Материалдар / "КӨКТЕМ АРУЫ"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"КӨКТЕМ АРУЫ"

Материал туралы қысқаша түсінік
8 наурыз мерекесіне арналған оқушы қыздар арасында ұйымдастырылған сайыс сабақ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2018
1029
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Көктем аруы

Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.

Барысы:

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар,тәрбиеші апайлар, оқушылар және байқауға қатысушы арулар!

2-жүргізуші:

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам-демекші,ал бүгінгі қыздарымыздың

өнерлері мен білімдерін байқау үшін «Көктем аруы» атты сайысымызды ашық деп жариялаймыз !

1-жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып.

Аруларын сыйлаған, халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық !

2-жүргізуші: Ал ,халайық, аруларға, тамсанайық

Қыз қылықты дегенге ән салайық.

Атына заты сай аруларға

Тағы да бір қол соғып қарсы алайық

1-жүргізуші: 1)Атыңнан айналайын Жәния деген,

Сенің ісіңе жақсы баға берем.

Жеңіс туын тігерсің болашақта, Үміті зор осы мектептің саған деген.

2-жүргізуші : Білімді оқу озаты сыныптағы

Талай қиын істерді құрықтады.

Нұриланың алдында талай іс тұр,

Болашақта жандырар үміт отты.

1-жүргізуші: 3)Аягөз қыз білімді

Меңгерген бар ілімді

Ақылды да елгезек,

Алады тез тіліңді.

2-жүргізуші: Аққу құстай қанат қағып самғаған,

Адамдықты жаны сүйген қашаннан,

Алға қойған сабақ пенен спортты,

Айсанада қатарынан қалмаған.

1-жүргізуші: Әсем қыз шығады,

Бұрымдары желбіреп.

Ұқсайды қор қызына,

Ашаң жүзі үлбіреп.

2-жүргізуші: Уа, арулар, арулар ! Ешкімің жоқ алалар.

Ару болу үлкен сын, оны қазың бағалар,-деп әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1.______________________________________________________________________

2.______________________________________________________________________

3.______________________________________________________________________

4.______________________________________________________________________

5.______________________________________________________________________



1-жүргізуші: Ендігі сәтте бүгінгі байқауымыздың шарттарын атап өтейін.

  1. «Сәлем-сөздің атасы»-деп аталады. Әр ару өзін-өзі таныстырады.

  2. «Өнерлі өрге жүзер», әр ару өз өнерлерін көрсетеді.(ән, би, мәнерлеп оқу)

  3. «Қызды тәрбиелеген-ұлтты тәрбиелейді» (Қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу).

  4. «Сұлулық сыры» (музыка ырғағымен сәндік киім)

  5. «Білімді мыңды жығар» (әр түрлі сұрақтарға жауап беру).

  6. Тағам дайындау

2-жүргізуші: І кезең. «Таныстыру»

Ақ арулар келіп жетті танысуға,

Бойындағы бар дарынды дарытуға,

Қорықпастан сахнаға келіп жетті.

Әдеппен, ізетпен танысуға,-дей келе қыздарымыз өздерін таныстыруды бастасын.

1-жүргізуші: ІІ кезең. «Өз өнерін көрсету»

Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,

Еңбектегі әріптестер мақтаны.

Өнеріңді ортаға сал, сайысқа,

Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та.

2-жүргізуші: Осы екі сайыстың қорытындысы бойынша сөз кезегін әділ-қазыларға берейік.

ІІІ кезең. «Қызды тәрбиелеген-ұлтты тәрбиелейді»

1-жүргізуші: Пір тұтқан адамдықты, адалдықты,

Көркімен таң қалдырған тамам жұртты.

Қыздардың қылығымен өмір қызық,

Қыздардың ғұмырымен заман құтты-дегендей байқаудың 3-ші кезеңі «Қызды тәрбиелеген-ұлтты тәрбиелейді» деп аталады. Бұл кезеңде қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу бойынша аруларымыз сынға түседі.

  1. «Қыздың жиған жүгіндей»

Бұл теңеу қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін көрсетеді. Өздеріне тән нәзіктілігімен, сүйкімділігімен, сыртқы және ішкі сымбаттылығымен ерекше екендігін айтқан.

