Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Компьютерлік вирустар және түрлері (Өндірістік оқу)
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
САБАҚ ЖОСПАРЫ
1.10-айлық курс, ЭЕМ-234-топ
Жұмыстың тақырыбы: Компьютерлік вирустар және түрлері
Жұмыстың мақсаты: Білім алушыларға компьютерлік ақпаратты қорғау
ұғымы мен архивтеу бағдарламасы түсінігін меңгерту.
Тапсырмаларды орындата отырып, таным қабілетін, зейінін,
белсенділіктерін, сабаққа қызығушылығын арттыру
Өз бетімен жұмыс жасауға, жинақтылыққа,
ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Мультимедиа құралдары, компьютер,перезентация,
деңгейлік тапсырмалар.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Ахметов К. С. Современный персональный компьютер. – М.: “Компьютер пресс”. 1995.
Балапанов Е. Қ, Бөрібаев Б. Б, Дәулетқұлов А. Қ. Жаңа ақпараттық техналогиялар: Информатикадан 30 сабақ
С.В. Семенов «Информатика. базовый курс» 2002 ж.
В.П. Леонтьев «Персональный компьютер» 2004 ж .
Білу керек.
1.Компьютерлік вирустар және олардың түрлері.
2.Компьютерлік вирустар;
3.Компьютерге вирус жұққандығының негізгі белгілері;
4.Компьютерлік вирустардың жіктелуі;
5.Антивирустық
І. Кіріспе нұсқама
1. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу,білім алушылардың
сабаққа қатысуын түгендеу
2.Техникалық қауіпсіздік ережесі
3.Жұмыс орындарына бөліу программалардың түрлері және олардың негізгі мүмкіндіктері.
ІІ. Негізгі нұсқама
Компьютерді вирус жұқтырудан сақтау тәсілдері.
1. Компьютерлік вирустар Компьютерлік вирустар – өз көшірме-лерін жасап, соларды компьютерлік жүйелер мен желілердегі әртүрлі объек-тілерге жасырын енгізіп, тұтынушыға білдірмей әртүрлі жымысқы әрекеттер жасайтын программалар тобы. Сол көшірмелер ары қарай да жылдам көбейе отырып, таралу қасиетін сақтайды.
Компьютерлік вирустар ЭЕМ ішінде пайда болып, нақты тіршілік жасайтын микроорганизмдер емес. Оларды басқаларға қасақана зиянкестік жасау үшін программалардың дұрыс орындалуына кесірін тизізу мақсатында әдейілеп жазатын адамдар бар. Ондай программаларды қырсық қиқарлар (кракер-вандалдар) жасайды.
Ішіне вирус еніп кеткен программаны “залалданған”
немесе инфекциясы бар программа деп атайды.
Инфекциясы бар “науқас” программа орындала бастағанда, алдымен
вирус жұмысқа кіріседі. Содан вирус басқа программаларға да жұға
бастайды да, өзінің жоспар-ланған зиянды әрекеттерін атқаруға
кіріседі.
Вирус өз әрекеттерін сездірмес үшін бірден
белсенділік танытпай, мынадай шарттардың орындалуын күтеді:
- белгілі бір уақыт кезеңі өту тиіс;
- операциялардың нақты бір саны орындалуы қажет;
- белгілі бір күн-ай мерзімі немесе аптаның нақты бір күні келуі
керек, т.с.с.
Вирусқа қарсы жазылған программалардың
көптігіне қарамастан, вирустар саны күннен-күнге көбейіп
жатыр.
Компьютерге вирус жұққандығының негізгі белгілері
Кейбір программалардың жұмыс істеуінің баяулауы;
Файлдар көлемінің үлкеюі (әсіресе программалар);
Бұрын болмаған кездейсоқ файлдардың пайда болуы;
Пайдаланылатын жедел жад көлемінің кішіреюі (әдеттегі режиммен салыстырғанда);
Кенеттен пайда болатын әртүрлі бейнелік және дыбыстық эффектілер;
Операциялық жүйе жұмысынан қателіктер шығуы (оның кенеттен тұрып қалуы);
Дискілерге мәлімет жазылмайтын кезде оған информацияның жазыла бастауы;
Бұрын жұмыс істеп тұрған программаның тоқтап қалуы немесе үздіксіз жұмыс істеп тоқтамай кетуі;
Белгісіз адамдардан (компьютерлерден) электрондық хатпен бірге орындалатын программа-ның келіп түсуі т.с.с.
