Материалдар / Компьютердің озық меңгерушісі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Компьютердің озық меңгерушісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Компьютердің озық меңгерушісі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Ақпан 2019
382
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


І.Үргенішбаев атындағы орта мектеп











(7 сыныптар арасында өткізілген математика-информатика

апталығындағы сайыс сабақ)




Ж.Е.Досманова
















2012/2013 оқу жылы

























Сайыстың тақырыбы: «Компьютердің озық меңгеруші»

Мақсаты: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, сөйлеу шеберлігін, өз білімдерін бағалай білуге тәрбиелеу. Сынып арасында біліміді, озат сыныпты анықтау.

Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілген сайыс сабақ

Көрнекілігі: Компьютерлер, проектор, слайд шоу.

Сайыстың өту барысы:

1. І-кезең «Білімділер» сайысы

2. ІІ кезең «Ойлан да, тап» сайысы

3. ІІІ кезең. «Ғажайып алаң»

4. ІV кезең «Қанша тілді білесің?»

5. V кезең «Кім жылдам»

(Қатысатын оқушы 6, әр кезеңнен 1 оқушыдан шығарылып отырады)

Жүргізуші:

Сәлем бердік, құрметті ұстаздар мен ата-аналар, әділ-қазылар мен оқушылар!

Құрметті компьютер сүйер жеткіншектер, сіздерді бүгінгі өткізгелі отырған «Компьютердің озық меңгеруші» атты сайысымызды ашық деп жариялаймыз. Бұл кештің сіздерге информатикадан алған білімдеріңізді жетілдіруге, пәнаралық байланысты нығайтуға пайдасы зор екендігін айта кеткіміз келеді.

Бүгінгі өткізгелі отырған «Компьютердің озық меңгеруші» атты 8 - сынып оқушыларынан әр сыныптан 2 оқушыдан қатысады .

Сайысымыздың 1-ші кезеңі «Білімділер» сайысын бастаймыз. Бұл кезеңде жарыс сұрақтары қойылып, жоғары бал алған оқушылар ІІ-кезеңге қабылданады.

І-кезең «Білімділер» сайысы

1. Алғашқы есептеу құрылғысы (саусақтар)

2. Пернетақта дегеніміз не? (компьютердің енгізу құрылғысы)

3. Компьютердің атасы кім? (Ч.Бэббидж)

4. Баспаға шығару құрылғысын не деп атайды? (принтер)

5. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата (процессор, монитор, пернетақта)

6. Жақтаулары шектеулі аймақ (терезе)

7. Адам мен компьютер арасындағы байланыс (интерфейс)

8. CapsLock пкрнеснің қызмеиі қандай (үлкен әріп)

9. 1 М байтта қанша Кбайт бар?

10. Ақпаратты сақтау жеткізу деп нені айтады? (ақпараттық процестер)

11. Қағаздағы ақпаратты оқуға арналған құрылғы (сканер)

12. Ақпарат жинақтауыш (қатты дис, иілгіш диск, компакт диск)

13. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (Бит)

14. Файлдар жиыны қайда топтасады (папкада)

15. Аз батырмалы құрылғы (тышқан)


Компьютер – болашаққа бастайды

Келешекке білім қуған жастарды

Қадам басып, ХХІ ғасырға,

Барлық әлем жаңалығын тастайды, - дей келе ендігі кезек іріктеу кезеңінен өзінің білімділігімен, алғырлығымен, тапқырлығымен танылған оқушылардың алған балдарына қарай бір оқушы ойыннан шығарылады.

(Әрі қарай 5 оқушы ойынды жалғастырады.)

ІІ сайысымыздың кезегі бойынша жұмбақтап берілген сөздерді табайық.

ІІ кезең «Ойлан да, тап» сайысы

  1. Тетігін бассаң алаңсыз

Жазады қалам, қағазсыз. (компьютер)

  1. Пернетақта ауылында тұратын

Пернелік деген атаның

Бар екен 12 ағайынды

Немерелері алғашқы

Есімдері де өздерінің бір қызық

Тек қана «F» әріптерінен басталады. (функционалды пернелер)

  1. Экранның бетінде оның тұрағы

Қашан болсын жыпылықтап тұрады. (меңзер)

  1. Кемірушілерге ұқсайды сырт бейнесі

Түсі оның сұр, құйрығы ұзын

Ойланып, білгіш болсаң жауап берші,

Қалай деп аталады аты оның ..... (тышқан)

  1. Ұзынтұра Жалқаубек,

Тұрмай ылғи жатады.

