Компьютер біздің досымыз

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Компьютер біздің досымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Компьютер алдында сақталатын қауіпсіздік ережелерді сақтауды үйрету. Балаларды информатика оқу іс –қызметіне сүйіспеншілікті ояту. Әр түрлі әдіс – тәсілдерімен тапсырмаларды орындау.
Материалдың қысқаша нұсқасы







Ашық оқу қызмет

Тақырыбы: Компьютер біздің досымыз!



















Информатика пән мұғалімі: Бекбауова Ж.Б











Ақтау

Ұйымдастырылған оқу қызмет: Информатика

Мақсаты: Компьютер алдында сақталатын қауіпсіздік ережелерді сақтауды үйрету. Балаларды информатика оқу іс –қызметіне сүйіспеншілікті ояту. Әр түрлі әдіс – тәсілдерімен тапсырмаларды орындау.

Көрнекілік: ноутбук, проектор, ақ халат Сөздік жұмыс: информатика, ақпарат, компьютер. Билингвалдық компонент: компьютер – компьютер – computer, монитор – монитор - monitor, жүйелік блок - системный блок – system unit, шырша - елка –– сhristmas tree

Оқу қызмет барысы:

(Музыка сүйемелдеуімен балалар кабинетке кіреді жарты шеңбер болып тұрып, мұғаліммен сәлемдеседі, орындарына отырады).

Мұғалім: - Сәлеметсіңдерме балалар! Бүгін біздің оқу-қызметіміз күндегіден басқаша болғалы отыр. Қане, қонақтармен сәлемдесейік:

Балалар: - Сәлеметсіздер ме! (хормен)

-Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

Ғаламды мен баурағанмын,

Кез келген жұмыста пайдам тиеді

Керек десең сурет саламын

Керек десең хат жазам.

Ғаламторға қосылсам

Кез-келген ақпаратты тауып аламын.

Бұл кім таныдыңдарма?

Балалар: - Компьютер.

Мұғалім: - Жарайсыңдар балалар, бұл компьютер. (Кенеттен хат келген дыбыс шығады, хатта видеоқоңырау арқылы Білімқұмар экраннан көрінеді)

Білімқұмар: - Салеметсіңдерме Балалар! (экран арқылы)

Балалар: -Сәлеметсізбе!

Білімқұмар: -Балалар мен сендерге арналған біраз ақпараттарым және тапсырмаларым бар. Егер сендер осы тапсырмаларды орындайтын болсаңдар, онда мен сендерді жас информатиктер клубына қабылдаймын.

Мұғалім: -Балалар сендер жас информатиктер болғыларың келеме?

Балалар: -Ия

Мұғалім:-Балалар сендер дайынсыңдарма?

Балалар: -Ия

Білімқұмар: -Олай болса, балалар менің көмекшім Фиксик сендермен қызықты ақпаратпен бөліседі. (Экраннан Фиксик «Компьютер» әнін орындап, балалармен сәлемдеседі)

Фиксик: -Сәлем балалар, сендер алғашқы компьютер қандай болғанын білесіңдерме? Қане, балалар экранға назар аударайық, алғашқы компьютерлер қандай болғанын қараймыз.

(Презентация «Алғашқы компьютерлер)

Мұғалім: -Балалар компьютерлер қандай болған екен?

Балалар: -Үлкен болған.

Фиксик:-Дұрыс айтасыңдар, алғашқы компьютерлер есептеуіш машина ретінде шығарылған. Сосын адамдар компьютерді жетілдіріп компьютерлерді біз білетін компьютерлерге айналдырды.

Мұғалім:

-Қазіргі компьютерлер біздердің айырылмас көмекшілерімізге айналды. Балалар айтыңдаршы кімнің үйінде компьютер бар?

Компьютермен не істеуге болады?

Компьютерлер қай жерлерде пайдаланады?

-Балалардың жауаптары.(Балалар өздерінің үйлерінде компьютердің бар екенін, онымен ойнауға, сурет салуға, мультфильм көруге болатынын айтады)

Мұғалім: - Балалар компьютердің алдында ұзақ отыруға болматынын бәрімізде білеміз олай болса, мүмкін серігіп аламыз.

Сергіту сәті.

Ал, балалар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Оңға, оңға, түзу тұр!

Солға, солға, түзу тұр!

