Компьютерлік ойындарының және теледидар, ұялы телефон бағдарламаларының балаға әсері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Компьютерлік ойындарының және теледидар, ұялы телефон бағдарламаларының балаға әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге көмек ретінде ата аналар жиналысында оқылған баяндама ұсынылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тасқала аудандық білім бөлімі

Жалпы орта білім береретін

Қ.Сәтбаев атындағы мектебінің

жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі

Тлегенова Шолпан Максутовна


Компьютерлік  ойындарының  және  теледидар,  ұялы  телефон бағдарламаларының  балаға  әсері

(жалпы ата-аналар жиналысында оқыған баяндама)

Жоспар

1. Баяндаманы презентация арқылы байланыстыру

2. Топтық жұмыс (Постер қорғау)

3. Бейнеролик көрсету арқылы қорытындылау

            Компьютер адамзаттың өркениет жолымен дамуына ықпал ететін басты құралдардың бірі екені даусыз. Қай салада болмасын компьютер кеңінен қолданылып, адамдар тіпті онсыз өмір сүруін елестете алмайтындай дәрежеге жетті. Бүгінгі күні теледидар мен компьютер, ұялы телефон балалардың айрылмас досы болып алды. Компьютердегі түрлі қызықты ойындар, тез хабар алмасу жасөспірімдерді тәнті етеді.
Осы орайда мемлекетіміздің өсіп келе жатқан жас ұрпақты тәрбиелеуде 11 жылдық мектепте үздіксіз білім беруде еңбек етіп жүрген ұстаздардың тарапынан оқушыға қойылатын ескертпенің бірі әр оқушыдағы ұялы телефондағы ВК онтакте, ватсап
Ұялы телефон арқылы ВК контакт, ватсап жүйесімен тілдесу оқушылардың және жастардың сүйікті ісіне айналды. Агент ауруы – аз-аздап ақыл жинап жатқан жас ұрпақты алдап, арбауда. Денсаулығын жеп, қаражатын пайдасыз жұмсауда. ВК контакт, ватсап кіру арқылы бала әр секунд сайын түрлі ақпараттың әсеріне тап болады.

Тәулігіне 24 сағат болса, олар соның 12-13 сағатын осы қалтателефонмен өткізеді. Мектеп оқушыларының көбі, оны сабақ үстінде пайдаланады. Әуен тыңдайды, клип көреді, кейде сондағы әуенге еліктеп ұйқылы-ояу маужырап сабақта отырады. Ал сергек отырғандарының өзі бір-біріне ВК контакт, ватсап арқылы «хат» жазып, сабаққа тіпті көңіл бөлмейді. Бір алаңдататыны аз дегенде 10 жылдан бері ұялы телефон қолданған адамдарда кейбір ми қатерлі ісігінің кездесу жиілігі телефонды қолданбаған адамдарға қарағанда тым көп екені анықталып отыр. Телефоннан бөлініп шығатын зиянды заттар баланың әлі қалыптасып үлгермеген иммундық жүйесіне зақым келтіретіндіктен ойын баласына ұзақ уақыт телефонды ұстатып қоюға болмайды екен. Қазір балалар жиі қолданатын құлаққаптың (наушник) да зияны өте көп. Ата-аналар балаларына ұялы телефонды байланыс және бақылау құралы ретінде алып береді. Ал оның балаларының қай бағытта пайдалануын үнемі бақылай алмайды. Мектепте ұялы телефон оқу құралдарының құрамдас бөлігі ретінде қарастырылмағандықтан, оны пайдалану тәртіп бұзушылық ретінде қарастырылып талаптар мен ережелерге, мектеп Жарғысына сәйкес шаралар қолданылады.
Баланың сабақ кезінде ұялы телефонды пайдалануына Қазақстан Республикасының Заңдары бойынша тыйым салынбаған, сондықтан бұл жағдай әр мектептің ішкі ережесіне сәйкес, ата-аналардың келісімімен реттеледі.

  Осы күні жас сәбилердің де телеарнаны өз бетімен қосып алып, қалаған мультикті көре беретіні ешкімді таңырқатпайтын болды. Соңғы жылдары балалардың ақпараттық технологияны пайдалануына шек қою қажеттігіне көз жете бастады. Әрине, қазіргі оқу жүйесін компьютерсіз көзге елестету мүмкін емес. Іс жүзінде мектептегі барлық сабақ интерактивті тақтаны пайдалану арқылы өтеді. Оның үстіне қазір мектепке дейінгі мекемелерде компьютерлік сауаттандыру кабинеттері бар, онда үлкен және дайындық топтарындағы тәрбиеленушілер электронды оқулықтар арқылы компьютермен танысып, мектепке дайындалады. Жалпы білім беру мектептерінде балалар қауіпсіздік талаптары мен санитарлық-гигиеналық нормаларды оқытушының көмегімен сақтай отырып белгіленген уақытта компьютермен «сөйлеседі». Ең қиыны балалар үйге келген соң, ата-анасы жоқта теледидар мен компьютерді қосып жоғары технология әлемімен бетпе-бет қалады. Экрандардан біздің балаларымызға мультиктің құбыжық кейіпкерлері тіл қатады, атыс-шабысты, зорлық-зомбылықты көрген балаға соның бәрі дұрыс көрінеді. Ал көптеген ата-ана баласының үйде отырғанына мәз болып, оның қаншалықты зардап шегіп жатырғанын елемейді.

Ақпараттық ресурстардың тұрақты өсуі қазіргі қоғам дамуының заңды процесі болып отыр, бірақ бұл жеке тұлғаның қалыптасуына кедергі де болып отыр. Өзіңіз компьютерде көп отырған баланы байқап көріңіз, олар ашуланшақ, ұмытшақ, әрі тез түсіне алмайтын болып қалыптасып келе жатыр.

Сондықтан баланы компьютерден шама келгенше алыс ұстаған абзал.

Осылайша жалғаса берсе баланың әдеби кітаптарға, ізгілік қасиеттілік ойындарға қызығушылығы төмендеп, компьютерге тәуелділікке әкеліп соғады.

Баланың денсаулығын сақтаймын десе ата-ана төмендегідей жағдайларды бұлжытпай орындағаны дұрыс.
— 1-4 сынып оқушылары тәулігіне  30-40 минут , 5-8 сынып оқушылары тәулігіне 40-50 минут, 9-11 сынып оқушылары 60 минуттан артық отырмауы керек.

Топтық жұмыс (Постер қорғау)

Ата аналарды үш топқа бөлу.

І топ: «Теледидардың пайдасы мен зияны»

ІІ топ: «Компьютердің пайдасы мен зияны»

ІІІ топ: «Ұялы телефонның пайдасы мен зияны»


Бейнеролик көрсету арқылы қорытындылау

Демек, кез-келген ата-ана балаларына теледидар, ұялы телефонның, компьютердің зияны туралы уақыт сайын ескертіп отырғаны дұрыс. Жалпы шамадан тыс компьютер алдында отыру баланың ғана емес ,үлкеннің де жүйкесін жұқартып, жоғарыдағы аталған дерттерге әкеліп соғатынын есте ұстаған дұрыс .

Шешім:

1. Ата-аналардың баланың компьютер мен ғаламтарда жұмыс жасауын қадағалап отыруы сұралсын.

2. Ұялы телефонды дұрыс пайдалана білуін және оны қолдану ережесін ескертіп отырсын.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.11.2018
630
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі