Болашақ селолық округінің №10 орта мектеп
Ашық сабақ жоспары
Тақырыбы: Компьютерде модельдерді зерттеу
Сынып: 8 «А»
Орындаған: Информатика пән оқытушысы Жаки Қ
2017 оқу жылы
АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«___________» ________2017 ж ___________________
Пән аты: Информатика
Сынып: 8 «А»
Сабақтың тақырыбы
Күні: _________
Сабақтың тақырыбы: Компьютерде модельдерді зерттеу, модель жасаудың негізгі
кезеңдері.
Сабақтың мақсаты:
І. Оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру арқылы өзі тұжырым жасауға, сауаттылыққа,
жылдамдыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.
ІІ. Модельдерге мысалдар келтіруді және есептер шығаруда модельдеу кезеңдерін тиімді
қолдануды үйрету, танымдық және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
ІІІ. Модельдерді және моделдеу түрлерін, модельдеудің негізгі принциптерін, модельді құру
ережесін және модельдеу кезеңдерін меңгерту, білімдерін бекіту.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың типі: Көрсете түсіндіру, топтық, тапсырмалар орындау
Сабақтың көрнекілігі: Флипчарттар, слайдтар, суреттер,ортақ бағалау парағы, фишкалар
Ойын тапсырмалары..
Сабақтың әдіс- тәсілі:
ҚР "Эхспо " ойыны
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ .Тұсау
ІІІ Негізі
IY Қорыту
«Информатика әлемінде» білімділік сайысы ( 8 мин)
Сынып екі командаға бөлінеді, әр команданың өзінің капитаны және атауы болады.
І тур "Бой сергіту" Әр командаға 5 сұрақтан беріледі әр сұраққа дұрыс жауап берген
оқушыларға бір фишкадан беріледі.
ІІ тур Сен білесіңбе? Жаңа тақырыпқа шолу кезеңі (10 мин)
2 топтың оқушыларына ребустарды шешу арқылы бүгінгі жаңа тақырыпты ашып алу.
Оқушыларға қысқада нұсқа жаңа тақырыпты схема арқылы түсіндіру
ІІІ тур Шығармармашылық кезеңі
"Кімнің ойы ұшқыр "?
Командалар бүгінгіс алған білімдерін компьютерде өздері ойлап шығарып бүгінгі өтілген
тақырып бойынша шығармашылық жұмыс тапсыру, және оны қорғау.
( Компьютерде paint редакторында орындау.
IY тур қорытындылау кезеңі
Оқушылар бүгін не үйренді? Деген сұраққа жауап алу.
І тур"Бой сергіту"
І топ сұрақтары
1. Алгоритм дегеніміз не ?
2. Алгоритм неше топқа бөлінеді?
3. Циклдік алгоритм дегеніміз не?
4. Сызықтық алгоритм дегеніміз?
5. Тармақталу алгоритмі дегеніміз?
ІІ топ сұрақтары
1. Алгоритмдік тіл дегеніміз не?
2. Алгоритм қай тілден шыққан?
3. Сызықтық алгоритм дегеніміз не?.
4. Циклдік алгоритм дегеніміз не ? Блок -схема дегеніміз не?
5. Паскаль тіліндегі стандартты типтерді ата.
ІІ тур Сен білесіңбе? Жаңа тақырыпқа шолу кезеңі (10 мин)
2 топтың оқушыларына ребустарды шешу арқылы бүгінгі жаңа тақырыпты ашып алу.
Оқушыларға қысқада нұсқа жаңа тақырыпты схема арқылы түсіндіру
Модель дегеніміз – нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп
көрсету.
Модельдеу – объектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін
(макетін) құру.
Модель – көрнекі түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалады.
Бір объект (процесс, құбылыс) үшін әр түрлі модель жасалуы мүмкін.
МОДЕЛЬДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ ЖІКТЕЛУІ:
ОҚУ МОДЕЛІ – көрнекі оқу құралы, әр түрлі машықтандырушы, үйретуші программалар түрінде
болуы мүмкін
ТӘЖІРИБЕЛІК МОДЕЛЬ – жобалау объектісінің кішірейтілген немесе өте майда объектілер үшін
олардың үлкейтілген көшірмесі болып табылады.
ҒЫЛЫМИ ТЕХНИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕР – процестер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында
құрылады
ОЙЫН МОДЕЛЬДЕРІНЕ – әскери, экономикалық, спорттық ойындар жатады.
ИМИТАЦИЯЛЫҚ МОДЕЛЬ – шын мәніндегі нақты объектіні өте жоғары дәлдікпен бейнелей алады
Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және статистикалық деп екі топқа жіктеуге
болады.
Статистикалық модель деп – объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі
үзіндісін айтуға болады.
Динамикалық модель деп – уақыт барысындағы объектінің қасиеттерінің өзгерісін көрсету
мүмкіндігін береді
МОДЕЛЬДЕРДІ КӨРСЕТІЛУ ӘДІСІНЕ ҚАРАЙ ТОПТАУ
Материалдық модельдер түпнұсқаның физикалық және геометриялық қасиеттерін көрсетеді
Ақпарттық модель дегеніміз – объектінің, процестің, құбылыстың қасиеттері мен күйін
сипаттайтын ақпарат жиынтығы және сыртқы әлеммен өзара байланыс болып табылады.
Вербальдік модель дегеніміз – ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель.
Таңбалық модель деп – арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралдарымен көрсетілген
ақпараттық модельді айтады.
Көрсету түріне қарай ақпараттық модельді мынадай топтарға жіктеуге болады:
Геометриялық модель – графикалық пішіндер мен көлемді конструкциялар.
Ауызша модель – иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар.
Математикалық модель – объект немесе процестің әр түрлі параметрлерінің байланысын
көрсететін математикалық формулалар.
Құрылымдық модельдер – схема, графиктермен кестелер т.б.
Логикалық модель – ой қорытындысы мен шарттарды талдау негізге алынған іс әрекеттерді
таңдаудың әр түрлі нұсқалары көрсетілген модельдер.
Арнайы модельдер – ноталар, химиялық формулалар.
ІII тур Шығармармашылық кезеңі (10 мин)
"Кімнің ойы ұшқыр "?
Командалар бүгінгіс алған білімдерін компьютерде өздері ойлап шығарып бүгінгі өтілген
тақырып бойынша шығармашылық жұмыс тапсыру, және оны қорғау.
( Компьютерде paint редакторында орындау.
Сабақты қорытындылау : (7мин)
IY тур қорытындылау кезеңі
Оқушылар бүгін не үйренді? Деген сұраққа жауап алу.
Рефлекция. Сұрақ -жауап.. Әр топтан бір оқушы өз ойын айтады.
1.Біз бүгінгі сабақта біз не үйрендік? не білдік?
2. Болашақта қолданамыз ба?
3. Қажеттілігі бар ма ? ( Миға шабуыл )
Оқушылардың теориялық және практикалық білімдерін қорытындылау
VІІІ. Бағалау.
1. Бақытты оқушы анықталады. Топтардың ортақ ұпайы шығарылады.
Үйге тапсырма: Оқулықтағы 135-138 беттер
.Модель жасаудың негізгі кезеңдері, үлгілердегі электрондық кестеде модельдеу.