Материалдар / Компьютердегі деректеріңізді қалай қорғауға болады?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Компьютердегі деректеріңізді қалай қорғауға болады?

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сыныптарға арналған қысқа мерзімді жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Сәуір 2018
406
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспарлау


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Интернеттегі қауіпсіздік

Мектеп: №85 жалпы білім беретін орта

мектебі


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Туяков Еркин

Кайырбайулы

Сынып: 5Ә

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Компьютердегі деректеріңізді қалай қорғауға болады?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.4.2.2 -құжатқа құпия сөз орнату


Сабақтың мақсаты

Оқушылардың барлығы:

Құжатқа құпиясөз орната біледі.

Оқушылардың көпшілігі:

Құжатқа құпия сөз орнатудың басқа түрлерін түсінеді.

Құпия сөздің нақтылығын біледі

Оқушылардың кейбірі:

Шифрлау арқылы құпия сөз құрастырып қолдана алады.

Құжат пен архивке құпия сөз орната алады, құпия сөзін

ауыстыра алады.

Бағалау критерийі

құжатқа құпия сөз орнатудың себебін біледі;

құжатқа құпия сөз орнату әрекеттерінің ретін анықтайды.

құжатқа құпия сөз орната алады.

Тілдік мақсаттар


Құжатқа құпия сөз жаза алады..

Пәндік лексика мен терминология:

қазақша

орысша

ағылшынша

Құжат

Документ

Document

Плагиат

Плагиат

Plagiarism

Шифрлау

Шифрование

Encryption

Құпия сөз

Пароль

Password

Этика

Этика

Ethics

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Құжаты……………………

Құпия сөздің ұзындығы ………. кем болмауы керек

Құжатқа құпиясөз орнату үшін …. әрекеттер орындау керек.

Құндылықтарға баулу





Ынтымақтастықты, жауапкершілікті қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлау қарым-қатынас жасау қабілетін арттыру

Пәнаралық байланыс

ағылшын тілі, құқық

Алдыңғы білім



ақпараттық қауіпсіздікке жетудің негізгі бағыттарын атай алады.







Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар

Сабақтың басы

12 минут

Сәлемдесу, ұйымдастыру, оқушылар назарын сабаққа аудару

«Білімді жаңғырту» өткен тақырыптарды еске түсіру.

Мақсаты: Берілген сұрақтар арқылы өткен білімді меңгеруді тексеру

Бағалау критерийі:

Берілген сұрақтарды талдай біледі;

Өткен тақырыптағы анықтамаларды қолдана алады;

Тапсырма:

Ақпараттық қауіпсіздік ұғымын қалай түсінесіңдер?

2. Этиканы қалай сақтаймыз?

3. Плагиат жасау дұрыс па, әлде бұрыс па?

4. Интернеттен алынған ақпараттың сенімділігін қалай анықтауға болады? Жауаптарыңды дәлелдендер.

Дескриптор:

- Интернетпен жұмыс жасау барысында этика және қауіпсіздік ережесін сақтай алады

- Әр түрлі қауіпті бағдарламар бар екенін біледі

- Плагиаттық жасаған адам авторлық құқықты бұзғаны үшін заң алдында жауапқа тартылатынын түсінеді.

Бағалау: «Бас бармақ» - әдісі

«Қиындылар» - әдісі

Мақсаты: берілген сөздердің қиындылары арқылы сыныпты 3-топқа бөлу

Бастапқы стимул.

Оқушыларға суреттер көрсетіледі, оқушылардың пікірі тыңдалып, сабақтың тақырыбы мен сабақтың мақсаты хабарланады.

/Осыдан соң интернетте жұмыс істеу барысында ескерілетін қауіпсіздік ережелерімен танысады/




Тақта оқушылар немесе мұғалім алдыңғы сабақтарда алдыңғы сабақтарда қолданылған жабдықтар





















Слайд 1


Сабақтың ортасы

23 минут

Бейне ролик көрсетіледі. Түрткі сұрақтар қою арқылы оқушылардың ойын ортаға салғызу.

«Кейс-стади» әдісі арқылы тақырыпты оқуға тапсырмалар беріледі. «Кейс-стади» әдісі-өз бетінше ойлау қабілетін және шешім қабылдау дағдыларын көрсетуге мүмкіндік беретін мәселелі сипаттағы сұрақтарды топпен талдау әдісі.

1-топа: Интернет және провайдер деген не?

