумендер.

«Көкөністер айтысы» көрініс.

ІІ. Тапқыр болсаң, тауып көр.

(Денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдердің жалғасын тап, мағынасын түсіндір)

1. Бірінші байлық - ......

2.Көзің ауырса қолыңды тый, ...... ......

3. Ұйқы – тынықтырады, ...... - ....... ......

4.Тазалық – саулық негізі, ...... - ...... ......

5.Жан ауырса – тән азады, ...... ...... ...... ......

6.Жалқаулық - ...... ......

7.Әлсіз денеге - ...... ......

8. Сұрап алған аурудың ...... ......

ІІІ. Мықты болсаң,шешіп көр.(Жұмбақ шешу)

1.Бойын жерге жасырған, бұрымы бар жасылдан.

2.Қалың киімді ұнатады, шешіндірсең жылатады.

3.Аласа ғана бойы бар, қабат-қабат тоны бар.

4.Әр желінің асты толған көк қоян,

жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.

5.Тігіп алып көк шатыр, қызыл күрең доп жатыр.

6.Аласа талда, алуан алма, а лқызыл болмай аузыңа салма.

Топтық жұмысты орындайды





Сахналық көрініс көрсетеді


Мақал-мәтелдің жалғасын тауып, мағынасын түсіндіреді




Жұмбақтардың шешуін табады

IV.Ой түйін.

Ұлықпан Хәкімнің жеті өсиеті.

Ұлықпан Хәкім ерекше дарынды, зерек, данышпан адам болған. Қандай кесел болмасын емдеп жазады екен. Күндердің күнінде қатты науқастанып, төсек тартып жатып қалады. Шәкірттері жиналып емдеуге кіріседі. Ұлықпан оларға: «Қымбатты шәкірттерім. Мені емдеп босқа әуре болмаңдар. Сендерге қалдырар жеті өсиетім бар. Олар: ерте тұру, дене шынықтыру, орта тазалығын сақтау, дене тазалығы, сергектік, артық тамақ ішпеу, көп ұйықтамау. Осы жеті өсиетті орындасаңдар дені сау, саналы, толыққанды адам болып өсесіңдер» - деген екен.

Оқушылар берілген мәліметтермен танысады

V. Кері байланыс

«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі

1.Мен бүгін............................................білдім.

2.Мен үшін ...........................қызықты болды.

3.Мен.......................тапсырманы орындадым

4.Мен ................................................сезіндім.

5.Мен енді..............................................білемін

Аяқталмаған сөйлемдер әдісі арқылы ойларымен бөліседі

VI.Бағалау

«Басбармақ»; «От шашу»

Бір-бірін бағалайды



Сабақ кезеңдері

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Оқушылардың

іс – әрекеті

І.Ұйымдастыру

Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Шаттық шеңберіне тұрғызады.

Топқа біріктіру

І.Денсаулық (Денсаулық – ел байлығы)

ІІ.Спорт (Шынықсаң – шымыр боласың)

ІІІ.Дәрумендер (Ас – адамның арқауы)

Оқушылар шаттық шеңберіне тұрады



ІІ.Қызығушылығын ояту

Сұрақ бізден - жауап сізден

Адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыңдар?

Денсаулық пен тамақтану арасында қандай байланыс бар?

Дәрумендерді қайдан аламыз, қандай түрлері болады?

Адамның салауатты өмір сүруіне не кедергі болуы мүмкін?

Гимнастикалық жаттығулардың қандай пайдасы бар?

Берілген сұрақтарға жауап береді.

III.Мағынаны тану

І. Ойлы болсаң, озып көр

Көкөністер мен жемістер адам денсаулығына қажетті дәрумендердің қоры. Дәрумендер-тағаммен белгілі мөлшерде түсетін қалыпты зат алмасуға, өмір сүруге керек органикалық зат.

Адам ағзасына керекті дәрумендер.

«Көкөністер айтысы» көрініс.

ІІ. Тапқыр болсаң, тауып көр.

(Денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдердің жалғасын тап, мағынасын түсіндір)

1. Бірінші байлық - (денсаулық)

2.Көзің ауырса қолыңды тый, (ішің ауырса аузыңды тый)

3. Ұйқы – тынықтырады, (жұмыс – шынықтырады)

4.Тазалық – саулық негізі, (саулық – байлық негізі)

5.Жан ауырса – тән азады, (қайғы басса жан азады)

6.Жалқаулық – (жаман ауру)

7.Әлсіз денеге – (ауру ұялағыш)

8. Сұрап алған аурудың (емі жоқ)

ІІІ. Мықты болсаң,шешіп көр.(Жұмбақ шешу)

1.Бойын жерге жасырған, бұрымы бар жасылдан. (сәбіз)

2.Қалың киімді ұнатады, шешіндірсең жылатады.(пияз)

3.Аласа ғана бойы бар, қабат-қабат тоны бар. (орамжапырақ)

4.Әр желінің асты толған көк қоян,

жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.(қияр)

5.Тігіп алып көк шатыр, қызыл күрең доп жатыр.(қызылша)

6.Аласа талда, алуан алма,

алқызыл болмай аузыңа салма.(қызанақ)

Топтық жұмысты орындайды





Сахналық көрініс көрсетеді


Мақал-мәтелдің жалғасын тауып, мағынасын түсіндіреді




Жұмбақтардың шешуін табады

IV.Ой түйін.

Ұлықпан Хәкімнің жеті өсиеті.

Ұлықпан Хәкім ерекше дарынды, зерек, данышпан адам болған. Қандай кесел болмасын емдеп жазады екен. Күндердің күнінде қатты науқастанып, төсек тартып жатып қалады. Шәкірттері жиналып емдеуге кіріседі. Ұлықпан оларға: «Қымбатты шәкірттерім. Мені емдеп босқа әуре болмаңдар. Сендерге қалдырар жеті өсиетім бар. Олар: ерте тұру, дене шынықтыру, орта тазалығын сақтау, дене тазалығы, сергектік, артық тамақ ішпеу, көп ұйықтамау. Осы жеті өсиетті орындасаңдар дені сау, саналы, толыққанды адам болып өсесіңдер» - деген екен.

Оқушылар берілген мәліметтермен танысады

V. Кері байланыс

«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі

1.Мен бүгін............................................білдім.

2.Мен үшін ...........................қызықты болды.

3.Мен.......................тапсырманы орындадым

4.Мен ................................................сезіндім.

5.Мен енді..............................................білемін

Аяқталмаған сөйлемдер әдісі арқылы ойларымен бөліседі

VI.Бағалау

«Басбармақ»; «От шашу»

Бір-бірін бағалайды



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!