Алғашқы рет вирустар проблемасына көңіл
бөлген Фред Коэннің (F. Cohen) «Компьютерлік вирустар, теориясы мен
эксперименті» деген 1983 жылы шыққан кітабы болды.
Вирустардың таралуы жөнінде тұңғыш экспериментті де Ф. Коэн 1983 ж.
10 қыркүйекте Оңтүстік Калифорния Университетіндегі қауіпсіздік
семинары кезінде өткізді.
Алғашқы рет вирустар проблемасына көңіл
бөлген Фред Коэннің (F. Cohen) «Компьютерлік вирустар, теориясы мен
эксперименті» деген 1983 жылы шыққан кітабы болды.
Вирустардың таралуы жөнінде тұңғыш экспериментті де Ф. Коэн 1983 ж.
10 қыркүйекте Оңтүстік Калифорния Университетіндегі қауіпсіздік
семинары кезінде өткізді.
Сол кездерде алғаш рет вирустардың желі бойынша бақылауға көнбейтін таралу құбылысы үлкен қоғамдық толғаныс туғызды. Ол 1988 ж. 2 қарашада Корнель университетінің соңғы курсы студенті Роберт Таппан Моррис желі бойынша таратқан вирустық программа кесірінен болды. Соның салдарынан 6200 компью-тер тоқтап қалып, яғни желіге қосылған машиналардың 7,3 % -ы істен шықты
Компьютерлік вирустардың жіктелуі (топтарға
бөлінуі)
Вирустарды мынадай белгілеріне қарап топтарға (кластарға) бөлуге
болады:
Таралу ортасы бойынша;
Жұғу тәсілі бойынша;
Зиянкестік әрекетінің деңгейіне қарай немесе залалдық қасиетіне байланысты;
Алгоритм ерекшелігіне қарай;
Көлемінің тұрақтылығына байланысты.
Таралу ортасына қарай
Желі вирустары –компьютерлік желі бойынша таралады. Оның мысалы ретінде Melissa атты вирусты келтіруге болады.
Файлдық вирустар – com және exe типті бірден атқарылатын командалық файлдарға жұғып тарайды. Осы топқа макрокомандалар арқылы жазылатын макро-вирустар да жатады. Олар Word, Excel тәрізді программаларда дайындалған орындалмайтын мәтіндік немесе кестелік файлдарға жұғады.
Жүктелетін вирустар (Загрузочные) - дискінің жүктелу секторына (Boot-сектор) немесе винчестердің жүйелік секторына (Master Boot Record – MBR) жабысатын вирустар. Кейбіреулері өз мәліметін дискінің бос секторларына оларды FAT- кестеге мәлімет жазылмайтын ақаулы аймақ (Bad Claster) тәрізді етіп белгілеп жазып кетеді.
Файлдық-жүктелу вирустары - файлдарды да, дискінің жүктелу секторларын да бүлдіреді. Бұлар көбінесе күрделі алгоритммен жұмыс істеп, жылдам зиян тигізеді.
Компаньон-вирустар (companion) – бұлар файлды өзгертпейді, бірақ EXE-файлдар үшін СОМ типтес қосалқы серіктес файл құрады. Мысалы, XCOPY.EXE файлы үшін XCOPY.COM файлын жасайды. Осы файл іске қосыларда алдымен вирус серігі жұмысқа кірісіп, бүлдіру істерін жүргізеді, тек соңында барып негізгі файл жұмысқа кіріседі.
Паразиттік вирустар – өз көшірмелерін тарату барысында диск секторларын немесе файлдарды міндетті түрде өзгертеді. Бұл топқа «компаньон-вирустар» мен «құрттар» тобына қосылмайтын барлық вирустар жатады
Репликаторлар немесе құрт-вирустар (worm) компаньон-вирустар сияқты компьютерлік желі бойынша таралып, файлдар мен дискілерге тимейді. Олар компьютер жадындағы басқа компьютерлердің адрестерін тауып, соларға өз көшірметерін жібереді. Құрт-вирустар желілердің мәлімет тасымалдау қабілетін азайтып, сервердің (желідегі негізгі компьютер) жұмыс өнімділігін төмендетеді. Репликаторлар басқа файлдарға тиіспей, өз вирустары арқылы өздігінен көбейеді. Өткен ғасырдың 80-ж. аяғында «Моррис құрты» деп аталатын желілік вирус АҚШ- тың ғаламдық бірнеше желілерінің жұмысын тоқтатты.
Көрінбейтін вирустар (стелс – Stealth) немесе тығылатын вирустар – бұлардың компьютерде өздерінің бар екендігін білдірмейтін мүмкіндіктері бар.. Стелс-вирустарды тауып алу қиын, өйткені олар операциялық жүйе жұмысына бүлінген файлдарды немесе диск секторларын білдірмей араластырып, сол сәттерде әлі бүлінбеген мәліметтерді «өңдеуге» кірісіп жатады.
Полиморфтық вирустар (polymorphic) деп неше
түрлі айла жасап, өздерін жасырып көрсетпеуге тырысатын вирустар
тобын айтады. Полиморфтық вирустар
( полиморфиктер, елес-вирустар
(призраки), мутант-вирустар) – оңайлықпен табылмайтын
вирустар, өйткені олардың құрамында толық қайталанатын кодтар
болмайды. Мұндай тәсіл алгоритмді өзгертпей, бірақ оларды табуды
қиындататын бос командаларды (қоқысты) көптеп қосу арқылы іске
асырылады.
Полиморфтық вирустар ішіндегі ең көп тарағаны OneHalf деген
вирус.
Макровирустар мәліметтерді өңдеу жүйелеріндегі (мәтіндік
редакторлар және электрондық кестелер) макрокомандалар
мүмкіндіктерін кең пайдаланады. Қазіргі кезде MS Word пен Ms Excel
құжаттарын бүлдіретін макровирустар кең таралған.
Троян программасы керекті программа қасына
жасырынып, біртіндеп өзінің бүлдіру-құрту істерін (мысалы,
FAT-кестесін) өте сақ ептілікпен жүргізеді және компьютердегі құпия
мәліметтерді таратумен айналысады. Троян программаларының басқа
вирустар сияқты өздігінен көбейетін қасиеті жоқ.
Троян программасы көбінесе сатылатын немесе өте қажет
программаларға жабысып таралады. Оны «троян аты» деп те
айтады.
Көлеміне байланысты
Біртұтас (монолит) вирустық программаны ол ауру жұққызғаннан
кейін компьютер жадынан толық, әрі тұтас күйінде тауып алуға
болады.
Таралып орналасатын шашыраңқы вирус программасы бірнеше
бөліктерге бөлініп тұрады. Оның құрамында вирус жасау мақсатында
қалай біріктірілетінін компьютерге нұсқайтын бөлігі де болады.
Сонымен, бұл вирус шашыраңқы күйде бөлініп сақталып тұрады да, тек
аз уақытқа ғана бірігіп зияндық әрекетін істеп
үлгіреді.
IV Қорытынды.
Деңгейлік тапсырмалары бар пысықтау сұрақтары.
ІІ-деңгей тапсырмалары.
1. Компьютерлік ақпарат дегеніміз не?
2. Вирус қайдан пайда болады?
І-деңгей тапсырмалары.
1. Компьютерлік вирустар дегеніміз не?
2. Егер файл жадтың көп көлемін алса және дискетке сыймайтын болса, не істеу керек?
3. Антивирус (вирусқа қарсы бағдарлама) дегеніміз не?
Бүгін біз сабақта нені қайталадық?
Қандай жаңа тақырып өттік?
Қандай программалармен таныстық?
Практикалық жұмыс:
Сабаққа белсене қатысқан білім алушыларды атап, бағалау.
V. Үйге тапсырма:
Өндірістік оқыту шебері: Тушумова Л.Т