Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Компьютерлік желі ұғымы және түрлері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК
№3 Сабақ жоспары
Компьютерлік желі ұғымы және түрлері
(сабақ тақырыбы)
Модуль /пән атауы: Ақпараттық ресурстар және есептеуіш желілер
Дайындаған педагог: Аникенова Назерке Нурлановна
2021 жылғы «20» қыркүйек
|
|||
Курс, оқу жылы, топ: |
II, 2021-2022 оқу жылы, 20AJ-1 |
||
Сабақ типі |
дәріс |
||
|
|||
Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі |
- Компьютерлік желі ұғымы - Компьютерлік желі түрлері |
||
|
|||
Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер |
Кирилова Г.И. Информационные технологии и компьютерные средства в образовании 9-16 беттер |
||
Техникалық құралдар, материалдар |
Дербес компьютер |
||
|
|||
4.1. |
Ұйымдастыру
|
||
4.2. |
Үй тапсырмасын сұрау.
|
||
4.3. |
Жаңа сабақ Курс тақырыбы: «Ақпараттық жүйенің өмірлік циклі» ұғымын ашады Сабақ тақырыбы: Компьютерлік желі ұғымы және түрлері |
||
4.4 |
Жаңа сабақты бекіту
|
||
4.5. |
Студенттерді бағалау. |
||
|
Келесі сөздер арқылы сабаққа деген көзқарас: белсенді / немғұрайлы көңілім толды / толмады ұзақ / қысқа немесе тез шаршамадым / шаршадым жақсарды / төмендеді түсінікті / түсініксіз пайдалы / пайдасыз қызықты / қызықсыз |
||
|
Кирилова Г.И. Информационные технологии и компьютерные средства в образовании 9-16 беттер |
Пән: Ақпараттық ресурстар және есептеуіш желілер
Курс тақырыбы: «Ақпараттық жүйенің өмірлік циклі» ұғымын ашады
Сабақ тақырыбы: Компьютерлік желі ұғымы және түрлері
-
Компьютерлік желі ұғымы және түрлері
-
Компьютерлік желілермен жұмыс істеу кезінде қолданылатын негізгі түсінік және анықтама
-
Компьютерлік желі ұғымы және түрлері
Ақпаратты бірінші компьютерден екінші компьютерге ауыстыру үшін дискеттер, компакт-дискілер қолданылады. Егер ақпараттың көлемі өте үлкен болса және жұмыс кезінде онымен ұдайы алмасып отыру қажет болса, онда мұндай әдіс қолайсыз болады. Сондықтан, компьютерлер дамуының бастапқы кезеңінде-ақ оларды арнайы кабельдердің және басқару бағдарламаларының көмегімен жалғастырып, компьютерлер арасында нақты уақыт режимінде деректермен алмасу ойы пайда болды. Компьютерлерді осылайша бір-бірімен байланыстыруды компьютерлік желі деп атады.
Компьютерлік желі – бұл әртүрлі қорларды бірігіп пайдалану үшін бір-бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы.Желіге енетін компьютерлер бірігіп пайдалана алады:
-
Мәліметтерді;
-
Хабарларды;
-
Принтерлерді;
-
Факстік аппараттарды;
-
Модемдерді;
Басқа да құрылғыларды.
Желінің түрлері. Желінің екі түрі
бар: жергілікті желі және ауқымды
желі.
Бір-бірімен қатар орналасқан
компьютерлерді біріктіретін жүйелер жергілікті желі деп
аталады. Мұндайда компьютерлерді байланыстыру осы мекеменің
өздеріне бөлінген байланыс каналдары арқылы
жүргізіледі.
Егер желі үлкен қаланың, елдің немесе дүние жүзінің компьютерлерін қамтитын болса, онда оны ауқымды желі деп атайды.
Ауқымды және жергілікті желілердің қолданылу мақсаттары әртүрлі, бұл екеуі де компьютерлік технологияның зор жетістіктері қатарына жатады.
Желіге біріктірілген компьютерлер алатын орнына байланысты бір-бірінен ажыратылды. Компьютер немесе сервер, немесе клиент болады. Компьютерлік желінің ортақ мәселелерін орындайтын және жұмыс станцияларына қызмет көрсететін компьютерді сервер деп атайды. Серверлер көбінесе ортақ ақпаратты сақтау қоймасы немесе желі жұмысын басқару орталығы болып табылады. Клиент – желілік ресурстарды қолданатын, желіге қосылған кез-келген компьютер.
Барлық желілердің қандай да бір ортақ компоненттері, функциялары, мінездемелері болады. Оған келесілер жатады:
-
Серверлер – ресурстары желіні пайдаланушыларға ортақ болатын компьютер;
-
Жұмыс станциялары – серверлер ұсынатын желілік ресурстарды қолданушы компьютерлер;
-
Желілі орта – компьютерлердің бір-бірімен байланысу тәсілі;
-
Бірлесіп қолданатын мәліметтер;
-
Бірлесіп қолданатын шеткі құрылғылар, мысалы: принтер, CD-ROM ресурстары;
-
Ресурстар – желіде қолданылатын файлдар, шеткі құрылғылар және басқа да элементтер.
