Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Көнерген сөдер
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Нұр-Сұлтан қаласы
Орындаған:Асилхан Нұрдаулет
Мамиржанов Нұрислам
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДЕГІ КӨНЕРГЕН СӨЗДЕР
Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары
Секциясы: Қазақ тілі
Жетекшісі: Жетенова Анар Кенесовна
Астана, 2019
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ......................................................................................................
Мақал-мәтелдердегі сөздік қолданыс..............................................
1.1 Мақал-мәтелдердің жанрлық белгілері.................................................
1.2 Мақал-мәтелдердің табиғаты және ондағы көнерген сөздердің қолданылуы .....................................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................
КІРІСПЕ
Ғылыми жоба тақырыбының өзектілігі. «Мақал мен мәтелдердегі көнерген сөздер» атты ғылыми зерттеу жұмысына қазақ тіліндегі мақал мен мәтелдің табиғаты, құрылымы және жасалу жолдарын анықтау мен оларды мысалдар арқылы көрсету жатады. Қазіргі қазақ тіл білімінде мақал мен мәтелдің ерекшелік белгілерінің бірқатары терең зерттелгенімен, зерттеуді одан әрі қажет ететін құбылыстар немесе зерттелген құбылыстардың зерттей түсетін тұстары да баршылық, сол құбылыстардың бірі – мақал мен мәтелдің көнерген сөздердің қолданылу реті. Әрине, мақал мен мәтел мүлдем қарастырылмаған, не зерттелмеген құбылыс деп айта алмаймыз, бірақ оның толық зерттелмеген және әлі де болса қанағаттандыра алмай жатқан жақтары барлығын айқындай кеткіміз келеді. Міне, осы тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізудің өзі ғылыми жобаның өзектілігін көрсетеді.
Ғылыми жобаның мақсаты мен міндеттері. Ғылыми жобамыздың негізгі мақсаты – тіліміздегі мақал-мәтелдердегі көнерген сөздердің қолданылу реті мен ерекшелігін анықтау, оларға толық түсініктеме беру, меңгеру және жалпы ерекшеліктерін көрсету жатады. Алға қойған мақсатымызға жету үшін мынадай мәселелерді жүйелі түрде дәлелдеуді міндет етіп қойдық:
-
мақал-мәтелдердің табиғаты мен танымдық мәнін анықтау;
-
мақал мен мәтелдің ерекшеліктерін қалыптастыру;
-
мақал мен мәтелдердегі көнерген сөздердің қолданылу ерекшеліктерін талдау.
Зерттеу нысаны. Бұл ғылыми жоба қазақ тіл біліміндегі мақал мен мәтелдердегі көнерген сөздердің ерекшеліктерін айқындауға арналады. Мұндай құбылыстар мен ерекшеліктерді көрсету үшін біз көркем әдебиетке жүгіндік.
Зерттеудің әдістері. Ғылыми жоба жұмысының мақсатына орай сипаттама, салыстырмалы әдістер басшылыққа алынды. Жиналған ақпараттарды іріктеу, талдау және жүйелеу әдістері қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Мақал-мәтел ауыз әдебиеті озық үлгілерінің бірі. Сондықтан да олардың өзіндік ерекшелігі мен ондағы көнерген сөздер тобын көрсету, мысалдар арқылы дәйектеу зерттеудің басты жаңалығы болып табылады.
Ғылыми жобаның теориялық және практикалық мәні. Мектеп оқулықтарында мақал-мәтел жайлы түсінік қысқаша түрде ғана кездеседі. Сол себепті оқушылар қауымы мақал-мәтелді және оның өзіндік белгілерін толықтай біле қоймайды. Ал біздің ғылыми ізденісіміз барысында тіл біліміндегі мақал-мәтелдердің табиғаты сипатталып, ондағы көнерген сөздердің қолданылу реті анықталып, зерттелу тарихы жайлы түсініктеме беріліп, қорытындылар мен тұжырымдар жасалады. Ендеше бұл жұмыс қазақ тіл білімі, лексикология мен стилистика бойынша тың түйін жасауға, жаңа бағыт қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДЕГІ СӨЗДІК ҚОЛДАНЫС
1.1 Мақал-мәтелдердің жанрлық белгілері
Мақал – нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады.
Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел � ырыстың орманы, ер � ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”). Мәтел � өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” мақал.
Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: «Жалғанды жалпағынан басып өтіп» (Жамбыл).
Мақал-мәтел дегеніміз – белгілі бір оқиғаның, өмірде кездесетін жағдайдың белгісі немесе көрінісі ретінде келіп, белгілі қалып немесе үлгі негізінде жасалады. Басқаша айтсақ, мақал-мәтелдерді топқа бөліп, жүйелеу үшін, олардың ортақ белгілері, атап айтсақ, ортақ тірек сөздері, ортақ синтаксистік құрылымы мен мағына бірлігі болу.
Қазақ мақал-мәтелдеріне құрылымдық талдау жасау нәтижесінде, мақал-мәтелдерге ұқсас сөздердің оннан астам түрі анықталды. Олар: жұмбақ, мақал-мәтелдер, велеризм, алғыс, қарғыс, теріс бата мәнді мақалдар, наным-сенім, болжамдық мәнді мақалдар, түс жору, тыйым салу мәніндегі мақалдар.
Мақал-мәтелдерді негізгі тірек сөздері бойынша төмендегіше топтастыруға болады:
І. Негізгі тірек сөздердің мағынасы бір-біріне жақын сөздермен алмасып, ауысып отыруы. Мысалы, «болар бала», «адам болатын бала», «болатын елдің баласы», «кісі болар бала», «өсер елдің баласы», «өсетін бала» т.б. болып келуі. Сөзіміз дәлелді болу үшін мақал-мәтелдерден мысал келтіреміз.
Негізгі тірек сөз: болар бала, болар жігіт.
1.Адам болар жігіттің
Жары өзіне лайық.
Керуен бастар жігіттің,
Нары өзіне лайық [1, 87-б].
2.Ат болар тай саяққа үйір,
Адам болар бала қонаққа үйір [1, 64-б].
3.Болар бала
Бесігінде бұлқынар,
Болар құлын
Желісінде жұлқынар [1, 93-б].
Сондай-ақ, негізгі тірек сөз «жақын болсаң» түрінде келсе, оның орнына жұмсалатын мағыналас сөздер тобына мыналар жатады: «жолдас болсаң», «үйір болсаң», «жанассаң», «сөйлессең», «көрші болсаң», «жанына барсаң» т.б. Ал мақал-мәтелдер қатарына мысал келтірер болсақ:
Негізгі тірек сөз: жақын болсаң.
1.Ұстамен жақын болсаң, ұстарасын аларсың,
Мүттәйіммен жолдас болсаң, пәлесіне қаларсың [2, 26-б].
2.Жаманмен жақын болсаң, кесірі жұғар,
Жақсымен жақын болсаң, несібі жұғар [2, 56-б].
3.Ұрымен жақын болсаң, ұятқа қаларсың
Қайықшымен жақын болсаң, дауыл күні кемесін суға саларсың [2, 77-б].
ІІ. Негізгі тірек сөздерінің әр түрлі грамматикалық тұлғаларда алмасып, ауысып отыруы. Мәселен, «болар бала» деген тірек сөз тек ғана бір тұлғада емес, «болатын бала», «адам болатын бала» т.б. немесе «таниды» деген негізгі тірек сөз «танылар», «танисың», «танытар» т.б. грамматикалық тұлғаларда келе беруі мүмкін.
ІІІ. Негізгі тірек сөздердің құрамындағы сөздердің алмасып келуі. Мысалы, «жақсы әйел» деген тірек сөздегі «әйел» сөзінің орнына «жігіт», «адам, «қатын», «аға», «дос» сияқты адамға қатысты сөздермен ғана емес, сонымен бірге «сөз», «ат», «жер» деген адамға қатыссыз, абстракт ұғымдарды білдіретін сөздермен алмасып отырады.
Негізгі тірек сөз: жақсы жігіт, жақсы ене, келін, жақсы адам.
