Тақырып бойынша 24 материал табылды

Көлік түрлерімен таныстыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Көлік түрлері (жол, ауа, су, теміржол көліктері), бағдаршам белгілерімен таныстыру, Көлік түрлерінің қолданысы туралы білімдерін қалыптастыру. Әр көліктің пайдасын айта отырып, еңбекқорлыққа баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Келісемін:

«Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы

Курчатов қаласы бойынша

білім бөлімінің «Күншуақ»

балабақшасы» КМҚК әдіскері

_____________ Тілеухан А.Н.

Бекітемін:

«Шығыс Қазақстан облысы

білім басқармасы

Курчатов қаласы бойынша

білім бөлімінің «Күншуақ»

балабақшасы» КМҚК

директоры

_______________ А. Кенес



«Айгөлек» ортаңғы тобының ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары. Өтпелі тақырып: «Көліктер»


Күні: 04.03.2021ж.

Білім беру саласы: Әлеумет. Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру. Өтпелі апталық тақырып: «Көліктер». Мақсаты: Көлік түрлері (жол, ауа, су, теміржол көліктері), бағдаршам белгілерімен таныстыру,

Көлік түрлерінің қолданысы туралы білімдерін қалыптастыру.

Әр көліктің пайдасын айта отырып, еңбекқорлыққа баулу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық суреттер мен тапсырмалар, үнтаспа.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру,бағдаршам

Сөздік жұмыс: көлік, бағдаршам.

Билингвалды компонент: көлік – транспорт – transport, бағдаршам – светофор – traffic lights.

Сәлеметсіздер ме-здравствуйте-hello.

КІРІСПЕ БӨЛІМ. Шаттық шеңбер:

-Аспанымыз ашық болсын!
-Деніміз сау болсын!
-Тамағымыз тәтті болсын!
-Сабағымыз сәтті болсын!
НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

Ой қозғау: Балалар ерте заманда көлік түрлері болмаған кезде адамдар алыс жерлерге қалай барған? Ауыр жүктерді бір жерден екінші жерге қалай жеткізген?
Балаларға ерте заманғы көліктер туралы қысқаша түсінік беремін.
Балалар ерте заманда көлік түрлері болмаған кезде адамдар көлік ретінде және жүк тасу үшін үй жануарларын пайдаланған. Ат, түйеге арба жегіп адам, жүк тасымалдаған. Алыс жерлерге жету үшін айлап, жылдап жүріп барған.
Қазір көліктің түрлері өте көп, оларды бірнеше топқа бөлуге болады:

  1. Жерде жүретін көліктер: машина, автобус, мотоцикл.

  2. Әуеде ұшатын көліктер: ұшақ, тік ұшақ, зымыран.

  3. Суда жүзетін көліктер: кеме, қайық, желкенді қайық.

  4. Темір жол көліктері: поезд, трамвай, тралейбусс.

Бұл көліктердің бәрін арнайы маман иелері жүргізеді. Ұшақты – ұшқыш, машинаны – жүргізуші, кемелерді – кеме капитаны, поезды - машинист басқарады.

КEЙІПКЕР

Жол полициясының көлігінің дыбысы естіледі.

Балалармен амандасып топқа жол полиция қызметкері кіріп келеді.

Балалармен көңілді амандасып, өзін таныстырады

  • Балалар, сендердің бүгінгі тақырыптарың көлік түрлері болғандықтан мен сендерге жолда жүру ережелері жайында түсінік беруге келдім.

Бағдаршам туралы, бағдаршамның көздерін түсіндіреді, жолда жүру тәртібін үйретеді.

  • Балалар, сендерге бағдаршам ұнады ма және түсіндіңдер ме? Олай болса маған кім түсіндіріп береді?

Мысалы: Өз бағытымыздағы қызыл түсте тоқтаймыз, сары түсте жүруге дайындалып тұрамыз, ал жасыл түсте жүреміз.

  • Өте жақсы балалар, сендердің бағдаршам туралы түсінгендеріңізге өте қуаныштымын. Қош сау болыңдар, жолда аман-есен жүріңдер.

  • Сау болыңыз, жолыңыз болсын!

Билингвалды компонент: көлік – транспорт – transport, бағдаршам – светофор – traffic lights.

Сергіту сәтті:«Бағдаршам»- жолда жүру ережелерін үйренеміз, бізбен бірге қайталандар! атты әніне билету.

1 ТАПСЫРМА:«КӨЛІК ТҮРЛЕРІНІҢ ЖОЛДАРЫН ТАУЫП ОРНАЛАСТЫР». Ойынның шарты: Көлік түрлерінің жолдарын тауып, қорапқа салу керек.

2 ТАПСЫРМА «КӨЛІКТІҢ БӨЛІГІН ТАП» Ойынның шарты: Көліктін жартысын тауып сызып қорсету керек.

3 ТАПСЫРМА «ДЫБЫСТЫ ТАУЫП КӨЛІКТІ АТА» ойыны. Ойынның шарты: Үнтаспада көліктердің дыбысы шығыды, балалар қай көлік екенін атау керек.

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ.

  • Балалар біз бүгін не үйрендік? (Көліктер туралы үйрендік)

  • Бізге қонаққа кім келді? (Жол полициясы)

  • Балалар сендер бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңыздар.

  • Жарайсыңдар, балалар. Барлығыңыз жол ережесін сақтап, көліктермен аман-есен жүрейік. Осымен бүгінгі оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Келген қонақтармен қоштасамыз. Қош сау болыңыздар!



КРИТЕРИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ

  • БАҒДАРШАМ түстерімен өз-өзін бағалау әдісі.

  • ҚЫЗЫЛ – ОРТАША

  • САРЫ – ЖАҚСЫ

  • ЖЫСЫЛ – ӨТЕ ЖАҚСЫ

  • Қызыл, сары, жасыл түстердің біреуін жоғары көтеру арқылы өз-өзін бағалау.

Тәрбиеші: Копежанова А.К.

Тексерілді: _____________

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.03.2021
954
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі