Материалдар / Көмекші сөздер. Шанақ. Шанақтың түрлері.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Көмекші сөздер. Шанақ. Шанақтың түрлері.

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қараша 2020
593
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігі Білім басқармасының

«Көлік колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

 

14 сабақ

Пән аты: Кәсіби қазақ тілі

Топ – 24 ТР-м   

Оқытушы: Мукашева Э.М.

 

Сабақтың тақырыбы: Көмекші сөздер. Шанақ. Шанақтың түрлері.

 

Сабақтың мақсаты: оқушыларды лексикалық тақырыпқа байланысты терминдермен таныстырып,   лексикалық тақырып арқылы грамматикалық тақырыпқа түсінік беру; оқушылардың кәсіптік білімдерін толықтыру; ақпараттық және ойын  технологиясының әдістері арқылы оқушыларды қазақша сөйлеп, өз ойын жеткізе алуға бағыттау. Тапсырмалар арқылы сөз байлығын молайта отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Пәнге қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың  міндеттері:

Білімділік: сабақтың барысында оқушы жаңа тақырыпты меңгеріп, «Шанақ және оның түрлері» тақырыбы бойынша кәсіби сөздік қорын молайту, көмекші сөздер туралы білетіндерін есіне түсіріп, қазақ тіліндегі ерекшелігі туралы біліп, лексикалық тақырыппен ұштастыра алу  және қарапайым ауыз-екі сөйлеу барысында қолдана білу, тақырып бойынша білімдерін тереңдету керек.

Дамытушылық: ауыз-екі сөйлеу тілін дамытып, термин сөздерді қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктеріне қатысты дұрыс айта алуын дағдыландыру керек, логикалық ойлау, есте сақтау, көру  қабілетін, мәтінді талқылау дағдысын жүйелеу,  ойлау белсенділігін тереңдету.

Тәрбиелік: қазақ тілін үйренуге, қадірлеуге тәрбиелеу, өз мамандықтарына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, пәнге деген қызығушылықтарын жандандыру.

Пәнаралық байланыс: Автокөлік кұрылысы  пәні (№ 76,77,80), Автокөлік теориясы пәні (№ 20,21,22,23,32)

Қолданылатын әдістер: Ақпараттық технологиясы мен ойын элементтерін қолдану.

Жергілікті компонент: Семей қаласындағы көлік түрлері.

Сабақтың типі: тәжірибелік

Пайдалынатын көрнекіліктер: бағалау кестесі

ОТҚ: мультимедия

А) Грамматикалық тақырыптың кестесі

Б)  «Адасқан әріптер» ойынының тапсырмасы

В) Шанақ түрлері

Г) «Дұрыс-бұрыс» ойынының фото суреттері

 

Сабақтың  құрылымы:

І.    Ұйымдастырушылық кезеңі – 3 мин

ІІ.   Сабақтың мақсатымен таныстыру – 2 мин

ІІІ. Үй жұмысын сұрау – 20 мин

ІV. Жаңа тақырып – 55 мин

     а)  Грамматикалық тақырыпты түсіндіру – 10 минут

     б) Мәтінмен жұмыс – 35 минут

     в) Водиосюжет  - 3 минут

     в) Фото суретпен жұмыс «Дұрыс-бұрыс» ойыны – 7 минут

V.   Бекіту – 5 мин

VІ. Үй тапсырмасы – 2 мин

VІІ.  Бағалау – 3 мин


Сабақтың  барысы

І Ұйымдастырушылық кезеңі:

- Сәлеметсіздер ме? Кезекші кім? Сабақта кім жоқ?