1.Жақсы енені жаман келін жер қылады,
Жақсы келін жаман енені ел қылады [3, 48-б].
2.Жақсы жігіт досының қамын ойлайды,
Жаман жігіт басының қамын ойлайды [3, 69-б].
3.Жақсы адам қартайса,
Жазулы қалған хатпен тең.
Жаман адам қартайса,
Бықсып жанған отпен тең [3, 102-б].
ІІІ. Негізгі тірек сөз бойынша, құрылымы ұқсас мақал-мәтелдердің бірге топтастырылуы. Мысалы, «қорыққан» негізгі тірек сөзі бойынша мақал-мәтелдерді төмендегіше топтауға болады.
1.Жаз жыланнан қорыққан
Ала арқаннан аттамайды [4, 36-б].
2.Жантақтан қорыққан егін екпес [4, 81-б].
3.Тиірменде туған тышқан
Найзағайдың гүрілінен қорықпас [4, 67-б].
4.Байынан қорықпаған, баласынан қорқады [4, 18-б].
IV. Негізгі тірек сөзі әр түрлі позицияда (сөз басында, ортасында, соңында) келуі мүмкін. Мысалы, «жаман» сөзінің әр түрлі вариантта келуіне мысал келтіреміз.
І.Сөз басында
1.Жаман мерген теке атқан жеріне үш барады [5, 72-б].
2.Жаман қойшы қойының жүнін тікенге береді,
Жақсы қойшы дүкенге береді [5, 73-б].
ІІ.Сөз ортасында
1.Еркектің жаманы қатынын жамандар,
Елдің жаманы батырын жамандар [5, 25-б].
2.Ит жаманы түз қорыр,
Жігіт жаманы қыз қорыр [5, 34-б].
ІІІ.Сөз аяғында
1.Аттың сүріншегі,
Жігіттің еріншегі жаман [6, 12-б].
2.Ауруда-шаншу жаман,
Сөзде-қаңқу жаман [6, 14-б].
Қысқасы, мақал-мәтелдерді құрылымдық жақтан талдаудың нәтижесінде халық даналығының жаңа сипаттағы қасиеттері ашылары сөзсіз. Бұл ретте мақал-мәтелдерге нені жатқызу керек, олардың ерекше белгілері мен сипаты қандай болады, оларға машиналық талдау жасау, компьютерлік тілге түсірілген түрлі жинақтар мен сөздіктерді орынды пайдалану, қазіргі жаңа технология ғасырында жаңаша оқытудың үлгісі болып табылады.
1.2 МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ТАБИҒАТЫ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ КӨНЕРГЕН СӨЗДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Адамды адам еткен еңбек болса,
сол еңбекті ұрпағына үйретіп, адалдыққа баулыған халқымыздың
танымдық, тәрбиелік дәстүрлі салт - санасы, тұжырымдарының мәңгі
нәр алатын рухани асыл қазынамыз дүниені көркемдік әдіспен
бейнелеуде мазмұны терең, мыңдаған ұрпақтардың ми қазанында құрымай
шыныққан ой - өрісі биік тәжірибе тезінен сұрыпталып өткен ой
маржаны таза мақал - мәтелдердің шоқтығы биік.
Мақал - мәтелдер ұрпақтар ойының қиыннан қиыстырылған жүйесі мен
қоғамдық тарихы тәжірибеде қорытылған жиынтығы, даналық ойдың
шежіресі мен халықтың рухани өмірінің энциклопедиясы. Олар әлеумет
өмірінің алуан саласын көркем образ түрінде бейнелеп, адамның сонау
сәбилік дәуірінен сыр тартып, ұрпақтар үнінің жаңғырығынан елес
беретін елгезек жанр. Осындай қасиеттерінің арқасында ұрпақтан -
ұрпаққа таралып қалың көпшіліктің құдіреті, келісті көркем сөз
кестесін қасиетті мұра ретінде жеткізді.
«Сиқырлы сөз құдіретін, табиғатына терең меңгерген поэтикалық дарынды дала данышпандарының шығармашылық қиялынан туындаған мақал-мәтелдердің ат дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленіп, өмірдің сан алуан құбылыстарына баға беретін үлкен түйін жасалып, халықтың ғасырлыр бойы тәжірибесі қорытылған» [7, 18-б].