2-топқа: Интернеттен ақпаратты алу және жүктеу. Сақтық шаралары

3- топқа: Құжатқа құпия сөз орнату жолдары

«Температураны өлшеу» әдісі /бағалау/

Бұл әдіс оқушылар тапсырманы қаншалықты дұрыс орындап жатқанын анықтау үшін қолданылады. Ол үшін оқушы қызметін тоқтатып, мұғалім оқушылардан: «Біз не істеп жатырмыз?» деп сұрайды. Оқушы жауаптарынан мұғалім олар қаншалықты тапсырманың мәнісін немесе оны орындау ретін түсінгенін анықтай алады.

Дескриптор:

Интернет пен провайдерлер жайлы біледі.

Ақпаратты алу және жүктер сақтық шараларының анықтамасын түсінеді.

Құжатқа құпия сөз орнатуды біледі.

Бағалау: «Бағдаршам» – тәсілі

Практикалық жұмыс

Мақсаты: Компьютерде тапсырма орындау арқылы тақырыпты толықтыру

Тәжірибелік жұмыс

1. Құжатқа құпия сөз орнату үшін мәтіндік процессорды ашыңдар.

2. Ашылған құжатқа келесі команданы орындаңдар: Файл → Сведения→ Защитить документ → Зашифровать паролем (1-сурет).


3. «Құжатты шифрлау» диалогтік терезесінде құпия сөзді енгізіңдер. (2-сурет)



4.Құпия сөз жолында мәліметтерді енгізіп, ОК батырмасына басыңдар.

5. Құпия сөзді растау терезесінде құпия сөзді тағы да енгізіңдер және ОК батырмасына басыңдар. (3-сурет)


Тапсырма: Компьютерде орындау

1.«Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында жазылған мәтінді көшіріп ал.

2. Қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет –ғұрыптары туралы мәлімет жүктеңдер.

3. Интернеттен Қазақстан Республикасының Гимн мәтінін тауып жүктеңдер.

Мәтінді MS Word редакторына көшіріп алып, құжатты өз атымен сақта. Осы құжатқа құпия сөз орнат.

Бағдаршам әдісі бойынша бағалау

«Білгенімді зердеме тоқу»

Интернетпен қауіпсіз жұмыс жасаудың кезеңдері берілген. Өз кеңестеріңді ойланып, толықтырып жауаптарыңды негіздеңдер


Дескриптор:

- құжатқа құпия сөз орнатудың себебін жазады;

- құжатқа құпия сөз орнату әрекеттерінің ретін

анықтайды.


Оқушылар тапсырмаға сай өздерін қолайлы сезініп, бағалау үшін смайликтер салады.

Жалғастыруға дайынмын

Бір нәрсе түсінемін, бірақ бәрін емес

Түсінбеймін, қайталап қарау қажет

https://www.youtube.com/watch?v=lnOF_6C8bes



https://www.youtube.com/watch?v=PMgCgwOCibI







слайд 2

















































































слайд 3








слайд 4




слайд 5



слайд 6

Сабақтың соңы

10 минут

Кері байланыс

«Жақсы сұрақ негіздері»

Неліктен...?

Егер... болса қалай?

Сіз қалай ...?

Сіз .... түсіндіріп бере аласыз ба?

... не болуы мүмкін?





слайд 7

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Оқушыларға алдыңғы білімдерін еске түсіруге бағыт беремін. Оқушылардың деңгейі әр түрлі болғандықтан практикалық жұмысты деңгей бойынша беруге тырысамын.



Бағдаршам әдісі

Мақсаты: Сабаққа оқушылардың тақырыпты меңгеруін бағдаршам әдіс-тәсілі арқылы бағалаймын.

Оқушыларға қызыл, жасыл, сары түсті карточкалар таратылып әр оқушы өз деңгейіне қарай түстерді таңдап алады. Қызыл түс-тақырып түсініксіз, сары түс жартысын ғана меңгердім, жасыл түс тақырыпты менгердім, ары қарай жұмыс жасай аламын

Сабақтың ортасында сергіту сәтін жасайды. Ерекше назар денсаулыққа және компьютерде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздікке аударылады. Оқушылардың жұмыстарында компьютерді

зиянсыз пайдалану ережелерін сақтауы тиіс. Практикалық жұмыс жасағанда көзге қолға арналған жаттығуларды жасайды.

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауда сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағаңдағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау




Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:




2:





Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:





2:



Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!