Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Көне жазбалар"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақ тақырыбы: |
Көне жазбалар |
|
||||||||||||||||||||||
Күні : |
|
Мұғалімнің есімі: Гүлжанат Байжұмаева |
||||||||||||||||||||||
СЫНЫП: |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||||||
Тірек сөздер: |
ақпарат – информация – information; жазу – письменность – writing. |
|||||||||||||||||||||||
Ресурстар: |
«Көне жазбалар» сабағы бойынша таныстырылым, тірек сөздер жазылған үлестірме парақшаларлар, қосымша тапсырмаға арналған түрлі-түсті жіптер, ермексаз, ермексаздан жасалған тақтайша, ағаш таяқша. |
|||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
1.3.3.1 Қазақстан аумағындағы көне жазу туралы білу 1.3.3.2 түрлі материалдарды, әдістер мен құралдарды пайдалана отырып көне жазуларды бейнелеу 1.3.1.2 көне заманның танымал тарихи ескерткіштері/жәдігерлері туралы әңгімелеу |
|||||||||||||||||||||||
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|
||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 2 минут |
Аққу болып ұшамыз Көлге келiп қонамыз Көлдiң бетiн құшамыз Қайта самғап ұшамыз. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! |
Шаттық шебері |
||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут |
Тыңдалым-түсінік дағдысы Көне жазбалар. Тастағы және саз тақташалардағы ежелгі жазбалар болашақ ұрпақ үшін өткен кезеңдер туралы мәліметті сақтап қалды.Ежелгі жазбалар пиктографиядан (көне замандағы суретті жазу) басталады. Жазудың бұл түрі сурет түріндегі хабарламаны көрсетеді. Пиктограммаларда шартты белгілер болуы мүмкін.Сонымен қатар ертеде Екі өзен тоғысында жазуды саз тақташаларға жазған. Ол жерде алғашқы мектептер болған. Оқу сазды илеуден басталатын. Жұмсақ тақташаларға ағаш таяқшалармен мәтін жазған. Мұндай жазуды сына жазу деп атайды. Жазу үшін олар ұшы үшкір таяқшаны пайдаланған. Олар бұл жазу тәсілін кәдімгі мысықтың сазды тырнап жатқан әрекеттерін байқағанда үйренген болатын. Сонымен өзен тоғысындағы тұрғындар мысықтың арқасында жазуды ойлап тапқан. Ежелгі алуан түрлі жазудың бірі түрлі-түсті жіпті ақпарат ретінде қолданатын ілмек жазу болған. Ілмек жазуды тек таңдаулылар ғана оқып, түсіне алған. Осындай жолдаудың көмегімен адамдар кез-келген мәселені, тіпті әскерлер санынан бастап, қайсыбір жергілікті жер немесе кезең сипаттамаларына дейін айтып бере алған. Тамғалы. Жетісу өңірінің өте ертедегі шығармашылық мұраларының бірі Тамғалы петроглифтері. Ол 2004 жылдан бастап ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұра нысаны болып табылады. 1950 жылдың соңында бұл жерде көптеген жартас суреттері табылды. Жартастағы суреттердің жалпы саны 2000 көлемінде. Тамғалы шатқалы Алматы қаласының жанындағы Аңырақай тауларында орналасқан.Күлтегін. Күлтегін VІІ ғасырдың соңында – VІІІ ғасырдың бірінші жартысында көгілдір тудың астында көшпенді халықтың көпшілігін біріктірген түркі халқының әскер басшысы, билеуші болды. Ол ұлы көшпенді империяның дәстүрін жалғастырды. Руналық жазу мұрасы Моңғолиядағы Орхон өзенінің жағасында табылды. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ежелгі түркі өркениетінің ескерткіші ретінде – қолбасшы мәртебесіне арнап Түркі қағанаты жылнамасы ойып жазылған тас шатқалдың көшірмесі орнатылған. |
|
||||||||||||||||||||||
Топтық жұмыс 3 минут |
Кел, анықтайық! Жұмысты топта өткізіңіз. Әр топ оқушылары ғалым рөлінде алғашқы жазбаның пайда болған нұсқасын талқылайды. Оқушылар жазу қашан және қайда пайда болғанын, жазуды не үшін қолдану қажет болғанын ойластырып, қиялдайды. Оқушылар әртүрлі таңбалар, белгілер және т.б. ойлап табады. Жұмыс нәтижелерін шағын жоба түрінде беруге болады. Оқушылардан өз әңгімелерін оқулықтағы 1-суретпен байланыстыруын сұраңыз. |
|
||||||||||||||||||||||
Жеке жұмыс 5 минут |
Оқушылар оқулықтағы мәтінді өз бетімен оқып шығады. Қарамен боялған сөзге назар аудартыңыз. «Ақпарат» сөзін орыс және қазақ тілдерінде дауыстап айтуын сұраңыз. |
|
||||||||||||||||||||||
Жұптық жұмыс 5 минут |
Жануарлардың суреттері Оқушылар жануарлардың атауларын суреттің астына жазады Белгілер мен таңбалар Оқушылар шағын әңгіме құрайдыОны белгілер мен таңбалар қолданып жазады. |
41-жұмыс парағы 42-жұмыс парағы |
||||||||||||||||||||||
Жұптық жұмыс 5 минут |
Орындап көр. Жұмысты жұпта өткізіңіз. Оқушылар шағын тақтайшаны немесе ермексазды пайдаланып, жазу жазатын негіз жасайды. Одан кейін тақтайшаға ұшы үшкір ағаш таяқшамен таңбалар мен белгілер арқылы хат жазады. Оқушылар жұп болып «хаттарын» бір-біріне беріп, алмасады және оларды оқуға тырысады. Ағаш таяқшамен өз есімін, тегін, тұратын қаласын және т.б. жазуды ұсынуға болады. |
Ермексаз Үшкір ағаш |
||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс 7 минут |
Топтық жұмыс Жаратылыстану. «Кел, анықтайық!» тапсырмасында оқушылар шатқалға салынған суретті қарай отырып, жануарлардың атауларын атайды. Жеке жұмыс Өнер. «Орындап көр» айдарында оқушылар ермексазбен жұмыс істейді, тақташаға сурет салады. |
А4 форматы Ермексаз маркер |
||||||||||||||||||||||
Қосымша тапсырма |
«Ілмек жазу» тапсырмасын орындауды ұсыныңыз. Оқушылардың назарын көне жазбаға – ілмекті жазуға аударыңыз. Олардан түрлі-түсті жіптерден өз досына хат жазуын сұраңыз. Олар ілмектердің саны мен түсін қалай таңдағанын түсіндіреді. Оқушылардан бұл хатта не жазғысы келгенін сұраңыз. |
Түрлі түсті жіп А4 форматы желім |
||||||||||||||||||||||
Бағалау |
Оқушылар –– ежелгі жазбалар және олардың мағынасы туралы; –– өткен кезеңді көз алдына елестетудің түрлі тәсілдерімен танысты; –– орта ғасырдағы тарихи тұлға Күлтегін образымен танысты. Оқушылар –– тастағы көне жазбаларды сипаттауды; –– бақылау жасап, сұрақтар қоюды; –– ақпарат негізінде өз ойын білдіруді; –– өз таңбалары мен белгілерін ойлап табуды үйренді. Бағалау ретінде оқушыларға «Өзін- өзі бағалау парағы» кестесін толтыруға беріңіз. |
|||||||||||||||||||||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау. 2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу. 2: Рефлексия. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ? |
||||||||||||||||||||||||
Жаратылыстану. «Кел, анықтайық!» тапсырмасында оқушылар шатқалға салынған суретті қарай отырып, жануарлардың атауларын атайды. Өнер. «Орындап көр» айдарында оқушылар ермексазбен жұмыс істейді, тақташаға сурет салады. АКТ. Қабілеті жоғары оқушыларға интернеттен «Көне жазбалар» тақырыбында материал табуға тапсырма беріңіз. Олар ертеде қандай жазбалар болғанын, қазіргі заманғы таңбалар мен белгілер қандай екенін білуі тиіс. |
«Ілмек жазу» тапсырмасын орындауды ұсыныңыз. Оқушылардың назарын көне жазбаға – ілмекті жазуға аударыңыз. Олардан түрлі-түсті жіптерден өз досына хат жазуын сұраңыз. Олар ілмектердің саны мен түсін қалай таңдағанын түсіндіреді. Оқушылардан бұл хатта не жазғысы келгенін сұраңыз. |
|||||||||||||||||||||||
Бағалау |
Оқушылар –– ежелгі жазбалар және олардың мағынасы туралы; –– өткен кезеңді көз алдына елестетудің түрлі тәсілдерімен танысты; –– орта ғасырдағы тарихи тұлға Күлтегін образымен танысты. Оқушылар –– тастағы көне жазбаларды сипаттауды; –– бақылау жасап, сұрақтар қоюды; –– ақпарат негізінде өз ойын білдіруді; –– өз таңбалары мен белгілерін ойлап табуды үйренді. Бағалау ретінде оқушыларға «Өзін- өзі бағалау парағы» кестесін толтыруға беріңіз.
|
|||||||||||||||||||||||
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау. 2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу. 2: Рефлексия. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?
|