Композиция незізі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Композиция незізі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ беретін оқытушыларға кқмпозиция туралы мәлімет ала алады және түстерді анықтай алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжі





Ашық сабақ жоспары



Пәні: Композиция негізі

Тобы: Д-162 2-курс

Оқытушы: А.Е. Садыкова

Сабақтың тақырыбы: Функционалдық жүктемесі бойынша силуэт түрлері»



















Ақсукент 2020ж

Сабақ жоспары

Оқытушы: А. Е. Садыкова

Сабақтың тақырыбы: Функционалдық жүктемесі бойынша силуэт түрлері»

Сабақтың түрі:тәжірибелік
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнерінің тарихы, сурет, перспектива

Сабақ өту әдісі: «Кембридж» технологиясын пайдалана отырып оқыту үшін бағалау, оқытуды бағалау (бас бармақ) әдісін қолдану

Сабақтың мақсаты
Мақсаты: Білім алушыларды адам денесінің сыртқы формасының түрлерімен және киім сипаттамасы мен киімге қойылатын талапптарды, киім силуэті туралы түсінік беру, сызба түрлері сызу туралы теориялық білім беру.
Дамытушылық: Эстетикалық талғамы мен ұйымдастырушылық ойлау қаблеттерін дамыту, практикалық іс-әрекеттерін қалыптастыру. Шығармашылық жұмыстарға қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды әдемілікке, әсемдікке, ұқыптылыққа, үнемділікке тәрбиелеу, жүйелі еңбекке баулып , эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекіліктер:тақтамен жұмыс, иллюстрациялық сурет үлгілері, А3, А4 формат, тушь, акварель

Әдіс - тәсілі:Шығармашылыққа дамыта оқыту әдісі. Венн диаграммасы. Ой қозғау әдісі. Мағынаны тану әдісі

Ашық сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Топ студенттерін тізім бойынша сабаққа қатысуын тексеру.

  3. Студенттердің назарын сабаққа аудару.

  4. Сабаққа қажетті құрал жабдықтарын түгелдеу.

  5. Үи тапсырмасы

  6. Жаңа сабақ

  7. Шығармашылық жұмыс

  8. Жаңа сабақты пысықтау

  9. Жаңа сабақты бекіту

  10. Мағынаны тану

  11. Крсассворд

  12. Жұмбақ

  13. Үй тапсырмасы.


Үй тапсырмасын тексеру:

Үйге берілген тәжірибелік жұмыстарын талдау.

Өткенді еске түсіру.

Өткенді қайталау. Өткен сабақтарға байланысты бірнеше сұрақтар қойылады.

  1. Сән туралы түсінік.

  2. Мода туралы түсінік

  3. Ритм түрлері.

  4. Ахроматикалық хроматикалық түстер

  5. Сәндеу тәсілдері.

  6. Композицияның заңдылықтары.

  7. Пропорция дегеніміз не

  8. Нюанс контраст түстер

  9. Ассиметрия симметрия диссиметрия

  10. Динамика статика



Жаңа сабақты түсіндіру
18-ғасырда Францияда король Людовик карольдығы тұсында финанс министрі ретінде этьен де Силуэт деген кісі қызмет атқарды. Ол кісіні белгісіз суретші әзіл сықақтап (карикатура) суретін салды. Бұл салынған сурет ерекше болатын, өйткені онда адамның бет-бейнесі емес көлеңкесі бейнеленеді. Соған қарамастан сарайдағылар, бұл суретте силуэттің бейнеленгенін бірден таныды. Осыдан бастап мұндай сурет салу әдісі силуэт деп аталып кеткен.

Киімдегі силуэт сызықтары арқылы киімнің формасын анықтауға болады. Яғни киімнің денеге қыналу сатысы мен көкірек, бел, мықын, сызығы, иықтың биіктігі мен ені, бұйымның ұзындығы және етек формасының өзгеруін осы силуэттен байқауымызға болады.

Силуэт дегеніміз - адамдардың немесе басқа нәрселердің тұлғасының сырт нобайын ерекше түсетіндей әсерлеп бейнелеу нәтижесі. Силуэт контурлы немесе таңба күйінде бейнеленеді.
20-ғасырдың басында киім өндірудің индустрия негізінде өту кезеңінде костюм формасын айқындайтын басты үш силуэт бекітілді.

1. Тік
2. жартылай қынамалы
3. қынамалы

Ал 1960 жылдардың орта тұсына қарай киім силуэттерін жас ерекшеліктеріне байланысты бөлді.

1. Жасөспірім қыз костюмнің силуэті

2. Жас әйел костюмінің силуэті

3. Үлкен жастағы әйел костюмінің силуэті.

  1. Жасөспірім қыз костюмнің силуэті, спорттық сипатқа ие, динамикалық қимыл - қозғалысқа икемді болуы керек.

  2. Жас әйел костюмінің силуэті, лирикалық ойға толы, нәзік сонымен қатар сылқым немесе жинақы, тұрақты силуэтке ие.

  3. Үлкен жастағы әйел костюмінің силуэті, ұстамды, элегантты, пластикалық тұйық силуэтті болып келеді.

Форманың конструктивті құрылымы силуэтті айқындай түседі, дегенімен кей жағдайда керісінше бір силуэтті түрлі конструкциялық шешімдер арқылы шығаруға болады.







Жаңа сабақты пысықтау.

Шығармашылық жұмыс.

Жаңа сабақты бекіту.

Қорытындылау:
Сұрақтарға толық және нақты жауаптар бойынша және жаңа тақырып бойынша, өз түсінгендерін және нақнұсқаға қарап сауатты түрде қағаз бетіне түсіріп бейнелегендері үшін бағаланады.

  1. Моданың киім формасына әсері қандай

  2. Силуэттің жас ерекшеліктеріне қарай бөлінуі.

  3. Силуэттің қандай түрлері бар

  4. Киім дегеніміз не, алғашқы киімдер қандай болған?

  5. Тігісті және тігіссіз киім дегенді қалай түсінеміз?

  6. Эскиз дегеніміз не

  7. Композиция дегеніміз не

  8. Силуэт дегеніміз не

  9. Пропорция дегеніміз не

10.Түс туралы түсінік.
11. Киім формасына силуэттің әсері қандай.





Мағынаны тану

  1. Стиль түрлері

  2. Бір модельер жасаған екі эскизді тап.

  3. Киімнің атқаратын міндеті

  4. Модельді сипаттау.

  5. Өткен сабақпен және басқа пәндермен байланысы сұрақтар беру.

  6. Жұмбақ шешу



«Ой қозғау» сатысы. Геометриялық фигураларды қолдану арқылы сұрақтар қою.

  1. Киім дегеніміз не, алғашқы киімдер қандай болған?

  2. Тігісті және тігіссіз киім дегенді қалай түсінеміз?

  3. Эскиз дегеніміз не?

  4. Композиция дегеніміз не?

  5. Силуэт дегеніміз не?

  6. Пропорция дегеніміз не?

  7. Түс туралы түсінік.


Үйге тапсырма
Силуэт түрлеріне байланысты ұлттық және романтикалық стильде эскиз сызып келу.



Пән оқытушысы: А.Е. Садыкова































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.12.2020
429
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі