Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Колледжде денсаулық сақтау ортасын қалыптастыру ерекшеліктері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
БАЯНДАМА
Тақырыбы: Колледжде денсаулық сақтау ортасын қалыптастыру ерекшеліктері
Калкенова Бейбитгул Женисбековна
Мақсаты:
Жастардың өмір сүру салты мен денсаулығына жағымсыз әсер ететін факторларды анықтау, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ететін негізгі факторларды (дұрыс ұйымдастырылған еңбек, оптималды қозғалыс режимі, дене шынықтыру, ұтымды тамақтану принциптерін сақтау, зиянды әдеттерден бас тарту) насихаттау, денсаулықты нығайтуға және сақтауға бағытталған әдістерді ұсыну. Қоғамда студент жастарды өмір сүру салты ерекше, өз ұстанымдары мен мінез-құлықтық эталондары бар топ ретінде қарастыру.
Міндеті:
-Жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу.
-Оқыту процесінде студенттердің салауатты өмір салтын қалыптастырудың мүмкіндіктерін анықтау.
-Cтуденттерді салауатты өмір салтына ынталандыру және қалыптастыру жолдарын ұсыну.
Жоспар:
-
Денсаулық анықтамасы, түрлері
-
Педагогикалық салауаттанудың даму негіздері
-
Колледж студенттерінің салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру
-
Денсаулық кодексі
-
Колледж оқытушыларына ұсыныс
КІРІСПЕ
...Адам денесінің
жетілуі – оның саулығы;
егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек,
ал егер сау болмаса, онда денді сауықтыру керек.
Әл-Фараби.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша денсаулық дегеніміз – ағзада аурудың не болмаса физикалық кемістіктің жоқтығы ғана емес, ол табиғи (физикалық), рухани және әлеуметтік толық аман – есендік.
Академик В. П. Казначеевтің жеке бас денсаулығы туралы анықтамасы бұдан да толығырақ: «денсаулық дегеніміз, ағзаның ұзақ уақыт өмір сүру барысында биологиялық және психикалық әрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің, әлеуметтік белсенділігінің, сондай – ақ жас ерекшелігіне сәйкес дені сау ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы ».
И.И.Брехманның анықтамасы бойынша, денсаулық адамның ерекшелігіне сәйкес өзгермелі ортада тұрақтығы, сонымен бірге сенсорлық, вербалды және құрылымды ақпараттарды қабылдау қабілеттілігі.
Денсаулық физикалық, психикалық және әлеуметтік болып бөлінеді.
Физикалық саулық дегеніміз – адам организмінде функциялардың өздігінен реттелуі, функциялық үрдістердің келісілімді өтуі, сыртқы орта әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғарғы дәрежелі жағдайда болу.
Психикалық саулық – ауруды болдырмау қайтсе де одан арылу адам өмірінің мақсаты болуын болжайды. Философтардың айтуынша, бақытты адамдардың көңіл күйі қоршаған орта, өмірге байланысты болып келмейтіндігі, сол өмір туралы адамның өз ойы қандай болатындығына да байланысты.
Әлеуметтік саулық – адамның әлеуметтік белсенділігінің, яғни жеке адамның айналадағы өмірмен біте қайнау дәрежесі.
Ойы саудың — жаны сау. Жаны саудың — тәні сау. Тәні саудың — дені сау. Дені саудың — өмірі сау.
Денсаулық, қалып (норма) деген ұғымдар бір – біріне ұқсас. Қалып дені сау адам баласының бәріне бірдей тұрақты стандарт, мақсат ететін үлгі болатындай денсаулықтың көрсеткіштері.
Денсаулық- тіршілік пен бақыттың басты бір кепілі. Жеке бастың денсаулығы әркімнің жауапкершілігін, сауаттылығы мен саналылығының көрсеткіші болса, жалпы халық денсаулығы әр мемлекеттің әлеуметтік- экономикалық, мәдени даму сатысы мен жетістіктерінің сипаттамасы, визит карточкасы.
Адамға берілген биологиялық 125 жас, ал қазір орта жас елдер бойынша - Украйна, Ресейде – 48 – 56 жас, АҚШ - та - 75 жас, Германияда – 75, 5 , Жапонияда – 82, Қытайда - 92 жас .
Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының тексеруі бойынша адам денсаулығының 10 % медициналық көмек пен медицина ғылымына, 20 % тұқымқуалаушылыққа, 20 % қоршаған ортаға, 50 % салауатты өмірге байланысты, яғни адамның өз қолында.
Салауатты өмір сүру салты дегеніміз – био-әлеуметтік категория Салауатты өмір сүру салты – интегратифті түрде қалыптасады және адамның іс-әрекетіне байланысты болады. Салауатты өмір сүру салты – шаруашылық күнделікті үй тұрмысы, материалдық және рухани формаларын қанағаттандыру үшін қоғамдық ұйымдарда өзін-өзі ұстай білу, қоғамдық тәртіппен санасу, артық сөз айтпау, орынсыз саясатпен айналыспау, кез-келген адамдарды жамандамау, біреуді біреуге шағыстырмау, өзін ақылды деп есептеп, басқаларды ақымақ ретінде көрмеу, ата-анамен баланың тәрбиелі қарым-қатынасы, тазалық гигиенасын сақтау, ұтымды тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, спортпен шұғылдану тағы басқалар жатады.
Салауатты өмір сүру салтын сақтау әр азаматтың ойы мақсатының бірі. Әсіресе жас ұрпақтың бойына тазалық пен сергектікті орнықтыру – біздің міндетіміз. Сондықтан да басты міндеттердің бірі - балалардың ауырмауға, денсаулықтарын күтуге, салауатты өмір салтын ұстауға, гигиеналық дағды жан мен тән саулығы жан-жақты даму, қабілетін көтеру, ата-ана мен баланың бір-бірін тануға үйрету, үлкендерді сыйлау.
Салауатты сөзінің негізгі мағынасы – парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, білімді, зерделі және сабырлы деген ұғымды білдіреді. Қоғамымыздағы адамзаттың өмірінің аяғына дейін денсаулығының мықты болуы қоршаған ортаның тазалығына байланысты.
Өмір сүру салты дегеніміз - әрбір жеке адамнан бастап, бүкіл қоғамның қалай еңбек етіп, қалай тұрмыс құрып, бос уақытында демалатыны, қысқасы, олардың қалыптасқан өмір тіршілігі, яғни, адамның өмір сүру салты қандай болса, өзі де сондай, өмір сүру салты тұлға мен қоғам деңгейінің прогресті даму көрсеткішінің категориясы.
Салауатты өмір сүру салты тұлға және адам деңгейінде болуы әлеуметтік экономикалық жағдайларға байланысты болады, адамның психикасына, денсаулығына, ағзаның функционалды-биологиялық қасиеттеріне де байланысты. Биологиялық ерекшелігіне байланысты салауатты өмір сүру салты бір келкі болады.
Әр адам өзіне тән қалыптасқан өмір салтымен тіршілік етеді. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ген арқылы беріліп отыруы мүмкін. Осыған байланысты салауатты өмір сүру салты 3 категорияға бөлінеді:
1. Салауатты өмір сүру деңгейі;
2. Салауатты өмір сүрудің сапасы;
3. Салауатты өмір сүрудің стилі.
Салауатты өмір сүру деңгейі – экономикалық категория. Адамның материалдық және моральдық-рухани қажеттілігін толығымен қамтамасыз ету.
Салауатты өмір сүру сапасы - әлеуметтік категория – үй-іші қызмет істейтін орындар (оқу орындар, мектептер) неше түрлі адам денсаулығын қамтамасыз ететін комфортты мебельдер мен лабороториялық жабдықтармен қамтамасыз етілуі (температура, жарық режімі, ылғалдылық,) .
Салауатты өмір сүру стилі - әлеуметтік психологиялық категория – адамның қоғамдық орындарда өзін -өзі ұстап және көрсете білу .
Салауатты өмір сүру деңгейі мен салауатты өмір сүру сапасы эквопотенциалды болып келеді. Сондықтанда адам денсаулығының жақсы және жаман болуы салауатты өмір сүру стиліне байланысты. Ал салауатты өмір сүру стилі тарихи және ұлттық дағды –дәстүрлер арқылы қалыптасады. Тағыда тұлғаның бейімділігіне байланысты болады.