 (журнал бойынша  оқушыларды белгілеу, оқушылардың киім үлгісіне назар аудару)

ІІ.   Сабақтың мақсатымен таныстыру:

-  Бүгінгі біздің сабақтың негізгі мақсаты мамандық профессиограмасының жалпы мәдени, рухани және моральдық-этикалық қасиеттер туралы бөлімінде көрсетілген тілдерді білу, сөйлеу мәдениеті, тәртіптілік сияқты қасиеттерін дамыту арқылы грамматикалық тақырып бойынша көмекші сөздер туралы түсінік алып, өз мамандықтарына тікелей байланысты «Шанақ» ұғымымен және соған қатысты терминдермен танысу. Сабақтың барысында біз әр түрлі тапсырмалар орындау арқылы тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен танысамыз, тілді дамыту  әдісі  бойынша тапсырмалар орындаймыз, фото суреттермен  жұмыс істейміз.Сонымен қатар сендердің үй тапсырмасы бойынша берген жауаптарыңды, сабақ үстіндегі жұмыстарыңды бағалау үшін мен  мынандай кесте жасадым, мұнда әр жауаптарың бағаланады және сабақ соңында қорытынды баға қойылады.

(оқушыларға кестені көрсетемін)

ІІІ. Үй тапсырмасын  сұрау:

-         Жаңа тақырыпқа көшпес бұрын сабағымызды үй жұмысынан бастайық, өткен сабақта біз сіздермен «Дөңгелек және шина» тақырыбын қарастырып, етістіктің рай  категориясының екі түрі шартты және қалау райларға тоқталғанбыз. Үйде бәрін мұқият қайталап, оқып келіндер деген болатынмын. Енді өткен сабағымыз бойынша мынандай сұрақтарға жауап беріңдер. (сұрақтар экранда беріледі)

-         Қазақ тілінде етістіктің рай категориясының неше түрі бар?

-         Шартты рай қалай жасалады?

-         Шартты райға қандай мысал келтіре аласың?

-         Қалау рай қалай жасалады?

-         Қалау райға қандай мысал келтіре аласың?

-         Дөңгелектердің қандай түрлерін білесіңдер?

-         Басқарушы дөңгелек қандай жұмыс атқарады?

-         Жетекші дөңгелек қандай жұмыс атқарады?

(Осы жерде бір оқушы экраннан көрсетілген дөңгелектің түрлері туралы және оның  атқаратын жұмысын суреттер арқылы түсіндіріп өтеді)

-         Шинаның қандай өлшемдерін білесіңдер?

-         Диогональды, радиальды дөңгелектің ерекшеліктері қандай?

-         Пневматикалық шиналар қандай түрлерге бөлінеді?

-         Камералы және камерасыз шиналардың айырмашылығы қандай?

(Осы жерде бір оқушы экраннан көрсетілген шинаның түрлері туралы  суреттер арқылы түсіндіріп өтеді)

-         өте жақсы, бәріміз дайындалып келген екенбіз, осы үй жұмысын қорытындылау ретінде терминдік жаңа сөздерді «Адасқан әріптер» ойыны арқылы қайталап шығайық. (экранда сөздер ауыстырылып беріледі, оқушылар сөзді дұрыс құрап аудармасын айту керек)

ІV. Жаңа тақырып:

-         Енді дәптерлеріңді ашып бүгінгі күнді жазып қойыңыздар. Енді маған қарап мына сұраққа жауап беріңдерші сендер қалай ойлайсыңдар қандай көлік болмасын оған әдемі көрік беріп тұратын не деп ойлайсыңдар?   (оқушылардан сұрау)

-          Олай болатын болса біз сіздермен бүгін шанақ туралы және оның түрлері туралы өтеміз, ал грамматикалық тақырыбымыз көмекші сөздер. (тақтаға жазып қою)

-         Көмекші сөздер дегенді қалай түсінесіңдер? (оқушылардан сұрау)

-         Олай болса мына көмекші сөздің ережесімен қандай сөздер жататынын жазып алайық. (экранда көрсетіледі)

Көмекші есімдер – дербес лексикалық мағынасы жоқ, сөйлемде өзігінен мүше бола алмайтын, тек негізгі сөздердің арасына дәнекер болатын сөздер.