«Көп сөз көмір, аз сөз алтын»
дегендей мақал - мәтелдің ой бойынан поэзияға тән жинақылық,
үнділік ұйқас, ырғақты кездестіреміз. Онда басы артық сөз жоқ, бәрі
орнында, екшеленген, сұрыпталған біріккен, ой - өркен ажыратпас
туыстық тапқан. Мысалы: «Ер дәулеті – еңбек» мұндағы негізгі ой
еңбектің құдіретін, бүкіл игіліктің көзі екенін білдіру түйінделген
қазығы еңбек болған соң мақалда «е» дыбысы ерекше естіледі. Мақалға
саздылық, үнділік беріп тұрған сол. Дәулет сөзінің мақал бітіміне
кіруі де соған байланысты. Оның орнына ырыс, байлық, молшылық
сөздерін қоса алмайсыз. Онда мақал поэтикалық қасиеттерінен
айрылады. Мақал - мәтелдерде халық сөзді барынша үнемдеп қолданған.
Кейде, тіпті, сөз тастап кеткен отырған. Бірақ одан мақал -
мәтелдің, мәні өзгермеген.
Мақал - мәтелдердің тақырыптары әр түрлі және алуан, ол халықтың
әлеуметтік шаруашылығы, рухани өмірін түгел қамтиды. Сол арқылы әр
түрлі тақырыптар: Отан, туған жер, атамекен, адамгершілік пен
достық, еңбек туралы болып келеді. Елі мен жерін емірене сүйген
халық Отанды шексіз сүюді ұрпағына өсиет етеді. «Ел - елдің бәрі
жақсы, өз елің бәрінен жақсы», «Туған жердей жер болмас - туған
елдей ел болмас», «Өз елің - алтын бесік», «Ер жүрегі – ел үшін
туады, ел үшін өледі», - деп халықтың туған жеріне, еліне деген
шынайы сүйіспеншілігі терең түйінделген. Сол арқылы туған жерді
алтын бесіктей аялап, бағалау керектігін, ол үшін өміріңді берсең
де артық еместігін бейнелейді.
Мақалдар халықтың тұрмыс-тіршілігіне, қоғамдық өміріне, еңбегі мен тәжірибесіне байланысты туғандықтан, оның тақырыбы да орасан көп. Бұл ретте мақалға қосылмаған нәрсе жоқ деуге болады. Халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы мен салты, дүние танудағы көз қарасы, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен қайғысы, айтатын ақыл-өсиеті, үйрету мен үкімі, қысқасы халық өмірінің барлық жақтары мақал-мәтелдердің басты тақырыбы болып отырады.
Әр халық ғалам бейнесіне қатысты құбылыстарды танып түсінуге әрекет етеді. Сондықтан да халқымыздың мыңжылдықтар бойындағы тәжірибесі бүгінгі таңда тіл білімі саласында «тіл-ұлт-таным», «тіл-мәдениет-этнос» тұрғысынан зерттелуде. Қазақ тіл білімінде тіл мен танымның, тіл мен адамның, тіл мен ойдың, тіл мен сананың, тіл мен мәдениеттің, тіл мен қоғамның бірлестіктерін, олардың өзара бір-бірімен сабақтастығын зерттеу – дамып келе жатқан тың лингвистикалық ғылыми бағыттардың бірі. Қоғам дамыған сайын тіл мәселесі «адам-қоғам-табиғат» сабақтастығында тереңірек қарастырылып, тілдің жаратылысын, болмыс-бітімін, табиғатын ғылымның басқа салаларымен, яғни, этнография, философия, психология, когнитология, мәдениеттанумен ұштастыра зерттелетін болды. Соның негізінде жаңаша ғылыми бағыттар қалыптасты.
