Материалдар / Компьютерлік графика түрлері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Компьютерлік графика түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге біршама көиегі бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2018
338
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

«Бейнеу ауданы Манашы орта мектебі» ММ


Тақырыбы:

Компьютерлік графика түрлері

Сыныбы:

7 «Г»

Өткізген:

информатика пәні мұғалімі Тасмагамбетова Фарида


Күні

03.02


Сыныбы:

7 «Г»

Сабақтың тақырыбы

§19 Компьютерлік графика түрлері 

Ресурстар

7-сынып оқулығы, әдістемелік оқулық, электронды оқулық, рефлексивті суреттер, стикерлер мен кеспе қағаздар, А3, А4 форматындағы плакаттар, маркерлер, желім.

Жалпы мақсаты

А) Кескінді қалыптастыру ұстанымы бойынша компьютерлік графиканы жіктеуді үйрету.

Ә) Іс-әрекетті жоспарлау, жылдам ойлау, есте сақтау, алған білімін іс-тәжәрибеде қолдана алу дағдыларын дамыту.

Б) Таптаса жұмыстануға, ұжымшылдыққа, өзін-өзі бағалай білуге, өзгенің ойын тыңдап, шешім қабылдай білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижесі

А) Компьютерлік графика түрлері мен анықтамаларын біледі.

Ә)Ұсынылған кескіннен графика түрін анықтай алады.

Б) Графика түрлерінің пайдалану саласынан мысалдар келтіре алады.

Сабақтың түрі,

әдіс-тәсілдері

Жаңа білім беру сабағы, демонстрациялық сабақ, тәжірибелік сабақ.

СТО стратегиясы элементтері, психологиялық тренинг, топқа бөлу, өзін-өзі бағалау, топтастыру, сұрақ-жауап, ойын элементтері, жеке жұмыс, топтық жұмыс, сергіту сәті

Сабақтың көрнекілігі

Шар, асықтар, кеспе қағаздар, модель түрлері салынған қалталар, тұсаукесер, әр түрлі киімдер пішініндегі кеспе қағаздар, үлестірмелі материалдар, кері байланыс үшін рефлексивтік суреттер

Пән аралық байланыс

Бейнелеу


Сабақтың кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру


3

минут

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу, журналға белгі қою.

1. Мұғаліммен амандасып, оқушылардың сабаққа қатысы туралы мәлімдейді.

2. «Шар үрлеу» психологиялық тренинг өткізу. Оқушыларға парта үстіндегі ыдыс ішінен көлемі кішкентай шарларды алып, жылдам үрлеп оны жару ұсынылады.

2. Әр оқушы бір шардан алып, оны жылдам үрлеп, болған соң жарады.

3. «Киндер тосынсыйы» қорабына салынған асықтар арқылы екі топқа бөлу.

3. Қоржың ішінен «Киндер тосынсыйын» алып, ішіндегі асықтың түсіне қарай бөлінеді.

4. Өзін-өзі бағалау бетшелері таратылады.

Сабақ кезеңдері

Бағасы

Үй тапсырмасын тексеру


Жаңа тақырыпты түсіну


Практикалық жұмыс


Қорытынды «Кір жуу ойыны»


Жиынтық баға



4. Топ басшысын сайлайды.

Үй тапсырмасын тексеру


10

минут

1. Топтарға модель түрлері салынған себеттер беріледі.

Материалдық модельдер: Гүл, тиін, балық, жолбарыс, керіп, автокөлік, ғимарат, жарнама бағаны, бағдаршам.

Ақпараттық модельдер: карта, жол сызбалары, диаграмма, графика, кесте.

1. Қалтадағы модельдерді топтастырады. Топтар бірін-бірі бағалайды.

2. Топтық жұмыс. «Дәптер» модельін құру

2. Әр топ топ атына сәйкес модель құрастырады.

Қызығушылықты ояту.


1

минут

1. Графикалық модельдер көрсету. Сұрақ:

А. Модельдің қай түрі?

Ә. Ақпараттық модельдерді сипаттаудың қай әдісіне жатады?

БShape1 . Бүгінгі тақырыбымыз не туралы болуы мүмкін?

1. Қойылған сұрақтарға жауап береді.

Жаңа сабақ.

Оқулықпен жұмыс істеу.


10

минут

1. Компьютерлік графика туралы жалпы ақпарат беріледі.

Shape2




















2. Тұсаукесер арқылы 2D және 3D графикалары көрсетіліп, айырмашылықтарын атау сұралады. Жауаптар толықтырылады.

Shape3








Көрсетілген графика түрлерін салыстыра отырып айырмашылықтарын атайды.

3. Растрлық, векторлық және фракталдық кескіндер көрсетіліп, айырмашылықтарын (өзіндік қасиеттерін) атау сұралады. Жауаптары толықтырылады.

Shape4

Жаңа сабақты бекіту.

Практикалық жұмыс.


10

минут

1. Топтарға кескіннің үш түрінен барлығы 6 суреттен беріледі. Суреттер Paint және PowerPoint бағдарламаларында салынуы қажет.

Суреттер: Көбелек, табиғат, телефон, ғимарат

Жапырақ, қол шатыр, автокөлік, галактика

Қарша, пияз, шырша, пирамида

1. Компьютерді пайдаланушыны тіркеу кітабына белгі қояды.

2. Таңдаған суретті көрсетілген бағдарламада бейнелеп, орындайды.

Сергіту сәті


1

минут

«Жоғары, төмен, алға» бұйрықтары арқылы жаттығу жасау. Берілген бұйрыққа сәйкес қолдарды бағыттау қажет.

Қателеспей орындаған үш оқушы жеңімпаз деп табылады.

Қорытындылау.


4

минут

1. «Кір жуу» ойыны арқылы қорытындылау. Әр түрлі киімдер пішініндегі кеспе қағаздардың артына жасырылған кескіндердің компьютерлік графиканың қай түріне жататынын анықтау.


Shape5


1. Берілген киімдерді топ басшылары ортаға келіп, «кір машинасы» себеттінен бөліп алады.


2. Таңдап алынған киімдерді топ мүшелеріне таратады.


3. Топ мүшелері киімде берілген кескінді алып, АЗ форматына кескін түрлеріне топтастыра орналастырады.


4. Тапсырма орындалған соң киімдерді жіпке іледі.

Бағалау


4

минут

1. Бағалау бетшелері бойынша қорытынды жасалады.

1. Өзін-өзі бағалау бетшелерін мұғалімге тапсырады.

2. Оқушылардың өзіне қойған бағаларымен санаса отырып, сабаққа қатысы, орындаған тапсырмаларының толық әрі дұрыстығы ескеріп бағаланады.

2. Мұғалімнің қойған бағасын күнделіктеріне қойдырады.

Үйге тапсырма


1

минут

1. «§19 Компьютерлік графика түрлері» тақырыбын оқу

2. Бақылау сұрақтарына жауап беру, тапсырмаларын орындау.

3. Тақырып соңындағы «Өзіңді тексер!» тест жұмысын дәптерге орындау.

1. Берілген тапсырмаларды белгілеп, күнделікке жазып алады.

Кері байланыс


1

минут

1Shape6 . «Жеңіс тұғыры» суреті тақтаға ілінеді.

1. Сабақты түсіну деңгейіне қарай жеңіс тұғырына мадальдарды орналастырады. (Әр оқушы өзін қай деңгейде тұрғанын белгілейді)




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!