Асты (под)

Үсті (на)

Алды (перед)

Арты (за)

Жаны (возле, у)

Қасы (возле, у)

Маңы (около)

Іші (внутри)

Сырты (снаружи)

Арасы (между)

Басы (начало)

Түбі (у)

Қарсысы (напротив)

Бойы (по, вдоль)

Айналасы (вокруг)

Жан-жағы (вокруг)

Беті (на)

Шеті (с краю)

Ортасы (середина)

Соңы (конец)


-         Сендер автокөлік сатып алғанда сол көліктің несіне көңіл бөлесіңдер? (оқушылар әр түрлі пікірлерін айтады) бір оқушының шанағына деген жауабынан оқытушы – иә дұрыс айтасыңдар алдымен біз шанаққа көңіл бөледі екенбіз, олай болса бүгінгі шанақ тақырыбына арналған жаңа терминдік сөздермен танысып өтейік.

                         (жаңа сөздер экранда көрсетіледі)

Шанақ – кузов

Жүргізуші  водитель

Жолаушы - пассажир

Құрылыс -  конструкция

Адамдарды тасу үшін -  для перевозки людей

Жүктерді тасымалдау үшін -  для перевозки грузов

Арнайы қызмет үшін -   для специальный работы

Қаңқалы -  каркасный

Қаңқасыз -  безкаркасный

Жартылай қаңқалы -  полу каркасный

Көтеруші -  несущий

Жартылай көтеруші -  полу несущий

Жүктелген  - загруженный

Әмбебап шанақ – универсальный кузов

Арнайы шанақ – специальный кузов

 

Шанақ – жүргізушіні, жолаушыларды, жүктерді немесе арнайы жабдықтарды орналастыру үшін қажет. Автокөліктердің шанақтары қызметі мен құрылысына қарай ажыратылады. Қызметіне қарай шанақтар негізгі үш топқа бөлінеді: адамдарды тасу үшін (жеңіл авткөліктер, автобустар, жүк және жолаушыларды тасымалдаушы автокөліктер), жүктерді тасымалдау үшін (платформалы, цистерналы, фургон, самосвал және т.б. автокөліктер) және арнайы қызмет үшін (өрт сөндіруші, көше тазалаушы, қоқыс төгетін, жедел жәрдем және т.б. автокөліктері).

Жеңіл автокөліктерінің шанақтары құрылысы бойынша олар қаңқалы (каркасными), қаңқасыз және жартылай қаңқалы болуы мүмкін, ал қабылдайтын күш салмақтарына қарай көтеруші (несущий), жартылай көтеруші және жүктелген (разгруженные) болып бөлінеді екен.

Жүк автокөліктерінің шанақтары жүктерді тасымалдау үшін қажет. Ағаш шанағымен жабдықталған шанақтарда жолаушыларды тасымалдауға болады, бірақ мұндай шанақтар арнайы жабдықталған болуы тиіс.

Жүк автокөліктерінің шанағы кабинадан және платформадан тұрады. Жүк автокөліктерінің шанағы әмбебап шанақ және  арнайы шанақ болып бөлінеді.

Әмбебап шанақ ағаштан немесе металлдан жасалған жүк платформасынан құралады және әртүрлі жүктерді тасымалдауға қолданылады.

Арнайы шанақ тек белгіленген түрдегі жүктерді ғана тасымалдай алады. Мысалы: бетон, цемент, жанармай таситын автокөліктер.

 

-         Ал енді экранға назар аударайық  экраннан жеңіл автокөліктерінің шанағының құрылысы көрсетіледі, бөлшектерін дәптерге  жаздырту.

 

 

Жеңіл автокөлік корпусының шанағы:

 

1 – алдыңғы қанаты; 2 – шанақ табаны (основание пола); 3 – бүйірі; 4 – шанақ шатыры

 

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!