Материалдар / Көктем келді
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Көктем келді

Материал туралы қысқаша түсінік
Көктем мезгіліне ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Мамыр 2021
386
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу қызмет түрі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Көктем келді»

Мақсаты: Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстарды, өсімдіктер мен жануарлардағы өзгерістерді бақылап ажырата білуге үйрету, үлкендердің еңбегін бақылау арқылы еңбексүйгіштікке, табиғатты қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Білімділік: Балалардың көктем мезгілі туралы білімдерін тереңдету.

Дамытушылық: Балалардың тілдерін, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Табиғаттың ерекше бір көрінісін сипаттай отырып, сүйіспеншілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Суреттер, жасанды гүлдер, табиғи гүлдер, көбелектер, саңырауқұлақтар.

Балалар шаттық шеңберге тұрып Әнұран айтады.

Көктем келді шуақты,

Балаларды қуантты.

Алақай-ау алақай!

Көктем қандай, көктем қандай көңілді.

Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Балалар жауабы Көктем.

Көктем мезгілінде неше ай бар? Б: Жауабы

Қазір қандай ай? Балалар жауабы Сәуір айы

Көктем мезгілінің қандай ерекшеліктері болады? Балалар жауабы: Күн жылынып қар ериді, айнала жап-жасыл болады, гүлдер,шөптер шығады, құстар жылы жақтан ұшып келеді, жаңбыр жауады. Дұрыс айтасыңдар! Балалар бізге қонақ келген сияқты қарсы алайық!

Көктем кіріп келеді: Саламатсың ба, Ару көктем қош келдің, төрлет?!

Көктем: балаларға жұмбақ жасырады.

Қар, мұз еріп

Су көбейіп сай-салаға ағады.

Бүршік шашып,

Жапырақ ашып

Гүл бәйшешек басады.

Балалар айтыңдаршы бұл қай кезде болады? Балалар көктем

Дұрыс айтасыңдар.

Ал балалар енді көктем туралы жаттау кім айтады?

Жанерке:

Қар еріді су ақты Сағыныш: Көкке бояп өңірді

Күндер туды шуақты Көктем келді көңілді

Байтақ дала келбеті Бау-бақшада орманда

Түкті кілем сияқты Құстар әні төгілді

Бақдәулет:

Жерді жапты көк кілем, Аңсаған: Көктем,көктем,көктем де

Ондай кілем жоқ білем Құстар келіп жеткенде

Көктем келді күлімдеп, Қуанып бір қаламыз

Міне саған гүлім! Деп Ән мен қарсы аламыз.

Жарайсыңдар!

Енді кім мақал-мәтелдер айтады?

Бибінұр:

Ж аңбырмен жер көгереді, Айару: Күн күркіресе

Батамен ел көгереді. Көп дүркірейді.

Балалар біз көктем мезгіліне «Үш көбелек» ертегісін сахналап береміз бе? Күн шуақты алаңқайда апалы-сіңілі үш көбелек тату-тәтті өмір сүріпті. Олардың біреуі –ақ, екіншісі- қызыл, үшіншісі сап-сары екен.

Көбелектер гүлден –гүлге қуана ұшып- қонып, өмірлерін көңілді өткізіпті. Бірде тасыр-тұсыр етіп жаңбыр жауып кетеді. Көбелектердің қанаттары дымқылданып, қайда тығыларын білмей дал болады.Осы кезде саңырауқұлақтар пук-пук етіп шығады.

Көбелектер саңырауқұлаққа келіп көмек сұрайды.

Саңырауқұлақ, саңырауқұлақ бізге көмектесші! Біз жаурадық қанатымыз су болды. Жарайды.

А қ және қызыл көбелек саңырауқұлаққа ұқсаған соң паналатады, Ал сары көбелек айналшықтап ұшып жүргенде, біздің әпкемізді қабылдағың келмесе бізге де көмектеспей-ақ қой тоңсақ бірге тоңайық деп қашып кетеді. Көбелектердің бұл сөзін бұлттың аржағында тұрған күн естіп қалады. Көбелектердің өзара татулығына, ауызбіршілігіне қуанады. Күнбұлтты ыдыратып жіберіп, аспанға жарқырап шыға келеді.Қуанған көбелектер қуана ұшып кетеді. «Шын достар –тек қиындықта сыналады» деген сөз содан қалса керек. Балалар сендерге ертегі ұнады ма?

Ендеше сергіту жаттығуын жасаймыз:

Қыр басына шығайық,

Көктем тілін ұғайық.

Қызғалдақты терейік,

Теріп үйге келейік.

Гүлдендірсін үй ішін,

Шықсын жұпар иісін.

Ал балалар енді түбекке гүл отырғызайық.

Аяна, Диана, Сағыныш, Алина гүл отырғызады.

Алдымен құтыға құнарлы топырақ саламыз, сосын тамырлап тұрған гүлді отырғызамыз. Су құямыз, түбін қопсытып тұрамыз. Гүлді терезеге қоямыз. Гүл кунді, жарықты жақсы көреді. Өз қолыммен ыдысқа отырғыздым үй гүлін, сабақтары қып-қысқа терезеден сүйді күн.

Ойын: «Гүлдерді» құрастыру

Балалар: қағаздан қиылған гүлдерді құрастырады.

Тәрбиеші: Шығармашылық жұмыс жасайық. Балалар жұмыс бастамас бұрын техникалық қауіпсіздікті сақтаймыз.
Қағаздан қиылған гүлдерді, ақ қағазға желімнің көмегімен жапсырамыз. Жапсыру жұмысымызды аяқтап болған соң, қолымызды сүртеміз. Осымен оқу іс –әрекетіміз аяқталды.

Қорытындылау: Балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Көктем мезгілінің ерекшеліктерін.

Игереді: Көктем туралы тақпақтарды, мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды.

Меңгереді: Табиғатты қорғап, қамқорлық жасауды.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!