Материалдар / Көктемгі ағаштар

Көктемгі ағаштар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ересек топка арналган сабак жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Сәуір 2021
861
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ересек «Балапан» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 22.04.2021

Тәрбиеші: Нурсеитова А.У

Білім беру саласы: Қатынас

Пән: Тіл дамыту

Өтпелі тақырып: Көктемгі ағаштар

Тақырыбы: Әлем ағашы туралы миф

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Табиғат сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Сөздік қорларын,тіл байлықтарын,сахна шеберліігін дамыту.

3.Оқыту: Көктем мезгілінің ерекшеліктерін айыра білуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: әлем ағашының суреті

Билингвалдық компонент: ағаш- дерево

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)

Біз бүгін сендермен Әлем Ағашымен танысамыз. Сендер тындауға дайынсындар ма?

ІІ. Негізі бөлімі

1.Әңгімелесу

...Жердің байырғы халықтарының мифологиясындағы аса маңызды бір нәрсе- космологиялық тамыр ретіндегі Әлем Ағашы туралы ұғым.

...Мысалы, қазақ тарихының сақ дәуірінде жататын Есік қорғаны жәдігерлерінің ішіндегі киімге тағатын алтын жапсырмалардан ұшар басына құс қонақтаған Әлем Ағашын көреміз. Ал, Алтайдан табылған алтын заттардың бетіне ұшар басы екеу әрі бастары жер астынан шығып келе жатқан екі айдаһар бейнеленген Әлем Ағашы салынған. Әлем Ағашының суретін қазақтың тұрмыстық ою- өрнек айшықтарынан да көреміз.
Көшпелі халықтың мифологиясында осындай қасиетті Әлем Ағашын көбіне- көп ақиқат өміріндегі бәйтеректермен байланыстырады. Мұндағы бәй, бай- алыптықты, құт- берекені білдіреді.

...Әлем Ағашының ұшар басында қонақтаған құс Самұрық немесе Симуруг деп аталады. Ол- арлық құстардың патшасы саналатын сиқырлы құс.

«Бұл құс ешкімге зиян шектірмейді, ешкімге жамандық жасамайды, тек адамдарды қайғы- қасіретінен айықтыруға жәрдем етеді...» - дейді қазақ ертегісі «Аюдауда».

Кейде Самұрық екі басты құс кейіпінде суреттеледі. Бір басы- құстікі, екінші басы- адамдікі. Әдетте, ол батырларға ерлік жасауға көмектеседі. Алайды Самұрықтың сеніміне кіру үшін батыр әуелі жылда оның ұясына өрмелеп шығып, балапандардын жеп кететін жер асты айдаһарды өлтіріп, алдағы жорықтарында Самұрықтың шапағатына ие болады.

...Демек, Самұрық құс пен жер астының жауыз айдаһары Жақсылық пен Жамандықтың мәңгілік күресін бейнелейді.

...Жақсылық пен Жамандықтың мәңгілік күресінде адам міндетті түрде әділеттік жағына шығуы керек... Жер астына тап болған ертегі қаһарманы ханның сұлу қызына үйлену мақсатын көздейді. Ал, қайтадан жер үстіне шығу үшін Әлем Ағашы- алып бәйтеректі тауып, соның түбінде Самұрықтың жоған пайдаланып, ұядағы балапандарға жорғалай өрмелеген айдаһарды өлтіруі керек. Осылайша батыр балапандарды қанқұйлы жауыздан құтқарады. Көбіне- көп ол айдаһарды садақ жебесімен жайратады, кейде айбалтаны, кейде сиқырлы семсерді пайдаланады. Балаларын ажалдан құтқарғаны үшін Самұрық батырдың ерліктеріне жәрдем етіп, жол ашады, оған күш- қайрат беріп, жер үстіне алып шығады.

2.Сұрақ- жауап

Жақсылық пен Жамандықтын мәңгілік күресінде кім женуі мүмкін?

Әлем Ағашын да не бейнелеген?

Әлем Ағашы- алып бәйтеректі тауып, соның түбінде Самұрықтың жоған пайдаланып, ұядағы кімдерге жорғалай өрмелеген айдаһарды өлтірді?

3.Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп- кішкентай ағаштар,

Үп- үлкен болып өседі.

4.Мақал- мәтелдер

  • Әркімнің туған жері өзіне ыстық.

  • Туған жер- алтын бесік.

  • Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас

ІІІ. Қорытынды (2 мин)

Біз қандай ағашпен таныстық?

Жақсылық пен Жамандықтың айырмашылығы қандай?




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