Жоғарыда аталып өткен ұқсастықтарына қарамай, желілер екі түрге бөлінеді:
-
Бір рангілік желілер
-
Сервер негізіндегі желілер
Бір рангілік желілер. Мұнда файл-сервер немесе баспа сервері ретінде пайлаланылатын жеке компьютерлер болмайды. Кез-келген станцияда отырған адам өз компьютерін сервер ретінде пайдаланып, басқа компьютерлермен мәліметтер алмаса береді. Бір рангілік желілер әдетте, 10-нан аспайтын компьютерлерді біріктіреді. Оларды жұмыс тобы, яғни қолданушылардың кішігірім ұжымы деп те атайды.
Сервер негізіндегі желілердің құрамында бір немесе бірнеше компьютерлерде арнайы желілік операциялық жүйе іске қосылады. Олардың негізгі қызметі - әрбір жеке компьютер иесіне желі ресурстарын пайдалануды қамтамасыз ету.
2.Компьютерлік желілермен жұмыс істеу кезінде қолданылатын негізгі түсінік және анықтама
Компьютерлік желі (КЖ) немесе ЭЕМ желісі деп ақпаратты–есептеуіш жұмыстарын орындаған кезде есептеуіш дәрменділігін және есте сақтаушы құралдарын тиімді қолдану үшін желілік программалық қамтамасыздандару және өзара деректерді беру каналдарымен байланысқан ЭЕМ-дың территориялық кешенін айтады. Сондықтан компьютерлік желілерді аппараттық, пограммалық, ақпараттық территориясы бойынша бөлінген жүйе ретінде қарастыруға болады, сонымен бірге техникалық құралдар компьютерлік желінің потенциалын, ал прогаммалық қамтамасыздандару нақты мүмкіндігін ашып береді.
Жалпы жағдайда компьютерлік желілер бір біріне енгізілген үш ішкі жүйелердің жиынтығын құрайды:
-
жұмысшы станциялар желісі
-
серверлер желісі
-
деректерді берудің негізгі желісі
Жұмысшы станциялар желісі – жұмысшы станцияларды олардың арасындағы желі арқылы сервермен және өзара байланыстыратын желі. Жұмысшы станция дегеніміз (клиенттік машина, жұмыс орны, абоненттік орын, терминал) - компьютерлік желінің абоненті жұмыс істейтін компьютер.
Серверлер желісі - серверлерді олардың арасындағы желі арқылы негізгі желімен және өзара байланыстыратын желі.
Деректерді тасымалдаудың негізгі желісі – серверлер арасында мәліметтер тасымалдау жиынтығы. Ол байланыс каналдары мен түйіндерінен тұрады. Байланыс түйіні деп коммутация құралдары мен бір пунктте мәліметтерді тасымалдау жиынтығын айтады. Байланыс түйіні байланыс каналы арқылы түскен мәліметті қабылдап алады да оны абонентке баратын каналға жібереді. Байланыс түрінің мысалы ретінде телефон станцияларын алуға болады. Желі түйіндерін байланыстырудың симметриялық сызбасын желі тапологиясы деп атайды. Желі топологиясының түрлері көп, олардың ішіндегі негізгілері: шиналық, сақиналық, жұлдыз тәрізді түрлері болып табылады.
Желі тапологиясын таңдау өте жауапты жұмыс, оны компьютерлік желінің жобасын жасамас бұрын анықтап алу керек. Желі тапалогиясы компьютерлік желі жасаудың соңғы кезеңінде өзгерту өте күрделі және қымбат тұратын мәселе. Жұмысшы станциялар желісінде моноканалдар (жалғыз канал), ал деректерді жіберудің негізгі желісінде – поликаналдар (моноканалдар жиынтығы) жиі қолданылады.
Компьютерлік желілерді ұйымдастырудың негізгі принциптері оның басты сипаттарын анықтайды:
-
операциялық мүмкіндіктері;
-
өндіргіштігі;
-
хабарды жеткізу уақыты
-
ұсынылатын қызметтердің құны.
Операциялық мүмкіндіктері –деректерді өңдеудің негізгі әрекеттер тізімі. Компьютерлік желінің құрамына енетін компьютерлер, пайдаланушыларға осы желіде жұмыс істеуге барлық мүмкіндіктерді беруі керек. Компьютерлік желілерді біріктірудің басты тиімділігі болып пайдаланушының желі ресурстанына толық ену мүмкіндігі саналады. Компьютерлік желілер көптеген компьютерлерде деректерді параллельді өңдеу мүмкіндігін береді және қажетті ресурстардың көшірмесін жасап, есептерді шешу уақытын қысқартады, жүйенің сенімділігін және нәтиженің анықтылығын көрсетеді.
Компьютерлік желінің өндіргіштігі пайдаланушының есебін шешуге қатысатын компьютерлердің қосындысы. Компьютерлердің өндіргіштігі олардың процессорларының нақты өндіргіштігін көрсетеді.
Хабарды жеткізу уақыты желіге хабарды жіберген мезеттен адрестерге хабардың барған мезетінің статистикалық орташа уақыты алынады.
Оқытушы: Аникенова Н.Н.