Материалдар / КОМПЬЮТЕРЛІК ВИРУСТАР
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

КОМПЬЮТЕРЛІК ВИРУСТАР

Материал туралы қысқаша түсінік
Компьютерлік вирус – басқа программалар мен файлдарға өз көшірмесін автоматты түрде кірістіре отырып, файлдарды бүлдіретін шағын көлемді(1-2 Кб) программа немесе макрос. Басқаша айтқанда, орындалатын файлдарға, дискілердің жүйелік аймақтарына, драйверлерге, құжаттарға өз көшірмелерін автоматты түрде жазатын, шағын көлемді, арнайы жазылған программаны компьютерлік вирус деп атайды. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды бүлдіруге кіріседі. Оның көбейтілетін және жұғатын мүмкіндігі бар. Вирус компьютерге зақымдалған дискета және лазерлік диск, компьютерлік желілер арқылы немесе зақымдалған файлмен жұмыс жасағанда кіруі мүмкін. Компьютерлік вирус терминін алғаш рет 1984 жылы АҚШ оқымыстысы Ф.Коэн өз баяндамасында қолданды, бірақ алғашқы вирустар 70-ші жылдары пайда болған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қазан 2021
634
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КОМПЬЮТЕРЛІК ВИРУСТАР

Түркістан индустриалды педагогикалық колледжі

Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы

Миргалиева Сабохат Самирбаевна


Мақсаты: Компьютерлік вирустарды және олардың түрлерін анықтап, вирустардан қорғану жолдарын іздестіру. Қазіргі кезге лайықты антивирустық программалардың түрін анықтау.

Міндеті:

  • Тақырып бойынша терең білім алу;

  • Бағдарламаның мүмкіндіктерін игеру;

  • Компьютерлік вирустардан сақтану шараларын айқындау;

  • Антивирустық программалармен жұмыс жасау;

  • Антивирустық программалармен вирусты жою.

Болжам: Егер, компьютерлік вирустар және олардан қорғану туралы ақпарат берсем, онда оқушылар вирустардан қорғану жолдарын білетін болады.

Зерттеу тәсілі: ақпараттар жинау

Зерттеу объектісі: компьютерлік вирустар

Күтілетін нәтиже: Компьютерлік вирустар туралы мәліметті жетік меңгеріп, үйренсек, олармен күресу мүмкін.

Өзектілігі: Компьютерлік вирустардан қорғанудың жолы - вирусқа қарсы бағдарламаларды қолдану болып табылады. Қазіргі кезде антивирустық бағдарламалар көптеп шығарылуда, бірақ олармен күресу жолдары аз.

Компьютерлік вирус – басқа программалар мен файлдарға өз көшірмесін автоматты түрде кірістіре отырып, файлдарды бүлдіретін шағын көлемді(1-2 Кб) программа немесе макрос.

Басқаша айтқанда, орындалатын файлдарға, дискілердің жүйелік аймақтарына, драйверлерге, құжаттарға өз көшірмелерін автоматты түрде жазатын, шағын көлемді, арнайы жазылған программаны компьютерлік вирус деп атайды. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды бүлдіруге кіріседі. Оның көбейтілетін және жұғатын мүмкіндігі бар. Вирус компьютерге зақымдалған дискета және лазерлік диск, компьютерлік желілер арқылы немесе зақымдалған файлмен жұмыс жасағанда кіруі мүмкін. Компьютерлік вирус терминін алғаш рет 1984 жылы АҚШ оқымыстысы Ф.Коэн өз баяндамасында қолданды, бірақ алғашқы вирустар 70-ші жылдары пайда болған.

Ішінде вирусы бар программалар мен құжаттар зақымдалған программалар деп аталады. Зақымдалған программамен жұмыс жасаған кезде, ең алдымен басқаруды вирус алады. Вирус компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіреді, дискідегі файлдарды бұзады, компьютерде сақталған ақпараттарды бүлдіреді, жедел жадты ластайды. Вирустарды қызғаныш, кектену, мансапқұмарлық мақсатында немесе басқа бәсекелес фирмаларға зиян келтіру үшін, антивирустық программаларды сатудан ақша табу үшін жазады.

Вирустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге білінбейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Мысалы, пернетақтадағы белгілі бір пернені бірнеше рет басқанда немесе белгілі бір күні көрсетілген уақытта ғана іске қосылатын компьютерлік вирустар бар. Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға береді, ал ол программа жұмысын жалғастырады.

Көптеген компьютерлік вирустар зиянсыз, бірақ олар жедел жадыдан орын алып, оның көлемін азайтады және жүйе жұмысына кедергі келтіреді. Компьютерлік вирустар, көлемі кіші және жылдам жұмыс жасайтындықтан, негізінен Ассемблер тілінде жазылады. Си, Паскаль және т.б. программалау тілінде жазылған вирустар өте аз. Кейбір вирустар программа құрушы үшін арнайы қызмет атқарады, мысалы: қаржы компаниясының паролін анықтап, есепшотына ақша аударады.

Вирустар екіге бөлінеді:

- резиденттік вирустар;

- резиденттік емес вирустар.

Ең алғашқы вирус 1986 жылы "Brain" (қазақша “Ми”) деген атпен пайда болды. Әлемде бірінші рет 2000 жылы 5-мамырда пошталық вирус "Мен сені сүйемін!" деген аттағы файлмен таралды.
Компьютерлік вирустардың ерекше өзгешеліктері мыналар: 1) кіші көлем; 2) өздігінен жіберу; 3) вирусты көп рет көшіру;  4) компьютер дұрыс жасауына тосқауыл қою.
 Қауіпті – компьютер жұмысының қатып қалуына алып келеді.  
Аса қауіпті – бағдарламалар, ақпараттар жоғалуына, өзгеруіне немесе қатты дисктегі сақталған құжаттар жоқ болуына алып келеді.
Вирустар сақтау орнына және тұратын ортасына қарай мына түрлерге бөлінеді:
Файлдық вирустар – .com, .exe, .sys кеңейтпелеріне ие бағдарламаларға зақым келтіріп, компьютердің өшуіне дейін алып келеді. Заңсыз бағдарламаларды, әсіресе, ойындарды көшіріп алу арқылы компьютерге кіреді.
Жүктелуші вирустар – кейбір бағдарламаларды, ақпараттарды жүктегенде зақымдану пайда болады. Қорғану жолдары: 1) күмәнді сілтемелерге, жүктеу көрсетілген сілтемелерге басуға, кіруге болмайды. 2) компьютер жүктеуден зиян көрмеу үшін BIOS (Setup) қорғаныс қою керек.
Макровирустар – Word және Excel құжаттарына зиян келтіреді. Бұл вирустар макрокомандалардан (макростардан) тұрып, құжаттарға салынады және құжаттардың стандартты шаблонына зақым келтіреді.

Қазіргі кезде компьютерлік вирустардың түрлері өте көп. Вирус - қажетті, маңызды ақпараттарды жойып, тіпті жүйені де істен шығарады. Әр вирустың қандай зияны бар екенін де білген жөн. Сол себептен әркім, мұндай компьютерлік вирустардан қорғанудың жолын білу керек. Егер әрбір қолданушы вирустың түрлерін анықтап, әр вирустан қалай қорғануға болатынын білсе, онда өзінің құнды ақпараттарының жоғалмауына, сақталуына, жүйенің бұзылмауына септігін тигізеді. Кейбір вирустар өте қауіпті, сондықтан, әркім вирусқа қарсы қолданылатын шараларды білу қажет. Қорытындылай келе:

1. Компьютерді әркімнің жиі пайдалануын шектеу;

2. Сырттан келген мәліметтерді мұқият тексеруден өткізу;

3. Вирустан «емдеу аспаптарын» дайындап қою.


Аңдатпа

Ақпараттық - коммуникациялық технологияны оқу үрдісіне енгізу жағдайында білім сапасын көтеру,  білім беруді ақпараттандыру жағдайында оқушылардың  біліктілігін   арттыру, компьютерлік  висрустардың   компьютерлерге тигізетін  зияны оның  жұғу себептерін сабақ  өткізу барысында оқушыларға ақпарат бере  отырып, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру,  өтілген тақырыпты оқушыларға түсінікті  жеткізу.

Аннотация

Применение  новых  информационных технологий   в процессе  обучение  применяются при обучений    для укрепления знаний  учащихся,  получение новых понятий о вреде  компьютерных  вирусов  и методов их излечения.Они повышают  интерес к  предмету и  дают  обширные понятия  о новых  информационных  технология.

Anotation.

Using new information technology in process education are used when learning for fortification of the knowledges учащихся, reception new notion about harm computer virus and methods of their curing. They raise the interest to subject and give the extensive notions about new information technology.

Пайдаланылған   әдебиеттер

1. Информатика  30 сабақ

2. Информатика  негіздері   - журнал

3. Интернет – «coogle.kz»


















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!