Салауатты өмір сүру салтының негізгі биологиялық және әлеуметтік принциптері:
Биологиялық принцип:
- Салауатты өмір сүру салты адамдардың жас ерекшеліктеріне;
- Салауатты өмір сүру салты энергетикаға;
- Салауатты өмір сүру салты эстетикалық қызметке;
- Салауатты өмір сүру салты ритмикалық үрдістерге;
- Салауатты өмір сүру салты денсаулықты арттыруға байланысты болуы керек.
Әлеуметтік принциптер:
- Салауатты өмір сүру салты және эстетикалық қызметті;
- Салауатты өмір сүру салты рухани түрде жеткіліктілікті;
- Салауатты өмір сүру салтының еріктігін дамытуды;
- Салауатты өмір сүру салтында адамның үшінші жағдайда болмауын қамтамасыз ету.
Сонымен, еліміздің кез келген азаматы салауатты өмір сүру үшін парасатты, зерделі және білімді болуы керек. Әсіресе денсаулық жайында білімді болғаны жөн.
Биологияда, медицина мен психологияда қаншама түсініксіз жайлар бары таңқаларлық. әрине, адам миының жұмысын түсіндіру қиын: 15 миллиард жүйке жасушалары бар, олардың әрқайсысы мыңдаған, тіпті миллиондаған басқа жасушалармен байланысқан және жүйелі жұмыс атқарады. Адам гендерінде не жазылғанын оқу да оңай емес.
Адам үшін денсаулықты сақтап қалу – мақсат. Дәмді тамақтану – мақсат, әрекет жасау – мақсат. Мақсаттар көп, ал уақыт пен күш шектеулі.
Ертедегі ата-бабаларымыздан бізге шынығуды қажет ететін дене мен кемістікке бейім биологиялық сезімдер немесе психика қалды. Олардың біріншісі – жалқаулық. Адам жануарлар сияқты, ынталандыру болса ғана күш алады. Босаңсу әрқашан да жағымды. Тек балалар ғана ерекше: олар ешбір мұқтаждықсыз жүгіреді, ойнайды.
Екінші кемшілік – қомағайлық. Тамақ ішіп-жеуден қанағат табу – аса маңызды құбылыстардың бірі. Дәмді тамақ ішіп, оны басқа сезімдер сияқты, жаттықтыруға болады. Адам әлдеқашан етті қуыруды үйреніп, оны дәмді ету тәсілін пайдаланғаннан бері өзінің тамақ сіңіру орталығын жаттықтырады.
Үшінші кемшілік – қорқыныш. Хайуандармен салыстырғанда адамда қорқыныш күшейе түседі, өйткені ол, есіне жақсы сақтайды, оның кейіннен болар салдарын да болжай біледі. Сондықтан тек оны өзінің ауырулары ғана емес, басқа біреулерден көргені, оқығаны немесе көргені үрейлендіреді.
Қорытып айтқанда, адам баласы ақылды, бірақ жалқау әрі қомағай. Табиғат оны тоқ және жеңіл өмір үшін жаратқан жоқ. Мол және дәмді тағам ішіп-жеп, рахаттанып, жылы жайда демалғанының есесін аурумен өтеуіне тура келеді. Егер алғашқыда, яғни қанағат алуды асыра сілтесе, оның көлемі тым көбейіп кетуі ықтимал. Дене азабы өркениет игілігінен келген барлық рахатты жоққа шығаруы мүмкін. Әрине, денсаулық сақтау режимін барлық адам қатаң ұстайды деп санауға болмайды, бірақ оған адамдардың көзін жеткізуге тырысу қажет: қауіпті ауруларға ұшырамас үшін, өзіне-өзі қажетті шек қоя білген кім кімге болса да тиімді. Мұны салауатты, дұрыс мағынаға жетелейтін ғылым ғана іске асыра алады.
