400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Компьютерлік графика

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал арқылы біз компьютерлік графиканың не үшін керек екенін біле аламыз жәнеде компьютерлік графика арқылы әр түрлі сүрет сала аламыз
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Компьютерлік графика – əр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды,
мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын
информатиканың маңызды саласы.

Дербес компьютерді пайдаланушылардың қатарында компьютерлік графикамен
айналысатындардың саны күн санап артып келеді. Қазіргі кез-келген мекемеде кей
уақытта газеттер мен журналдарға жарнамаларға тапсырыс беру немесе жарнамалық
парақшалар мен буклеттер басып шығару қажеттілігі туындайды. Олардың
кейбіреулері осындай жұмыстарды арнайы дизайнерлік бюролар мен жарнамалық
агенттіктерге тапсырса, кейбіреулері қолда бар программалық құралдарын
пайдаланып, өз күштерімен жасауға тырысады.

Қазіргі танымал программалардың ешқайсысы компьютерлік графикасыз жұмыс
істемейді. Статистикаға сүйенсек, жаппай қолданыста жүрген программаларды жасап
шығарушы программистік ұжымның қызметкерлері өз жұмыстарының 90% уақытын осы
графикамен шұғылдануға жұмсайды екен.

Графикалық программаларды кең көлемде қолдану қажеттілігі Интернеттің жəне
бірінші кезекте миллиондаған интернет парақтарын бір «өрмекпен» байланыстырған
World Wide Web қызметінің пайда болуынан туындады. Өйткені компьютерлік
графикасыз безендірілген web-парақтың бүкілəлемдік желіде басқалардың көзіне түсіп,
танымал болуы екіталай.

Қазіргі компьютерлік графика тек көркемдеу мен безендірумен үшін ғана емес, ғылым
мен медицинаның барлық саласында, коммерциялық жəне əкімшілік қызмет
орындарында алуан түрлі ақпаратты көрнекі түрде көрсету үшін сызбалар, графиктер,
диаграммалар жасау үшін қолданылады.

Конструкторлар автомобильдің немесе ұшақтың жаңа үлгілерін құрастырған кезде
олардың соңғы көрінісін алу үшін үшөлшемді графикалық объектілерді қолданады.
Архитекторлар монитор экранында болашақ ғимараттың кең көлемді кескінін жасап,
оның жер бедерімен қалай жанасатынын алдын-ала болжай алады.

Қазіргі компьютерлік графика қолданылу əдісі бойынша мынадай негізгі салаларға
бөлінеді:

Ғылыми графика. Алғашқы компьютерлер тек ғылыми жəне өндірістік есептерді
шығару үшін қолданылды. Есептерден шыққан нəтижелерді дұрыс түсіну үшін оларды
графикалық тұрғыда өңдеп, графиктер, мен диаграммалар, сызбалар тұрғызған.
Машинадағы алғашқы графиктерді символдық режимде басып шығаратын. Кейін
сызбалар мен графиктерді қағазға қаламұштың көмегімен сызатын арнайы құрылғылар
– графиксалғыштар (плоттерлер) пайда болды.



Page 2

Қазіргі заманғы ғылыми компьютерлік графика əр түрлі есептеу тəжірибелерін жүргізіп,
олардың нəтижесін көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді.

Іскерлік графика – қандай да бір мекеме жұмысының көрсеткіштерін көрнекі түрде
ұсыну үшін қолданылатын компьютерлік графиканың маңызды саласы.



Іскерлік графиканың көмегімен жоспар көрсеткіштерін, есеп құжаттарын, статистикалық
есептерді жəне т.б. объектілерді көрнекі түрде ұсынуға болады. Іскерлік графиканың
программалық жабдықтары электронды кестелердің құрамында болады.

Контрукторлық графика - инженер-конструкторлардың, архитекторлардың, жаңа
техниканы ойлап шығарушы өнертапқыштардың жұмысында қолданылады.



Компьютерлік графиканың бұл түрі САПР-дың(систем автоматизации проектирования-
жобалауды автоматтандыру жүйесі) міндетті элементі болып табылады.
Конструкторлық графика құралдарын пайдалана отырып жазықтықтағы кескіндерді
(проекциялар, сызбалар) ғана емес, кеңістіктегі үшөлшемді кескіндерді де жасауға
болады.

Суреттеу графикасы (көркем графика) деп компьютер экранында ерікті түрде сурет
салу мен сызуды айтады.



Суреттеу графикасының пакеттері жалпы мақсатта пайдаланылатын қолданбалы
программалық жасақтамалардың қатарына енеді. Суреттеу графикасында
қолданылатын қарапайым программалық жабдықтарды графикалық редакторлар деп
атайды.

Жарнамалық графика – теледидар пайда болғаннан кейін танымал бола бастады.
Қазір компьютердің көмегімен жарнамалық роликтер, мультфильмдер, компьютерлік
ойындар, видеодəрістер мен видеопрезентациялар жасалады.



Оларды жасау үшін қолданылатын графикалық пакеттер осы мақсатта қолданылатын
компьютерлердің жады мен жұмыс істеу жылдамдығына үлкен талап қояды. Осы
графикалық пакеттердің басты ерекшелігі ретінде олардың шыншыл кескіндер мен
«қозғалатын суреттерді» жасау мүмкіндігін айтуға болады. Үшөлшемді объектілерден
тұратын суреттерді салу, оларды бұру, жақындату, аластату, деформациялау үлкен
көлемде математикалық есептеулерді қажет етеді. Мысалға, объектінің жарықтылық
деңгейін сол объектіге түсіп тұрған жарық көзін, оны қоршаған заттардың, олардың


Page 3

көлеңкелерін есепке ала отырып бейнелеу үшін оптиканың заңдарын есепке алатын
күрделі есептеулерді жүргізу қажет.

Компьютерлік анимация деп дисплей экранында қозғалатын кескіндерді жасау өнерін
айтады. Суретші қозғалатын объектінің бастапқы жəне соңғы қалпын бейнелейтін
суреттерді ғана салады, ал осы екі суреттің арасындағы барлық қозғалысты компьютер
осы объектіні қозғалтуға қажетті алдын-ала белгіленген математикалық есептеулерді
орындай отырып өзі суреттеп шығады. Белгілі бір жиілікпен бірінен кейін бірі пайда
болатын осындай суреттердің жиынтығы экранда қозғалатын суреттерді бейнелеуге
мүмкіндік береді.

Мультимедиа деп - компьютер экранындағы жоғары сапалы кескінді дыбыстық
сүйемелдеумен біріктіруді айтады. Мультимедиа құралдары оқу-ағарту саласында,
электронды ақпарат құралдарында жəне т.б. мақсатта қолданылады. Мультимедиа
мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін компьютерге арнайы программаларды орнатып
қана қоймай, арнайы құрылғыларды қосу қажет.


Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 маусым
237
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі