Материалдар / Компьютерлік желі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Компьютерлік желі

Материал туралы қысқаша түсінік
Компьютерлік желі туралы толық түсініктеме айтылған! Сол бойынша желілердің қанша топқа бөлінетіні туралы ақпарат.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Желтоқсан 2022
450
17 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бейне бейімдеуіш немесе бейне тақшаның сызбалық бейімдеуіш

Дербес компьютер – әмбебап техникалық жүйе. Оның конфигурациясын (негізгі конфигурациясы: жүйелік блок, монитор, пернетақта) қажетінше өзгертуге болады.
Жүйелік блок негізгі құрылғы болып есептеледі. Оның ішіндегі құрылғылар ішкі, ал сырттан қосылған құрылғылар сыртқы деп аталады.
Жүйелік блоктың ішкі құрылғылары:

o    Аналық тақша
o    Процессор немесе микропроцессор
o    Жедел жады (ОЗУ)
o    Қатты дискідегі мәлімет жинақтауыш o    Алмалы дискілермен жұмыс істеуге арналған диск жетегі
o    СD және DVD дискі жетектері
o    
Бейнесызбалық бейімдеуіш
o    Дыбыстық тақша
o    Желілік тақша
o    Енгізу-шығару порттары
o    Қоректендіру блогы

Аналық тақша – Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық малімет аналық  тақша арқылы өңделеді. Аналық тақша – бұл компьютердің барлық құрамдас бөліктері қосылатын күрделі көп қабатты мөрлік тақша. Аналық тақша мыс өткізгіштер- жолдар желісімен қапталған. Олардын бойымен мәліметтер тақшада құрастырылған микросхемалар мен компьютердің басқа құрылғылары қосылатын слоттарға жеткізіледі. Әрбір құрылғы белгілі бір слотка қосыла алады.

Процессор немесе микропроцессор компьютердегі орталық мәліметтер өңдеу құрылғысы болып табылады. Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативті жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Процессорлар бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды. Процессор неғұрлым шапшаң болса, компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы соғұрлым жоғары болады.
Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц) немесе гигагерцпен (ГГц) өлшенетін оның ырғақтық жиілігімен анықталады. (2-сурет)

Процессордың үстіне радиатор, радиаторға процессорды салқындатуға арналған желдеткіш орнатылады.
Жедел жады (ОЗУ) – немесе Random Access Memory мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді.

Picture 2 Қатты дискідегі мәлімет жинақтауыштар (винчестер, Hard disk Drive (HDD)) – бұл компьютердегі негізгі мәліметтер қоймасы. Компьютердің көпшілігі құрамдас тұрақты жадымен жабдықталған. Оларға қосымша программалар орнатылады, онда файлдар әзірленеді және әртүрлі мәліметтер сақталады. Винчестердің сыйымдылығы түрлі компьютерлерде алуан түрлі болады да, мегабайтпен, гигабайтпен және терабайтпен өлшенеді. Қазіргі кездегілерінің сыйымдылығы 80-500 Гб, 2 Тб және одан да үлкен болады.

Алмалы дискілермен жұмыс істеуге арналған диск жетегі – 3,5-дюймдік дискеттерді оқиды. Бұл дискілер ауыстырылатын тасымалдаушылар болып саналады, олардың сыйымдылығы – 1,44 Мб. Оларға әдетте кейбір қосымша бағдарламаларда (Word сияқты) әзірленетін құжаттар немесе алмалы дискілерден тікелей іске қосуға болатын онша үлкен емес бағдарламалар жазылады. Компьютерде алмалы дискілерге арналған диск жетегіне «А» әрпі белгіленеді. (6-сурет) Сыйымдылығының аз мөлшерлігіне байланысты қазіргі кезде пайдаланылмайды деуге болады.

СPicture 2 D және DVD дискі жетектері – мәліметтерді ықшам дискілерге жазуға («күйдіруге», прожиг) және оқуға мүмкіндік береді. CD және DVD дискілер – ауыспалы тасымалдаушылар. CD дискіге 400 Мб, DVD дискіге 4,7 Гб ақпарат сыйяды.
Дискілер бір рет жазылатын (CD-R және DVD-R) және қайталап жазылатын (CD-RW және DVD-R W) болады.







Бейнесызбалық бейімдеуіш (видеокарта) – кескіндерді сақтау үшін ғана пайдаланылатын меншікті оперативті жадысы бар. «Тұрғылықты жері» бойынша бұл жады көбінесе бейнежады (videoRAM немесе VRAM) деп аталады. Бейнежады көлемі неғұрлым үлкен болса, компьютер кескіндер мен бейнероликтерді соғұрлым үлкен ажыратылымдықпен және түрлі түстермен бейнелейді.



Picture 2 Picture 2 Дыбыстық тақша – компьютерге жоғары сапалы дыбыс тудыруға және оны компьютерге жазуға мүмкіндік береді. Дыбыстық тақша ұсынатын дыбыспен жұмыс істеудің кеңейтілген мүмкіндіктері компьютерлік ойындарда және басқа қазіргі заманғы бағдарламаларда талап етіледі.
(9-сурет)





Желілік тақша – компьютерді компьютерлер желісіне қосуға мүмкіндік береді. Желілік тақшалардың бірнеше түрі бар: Ethernet, token ring және сымсыз желілерге қатынас құруға арналған тақшалар. Ең танымалдары – Ethernet және сымсыз желілер. (10-сурет)

Енгізу-шығару порттары – корпустың алдыңғы немесе артқы тақтасындағы ажыратқыштар, оларға әдетте кабель арқылы әр түрлі құрылғылар қосылады. Порттарға қосуға болатын құрылғылардың саны мен түрі компьютер порттарының саны мен түріне тәуелді болады. Picture 2

Қоректендіру блогы –220-230 вольтті айнымалы токты төменгі кернеулі тұрақты токқа айналдырады. Түрлі-түсті сымдар (проводтар) кернеу мөлшерлерін айқындайды: сарыға +12В, қызылға+5В, қараға 0.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!