Денсаулық – ауруларға қарама қарсы құбылыс екені әркімге түсінікті сияқты. Бүкіл медицинаның даму кезеңінде оның екі бағыты анықталды: біріншісі – бұзылған денсаулықты дәрі-дәрмектің көмегімен қалпына келтіру, екіншісі – сол мақсатқа “организмнің табиғи қорғаныс күштерін” жұмылдыру арқылы жету. әрине, екі тәсілді бірдей қолданған дәрігерлер әрқашан да болды, бірақ, әдетте, іс жүзінде біреуі ғана басымырақ қолданылды. Өкінішке қарай, көпшілік адамдар, кейбір дәрігерлер де организмнің ауруға қарсы күресетін табиғи күшін ескере бермейді. Сол табиғи күштерді толықтырып, шынықтыруға көңіл бөлмейді.
Мемлекеттік барлық құрылымдардың тікелей қатысуын талап ететін маңызды мәселенің бірі – салауатты өмір салты. Ол адамдардың өздері шеше алатын, өз қолдарынан келетін жұмыс. Ендеше, әр адамзат өз денсаулығына жауапты болып, оны әрі қарай нығайтып, шыңдағаны дұрыс. Ал қай адамның болсын өз өмірін бақытты етуге толық мүмкіндігі бар. Өмір қуанышын сезініп, мақсаттарға жету үшін саналы сезім, саралы ой қалыптастыруы қажет. Өз дене бітімінің дұрыс жетілуіне, өзін-өзі сергек сезінуге, ақыл ойын, сана сезімін тәрбиелеуге жағдайлар туғызуға міндетті.
1997 жылға дейін ғылым аясында, салауаттанудың қандай ғылымдар жүйесіне жататын, оның жеке ғылым ретінде қарастырылу құқығының бары немесе жоқтығы жөнінде пікірталастар жүріп отырды. Р.Артоманов және В.В.Колбанов салауаттануды идеология деп қарайтын ғалымдардың пікірлеріне сын айтады: “Ешқандай ғылым жалаң жерде пайда болған жоқ. Кез келген ғылымның дамуына басқа ғылымдардың тәжірибелері себеп болған, сондықтан салауаттануды жасауда қолданылған ғылыми тұжырымдаманың қалыптасуына үлес қосқан клиникалық медицинаның, гигиенистердің, физиологтардың, биохимиктердің, генетиктердің және басқа да ғылым салаларының алдыңғы қатарлы ғалымдар мен практиктерінің рөлін ұмытқанымыз жөн болмас”.
Салауаттану мәселесін талқылай отырып, ғалымдар салауаттану кешенді ғылым деп қарастыруда. И.И.Брехман өзінің еңбегінде, салауаттану денсаулыққа экологияның, биологияның, медицинаның, педагогиканың және басқа да ғылымдардың қосатын үлестерін “синтездеп”, денсаулыққа тіке жол салуы керек деген тұжырым айтады.
В.Д.Санькин және В.В.Зайцев салауаттануды физиологияға, гигиенаға, психологияға, педагогикаға, антропологияға, сондай-ақ адамның физикалық және психологиялық қабілеттіліктерін, олардың даму заңдылықтарын, сонымен қатар физикалық, психологиялық және адамгершілік-рухани денсаулығын нығайту мақсатындағы оларды жетілдірудің тәсілдерін зерттейтін басқа да адам жөніндегі ғылымдарға негізделген, адам денсаулығы және дені сау адам жөніндегі кешенді ғылым деп түсінеді.
Салауаттанудың негізгі сатысы тұлғаның даму үрдісіндегі жеке денсаулығы мен денсаулық мәдениетін тәрбиелеуге қатысты. Сондықтан ғалымдар медициналық және педагогикалық салауаттану арасындағы стратегиялық және тактикалық айырмашылықтары негізінде түсіндіруге көбірек ден қояды. Н. Мырзаханұлының пікірі бойынша педагогикалық салауаттанудың зерттеу нысаны – дені сау адам, дені сау ұжым болса, медициналық салауаттануда болмысы – “үшінші жағдаяттағы” адамдар. Үшінші жағдаяттағы адамдар – бұл не ауру, не сау еместер.