Қазақ ұлты өзіне тән этностық табиғатымен ерекшеленеді. Әр ұлттың, этностың таным үрдісі мен рухани құндылықтарды қабылдау, зерделеу, тұжырымдау өрісі халықтың асыл мұраларынан көрініс тапқан. Мұндай асыл мұраларымыздың бірі, қазақ халқының әдет-ғұрып, ұғым-сенімін, дүниеге көзқарасын көрсететін өмір тәжірибесінен, тіршілік танымынан түйіп түзілген – мақал-мәтелдер. Осындай ұлттық дүниелерімізді зерттеу ХХ ғасырдың соңғы жылдарынан бастап жан-жақты қолға алына бастады. Қазақ ұлтының этникалық төлтума болмысын танушы тілдік дереккөз қызметінде жұмсалатын тілдік бірліктерді (сөздер, сөзбейнелер, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар) лингвомәдениет танымдық, когнитивтік лингвистикалық, этнолингвистикалық бағыттарда зерттелінді деуге болады.
Бүгінгі күні ұлт (халық, этнос) болмысы тілдік танымдық әрекетпен, кеңістікпен, мәдениетпен, өркениетпен сабақтастықта қарастырылады. Өйткені мәдениет пен дәстүрде халық даналығы жатыр. Даналықтың іздерін шешендік сөздер, дидактикалық толғаулар, мақал-мәтелдерден кездестіреміз. Соның бірі – жеті аталық дәстүр. Бұл дәстүр – ата-баба арасындағы өзіндік байланысты қамтамасыз етеді. Айналып келгенде бұлардың барлығы тектілікті қалыптастырады. Тектілік бар жерде даналық, менталдық тұтастық бар. Тексіз менталитет желмен ұшқан қаңбақ секілді. Сондықтан болар, қазақтың «Тегіңе тартсаң, тозбайсың» — дейтіні, Жеті атасын білмеген – жетесіз, жеті атасын білмеген – жетімдіктің белгісі, Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер, Адамға екі нәрсе тірек – тегің, бірің – ділің жүректегі» дейді. «Адам» компоненті мақал-мәтелдердің ішкі құрылымы «адамгершілік, адами қасиет» категориясымен сабақтасып жатады да, адамның сыртқы және ішкі әлемін, яғни, мінез-құлық, жақсылы-жаманды қасиеттерін, ақыл-ой өресін тұтастай қамтуға бағытталады. Мысалы, Ақ көңіл адамға біреудің сырқаты да батады. Ақылды адамға екі дүниеде жол ашық.
Қазақ мақал-мәтелдерінің тақырыбы сан алуан. Әр оқырман өзіне қажеттісін таба алады. Бүгінгі күні көбімізді толғандырып жүрген заман тақырыбы. Мысалы, Заманына қарай адамы, Заманы бірдің амалы бір, Заманың қасқыр болса, түлкі боп шал, Хан біреу болса, ел түзелер, хан екеу болса, ел бүлінер, Елін сатып асаған, екі-ақ күн жасаған, Бірлікті ел бұзылмас. «Қоғам» — тілдік әлем бейнесінде адам өмірі мен дүниетанымына ерекше әсер ететін қоғамдық құбылыс. «Қоғам» тақырыбына қатысты мақал-мәтелдердің астарында қоғамдық өзгеріс, өмірге қалай бейімделу керек екендігі жатқандай, жаман жолға түспей, дұрыс жолмен жүру, адал өмір сүру қағидалары сөз болады. Бұдан мақал-мәтелдердің белгілі бір дәуірге тән ойлау-сөйлеу қызметінің тәсілін рухани, мәдени және ұлттық құндылықтарын аңғаруға болады.
Халықтың өткен тарихы мен рухани-мәдени құндылықтарын бейнелейтін тілдегі моделдердің әрқайсысының білдіретін өзіндік доминаты бар. Сондықтан олар этнос ерекшелігін, оның таным-түсінігін, ой-өрісін, бір сөзбен айтқанда, халықтың этно-мәдени-танымдық болмысын білдіре алады. Бұлар тілді қолданушының танымына, эмоциялық-экспрессивтік күйіне, образды ойлауына сай сөзге түрлі бояу беріп, белгілі бір мақсатта жұмсалады. Тілдік деректер этностың дүниеге көзқарасын көрсетеді деп айтуға болады. Жалпы ұлттың таным үдерісі халықтың ойлау, пайымдау, өмірді қабылдау қасиетімен бірге тілдік ерекшелігімен де аңғарылады.
Көпшіліктің талқысына, ой безбеніне салатын бір өзекті жайт бар. Ол – кезінде сөз қолданыстарында «өмір сүрген», бірақ сол заманның ғана аясында қалып қалған көнерген сөздер мен ұғымдар. Сөз көнеретін зат сияқты болмаса да, ол да қолданыстан шығып, ұмытылуымен көнерген болып саналары анық.
Жалпы айтайын дегенім, кез
келген көзі ашық, көкірегі ояу азаматтың күнделікті өмірде,
шығармашылықта, қызметте пайдаланатын белгілі бір сөздік қоры
болады. Алайда қоғамда, әлемдегі ақпараттық-технологиялық
құбылыстар олардың өзгеруіне де әкеледі. Тиісінше, уақыт өте, заман
дамып, өркендеген сайын жаңа сөздердің пайда болуынан сөздік
қорымыз көбейіп жатса, қолданыс аясында жүрген кейбір сөздердің
қолданылу аясы тарылып, бірте-бірте көнерген сөздер қатарына
енеді.Көнеру үрдісі кенеттен туындайтын құбылыс деп айта алмаймыз.
Ол әуелі қолдану жиілігін бәсеңдетіп, төмен дәрежедегі сөзге
ауысады да, жас ұрпақтың біріне түсінікті түрде жеткенмен, енді
біріне толық жете алмай, ұмытыла бастайды. Осыдан келіп көнерген
сөздер пайда болады. Архаизмдердің мән-мағынасын белгілі бір
деректерсіз ашу қиын және өзге сөздермен үйлесім табуы
екіталай.
Көнерген сөздер – мақал-мәтелдерде аз емес. Әрбір мақалдың өзіне
тән астарлы ойы бар және де ол түрлі жолмен көрініс табады. Мысалы,
«Ынтымақ – оқ өтпес сауыт, татулық – тамаша саулық», «Иілген басты
қылыш кеспес» мақалдары белгілі бір тиянақты ойды білдіре отырып,
қазіргі күні қолданыс тапқанымен, «сауыт», «қылыш» сөздері – заман
ағымына қарай, артта қалып отыр. Соғыста ат үстінде ұрыс жүргізу
үшін жеңіл әрі кесіп түсер қару ретінде қылышты
пайдаланса,қару-жарақтан қорғануға арналған киімді ертеде «сауыт»
деп атаған. Осы күні бұл сөздерді тек қана тарихи немесе әдеби
туындылардан ғана көреміз. «Керекейді атпа, қонжығы жетім қалады».
Мұндағы «керекей» деп отырғанымыз – аюдың ұрғашысы болса, «қонжық»
– аюдың күшігі. «Бірдің кесірі мыңға, мыңның кесірі түменге». Ал
«түмен» сөзі – он мың деген ұғымды білдірсе керек. Бұл сөздердің
мағыналары іздестіріп, сұрастыру арқылы ғана анықталып отыр.
Жоғарыда айтқанымыздай, көнерген сөздердің қатары бүгінгідей
технологиялар заманында артып отыр.
Кейбір көнерген сөздер қолданыстан шығып
қалғанымен, мақал-мәтелдер мен фразеологиялық тіркестердің
құрамында әлі де бар. Мысалы, «Таныған жерде – бой сыйлы, танымаған
жерде – тон сыйлы» деген мақалда «тон» сөзі сол кездегі киім-кешек
атауын білдірсе, қазіргі күні байырғы мағынасында
қолданылмайды.
«Күн – бір жауса, терек – екі жауады». Мұндағы «терек» сөзі – қазіргі
күнгі ағаштың бір түрі. «Бақа – көлінде патша, балық – суында
патша, жігіт– елінде патша». Бұл жерде «патша» сөзі – билеуші,
басқарушы мағынасында қолданылғанымен, қазір көп айтыла бермейтін
сөздердің құрамында. Сол сияқты