Материалдар / көлдер мен мұхиттар ашық сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

көлдер мен мұхиттар ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
755
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Мұғалімнің аты-жөні: Райбекова А

Мектеп: Ғ.Мұратбаев ЖОМ

Күні:

СЫНЫП: 8

Сабақ

Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:


Сабақтың тақырыбы

Көлдер мен мұздықтар

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

8.3.3.5 көлдер мен мұздықтарды жоспар бойынша сипаттайды

Сабақ нәтижесі:


Жалпы мақсат: көлдер мен мұздықтарды жоспар бойынша сипаттай алады

.Барлық оқушылар:Дүниежүзінің және Қазақстанның көлдері мен мұздықтарына белгілі бір жоспар бойынша сипаттама бере алады;

Көпшілік оқушылар: көлдер мен мұздықтардың қалыптасу ерекшеліктерін, әлемдегі ерекше көлдер мен мұздықтарды атай алады және картадан көрсете алады;

Кейбір оқушылар:жергілікті жер компонентін қамту негізінде Қазақстан көлдері мен мұздықтарының шаруашылық маңызын талдайды.

Бағалау критерийі

Дағдылар:Қолдану - көлдер мен мұздықтардың қалыптасу ерекшеліктерін, әлемдегі ерекше көлдер мен мұздықтарды атай алады және картадан көрсетеді;

Талдау - Қазақстан көлдері мен мұздықтарының шаруашылық маңызын талдайды

Тілдік құзіреттілік

Оқылым: Оқушылар ауызша сөйлеу нормаларын сақтай отырып, өз ойларын жинақы және логикалық сабақтастықта жеткізе алады;

Айтылым:Көл мен мұздыққа қатысты географиялық терминдердің дұрыс айтылуына мән береді;

Тыңдалым:Видео ақпараттарды қолданудың негізінде тақырып мазмұнындағы сұрақтар мен тапсырмаларға жан – жақты толық жауаптар таба алады;

Жазылым:Көл мен мұздыққа қатысты географиялықтерминдерді жазады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Физика – көлдер мен мұздықтардың пайда болу үдерістерін түсіндіреді , информатика –көлдер мен мұздықтар туралы видео,презентация көрсетіледі

Алдыңғы оқу

Өзендердің гидрологиялық режимі

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Сәлемдесу.

Топқа бөлемін : «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1,2,3 вагондарға бөлініп отрады.

Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Қызыл гүлім-ай» би

Сынып реттілігін қадағалау.

Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

Оқушылар зейінін тақырыпқа аудару мақсатында, бірнеше сұрақтар мен «Көлдер, мұздықтар» атты видеокөрсетемін. Ой қозғау:Бүгін топтардың атаулары өзгеше. Қандай пікір бар? -бүгін сабақ не туралы болады?- қандай тақырыпты өтеміз?

1-топ:

«Бақыт» вагоны

2-топ:

Сүйіспеншілік» вагоны

3-топ:

«Жарқын өмір» вагоны


Жаңа білім

10 минут






Білу және түсіну

Қазақстан өзендерінің негізгі су көздерінің бірі – мұздықтар. Мұздықтар тұщы судың орасан зор қоймасы. Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясы География институтының ғалымдары республика мұздықтарының каталогін құрастырды. Соның нәтижесінде Қазақстанның тау мұздықтарының картасы жасалды. Қазақстан жерінде қазіргі мұздықтары таралған аудандары шығыс және оңтүстістік – шығыс аймақтарындағы – Алтай, Сауыр жоталары, Жоңғар (Жетісу) Алатауы, Қырғыз Алатауы, Іле Алатауы, Күнгей Алатау,Теріскей Алатау жоталары. Республиканың барлық тауларында 2724 мұздық бар. Олардың алып жатқан ауданы – 2033,3км². Бұл мұздықтардағы мұздың жалпы көлемі 100км³. Ол – Қазақстан жерінде жиналатын өзен аңғарының жылдық мөлшерінен екі есе артық тұщы су қоры.