Салауатты өмір салтын үздіксіз қалыптастыру ұлттық білім беру жүйесі үлгісінің құрылымына сәйкес жүзеге асырылады. Осы негізде Қазақстандағы педагогикалық салауаттанудың бағыттарын анықтауға болады:
- психологиялық-медициналық-педагогикалық қызметтер;
- балалар денсаулығын сауықтыру орталықтары және денсаулық мектептері;
- кешенді сауықтыру бағдарламалары;
- салауаттанулық білім беру бағдарламаларын, оқу әдістемелік кешендерін әзірлеу және оларды іс-тәжірибеге ендіру.
Егер білімнің мақсаты – адамның дамуы болса, онда оқу орындарында білім берудің негізгі бағытының бірі – студенттерді денсаулықты сақтауға, бағалауға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға үйрету болып табылады.
“Бақытты болу жағдайы, біздің дегенімізге жасаған қамқорлыққа байланысты болады. Дене үйлесімдігі арқылы салтанатты рух пайда болады. Ақыл-ойдағы айқындық өте-мөте күш-қайратқа негізделеді” (П.С.Брэгг) – дегендей, оқушылардың бақытты болуы, өмір қуанышын қызықтауы, олардағы әрекеттің барлық түрінің жоғары нәтижелі болуы - өзін-өзі жақсы сезінуі және дене мүшелерінің ең жоғары деңгейде қызмет етуімен тығыз байланысты. Осы бағытта жас жеткіншектерді тәрбиелеу әрі тартымды және онша қиындықты туғызбайды. Себебі, дені сау бала барлық бастамалар мен істерге қанағаттанарлық сезіммен, көтеріңкі көңіл күймен қатыса алады. Дүниеге сеніммен шаттана қарайды. Мұндай жағдай тұлғаның барлық жағынан дамуына бірден-бір кепіл болады. Бұл тәрбиенің мақсаты ретінде баланың әлеуметтену жағдайында нәтижелі ықпал етеді. Сондықтан да оқушыларды салауатты өмір салтын ынталандыру –тәрбие жұмысының негізгі бір бағыты болу керек.
Салауаттану ғылымы денсаулықты физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан қарастырғандықтан, денсаулықты сақтау және нығайту әдістері жөніндегі гигиеналық ережелерді қорытып шығарады. Салауаттану жеке тұлғалық және қоғамдық болып жіктеледі. Жеке тұлғалық салауаттану – төменгі негізгі аспектілер бойынша адамның гигиеналық білімдері мен денсаулығын нығайту жөніндегі дағдылар кешенін қамтиды:
А) жеке гигиена – денені, киімді, тұратын үйін, тамақ өнімдерін, суды таза ұстаудың санитарлық-гигиеналық ережелерін, жұмыс орнының жарық болуын, желдетіліп тұру режимін, мектептегі температуралық режимді, партада дұрыс отыруды қарастырады.
Б) қозғалыс белсенділігі – таңертеңгі гимнастиканы міндетті түрде өткізуді, физикалық жаттығуларды жүйелі орындауды, спорттық және қимылдық ойындармен айналыысуды, жүзуді жүгіруді тағы басқаларды ойластырады.
В) шынығу – организмді су, күн, ауа сияқты табиғи факторлармен шынықтыру шараларын, организмнің суыққа, түрлі ауруларға төзімділігін, қарсы тура алу қабілетін арттыратын әртүрлі әдістер мен тәсілдерді орындауын қарастырады.
Г) психо гигиена мен психопрофилактика – бұл психоэмоционалдық денсаулықты нығайтуға арналған шаралар кешені. Яғни эмоционалдық ширығуды жоюға көмектесетін психофизикалық жаттығулар кешенін (аутотренингтер) білуі және орындай алуы. Құрбылар арасында, үйде, отбасында және қоршаған адамдармен мейірімді қарым-қатынастар орнатып, келіспеушілікті, ашу-ызаны болдырмау.
Д) дұрыс тамақтану - денсаулық үшін тиімді тамақтану маңызды, яғни тағам калорялы және әртүрлі болуы керек. Тамақтану рационына барлқ негізгі тамақ өнімдері қамтылуы тиіс: ет (белок), өсімдік және жануар текті майлар, көмірсулар, жемістер, көкөністер, таза су. Тамақтану режимін сақтау, яғни күніне 4-5 рет белгілі сағатта тамақтану қажет. Тамақты мөлшерден артық ішпеу және тұзды, тәтті тағамда