Қозғала қалса артынан,

Ешбір белгі қалмайды. (бос орын)

  1. Бұтақ орнында мың бір инесі

Компьютер жаны мекені (КАКТУС)

  1. Ақпарларды қағазға шығарады,

Бұл құрылғы қалай деп аталады? (принтер)

  1. Биологияда бұл паразит,

Көзге зорға көрінер,

Информатикада өлшем бірлік

Ақпараттарды өлшер (бит)

  1. Ақпаратты сақтап таратқан,

Жұртты өзіне қаратқан (жүйелік блок)

  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да

Ұзындығы жазулы тұр бойында (сызғыш)

Сайысымыздың ІІ туры бойынша балы жоғары оқушылар сайысымыздың келесі турына өтеді де балы төмен оқушымызға рахмет айтамыз

(Әрі қарай 4 оқушы ойынды жалғастырады.)

ІІІ кезең. «Ғажайып алаң»

Бұл сайыста әр оқушы өзінің қалаған сұрақты таңдай алады. Мұндағы берілген сұрақтар тек пернетақтаға байланысты берілген.

20

20

20

30

30

30

40

40

40

20 (ортада) – Функционалдық пернелер саны нешеу (12)

20 (сол жақта) – Үлкен әріппен жазуға болатын перне (Caps Lock)

20 (оң жақта) – Курсорды сөздің немесе сөйлемнің басына әкелетін перне (Home )

30 (сол жақта) – Келесі қатарға көшіруге мүмкіндік жасайтын перне – (Enter )

30 (ортада) – Бағдарламаны тоқтатады немесе бастапқы қалыпқа келтіретін перне (ESC)

30 (оң жақта) – мәліметті солға қарай өшіретін перне (Backspace)

10 (сол жақта) – мәліметті оңға өшіретін перне (delete)

10 (ортада) – Бұл пернені баспасақ санды тере алмаймыз? (NumLock)

10 (оң жақта) – Алғашқы және артқы мәліметтерді көре алатын перне (PageUp, PageDown)

Сайысымыздың ІІІ туры бойынша балы жоғары оқушылар сайысымыздың келесі турына өтеді де балы төмен оқушымызға рахмет айтамыз

(Әрі қарай 3 оқушы ойынды жалғастырады.)

Ана тілім - арың бұл,

Ұятың боп, тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте – деп Қадыр Мырзалиев айтқандай, сайыскерлеріміздің тіл білімін тамашалайық.

ІV кезең «Қанша тілді білесің?»

  1. Белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобын не дейміз?

(ақпарат, информация, information)

  1. Терезені жабу батырмасының аты.

(жабу, закрыть, exim)

3. Windows дегеніміз не?

(Операциялық жүйе, операционная система, operation system)

4. Компьютерде берілетін командаларды жарық қаламымен басқаруға негізделген құрылғы (тышқан, мышь, mouse )

5. Дүниежүзілік компьютерлік желі – (интернет, internet)

6. Құжатты сақтау батырмасының аты – (сақтау, сохранить, Save as)

  1. Сурет салу қаламы – (қарындаш, карандаш, pencil)

  2. Қажет емес символды алып тастау пернесі – (алып тастау, удалить, delete)

  3. Пернетақтада жиылған, сөз құраймыз өзінен (әліппе, алфавит, alphabet)

  4. Құжатты сақтау батырмасының аты- Сақтау, сохранить как, Save as/


Сайысымыздың ІV туры бойынша балы жоғары оқушылар сайысымыздың келесі турына өтеді де балы төмен оқушымызға рахмет айтамыз

(Әрі қарай 2 оқушы ойынды жалғастырады.)

Сайысымыздың соңғы туры «Кім жылдам» сайысымызбен жалғастырамыз.

V кезең «Кім жылдам?»

Бұл сайысымыздың шарты бойынша соңғы қалған екі сайыскерімізге екі сөз беріледі.

  1. информатика

  2. ақпараттандыру

Осы сөзге байланысты кім жылдамдатып неше сөз құрастырып берген оқушы ««Компьютердің озық меңгеруші»атағына ие болады.

Сонымен бүгін біз информатика пәні бойынша ««Компьютердің озық меңгеруші»

сайысын өткізіп, ең жақсы ойын көрсеткен оқушы ««Компьютердің озық меңгеруші» атанады. Сондай-ақ ойынды жақсылап бағалап отырған әділқазылар алқасына, қатысып отырған қонақтарымызға рахметімізді айтамыз.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!