  1. «Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе-жердің көркі»

(Біздің халқымызда «қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады. Қыз баланы гүлге теңеп, көрікті болатынын аңғартады)

3. «Қызға қырық үйден тыйым»

(Қыз бала тәрбиесіне ата-ана ғана емес, көрші-қолаң, туған-туыс, ауыл-аймақ болып сергектікпен қарайтын болған).

4. «Біреудің ала жібін аттама»

(Қыз бала үшін өтірік айту, ұрлық істеу және қатыгездік, қулық-сұмдық деген жат қасиет екенін айтып, өтірік өрге бастырмайды, ешкімге қиянат жасама деп адалдыққа тәрбиелеп отырған).

5. «Шеше көрген тон пішер»

(Халқымыз қыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Қыз балаға 5-6 жасынан-ақ апа-жеңгелері, шешесі мен әжесі, үйшаруасын жүргізуді (үй жинау, төсек жинау, кесте тоқуды) үйрете бастаған. Қыз бала тәрбиесінде шешенің орнын ерекше бағалаған.

2-жүргізуші. Сымбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы айменен таласатын.

Өнеріне сәні сай келіп тұрған,

Аруларға қызығып қарасын деп, келесі сайысымыз «Сұлулық сыры» деп

аталады. Әділ қазылар алқасына баға беруін сұраймыз.

1-жүргізуші: V кезең «Білімді мыңды жығар» (сұрақ-жауап)

Ақылдылық қыздарға жарасады,

Көзі ашықпен бәрі де санасады.

Келесі сұрақ-жауап сайысында

Сыналар білімі мен парасаты,-дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап берейік.

1-ші ару қызымызға қойылатын сұрақтар:

  1. Ұлттық бас киімді ата (сәукеле, тақия)

  2. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)

  3. Ою-өрнек түрлері нешеге бөлінеді? ( жануар тектес, өсімдік тектес, геометриялық, космогониялық)

  4. Үш арсызды ата? (ұйқы, күлкі, тамақ)

  5. Адам баласы тәуліктің қай мезгілінде жақсы тамақтану керек ? (түсте)

2-ші ару қызымызға қойылатын сұрақтар:

  1. Шашқа тағатын әшекей ? (шашбау)

  2. Киізге ою-өрнек басып жасалған кілемше ? (түскиіз)

  3. Қамырдың негізгі шикізаты ? (ұн)

  4. Бағалы металл ? (алтын)

  5. Мойынға тағатын әшекей ? (алқа)

3-ші аруға қойылатын сұрақтар:

  1. Табиғи жүнді, түбітті неден алады ? (қой, ешкі)

  2. Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық киімі ? (қамзол)

  3. Еттен жасалатын тағам ? (бесбармақ)

  4. Білім, оқу, жазуды үйретуші адам ? (ұстаз)

  5. Әйгілі күйші-анамыз ? (Дина Нұрпейісова)

4-ші ару қызымызға қойылатын сұрақтар:

  1. Жұма сайын пісірілуге тиіс мұсылман наны ? (шелпек)

  2. Қыздың бұрымы дегеніміз не ? (өрілген шаш)

  3. Ана туралы бір мақал айтыңыз ?

  4. Ас пісіруші маман адам ? (аспаз)

  5. Науқас адамдарға көмек беруші, емдеуші адам ? (дәрігер)

5-ші ару қызымызға қойылатын сұрақтар:

  1. Қазақ әйелдерінің сәндік әшекей бұйымдары ? (сырға, білезік, жүзік, шолпы, шашбау)

  2. Сүттен жасалатын тағам (көже, айран, қаймақ)

  3. Абай Құнанбаевтың әжесі (Зере)

  4. Қыз бала туралы бір мақал айтыңыз ?

  5. Ананың анасы сізге кім болады ? (нағашы әже)

2-жүргізуші: Енді әділқазы алқаларынан барлық ұпай сандарын санап, жеңімпаздарды анықтауларын сұраймыз.Ұпай сандары әзір болғанша кезекті әнге берейік.

Қорытынды сөз әділқазы алқаларына беріледі.

Марапаттау рәсімі.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!