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Мұғалім: -Балалар байқасаңдар компьютер адам өмірін жұмысын жеңілдетеді. Ол біздің уақытымызды үнемдейді.

Балалар, ал компьютер негізгі қай құрылғылардан тұрады? (Слайдтан құрылғылары көрінеді)

Балалар: -Монитор, пернетақта, тышқан, жүйелік блок.

Білімқұмар: -Жарайсыңдар балалар! Маған осы құрылғыларды үш тілдегі баламасын айтып беріңдерші.

Балалар: -системный блок – жүйелік блок- system unit (систем юнит),

монитор - monitor, (монитэ)

клавиатура – пернетақта - keyboard,(кейборд)

мышька - тінтуір - mouse (маус)

Мұғалім: -Жарайсыңдар балалар! Ал, ендеше балалар біз Білімқұмарға осы компьютердің құрылғылары туралы ертегі айтып берейік:

«Баяғыда процессор шал мен монитор кемпір болыпты. Олардың жалғыз баласы пернетақта болады. Баласы үйленетін жар іздейді. Бірақ жер шарын іздестірсе де, таба алмайды. Бір күні шаршап келе жатса алдынан программист шал шығады. Сен іздегеніңді 3 күн, 3 түн жүрсең, алдыңнан бір үлкен тау шығады, сонда үлкен мысық тұтқынға алып отыр дейді. Егер құтқарсаң , сол сенің жарың болуға лайықты деп жол көрсетеді. Пернетақта бар күшін бойына жинап келіп, жолға шығады. Барса, үлкен мысық пырылдап ұйықтап жатыр екен. Қалай құтқарамын деп ойлайды. Сөйтіп, мысыққа егер қарның үнемі тойсын десең, интернетті ал деп сыйлыққа беріп, құтқарып алады. Сол күннен бастап тінтуір пернетақта жақсы жұп болған екен». (Балалардың қойылымы)

Мұғалім: -Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?

Балалар: -Ия.

Мұғалім: -Ал, компьютердің алдына отырмас бұрын қандай ережелерді сақтау керектігін білесіңдерме?

(Балалар қауіпсіздік ережелерді тақтаға шығып айтады).

Мұғалім: - Жарайсыңдар балалар! Сендер ең маңызды компьютер алдында сақталатын ережелерді дұрыс айттыңдар. Балалар егер сендер осы ережелерді сақтайтын болсаңдар компьютермен жұмыс жасау қауіпсіз болады.

Мұғалім: - Балалар, бізге Білімқұмар көптеген ақпараттармен бөлісті. Енді біз оған алғыс ретінде сыйлық дайындайық?

Балалар:- Ия.

Мұғалім: - Балалар ендеше, біз компьютерге отырып графикалық редактор арқылы шыршаны безендіруге арналған шамдарды салып, Білімқұмарға сыйлық дайындайық.Шамдарды Paint графикалық редакторындағы «Фигуралар» құралы керекті фигураны таңдап, «Құю(Заливка)» арқылы қалаға түстерге бояймыз.

(Балалар ақ халаттарын киіп, компьютермен сурет салады, әр түрлі шамдардың суретін бояйды)

Мұғалім: -Жарайсыңдар балалар, ендеше орнымыздан тұрып көзге, қолға арналған жаттығуларды орындайық.(балалар халаттарын шешіп, жаттығу орындайды)

Білімқұмар: - Жарайсыңдар балалар, мен сендердің сыйлықтарыңды алдым көп рахмет, маған қатты ұнады. Сендер ақылды, зерек, білімді балалар екенсіңдер. Балалар мен сендермен қоштасамын. (Экран сөнеді)

Қорытынды:- Қане, балалар біз бүгінгі оқу қызметімізде сендер не білгендеріңді тексеру үшін сендерге пазл құрастырайық. (балалар екі топқа бөлініп, компьютердің құрылғыларынан дайындалған пазлдарды құрастырады)

DrawObject2 DrawObject1 Жүйелік блок





DrawObject3




DrawObject4 Монитор

DrawObject6 DrawObject5

Тінтуір

DrawObject7


ПDrawObject8 ернетақта

  1. Топ


  1. Топ




Мұғалім: -Балалар өте жақсы! Енді сендер жас информатиктер клубына қабылдандыңдар! Тапсырмаларды жақсы орындағаны үшін балаларды жас информатиктер клубына кабылданып, жұлдызшалар беріледі.)




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
27.00.2023
340
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі