Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Компьютерлік технологияларды оқу үрдісіне пайдалану
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Компьютерлік технологияларды оқу үрдісіне пайдалану
Ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі – АКТ) дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақытылы өзгеріп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Мысал үшін Ұлыбританияда мұғалім мамандығын таңдап алған жастардың, өздерінің болашақ оқушылары сияқты, жеткілікті дәрежеде сандық сауаты бар, себебі олар өмір жағдайларының барлық аспектілерінде жаңа технологияның бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сандық технологиялармен үнемі өзара әрекеттесетін ұрпақ өкіліне жатады. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін құрал болып отыр. Сондықтан оқыту барысындаосы технологияларды тиімді қолдану маңызды болып саналады. [1]
АКТ-ны пайдалану қазіргі кездегі заман талабы болғандықтан оған басты назар аударуымыз қажет. Жаңа ақпараттық технологияларды білім беру үдерісінде қолдану біршама жетістіктерге апаратын жол. АКТ-ны қолдану мұғалімге де оқушыға да қолайлы. АКТ - ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ - ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Заман талабына сай көштен қалмай қазіргі таңда педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық – педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етуде.[2]
АКТ келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Қытайдың дана философы Конфуций: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, өзіме жасатсаң - үйренемін» деген. Конфуций айтпақшы бала қолымен жасағанда ғана жақсы түсінеді, есте сақтайды. Сондықтан да сабақта АКТ пайдалану қажеттілігі туындайды. АКТ-ні тек қана сабақ кезінде ғана емес, сабақтан тыс уақытта да қолданамыз. Өйткені кез келген деректерді интернеттен алуымызға мүмкіншілігіміз бар. АКТ-ны сабақта қолдану оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттырады, сыни ойлауға, басқалармен ой бөлісуге, өз тәжірибесін шыңдауға көмектеседі. АКТ-ны қолдану нәтижесінде оқушылардың өз бетімен ізденісі, қызығушылығы, белсенділігі, сенімділігі артады. Білімді меңгере отырып, оқушы сын көзбен қарауға, өз ойын еркін айтуға, өз құқықтарын қорғай білуге, ақпарат көздері арқылы ізденуге, білімін толықтыруға жәрдемдеседі. Дарынды және талантты оқушылардың да білімін шыңдауда осы АКТ-ның қосар үлесі мол.
Бұл АКТ-нің тиімділігі, оқушы мұғалімнің бағыт – бағдар беруі арқылы өз бетімен ізденіп, жаңа мәліметтер алып, еңбектену арқылы игереді. Сабақта АКТ-ні пайдаланудың тиімділігін нақтылап айтар болсақ:
• оқушының өз бетімен жұмысы;
• аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
• білім –білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
• қашықтықтан білім алумүмкіндігінің туындауы;
• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
• экономикалық тиімділігі;
• іс –əрекет, қимылды қажет ететін пəндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
• қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен естумүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен əр түрлітəжірибе нəтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
• оқушының ой –өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
АКТ - ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде АКТ - ны пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ - ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында мектеп оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай - ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді. [3]
АКТ-ні пайдаланудың артықшылықтарын айтып өтетін болсақ:
1. Олар оқытудағы тақырып шеңберіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мəліметтер көлемін ұлғайтады.
2. Білімге бір – бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан əр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады.
3. Оқытудың жүйесінің көп денгейлі жетілдіруі олардың таралымдалуымен оқу сапасын арттырады.
4. Оқушы өз бетінше немесе өзге оқушылармен топтасып бірге жұмысістеуге мүмкіндік алады.
5. Оқушының танымдық іс –əрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады.
Мектеп қабырғасында өтіліп жатқан кез келген сабақтың нәтижелі ұйымдастырылып, оқушылардың қызығушылығын оятуы-берілген білімнің сапалылығын қамтамасыз етеді. Дәстүрлі оқыту барысында оқушыларды жалықтырған үрдістердің қатарына ұзыннан ұзақ жаттығуларды көшіріп жазу, мәтінмен жұмыс, тестпен жұмыс, ереже жаттау және т.б. жатады.Сол себепті де бүгінгі таңда өз сабақтарын жаңа талаптарға сай ұйымдастыруы үшін білім саласындағы әрбір ұстаз өз сабақтарында ақпараттық технологиялары пайдаланып, нәтижелі білім беру мақсатында сабақтың әрбір минутын орынды пайдалануы шарт. Бұл тұрғыда интерактивті тақтаны пайдалана отырып, тапсырмаларды ойын түрінде орындату, оқушыларды қызығушылығын оятады және уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. [4]
Ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың бірі – интерактивті тақта. Интерактивті тақта – басқаруға мүмкіндік беретін экран, көп функционалды, сабақ барысында қолданатын қажетті құралдардың бәрі кіреді, атап айтқанда;
- Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі – түсті, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды.
- Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады.
Интерактивті тақтаны сабақта пайдаланудың маңыздылығы, яғни оның көмегімен оқыту үрдісіндегі өзекті мәселелерді шешуге болатындығы анықталған. Интерактивті тақтаны география сабақтарында саяхатшылар мен зерттеушілердің суреттерін, географиялық шағын фильмдерді көру, музыка тыңдау, есте сақтау, сондай-ақ, реферат, ғылыми жоба жұмыстарының жоспарын құруда сабақтың тиімділігін арттырады. Сондықтан, «Баланы бір затпен таныстырмақшы болсақ, сол зат туралы сөйлеп қана қоймай, алып келіп балаға көрсет деп» - кезінде Мағжан Жұмабаев айтқандай, интерактивті тақтаны сабақта дидактикалық оқыту құралы ретінде пайдалану керек.
Заман ағымына қарай АКТ-ні қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Заман көшіне ілесі талабының бір – оқу үрдісінде электронды оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Әсіресе электронды оқулықты пайдаланудыңда мүмкіндіктері өте көп. Электронды оқулықтарындағы тапсырмаларды орындау, тест жұмыстары, картамен жұмыс, бейнефильмдерді көру арқылы оқушылардың өз бетінше білім алуға ынтасын, қызығушылығын байқауға болады.
Электронды оқулықтар оқушының бiлiм сапасын бақылау жүйесiн өзгертуге мүмкiндiк жасайды. Дәстүрлi оқытуда әр оқушыны оқытушы тарапынан бақылау өте жиi болмай қалуы да кездеседi, ал электронды оқулықтың көмегiмен оқыту үрдiсiнiң әр этапын бақылай алады. Тiптi кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына, керектi тақырыбына немесе қажет ақпаратқа сiлтемелер берiп отырады. Бұл оқушы үшiн, бiрiншiден үлкен көмек, жеңiлдiктер туғызса, екiншiден, сол материалды автоматты түрде бақылап, әдiл бағасын беруге, оқушыға қажетiне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлiмет алуға мүмкiндiк жасайды.
Сонымен қатар, электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық жұмыстар орындайды. Әр бір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар орындап, сұрақтарға жауап беріп, кестелермен жұмыс жасауға дағдыланады.
Электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Сондай-ақ оқытушыларға өзіне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай, жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады.[3]
Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Электрондық оқулықтар негізгі білім берудің электрондық басылымдары болып табылады. Электрондық оқулық оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай –ақигерілген білім мен біліктерді тесттік бақылауға арналған программалық құрал. Білім беру жүйесінде электронды оқулықтарды пайдаланып, үлкен табыстарға жетуге болады. Электронды оқулықтарды пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі –пəндік білім, екіншісі –компьютерлік білім. Электронды оқулықтарды пайдалану оқушының өз бетінше шығармашылық жұмыс жасауына, теориялық білімін практикаме нұштастыруына мүмкіндік береді. Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мəліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасауқабілеті қалыптасады.
Электрондық оқулықтардың тиімділігі:
- теориялық материалды өз бетімен оқып үйренуге, зерттеуге мүмкіндік береді;
- сабақты иллюстрациялық материалдармен жабдықтауға көмектеседі;
- сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен әр түрлі деңгейлі шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкіндік береді. [4]
Қорыта айтқанда, ақпараттық технологияларды информатика сабағында қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:
-Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;
-Сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;
-Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;
-Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастыруға көмектеседі;
-Тіл байлығын дамытады;
-Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;
-Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді.
-Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады. [2]
Сөз соңында айтарым, еліміз болашағын жоғары технологиялармен тығыз байланыстырып отырған бүгінгі күні, мектептер алдындағы әсіресе мұғалімдер алдындағы басты міндет сол болашақтың иесі, қазіргі күні біздің алдымызда отырған оқушыны бәсекеге қабілетті біліммен қаруландыру болып табылады. Мұғалім - ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді. Компьютерді пайдалану оқушының пәндер бойынша терең танып білуіне ғана емес сондай - ақ, есептеуіш техникамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру уақыт талабы екенін сезінуіне жағдай жасайды. Кез келген сабақтарда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану оқушының қызығушылығын ғана тудырып қоймай, басты білім сапасының артуына әсер етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым. 2012жыл, 61-бет.
2. А.Б.Айтбаева «Білім берудегі жаңа технологиялар» оқу құралы.
3. «Білім технологиялары» журналы. - 2009 ж. №5, 19-24 беттер
4. С.Т.Мұхаметжанова, Ж.Ә.Жартынова «Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері» /Алматы. - 2008ж.