Мұздықтардың пайда болуы үшін, олардың орналасатын жер бедерінің болуы және жауын - шашын қатты күйінде жеткілікті түсуі шарт. Мұздықтар құрлық бедер пішіндерін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Мұздықтар қалыптасатын алқап жер бетіндегі ерекше белдемде – хионосферада (грекше – қар қабаты) орналасады, оның төменгі жағы қар сызығы деп аталатын шекарамен шектеледі.

Қазақстан тауларында қар сызығы ауаның құрғақтығы мен климаттың континенттігінен байланысты бір сыпыра биікте жатыр. Қар сызғы оңтүстікте биік болады, солтүстікке қарай едәуір төмендейді. Қар сызығының орташа биіктігі Тянь – Шань тауларында 3800 м-ден, Алтай тауларында 2600м аралығында жатыр. Бір тау жотасының оңтүстік және солтүстік беткейлерінде қар сызығының биіктігі 200 – 400м айырма жасайды. Тіпті бір беткейдің өзінде де батысы мен шығысында қар сызығының биіктігі жүздеген метр биік не төмен болуы мүмкін.

Алтай тауларында қар сызығының орташа биіктігі солтүстік беткейде 2300 – 2800м, оңтүстікте 2500 – 3000м, Сауырда – 3300м. Қар сызығы Жоңғар (Жетісу ) Алатауының солтүстігінде 3300 – 3500 м, оңтүстік беткейде 3300 – 3900м, ал Тянь – Шань тау жүйесінің солтүстік жоталарында, атап айтқанда, Іле Алатауының солтүстік беткейінде ол 3700-3900м биікте, оңтүстікте 3900 – 4200 биікте өтеді.

Мұздықтар тауларда әркелкі орналасқан. Ең көп шоғырланған ауданы Жоңғар (Жетісу) Алатауындағы 1369 мұздықтың ауданы 1000км². Оның 996км² солтүстік беткейде 1009 мұздықтары 857км² жерді алып жатыр. Қазақстан Алтайында мұздану ауданы 89.6км² жететін 328 мұздық бар. Сауыр жотасында 18 мұздық орналасқан.

Таулы бөлікте мұздықтар типтерінің үш түрлі негізгі топтары бар:

  1. Тегістелеген төбе мұздықтары

  2. Тау беткейлерінің мұздықтары







Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

10 минут







1 –тапсырма.Кестемен жұмыс. Көлдердің материк бойынша сәйкестендіріңдер (жеке жұмыс) Тұлғаға бағдарланған тәсілДескриптор:

Байкал көлінің қай материкте орналасқанын анықтайды

Балқаш көлінің қай материкте орналасқанын анықтайды

Каспий көлінің қай материкте орналасқанын анықтайды

Эйр көлінің қай материкте орналасқанын анықтайды

Чад көлінің қай материкте орналасқанын анықтайды

Жоғарғы көлінің ерекшеігін анықтайды

Титикака көлінің қай материкте орналасқанын анықтайды

Виктория көлінің қай материкте орналасқанын анықтайды

Гурон көлінің қай материкте орналасқанын анықтайды(Қ.б) стикер арқылы мұғалім оқушыны өзі жасайды. 3 түсті стикерді жұмыстарына жабыстырып кетеді.Жасыл – Өте тамаша! Жарайсын!Сары – Тамаша! Алға!Қызыл – Ойлану керек! Қалма!2 – тапсырма. Постер құру. Оқулық мәтінін және қосымша ақпаратты қолданып, «Көл типтері» атты сызбанұсқаны толтырыңдар (топтық жұмыс) Іс – әрекеттік тәсіл1 – топ. Тектоникалық көлдер2 – топ. Мұздық көлдер3 – топ. Қалдық көлдер4 – топ. Жанартаулық көлдерДескриптор:1.Оқушы көлдердің қалыптасу типін табады.2.Көлдердің қалыптасу себептерін ақпарат көздерін пайдалана отырып, дәлелдейді.(Қ.б) :«Бутерброд» әдісі бойынша топтарбір-бірін бағалайды. Сағат тілімен 1топ -2 топты,2 топ -3топты,3топ -4топты,4топ -1топтың жұмысын бағалайды.«Зип – Зап – Зуп» жаттығуы. Ойынға қатысушылар шеңбер құрады, ортада жүргізуші «Зип – Зап – Зуп» деген тапсырманың біреуін береді.Зип дегенде оқушылар Еуразиядағы көлдердің атынайтады.Зап дегенде Африкадағы көлдердің атын айтады. Зуп дегенде Солтүстік Америкадағы көлдердің атын айтады. Зип – Зап – Зуп» десе барлығы жүргізушімен қоса орын ауыстырып жұптасып тұра қалады.3 – тапсырма. Төмендегі сызбаны пайдаланып, мұздықтың пайда болу үдерістерін түсіндіріңдер (жұптық жұмыс)Зерттеутәсілі.Дескриптор:

Мұздықтың пайда болу себебін ашады.4 – тапсырма.Венн диаграммасыТаулы және жамылғы мұздықтардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтаңдар (жұппен талқылау)Дескриптор:

Таулы және жамылғы мұздықтарды салыстырады.(Қ.б) Бағалау:«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша жұптар бір – бірін бағалайды

Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер


«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.


Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Сабақты бекіту «5+30» әдісіОқушыларға 3деңгейдегі сұрақтар жазылған таратпалар беріледі.орындау уақыты: 5+30 сек.Содан кейін тақтаға дұрыс нұсқасы ілінеді, оқушылар жауаптарын тексереді.3 тапсырманы дұрыс орындаған оқушылар партаның оң жағына, 2 тапсырманы дұрыс орындағандар сол жағына , ал 1тапсырмасы дұрыс немесе мүлдем дұрыс жауабы жоқ оқушылар орнында қалады.Сұрақтар: 1.Қазақстанның мұздық орналасқан тауларын атаңдар?2. Антарктида аймағында мұзтаулардың пайда болу себептерін анықтаңдар 3.Канада мен АҚШ шекарасындағы орналасқан ҰЛЫ көлдер жүйесіне кіретін көлдердің аттарын жазыңдар және көл қазаншұңқырының шығу тегіне талдау жасаңдар.Дескриптор:1Қазақстанның мұздық орналасқан тауларынатайды.2Антарктида аймағында мұзтаулардың пайда болу себептерін анықтайды.3.ҰЛЫ көлдер жүйесіне кіретін көлдерді табады.4. ҰЛЫ көлдер жүйесіне кіретін көлдердің шығу тегін талдайды.Рефлексия«Табыс баспалдағы» әдісі. Оқушы сабақта алған әсерін табыс баспалдағына орналасуын ашып береді.Үйге тапсырма беруоқу, «Шымбұлақ» тау – шаңғы базасы туралы немесе Федченко және Росс мұздықтарына хабарлама әзірлеу.

-Қорытынды ретінде кластер толтырайық

Shape1

Көлдер мен мұздықтар












Кестені толтыру

Бағалау


5 минут











Кері байланыс

3 минут

«Бутерброд» әдісі бойынша топтарбір-бірін бағалайды. 

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша жұптар бір – бірін бағалайды«Табыс баспалдағы» әдісі арқылы оқушы сабақта алған әсерін табыс баспалдағына орналастырады. «Білім қоржыны» кері байланыс

Picture 5


Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады.

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?







Сабақты бекіту кезінде «5+30» әдісі арқылы 3 деңгейлі тапсырма орындату арқылы А,В,С, деңгейіндегі оқушыларды саралап аламын.А деңгей тапсырмасы:Қазақстанның мұздық орналасқан тауларын атаңдар?В деңгей тапсырмасы: Антарктида аймағында мұзтаулардың пайда болу себептерін анықтаңдар С деңгей тапсырмасы: Канада мен АҚШ шекарасындағы орналасқан ҰЛЫ көлдер жүйесіне кіретін көлдердің аттарын жазыңдар және көл қазаншұңқырының шығу тегіне талдау жасаңдар

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!